1 ақпан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2025 жылдың 30 қаңтарында Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында Ulysmedia.kz сайтының журналисі А.Құтұбаеваға жасалған шабуылға байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді [1].
3 ақпан, Алматы қаласы, М.Кочнева мен И.Воронцов, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша №72 мекемеде 2 айға қамауға алынған Т.Еңсебекті қорғау науқанын бастады. Белсендіні жақтаушылар оны қудалауды саяси астарлы деп санайды: оның қоғамдық блогында Қазақстан билігі жарияламауға тырысатын, көптеген тақырыптар көтерілді, соның ішінде 2022 жылғы қаңтар оқиғалары да бар [2].
3 ақпан, Ақмола облысы, Гранитный ауылы, №7 мекеме, адвокат М.Досқараев ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған А.Сыздықовқа барды. Адвокат сотталғандардың құқықтарының бұзылуы жөнінде хабарлады: 600 адамға есептелген колонияда 750 адам отыр және тағамдану өте нашар, тұтқындарға ет пен жұмыртқа берілмейді. Адвокат босатуды сұрап, жақын арада Жоғарғы сотқа арыз түсіреді [3].
3 ақпан, «Қазақстан билігі, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша 2 айға қамауға алынған, QazNews24 авторы Т.Еңсебекке тағылған қылмыстық айыпты дереу алып тастауы қажет», — деп мәлімдеді «Human Rights Watch» [4].
3 ақпан, Астана қаласы, тергеу изоляторы, құқық қорғаушы Б.Төреғожина ҚР ҚҚ 174-бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылған, саяси тұтқын Т.Дәнебаевқа барды. Ол, оның соттағы өкілі. Көкшетау қаласындағы сотта Т.Дәнебаевқа қатысты Атбасар колониясындағы азаптаулар бойынша жарыссөз 4 ақпанда өтеді [5].
3 ақпан, Тараз қаласы, қалалық сот Тараз тұрғынының Instagram желісіндегі «Taraznews.kz» сайтының әкімшісіне қарсы шағымы бойынша сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады. Сарапшылар басылымда талапкер туралы жағымсыз ақпарат бар-жоғын, қандай нақты мәлімдемелер жала жабу болуы мүмкін және олардың семантикалық бағыты қандай екенін анықтауы қажет [6].
3 ақпан, Орал қаласы, Зачаганск бағбандық қоғамының жүзден астам тұрғыны Теректі ауданы Подстепное ауылындағы қаладан көпірге қарай жүретін жолды жауып тастады. Олар жеңіл көліктердің ғана емес, жүк көліктерінің жүруіне де жол бермеді. Осылайша тұрғындар жоқ электр қуатын қосуға тырысты [7].
3 ақпан, Алматы қаласы, журналист Р.Бикетов (Қазымбетов) ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін босатылды. Ол, Т.Еңсебекті қолдап 19 қаңтарда жеке пикет өткізгені үшін қамауға алынған болатын [8].
3 ақпан, Атырау қаласы, Атырау облысы мәслихатының депутаты А.Ерекешовтың бұрынғы әйелі- Нұржамал Тәжғалиева экс-күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғуына шағымданып, президент Қ.Тоқаевқа ашық хат жазды. Атырау полиция департаменті қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады [9].
4 ақпан, Алматы қаласы, қалалық әкімдік журналист Д.Матвееваға, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша күдікті ретінде қамауда отырған, белсенді Т.Еңсебекті қолдаумен пикет өткізуіне келісім бермеді. Әкімдік жіберілген жеті хабарламаға бас тарту берді [10].
4 ақпан, Алматы қаласы, Т.Еңсебекті қолдап 20 қаңтарда жеке пикетке шыққаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған А.Жәпішева арнайы ұстау изоляторынан шықты [11].
4 ақпан, Түркістан облысы, Кентау қаласы, ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы бойынша айыпталушы, 28 жастағы Валихан Рузахуновтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Ол таратуға тыйым салынған материалдар тізіміне енбеген белгілі бір «экстремистік» бейнероликті «тәлімгерге» жібергені үшін сотты болды [12].
4 ақпан, Маралды ауылының тұрғындары Астанаға Шығыс Қазақстан облысы алтын өндіретін зауыттың жұмысына наразылық білдіруге келді. Олар депутаттармен және министрлік өкілдерімен кездесті [13].
4 ақпан, Орал қаласы, Құқық қорғау бюросының филиалына Александра Васильевна мүлікті ұрлау, құрылыс салушының озбыр әрекеттері, тұрғын үйге заңсыз кіру және кейіннен бұзу арқылы тұрғын үйден айыру фактілері бойынша жүгінді [14].
4 ақпан, 46 елден келген адвокаттар мен заң қоғамдарының өкілі болып табылатын Еуропа адвокаттары және заң қоғамдары кеңесі (CCBE) Қ.Тоқаев мырзаға үндеу жасады. CCBE адвокат Ж.Уразбахова мен оның әріптесіне қатысты ҚР ҚҚ 423-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылуына байланысты алаңдаушылық білдіреді [15].
4 ақпан, Астана қаласы, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының хатшысы А.Алтынбекова, Әділет министрлігіне тіркелуге құжат тапсыру үшін 30-шы рет келгендерін хабарлады. Партия заңгері Н.Ермаханов көптеген талпыныстарға қарамастан, партияның әлі тіркелмегенін атап өтті [16].
5 ақпан, Алматы қаласы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған 32 жастағы Е.Сыдықбаевтың жесірі- Сая Есенгелді жол апатынан қайтыс болды. Күйеусіз қалған С.Есенгелді төрт баласын тамақтандыру үшін күндіз жеткізуші, түнде таксист болып жұмыс істеген. Әкімдік оған қайтыс болған күйеуіне пәтер беруге уәде берген. Ол уәде етілген баспананы алып үлгермеді [17].
5 ақпан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты М.Махаррамов, үкімет қазақстандық компанияларды шетелдік ұйымдардың қаржыландыруы бойынша аудит жүргізіп, есептерді жариялауы керек деп есептейді. Ол сондай-ақ, USAID сияқты «зиянды демеушілік жобалардан» балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын әзірлеуді сұрады [18].
5 ақпан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты Ә.Құспан «қудалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатқанын, біз оны бірден ауыр және аса ауыр қылмыс санатына қоспаймыз, бұл норма ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында енгізіліп отырғанын» мәлімдеді [19].
6 ақпан, Алматы қаласы, «Ар.Рух.Хак» құқық қорғау қоры ұсынға Қазақстандағы 22 саяси тұтқындар туралы ақпарат. Ақпарат ашық көздерден алынды [20].
6 ақпан, Алматы қаласы, А.Данияров, Алматы қаласы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі қарсаңында белсендінің әкіммен кездесуіне жол бермеу үшін, белсенді сотқа шақыру қағазын көрсетусіз заңсыз ұсталды[21].
7 ақпан, Алматы қаласы, Алматы гарнизонының әскери соты, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңында оққа ұшқан, әуесқой археолог Е.Жағыпаров пен А.Қапсалановтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. А.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды [22].
7 ақпан, Степногорск қаласы, №4 мекеме, адвокат М.Досқараев, ҚР ҚК 258, 405- б., 7 жылға бас бостандығынан айырылған, М.Жыланбаевпен кездесті. М.Жыланбаев өз құқығын қорғау үшін 2024 жылы 5 рет аштық жариялады. Барлығы 141 күн аштық жариялаған, соңғы аштық 2025 жылдың 22 қаңтарында аяқталды. Қазір ол соңғы аштықтан кейін күш-қуаты мен денсаулығын қалпына келтіруде [23].
7 ақпан, Степногорск қаласы, №4 мекеме, адвокат М. Досқараев, ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігімен 10 жылға қамауға алынған А. Сүйібаевқа да барды. № 4 мекеменің әкімшілігі белсендінің құқықтарын бұзуда, туыстарынан басқа адамдар тұтқындарға бара алмайды деген негіздеумен, оның достары мен жақтастарының оған баруына және сәлем-сауқыт жасауына рұқсат бермейді, дегенмен бұл заңды түрде рұқсат етілген. Асаналидің туыстары басқа қалада тұрады және оған жиі бара алмайды [24].
7 ақпан, «MediaNet» және «Factcheck.kz» ҚР ҚК 174-бабы бойынша Т.Еңсебекті ұстауды негізсіз және саяси уәжді деп санай отырып, қылмыстық қудалауды дереу тоқтатуға шақырады. Журналистер мен азаматтық белсенділерге қысым жасау Қазақстандағы сөз бостандығы мен адам құқықтарына қауіп төндіреді [25].
7 ақпан, Астана қаласы, Қазақстан соты Астана қ. Есіл ауданы прокуратурасының басшысы Е. Тоқбаевтың туыстарының пайдасына талап қою бойынша шешімді түсіндіруден бас тартты. ««ҚазТАГ»ХАА» ЖШС — нің Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының осы іс бойынша қаулыларын түсіндіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын», — делінген сот ұйғарымында [26].
7 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2025 жылғы 31 қаңтар мен 07 ақпан аралығында жағдайына шолу. Мониторинг «Әділ сөз» қорымен дайындалды, ақпарат ашық көздерден алынды [27][28].
7 ақпан, Астана қаласы, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 20 наурызға дейін шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін, өткен жылдың 2-ші жартыжылдығындағы деректерді қоса отырып, жаңартуды жоспарлап отыр [29].
7 ақпан, Петропавл қаласы, блогерлер Роберт Подласов пен Сергей Сайко ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөлігінің, 2-тармағы 7 жыл қамауға алынды, бұрын дәлелденбегені үшін сот алқабилерімен ақталғандар, бұл жолы сот залында қамауға алынды. Айыптау мәліметтері бойынша, блогерлер 2022 жылдан бастап әлеуметтік желілерде өздерінің сауда нүктелеріндегі рейдтерінің нәтижелерін жариялап, мерзімі өткен өнімдерді көрсетіп, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне шағым түсіріп, тексерулерге бастама болған [30].
7 ақпан, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе гарнизонының әскери соты сержант Керімовті ҚР ҚК 451-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеуге және мәжбүрлі еңбекке жыл сайын 100 сағат үкім шығарды. Іс материалдарына сәйкес, ол мерзімді қызметтің қатардағы екі жауынгерін темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген, сонымен қатар олардың біреуіне ұрып-соғуды қолданған [31].
7 ақпан, Семей қаласы, №19 мекеме, Н. Әлтаев, ҚР ҚК 366-бабы, 10 жылға сотталған, түрмеде отырған саяси тұтқын, тіркелмеген «Ел Тірегі» партиясының жетекшісін Семейдегі колониядан кенеттен алып кеткені белгілі болды. Оны шұғыл түрде, жалғыз, туыстарына ескертусіз және себебін түсіндірусіз алып кетті. Қайда әкеткені белгісіз [32].
8 ақпан, Тараз қаласы, «Ақтөс» қаңғыбас жануарларды қорғау қоры» ҚҚ еріктілері ауланған иттерді жаппай өлтірудің дәлелдерін тапты. Олардың айтуынша, жануарлардың денелері Тараздағы және жақын маңдағы аудандардағы мал қорымдарынан табылған. Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдына 20 адам рұқсат етілмеген наразылыққа шықты [33].
9 ақпан, Алматы қаласы, Бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне арналған «Қайда?» акциясы кезінде суретші А. Ахмедьяровты полиция ұстады. Оған, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігін және 667-бабының 1-бөлігін бұзғаны үшін, 11 ақпанда сағат 10-да Медеу АПБ ғимаратында өтетін сотқа шақыру қағазы жазылды [34].
10 ақпан, Лондон қаласы, (Ұлыбритания), «Артикль 19» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық ұйымы 2 айға қамауға алынған Т.Еңсебекті қолдау туралы мәлімдеме шығарды: «ҚР ҚК 174-бабы сөз бостандығының халықаралық стандарттарына сәйкес келмейді және оны жою керек». «Артикль 19» халықаралық құқықұйымы дін немесе наным сияқты дерексіз ұғымдарды емес, белгілі бір адамдарды қорғайтынын еске салады [35].
10 ақпан, Женева қаласы, (Швейцария), 294 ұсынымды Қазақстанға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі елдердің өкілдері мемлекеттің адам құқықтарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді қалай орындайтыны туралы есебін тыңдағаннан кейін ұсынды [36].
11 ақпан, «Transparency International» сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі халықаралық ұйым 2024 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. Қазақстан 180-нен 88-і орынды иемденді. Ел, өткен жылмен салыстырғанда, 1 ұпай көп жинады (2023 ж. 40 қарсы 39-ы). Бұл, елдің сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттер санатында қалып отырғанын білдіреді [37].
11 ақпан, Тараз қаласы, өткен баспасөз мәслихатында «ҰҚТ құру» ісі бойынша сотталғандардың туыстары сот үкімімен келіспейтіндіктерін білдіріп, «жергілікті органдар қаңтардағы Тараз қаласындағы оқиғалардан кейін жақындарынан «жоғалған» қаруды табуға көмектесуін сұрады, ал кейінірек олар темір тордың артына түсті» деп мәлімдеді [38].
11 ақпан, «e-Petition.kz» порталында жаңа петиция пайда болды, оның авторлары АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Қазақстандағы өкілдігін жабуды, сондай-ақ ЛГБТ ұйымдарына және оларды қаржыландыруға тыйым салуды талап етеді. Өтініш ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданды. Петиция авторы қоғамдық белсенді Бағила Балтабаева [39].
11 ақпан, Семей қаласы, № 2 сот апелляциялық шағымды қарады және бұрынғы полиция қызметкері А.Мирадиловқа, ҚР ҚК 146-бабы, 5 жыл бас бостандығынан айыруды жеңілдетуден бас тартты. Ол, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейін, Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторында азаптаудан қайтыс болған Ж. Анафияевтің ісі бойынша сотталған болатын [40].
11 ақпан, Астана қаласы, сот ісін жүргізу шеңберінде Астана қ. азаматтық істер жөніндегі соттың ұйғарымына қатысты А. Ильяшевтің жеке шағымын сот қарады, онда ҚР Президентінің 10.12.2010 ж. №716, 717 Жарлықтарын ҚР Конституциясына қайшы деп тану туралы талапты қараудан бас тартылды. Сот қаулысы: «18.12.2024 ж. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылсын» [41].
11 ақпан, Қостанай қаласы, С.Зинченко, ҚР ӘҚБтК –нің 73-3-бабының 2-бөлігі, облыстық сот Қостанай қалалық сотының 28.11.2024 ж. қаулысына С.Зинченконың апелляциялық шағымынан бас тартты[42] .
12 ақпан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты И. Смирнова шетелден қаржыландыруды алатын «бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін қайта қарау» үшін елде «шетелдік агенттер туралы» заң қабылдау туралы ұсыныс айтты [43].
12 ақпан, Көкшетау қаласы, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі сот, саяси тұтқын Т. Даәнебаевқа және басқа да тұтқындарға қарсы азаптау ісі бойынша ҚР ҚК 146-бабымен Атбасар қ . колониясының барлық 12 айыпталушы қызметкеріне «ақтау» үкімін шығарды [44].
12 ақпан, Семей қаласы, №17 мекеме, Н.Әлтаев, ҚР ҚК 366-бабы, 10 жылға түрмеге қамалған, саяси тұтқын Семей қаласындағы №17 мекемеден Жезқазған қаласындағы №62 мекемеге ауыстырылды. Ауыстырудың себебі белгісіз [45].
13 ақпан, Астана қаласы, №64 мекеме, Т. Дәнебаев, ҚР ҚК 174-бабы, 3 жылға қамауға алынған, азаптау туралы іс бойынша жәбірленуші деп танылған белсенді, Атбасар қаласындағы колонияның бұрынғы қызметкерлерін «ақтау» үкімімен келіспейтінін білдіріп, аштық жариялады [46].
13 ақпан, Алматы қаласы, Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықта
ҚР «Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚҰ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағы ұйымдастырылды. Тәуелсіз кәсіподақ құру жұмыс беруші тарпынан қайтадан қысымға тап болды. Ұйым қызметкерлері өздерінің одақтық мекемесіне жұмыс орнындағы бопсалау фактілері туралы шағымдармен жүгінді [47].
13 ақпан, Павлодар облысы, Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінен қарт қамқоршыларына қатыгездік көрсету фактілерін анықтады. ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды [48].
13 ақпанда, Алматы қаласы, ішінде Б. Балтабаева бар әйелдер тобы феминистік «Feminita» ұйымы тренинг өткізіп жатқан қонақүйге кофе-брейк кезінде суыт кіріп келіп, оны тоқтатты. Ұйымдастырушылар Г. Сержан мен Ж. Секербаеваны полицейлер ұстап, тексеру үшін полицияға жеткізді [49].
14 ақпан, Астана қаласы, № 64 мекеме, Т. Дәнебаев, ҚР ҚК 174-бабы, 3 жылға сотталған, азаптау бойынша колонияның бұрынғы қызметкерлерін ақтау үкіміне наразылық білдіріп, аштық жариялаған бейнебаяндамасы үшін саяси тұтқынға түрмеде қысым жасалуда [50].
14 ақпан, Астана қаласы, Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы қоғамдық бастама, биліктің қарсылығына қарамастан, Астана қаласында – шешім қабылдау орталығына жақын жерде «дөңгелек үстел» өткізді. Бұл кездесуде уақытты ауыстыру туралы Қарар қабылданды және ел басшылығына жіберілетін болады [51].
14 ақпан, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық соты, Е. Кенешпаев. Сот қорғау дәлелдерімен келісе отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтатты, бірақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұстау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулік қамауға алу таңылды[52].
14 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2025 жылғы 6-14 ақпан аралығындағы жағдайына шолу. Мониторинг «Әділ сөз» қорымен дайындалды, ақпарат ашық көздерден алынды [53][54].
14 ақпан, «Amnesty International» халықаралық құқық қорғау ұйымы «Qaznews24» паблик авторы Т.Еңсебекті қылмыстық қудалауды «саяси уәжді» және Қазақстандағы «азаматтық қоғамды жаппай басуды» бейнелейтін деп атайды [55].
14 ақпан, Өскемен қаласы, Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу күшіне енген 1 наурызға орайластырылған митинг күнін ұйымдастырушылар әкімдікпен 28 ақпанға келісті. Уақытты ауыстыруға қарсы митинг өткізуді келісімдеуге қол жеткізу ұзақ сот процестерінен кейін мүмкін болды[56].
14 ақпан, Атырау қаласы, қала әкімдігі белсенді М.Боқайға Исатай мен Махамбет алаңында және басқа жерлерде митинг өткізуден бас тартты, өйткені бұрын жоспарланған іс-шараларды өткізу белгіленген [57].
15 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы Қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматыдағы тергеу изоляторынан босатылды, ол 12 ай бойы экстрадициялық қамауда болды. Экстрадициялауды талап еткен Өзбекстанға, Қазақстан билігі А. Мұратбайды және басқа бірнеше қарақалпақтарды берген жоқ [58].
15 ақпан, Көкшетау қаласы, Ақмола облысының прокуратурасы Атбасардағы колонияның бұрынғы 12 қызметкеріне қатысты «ақтау» үкіміне наразылық білдірді. 2025 жылдың 12 ақпанында алқабилер соты 166/4 мекемесінің бұрынғы қызметкерлерін азаптау ісі бойынша кінәсіз деп таныды [59].
15 ақпан, Қазақстан ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясы Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 колониясының бұрынғы қызметкерлеріне ақтау үкімін шығаруға байланысты «терең үрейлерін» мәлімдеді. Осылайша, құқық қорғаушылар Ақмола облысындағы процестің нәтижесіне жауап берді, онда сот 2025 жылдың 12 ақпанында азаптау ісі бойынша ақтау үкімін шығарған болатын [60].
15 ақпан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауылы, полиция қызметкерлері Ө. Тұрдиеваның үйіне, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама жасау үшін келді. Бұған «Мұнайлы аудандық емханасының» тіс дәрігері М. М. Далабаевтың көрінеу жалған жеткізімі негіз болды [61].
16 ақпан, Қарағанды қаласы, Президент Қ.Тоқаевқа Гүлжан Керімова өзінің ұлы Ескендірдің ісін жеке бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінді, оның айтуынша, ұлы ойдан шығарылған сценарий бойынша ұсталды. Әйел бір жыл бойы әділеттілікке қол жеткізе алмай жүргенін, бірақ прокуратура тарапынан әрекет жоғын мәлімдеді [62].
17 ақпан, Алматы қаласы, Н. Батырханов және М. Қайынбаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, сот «рұқсат етілмеген митингке қатысқаны» үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Н. Батырханов жұмыссыздықты жоюды, бағаның қымбаттауын бақылауға алуды, мұнайлы өңірлердің тұрғындарына халықтық табиғи байлықтан алынған табыстардан дивидент беруді, балалар жәрдемақысын ұлғайтуды және барлық салаларда жалақыны жүз пайыз арттыруды талап еткен [63].
17 ақпан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Жоғарғы Сот «ҚазТАГ» ХАА-н «не біліп, білмей» алып тастау және теріске шығару міндетінен босатады, сондай-ақ Қазақстан аумағында барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі туралы Конституциялық қағидаттың қолданылуын қалпына келтіреді деп үміттенеді [64].
17 ақпан, «Медиазона.Орталық Азия» жемқор шенеуніктер, қауіпсіздік күштерінің озбырлығы және біздің елдеріміздің басқа да проблемалары туралы уақытша айта алмайды. Біз материалдарды шығаруды тоқтатуға мәжбүрміз. Бізді оқыған және қолдаған барлық адамдарға алғыс айтамыз. Бұл көңілсіз жаңалық, бірақ біз мәңгіге қоштаспаймыз және жақын арада ораламыз деп үміттенеміз [65].
18 ақпан, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тағайындауы бойынша отырысқа келгелі отырған Зайсан ауданынан келген үш мәслихат депутатын белгісіз адамдар ұстап, күштеп полицияға жеткізді. Депутат Т. Құрманғалиев әріптестері А. Смағұлов және Б. Самарқановпен бірге ШҚО әкімі тағайындаған отырысқа қатыса алмады [66].
18 ақпан, Өскемен қаласы, бұрын 2025 жылғы 28 ақпанға белгіленген акцияны келісуді қала әкімшілігі мүлдем кері қайтарып алғаны, белсенділердің сағат аударымына қарсы митинг өткізу шарттары туралы әкімдікке қарсы талап-арызы бойынша сотта белгілі болды[67].
19 ақпан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты М. Магеррамов Парламентте күш құрылымдарын әріптесі И.Смирноваға қарсы реакцияға жауап беруге шақыру туралы мәлімдеме жасады [68].
19 ақпан, Алматы қаласы, Г.Сержан, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 9-бөлігі, құқықтық тақырыптағы іс-шаралар өткізілгеннен кейін «Feminite» қозғалысының белсендісіне сот 393 200 теңге көлемінде жауапқа тартылып, айыппұл салды [69].
20 ақпан, Алматы қаласы, Алмалы ауданының сотында, ҚР ҚК 174-бабымен қылмыстық іс бойынша 2 айға қамауға алынған Т .Еңсебекке (Qaznews24) қатысты іс бойынша басты сот талқылауын бастау, тағы да кейінге қалдырылды [70].
20 ақпан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Т. Чернобиль: «Билік Т.Еңсебекке (Qaznews24) қатысты саяси негізделген айыптауларды алып тастауы қажет». Белсендіге ҚР ҚК 174-бабы бойынша айып тағылып, ол 2 айға қамауға алынған және №72 мекемеде отыр [71].
20 ақпан, Астана қаласы, құқық қорғау конференциясына «Бейбіт жиналыстар туралы» заңға сәйкес оның жергілікті әкімдікпен келісілгендігін тексерумен келді. Мұндай тексерулер бізге таныс нәрсе, бірақ бұл жағдайда іс-шараға қатысушылардың құрамына қатысты бір қызықтыратын сәті бар [72].
20 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2025 жылғы 13-20 ақпан аралығында жағдайына шолу. Мониторингті «Әділ сөз» қоры дайындады, ақпарат ашық көздерден алынды[73][74].
20 ақпан, Алматы қаласы, қала билігінің іс-әрекетінен және алаяқтық схемалардан зардап шеккен алматылықтар тобы құқық қорғау жүйесінде шындықты іздеудің өз бұрылыстары туралы айтуға ниетті. Спикерлердің айтуынша, полиция органдары олардың өтініштерін тергеумен айналысады, ал прокурорлар бұл істерді тежеуге тырысады[75].
20 ақпан, Қостанай қаласы, «Біздің Қостанай» редакциясы спикерлер мен ұйымдардан, өзін «Біздің Қостанайдың» журналисі Дамир Елдаевпын деп таныстырған бір ер адамның олармен байланысуға тырысқаны туралы хабарлама ала бастады. Корреспонденттің атын жамылып, олармен сұхбаттасуға келісім жасағысы келген. Біздің оқырмандар тіпті редакцияға қоңырау шалып, оларды журналист Д.Елдаевпен байланыстыруды сұрады. Ресми түрде хабарлаймыз: бізде мұндай есімді журналист жоқ [76].
20 ақпан, Алматы қаласы, мұғалім М.Барқазатқызы Д.Бабаев атындағы № 115 орта мектепте 25 жыл жұмыс істеді және білім беру жүйесіндегі тәртіпсіздікке қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілердегі мәлімдемелері үшін жұмыстан шығарылды [77].
21 ақпан, Жамбыл облысы, шенеунік блогерлерден қашып, дәретханаға тығылды. Бұл жер кадастры бөлімінің басшысы және Меркі ауданының «Азаматтарға арналған Үкімет» басшысы Серік Дабылтаев [78].
21 ақпан, Жаңаөзен қаласы, Ж. Тұрғанбаев, ҚР ӘҚБтК-ңің 434-бабының 1-бөлігі, 5 тәулікке қамауға алынған. Оған қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімдікке жұмысқа орналасу туралы өтініш білдіргеннен кейін қозғалды. Ол «ауыртпалықтар мен жоғары бағадан шаршағандықтан» аштық жариялауды бастайтынын мәлімдеді [79].
21 ақпан, Алматы қаласы, Ж. Секербаева, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 9-бөлігі, сот «Feminita» белсендісіне «тіркелмеген қоғамдық бірлестікке басшылық жасады» деген айыппен 393 200 теңге (790 долларға жуық) айыппұл салды[80].
21 ақпан, Қостанай облысы, Қарабалық ауылы, белгілі блогер Миршат Сәрсембаев және оның жұбайы адвокатпен кеңескеннен және заңсыз тінту жүргізілгеннен кейін, Қостанай қаласындағы ата-анасының үйінде ұсталды [81].
21 ақпан, Орал қаласы, №28 мекеме, мессенджерлерде №28 мекеменің (қатаң режимдегі колония) кадрлары таратылады. Кадрларда тұтқындар ұстау жағдайының қанағаттанарлықсыз шарттары туралы айтады. Олардың айтуынша, олар екі адамға арналған камераларда, бес адамнан тығыз тұрып жатыр [82].
21 ақпан, Астана қаласы, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ЛГБТ-ға қарсы мәжіліс депутаттарына жасалған «ақпараттық шабуылдарды» тергеуден бас тартты [83].
22 ақпан, Алматы қаласы, қазақстандық құқық қорғаушылар адам құқықтары саласындағы жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындады. Логикалық тұрғыдан ол Президент Қ. Тоқаевтың аяқталатын жоспарының толықтырылған алмастырушысы бола алады [84].
22 ақпан, Шымкент қаласы, полиция басқармасында журналист Мөлдір Нұрманға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу шеңберінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама тағайындалғанын растады [85].
22 ақпан, Семей қаласы, әлеуметтік желілерде жасөспірімді қорлайтын және ұрып-соғатын қатыгез бейне пайда болды. Бейнекадрларда оны тек ауызша және физикалық қорлау ғана емес, сонымен бірге аяқпен аяусыз ұрып-соғып, болып жатқанның бәрін бейнекамераға түсіреді. Кәмелетке толмағандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды [86].
24 ақпан, Ақтау қаласы, 11 шағын ауданда үш жасөспірім оқушыға шабуыл жасап, кастетт пайдаланып ұрып-соққан. Жәбірленуші ауруханада, жарақат алған, миы шайқалған. Тергеуші ҚР ҚК 108-бабы («Денсаулыққа жеңіл зиян») бойынша іс қозғады[87].
24 ақпан, Алматы қаласы, бірнеше ондаған адам Украинамен ынтымақтастық білдірді, ресейлік агрессорларды айыптады және осы жан түршігерлік соғыстың құрбандарын еске алды. Т. Шевченко ескерткішіне гүлдердің бірінші және екінші ұсыныстарының арасында таңертең әкелінген гүлдер тұғырдан жасырын түрде алынып тасталды, ал оқиға орнынан алыс емес жерде полиция автобусы күні бойы тұрды[88].
24 ақпан, Алматы қаласы, №72 мекеме, сот 5 белсендіні қамауға алуды тағы да ұзартты, олар: Н.Жаулыбаев, Ж.Қазақбай, Ф. Сыздықов, Н. Темірғалиев және А. Мүбараков, референдум алдында ұсталған және мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталғандар. Олар 6-ы ай бойы қамауда отыр. Белсенділерге «тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға тырысу» таңылуда [89].
24 ақпан, Алматы қаласы, Ресей азаматы Т.Морозовты, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 9-бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 196600 теңге (шамамен 390 доллар) айыппұл салды (шетелдіктер жасаған әрекеттер). Негіздеме: Т. Морозов Республика алаңына «Украина жеңеді, Ресей еркін болады» деген плакатпен жеке пикетке шықты [90].
24 ақпан, Ақтөбе қаласы, белсенділер Ғ.Фархад пен Г. Бекешева Ресейдің Украинаға басып кіруінің 3 жылдығына байланысты Мәңгілік отқа гүл шоқтарын қоюға келді.Оларға полиция қызметкерлері келіп, оларды видеоға түсіре бастады, ал әкімдік қызметкері белсенділердің әрекеті заңды бұзатынын ескертті [91].
25 ақпан, Алматы қаласы, сот Ауғанстан азаматы А.Сдобаның шағымынан бас тартты, ол Қазақстан билігінің оған босқын мәртебесін беруден бас тартуын заңсыз деп тануды сұраған. Сот Талибан оның елден кетуіне кедергі жасамады және оған қысым көрсетілмеді деп есептеді [92].
25 ақпан, Алматы қаласы, «Әділет сөз» қорының директоры Қ. Жаманқұлова Қазақстанда американдық елшінің жоқтығына алаңдайтынын хабарлады, ол жаңа президент Д. Трамптың инаугурациясы күні демонстрациялық түрде кетіп қалған. Бұл саясат пен экономика саласындағы маңызды мәселелерге әсер етуі мүмкін [93].
25 ақпан, Астана қаласы, Бас прокуратурада үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда елдің Қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері талқыланды. Бас прокурор Б.Асылов колонияларда үздіксіз бейнебақылау (40 мың бейнекамера) енгізілгенін, сотталғандар өтініштерін тікелей беруі үшін 600 электрондық терминал орнатылғанын хабарлады. Қабылданған шаралар кешені азаптау туралы сигналдар санын бес есеге азайтуға мүмкіндік берген [94].
25 ақпан, Алматы қаласы, Адам құқықтары бюросында БАҚ-қа қысымның күшеюіне байланысты «Журналистер және құқық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, мысалы, журналистердің Үкімет пен Парламенттегі брифингтерге қатысу құқығын шектеу немесе ҚазТАГ агенттігіне қатысты соттардың бірінің шешімі [95].
25 ақпан, Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотында «Немолчи.kz» ҚҚ президенті Д. Смаиловаға қатысты, намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы азаматтық талап бойынша негізгі сот талқылауы басталды [96].
26 ақпан, Астана қаласы, Қазақстан Конституциялық соты азаматтық миссионерлерді тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейтін заңнама нормаларын тексеру туралы өтінішін қарап, оларды Конституцияға сәйкес деп таныды [97].
26 ақпан, Астана қаласы, «World Press Freedom Index» мәліметтері бойынша, 2005 жылдан бастап Қазақстан Баспасөз бостандығы рейтингінде 112-ші орыннан 142-ші орынға дейін төмендеді. Ең төменгі позиция 2010 жылы ел 162-ші орынға ие болған кезде тіркелген [98].
26 ақпан, Астана қаласы, экономикалық сотқа Перизат Қайрат «Біз Біргеміз Қазақстан 2030» қорын мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түсті. Қаржы мониторингі агенттігінің қорды құру кезінде жіберілген заңнаманы түзетілмейтін бұзушылықтар туралы хаты талап қоюға негіз болды деп аталады [99].
26 ақпан, Алматы қаласы, қазақстандық эколог және микробиолог Олжас Дүйсен ұсталғаны туралы хабарлады және Президент Қ.Тоқаевқа қолдау сұрап, оған қарсы іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бейне-хабарламаны полицейлер алып кетпес бұрын О. Дүйсеннің өзі жазған [100].
26 ақпан, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылы, Болатбек Зейнелхан, 20-дан астам полиция қызметкерлері келіп, бүкіл үйді тінтті, Болатбекті Қарағанды қаласына әкетті, әйелінің ноутбугын, телефонын және ақшасын алып кетті, 2024 жылғы сот кезінде Д. Мұхаммедкәрімді қолдап сөз сөйлегені үшін [101].
25 ақпан, Ақтөбе қаласы, № 3 сот, М.Дауыловтың Ақтөбе қаласы әкімдігінің 29.03.2024 ж. «Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды оны негізсіз ұзарту бөлігі туралы» қаулысын заңсыз деп тану туралы талапарызы бойынша сот. Сот шешімі: М. Дауыловтың Ақтөбе қаласының әкіміне берген өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын. Іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды [102].
26 ақпан, Астана қаласы, Медина Майсар, бірінші сатыдағы соттың Ғылым және жоғары білім министрлігінің су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге гранттар бөлу туралы бұйрығына дау айту туралы 17.12.24 ж. шешіміне апелляциялық шағым. Сот бас тартты [103].
27 ақпан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, ҚР ҚК 174-бабы, 2 айға қамауға алынған Т. Еңсебекке (Qaznews24) қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы. Судья прокурор А.Жуаспаеваның істі алдын ала тыңдау сатысына қайтару және оны қылмыс жасалған жер бойынша Наурызбай аудандық сотында одан әрі қарау туралы өтінішін қанағаттандырды [104].
27 ақпан, Орал қаласы, №27 мекеме, А. Өтепов, ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігі, 7 жылға қамау, сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастырудан бас тартты. Қоғам белсендісі жазаның бір бөлігін өтегенін, мінез-құлқының 2-і оң дәрежесі барын, жұмысқа орналастырылғанын, барлық іс-шараларға қатысатынын, әлеуметтік қауіпті емес екенін хабарлады [105].
27 ақпан, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық соты ҚР ҚК 131-бабының 2-бөлігі бойынша С.Баяндинова, Ө. Шакарбаева, К. Сансызбаева, Д. Әбішекова, З. Ордатаеваға қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады. Жәбірленуші Қарағызов «Маралды Экология» WhatsApp тобындағы оның жеке басы туралы жарияланым оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін мәлімдеді. Сот құқық бұзушылық құрамының жоқтығын байланысты, ақтады [106].
27 ақпан, Алматы қаласы, Г.Сержан, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 9-бөлігі, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сот апелляциялық шағымды қабылдамады және тіркелмеген бірлестікке басшылық жасағаны үшін айыппұлды күшінде қалдырды [107].
28 ақпан, Алматы қаласы, кәсіподақ төрағасы Д. Литвин кәсіпорынның бас директоры А.Нұрғалиевтен оның лауазымын қысқарту мүмкіндігі туралы ресми хабарлама алды. ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықта («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК) Тәуелсіз кәсіподаққа қысым әлсіремей тұр [108].
28 ақпан, Қостанай қаласы, облыстық сот, ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген М.Сәрсенбаевтың қамауға алу шарасын өзгертуге прокурордың апелляциясын қарады. Алқа прокурордың өтінішін қанағаттандырып, 2 ай мерзімге қамауға алу шарасын тағайындады [109] [110].
28 ақпан, Алматы қаласы, Ж. Секербаева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, сот кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алды. Негіздеме: 2024 жылғы 13 мамырда өткен «Салтанат үшін» шеруіне қатысу [111].
28 ақпан, Өскемен қаласы, Бірыңғай уақыт белдеуіне өтуге қарсылыққа арналған шеруді 2025 жылғы 14 наурызда сағат 18.05-19.30 өткізуге әкімдік келісім берді, деп хабарлады қоғам қайраткері Л.Карташов. Белсенділер сот арқылы келісімге қол жеткізді және жеке пикет пен митингке рұқсат беруді талап етуді жалғастыруда[112].
28 ақпан, Халықаралық Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Кай Калластың Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесуі қарсаңында ЕО-ны адам құқықтарының нашарлауына және аймақтағы азаматтық бостандықтардың шектелуіне назар аударуға шақырады. IPHR Қазақстанда депутат жақында «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдауды ұсынғанын еске салады [113].
28 ақпан, Астана қаласы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер министрлігі және Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Халықтық партиясы тарапынан болған «дұшпандық ақпараттың» мысалдарын келтіре алмады [114].
[1] https://adilsoz.kz/news/8589-zayavlenie-mezhdunarodnogo-fonda-zaschity-svobody-slova-adil-soz-.html
[2] https://rus.azattyq.org/a/russkie-v-kazahstane-vystupili-v-zaschitu-avtora-satiricheskogo-pablika-qaznews24-aktsiyu-organizovala-devushka-zhurnalista/33300954.html
[3] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4046080669044519/
[4] https://kaztag.kz/ru/news/vlasti-dolzhny-nemedlenno-snyat-ugolovnye-obvineniya-vydvinutye-protiv-temirlana-ensebeka-human-righ
[5] https://www.facebook.com/reel/1720929421972909
[6]https://www.facebook.com/taraznews.kz/posts/pfbid0SNgpfekpSLDJsrjsP2NS5JMY9JwU9yTHDqsrYexuGVMXMcoAbeCaKZWEMEhZ26BSl
[7] https://mgorod.kz/news/bolee-sotni-zhitelej-sadovogo-obshchestva-perekryli-dorogu-v-uralske
[8] https://rus.azattyq.org/a/zhurnalist-provedshiy-piket-v-podderzhku-aktivista-ensebeka-vyshel-na-svobodu-posle-15-sutok-aresta/33301461.html
[9] https://t.me/halyqstan/10253
[10] https://rus.azattyq.org/a/akimat-almaty-otkazal-zhurnalistke-diane-matveevoy-v-provedenii-piketa-ona-podavala-neskolko-uvedomleniy/33303015.html
[11] https://rus.azattyq.org/a/aktivistka-dvizheniya-oyan-qazaqstan-asem-zhapisheva-vyshla-iz-pod-aresta-ee-zaderzhali-posle-piketa/33302916.html
[12] https://bureau.kz/novosti/v-spiskah-ne-znachatsya-2/
[13] https://ulysmedia.kz/news/45987-nas-nikto-ne-slyshit-zhiteli-maraldy-vystupili-protiv-zolotogo-zavoda-i-priekhali-v-astanu/
[14] https://bureau.kz/novosti/chastno-gosudarstvennyj-proizvol/
[15] https://www.instagram.com/panadefenders/p/DFov6uTOLYR/
[16] https://ulysmedia.kz/news/45984-el-tiregi-pytaiutsia-zaregistrirovat-politicheskuiu-partiiu-v-30-i-raz/
[17] https://ulysmedia.kz/news/46068-v-dtp-pogibla-vdova-ubitogo-vo-vremia-kantara-almatintsa-chetvero-detei-ostalis-sirotami/
[18] https://vlast.kz/novosti/63737-deputat-mazilisa-trebuet-proverit-v-kazahstane-proekty-finansiruemye-zarubeznymi-organizaciami.html
[19] https://qaz365.kz/society/11806-endi-kazakstanda-stalking-zhasagandar-kylmystyk-zhaza-arkalaidy/
[20]https://web.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0234mH1xe8ZpsR6a8bDoKorV12WuXy1VCABn2cs2MdjwjN1vJaDTby6YXdVzViXFjMl
[21]https://web.facebook.com/anuar.daniyarov.1/posts/pfbid023V8bJgR6TnBppBWwY1ijainRgV3zKvFutuZQfwna96d2qHntq4hSFHUi2Cfv3tCDl
[22] https://rus.azattyq.org/a/sud-po-delu-o-gibeli-dvuh-almatintsev-v-kantare-podsudimomu-vynesli-prigovor/33306353.html
[23] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4048774718775114/
[24] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4048774718775114/
[25] https://factcheck.kz/prava-cheloveka/zayavlenie-mezhdunarodnogo-tsentra-zhurnalistiki-medianet-i-redaktsii-factcheck-kz-po-delu-temirlana-ensebeka/?fbclid=IwY2xjawITQ6VleHRuA2FlbQIxMQABHfroip1uUXYHEqIM3MBE0H35o6PtigVC6SwyEuSuag7lt5HkG5ytadzysg_aem_kNy3lwfyDxc_mjdu8QKMJw
[26] https://kaztag.kz/ru/news/sud-kazakhstana-otkazalsya-razyasnyat-reshenie-po-isku-v-polzu-rodnykh-nachalnika-prokuratury
[27] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-31-yanvarya-po-07-fevralya-20.html
[28] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-31-yanvarya-po-07-fevralya-2025-goda/?preview=true
[29] https://exclusive.kz/minfin-kazahstana-obnovit-reestr-inoagentov-do-20-marta/
[30] https://www.7152.kz/news/3899832/k-7-godam-lisenia-svobody-prigovorili-dvuh-blogerov-iz-petropavlovska-za-vymogatelstvo#google_vignette
[31] https://diapazon.kz/news/131019-serzhant-zastavil-soldat-est-sigaretnie-okurki
[32]https://www.facebook.com/eltiregi.odagy/posts/pfbid02MdMot31udeaAS3JX6jQp2Z4J92JoSMpZ2xCJvAvXdU5Pqy65eQrtDtSEZCSgnecrl
[33]https://www.facebook.com/taraznews.kz/posts/pfbid09yaPpcmbGPX5E64TpwMErJhGRWuufyQBrwVx8hUqTVHUAQRrLqJSXkNP47Paqe9Tl
[34]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0TM2mVXQWgeN34dd9RcwhPeXTtVRbkfwMdtgKkmmnZX6TRe51TXmXSykE7BKdqA2wl
[35]https://www.facebook.com/tatiana.chernobil/posts/pfbid0J9RxYXQnWZDfcCRtGxnWM7NrnWiCTZ5QrEcNMK17DLbz9FQFJSrrjU9ARm4u5teJl
[36] https://bureau.kz/goryachee/neobratimost-bespreczedentnogo-proczessa/?fbclid=IwY2xjawIWimBleHRuA2FlbQIxMQABHbxOnB9zwzwpSFhY7l6F-4ACWV5IHMhp_KIGws1OP1fImGeWwUMUUb0zVA_aem__lGyeEcP2WbfQuSYWS_C6Q
[37] https://rus.azattyq.org/a/kazahstan-na-88-m-meste-v-indekse-vospriyatiya-korruptsii-transparency-international/33310772.html
[38] https://kaztag.kz/ru/news/rodstvenniki-osuzhdennykh-posle-a-tara-po-delu-o-sozdanii-opg-obratilis-k-tokaevu
[39] https://ulysmedia.kz/news/46398-petitsiiu-o-zakrytii-usaid-i-zaprete-lgbt-zapustili-v-kazakhstane/
[40] https://kaz.orda.kz/kandy-kantar-azaptap-oltirgen-policejdin-ykimin-sot-zhumsartpady-130713/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR27mjcplGpbGZAVpfVJI8bxM9FpLBssCs4uv1INpsWPiES2Igs9StsShu4_aem_NqsEKXhJq2nC30uMTS4I8w
[41] https://t.me/AdalSotKz/2193
[42] https://t.me/AdalSotKz/2194
[43] https://rus.azattyq.org/a/deputat-mazhilisa-parlamenta-kazahstana-irina-smirnova-predlozhila-vvesti-v-strane-svoy-zakon-ob-inostrannyh-agentah-/33312094.html
[44] https://rus.azattyq.org/a/pytki-v-kolonii-v-atbasare-sud-opravdal-vseh-12-podsudimyh/33312335.html
[45] https://rus.azattyq.org/a/eks-deputata-altaeva-pytavshegosya-sozdat-partiyu-etapirovali-v-uchrezhdenie-v-zhezkazgane/33313183.html
[46] https://rus.azattyq.org/a/timur-danebaev-obyavil-golodovku-v-znak-nesoglasiya-s-opravdatelnym-prigovorom-po-delu-o-pytkah/33313464.html
[47] https://bureau.kz/publ-all/sobstvennaya_informaciya/profsoyuzam-zdes-ne-rady/
[48] https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/937007?lang=ru
[49] https://kaztag.kz/ru/news/v-almaty-sorvali-feministskoe-meropriyatie-i-zaderzhali-ego-organizatorov
[50] https://rus.azattyq.org/a/brat-zaklyuchyonnogo-danebaeva-zayavil-o-davlenii-iz-za-opublikovannogo-video/33315004.html
[51] https://www.youtube.com/watch?v=9H5WzuL2xq4
[52]https://web.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0326R5EyyUAwNgXs5b6M3VEDPPVwaR4PXNjGTNJryh38qru19Qn3GzYjjhd6kFykPel&id=100003389996711&mibextid=wwXIfr&_rdc=1&_rdr#
[53] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-6-po-14-fevralya-2025-goda-.html
[54] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-6-po-14-fevralya-2025-goda/
[55] https://rus.azattyq.org/a/amnesty-international-prizyvaet-astanu-snyat-s-temirlana-ensebeka-obvineniya/33314437.html
[56] https://bureau.kz/novosti/svyatee-papy-rimskogo/?fbclid=IwY2xjawIb-URleHRuA2FlbQIxMQABHYp0dExMPEo1mtNdTjK3V-uOiLe0-41N-W4rde3lXOeA_2NI7d78rc7-aA_aem_tK9K5kUQBf9mnY-yHUPEYQ
[57]https://www.facebook.com/max.bokay/posts/pfbid02vGr2gqAo4eE79VbBb6AtPLVACLCjUAWaBgvKmUgha49FVu8k5Q4nca8omfKpYKLwl?_rdc=1&_rdr#
[58] https://rus.azattyq.org/a/karakalpakskiy-aktivist-akylbek-muratbay-vyshel-na-svobodu-posle-goda-pod-arestom-v-almaty/33315895.html
[59] https://rus.azattyq.org/a/delo-o-pytkah-v-atbasarskoy-kolonii-prokuratura-vnesla-protest-na-opravdatelnyy-prigovor/33315789.html
[60] https://rus.azattyq.org/a/pravozaschitniki-prizyvayut-prokuraturu-oprotestovat-opravdatelnyy-prigovor-eks-sotrudnikam-atbasarskoy-kolonii-po-delu-o-pytkah/33315715.html
[61] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4053346191651300/
[62] https://kmsu.kz/tpost/r0uo27zdh1-politsiya-karagandi-fabrikuet-dela
[63] https://rus.azattyq.org/a/na-15-sutok-zakryli-dvuh-zapadnokazahstantsev-za-miting-v-almaty-s-trebovaniem-dividendov-s-dohodov-ot-nefti/33318677.html
[64] https://adilsoz.kz/pravovye-obzory/amikus-curiae-kaztag-nakazan-za-publikaciyu-slov-priznannyh-dostoverny.html
[65] https://t.me/mediazonaCA/12647
[66] https://ulysmedia.kz/regiony/46772-deputatov-maslikhata-v-vko-uvezli-v-politsiiu-pered-zasedaniem-po-naznacheniiu-akima/
[67] https://bureau.kz/novosti/spor-ob-ukradennom-vremeni/?fbclid=IwY2xjawIjQEFleHRuA2FlbQIxMQABHQw-GU5DAAr3xZzDKeSzp0NJ0F2sFgVP1vdchk-ZkYJw1bLhd43NV4R2fQ_aem_YXaj0TkXolBKIRDhj9FeOA
[68] https://rus.azattyq.org/a/narodnaya-partiya-namerena-suditsya-s-avtorami-negativnoy-reaktsii-na-predlozhenie-deputata-smirnovoy-prinyat-zakon-ob-inoagentah-/33320452.html
[69] https://kaztag.kz/ru/news/shtraf-v-razmere-okolo-t400-tys-nalozhili-na-odnu-iz-feministok-v-almaty
[70] https://rus.azattyq.org/a/sud-po-delu-avtor-qaznews24-temirlana-ensebeka-snova-perenesli-/33322027.html
[71]https://www.facebook.com/tatiana.chernobil/posts/pfbid0BNwEqRrBhhLJFnt5Yauc5wTUQzmBGuXFKeRBn7bFkJ8PyuPVER1uhRVpKDbfJhJKl
[72] https://bureau.kz/publ-all/sobstvennaya_informaciya/a-chego-eto-vy-tut-zasedaete/
[73] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-13-po-20-fevralya-2025-goda-.html
[74] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-13-po-20-fevralya-2025-goda/
[75] https://www.facebook.com/watch/live/?ref=watch_permalink&v=3840908392893216
[76] https://top-news.kz/on-u-nas-ne-rabotaet-muzhchina-pishet-v-raznye-organizacii-i-predstavljaetsja-zhurnalistom-gazety-nash-kostanaj/
[77] https://orda.kz/uchitelnicu-v-almaty-uvolili-posle-togo-kak-ona-raskritikovala-sistemu-obrazovanija-398364/
[78] https://www.facebook.com/watch/?v=2978155852349230
[79] https://rus.azattyq.org/a/pytavshiysya-obyavit-golodovku-zhitel-zhanaozena-arestovan-na-pyat-sutok/33323362.html
[80] https://rus.azattyq.org/a/33322971.html
[81]https://web.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02rptP86eTcbpJwFFtbRN4t9q1KKLGPnRos8xDZDJe6Mr64NGUwFbLouHtPwpZUe6ml&id=100001757123287
[82] https://mgorod.kz/news/zaklyuchennye-kolonii-uralska-pozhalovalis-na-pytki
[83] https://kaztag.kz/ru/news/knb-otkazalsya-rassledovat-informatsionnye-ataki-na-vystupivshikh-protiv-lgbt-deputatov
[84] https://bureau.kz/novosti/vojna-plan-pokazhet/
[85] https://qaz365.kz/zan-zhane-tartip/12113-politsiia-zhurnalist-moldir-nurmannyn-ustinen-kylmystyk-is-kozgalganyn-rastady/
[86] https://kz.kursiv.media/2025-02-24/zhdk-konflict-shkola-delo/
[87] https://www.instagram.com/ladakz/p/DGqEmfKC92c/?img_index=1
[88] https://bureau.kz/goryachee/tri-goda-vojny-i-antivoennye-nastroeniya/
[89] https://vlast.kz/novosti/63988-sud-vnov-prodlil-arest-pati-aktivistam-zaderzannym-pered-referendumom-po-stroitelstvu-aes.html
[90] https://rus.azattyq.org/a/sud-v-almaty-oshtrafoval-rossiyanina-vyshedshego-na-piket-v-podderzhku-ukrainy/33326906.html
[91] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4063036257348960/
https://tirek.info/v-almaty-sud-v-otkazal-v-zhalobe-grazhdanke-afganistana-na-otkaz-vlastej-o-predostavlenii-statusa/
[93]https://www.facebook.com/karla.jamankulova/posts/pfbid036xjGSwHBvZ79figqJkQqRjFfqso9sLdzXVjxmeKzbbcZB5w6dE8pyaSG1ort6GCvl
[94] https://orda.kz/sorok-tysjach-kamer-nabljudenija-ustanovleny-v-kolonijah-kazahstana-398499/
[95] https://www.facebook.com/watch/live/?ref=watch_permalink&v=908652748012541
[96] https://t.me/AdalSotKz/2201
[97] https://kaztag.kz/ru/news/konstitutsionnyy-sud-priznal-zakonnost-registratsii-missionerov-v-kazakhstane
[98] https://www.facebook.com/lmc.kz/videos/1481602666606150/
[99] https://bes.media/news/fond-biz-birgemiz-qazaqstan-2030-perizat-kayrat-hotyat-likvidirovat-25953c/
[100] https://ulysmedia.kz/news/47282-za-mnoi-priekhali-ekolog-mirovogo-urovnia-olzhas-duisen-soobshchili-o-svoiom-zaderzhanii/
[101] https://www.youtube.com/watch?v=Cj69Y7cUeBc
[102] https://t.me/AdalSotKz/2202
[103] https://vlast.kz/novosti/64039-sud-otklonil-apellaciu-po-isku-k-minnauki-iz-za-situacii-s-grantami-dla-abiturientov.html
[104] https://rus.azattyq.org/a/v-almaty-nachalsya-sud-po-delu-avtora-qaznews24-temirlana-ensebeka/33330165.html
[105] https://ulysmedia.kz/news/47349-v-sude-okonchatelno-otkazalis-smiagchit-prigovor-aktivistu-aslanu-utepovu/
[106] https://t.me/AdalSotKz/2205
[107] https://vlast.kz/novosti/64054-k-2027-godu-v-almaty-planiruut-vvesti-platu-za-vezd-dla-staryh-avtomobilej.html
[108] https://bureau.kz/novosti/profsoyuz-novyj-metody-davleniya-prezhnie/
[109] https://t.me/AdalSotKz/2209
[110] https://t.me/AdalSotKz/2210
[111] https://vlast.kz/novosti/64089-zanar-sekerbaevu-arestovali-na-10-sutok-za-mars-prosedsij-v-mae-proslogo-goda.html
[112] https://vlast.kz/novosti/64085-akimat-ust-kamenogorska-soglasoval-mars-protiv-perevoda-vremeni.html
[113] https://rus.azattyq.org/a/33331314.html
[114] https://kaztag.kz/ru/news/knb-rk-mid-i-mininform-ne-smogli-privesti-primery-bespokoyashchey-npk-vrazhdebnoy-informatsii
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.