1 тамызда, Алматы қаласыс, әлеуметтік желілерде «Ara Media» YouTube арнасына қарсы ұйымдасқан ақпараттық шабуыл жүріп жатыр. Алдымен «Kazakhstan» ұлттық арнасы YouTube-ке қарсы шағым түсіріп, Ara Media-ны жабуға әрекет жасады[1].
1 тамызда, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Эдуард Гадульшиннің Instagram аккаунты бұғатталды. Ол, жаңа қала орталығында «еңбек даңқы саябағын» құру туралы қала әкімі В.Ионенконың бастамасына қарсы петицияның авторы және қарсыласы, бұған дейін полициямен «интернет желісінде КСРО-ға қатысты мәлімдемелер жасағаны үшін» ұсталған болатын. Оған қарсы тұтқындау немесе қамауға алу хаттамалары құрастырылмаған, сондай-ақ процессуалдық мәртебесі оған түсіндірілмеген [2].
1 тамызда, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, белсенді В. Шевченко былай деп хабарлады: «Журналист Д. Егеубаеваға жасалған шабуылдар туралы министрлікке шағымданғаннан кейін, маған да шабуыл жасалды, енді менің де Facebook аккаунтым бұғатталды» [3].
1 тамызда, Петропавлда қаласы, Арман Ахметовты діни араздықты қоздыру ісіне қатысты әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол әлеуметтік желілерде исламның «қазақтарға тиесілі емес» деген мәлімдемелерді бірнеше рет жариялап, Мұхаммед пайғамбарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан болатын [4].
2 тамызда, Алматы қаласы, RAMS City тұрғын үй кешенінің тұрғындары Президент Қ. Тоқаевқа шағымданды. Шағымдануға бір жылдан астам уақыт бұрын өкілеттігі аяқталған ММИБ -дің бұрынғы төрағасымен келіспеушілік себеп болды. Тұрғындардың айтуынша, бұл заңды түрде сайланған кондоминиумды басқару органын тіркеуге және ортақ мүлікті толық басқаруды қалпына келтіруге кедергі келтіреді. Қатысушылардың бірі полицияға жеткізілді [5].
3 тамызда, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б. Төреғожина Қызылорда түрме колониясында жеті жылға бас бостандығынан айырылып отырған Д. Мұхаммедкәрімнің денсаулығы туралы ақпарат жариялады. «Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығына байланысты алаңдатарлық жағдай туралы түскен ақпаратқа байланысты, құқық қорғаушылардың бастамасымен адвокат Ғ. Нүрпейісов 2026 жылдың 29-30 шілдесінде №60 мекемеге барып қайтты»[6].
3 тамызда, Астана қаласы, журналист және «Просто журналистика» YouTube арнасының негізін қалаушы Л. Ахмедьяров «әуежайда паспорттық бақылаудан өту кезінде оны Астана полиция департаментінің саяхатқа тыйым салуын айтып, кері қайтарып жібергенін» хабарлады [7].
3 тамызда, Қостанай қаласы, №76 мекемесі, тергеу изоляторының қызметкерлері адвокат В.Курамшиннің кіруіне төртінші рет рұқсат бермей, оның өзін ұстауға тырысты. Олар адвокатты өз қорғауындағы адамға 10 000 теңгені жасырын түрде алып өтуге тырысты деп айыптады. Курамшин бұл айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығарды [8].
3 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры, Facebook парақшасында елден шығуға рұқсат етілмей жатқанын хабарлаған журналист Л. Ахмедьяровқа қатысты жағдайға алаңдаушылық білдіріп, оқиғалардың дамуын бақылауды жалғастыруда [9].
3 тамызда, Астана қаласы, А. Тоқпаева, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі, 2 жыл бас бостандығын шектеу, сот бас тартты және рақымшылық актісін қолдануға заңды негіздердің жоқтығын мойындады [10].
3 тамызда, Алматы қаласы, А.Алёхова, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы, журналист «Жеке деректерді заңсыз тарату» бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 3 жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарылды [11].
3 тамызда, Алматы қаласы, «Kazakhstan» телеарнасының авторлық құқықты бұзуға қатысты шағымынан кейін «Ara Media» YouTube арнасы жойылуы мүмкін. Бұл туралы арнаның негізін қалаушы Руслан Ербота хабарлады. «Әділ сөз» қоры «Ara Media» YouTube арнасына қатысты жағдайды бақылайтын болады [12].
3 тамызда, Алматы қаласы, белсенді Т.Бегайкина былай деп хабарлады: «Біздің «Алматының ашық арықтарын сақтып қаламыз» атты өтінішіміз бүгін қабылданбады. Петицияның мақсаты қаланың ашық арық жүйесін бетон плиталармен жабуға қарсылық болатын. Қабылдаушы — Алматы қаласы әкімінің аппараты. Маған өтініш қайта қарауға қайтарылғаны туралы SMS хабарлама келді. Ойдан шығарылған сылтау. Мен е-өтініш арқылы шағым жібердім» [13].
3 тамызда, Қарағанды қаласы, құқық қорғаушы Н.Ахметжанов Президент Қ.Тоқаевқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына және Ішкі істер министріне жүгінді. «2026 жылдың 19 маусымында Қарағанды-Жезқазған тас жолында полиция қызметкерлері 100 000 теңге пара талап ете бастады. Мен ҚР Ішкі істер министрлігіне бопсалау туралы шағым түсірдім. Содан кейін, отбасыма қысым жасаумен маған физикалық және психологиялық қысым жасалды. Сонымен бірге, маған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маған қатысты істің әділ қаралуын сұраймын»[14].
3 тамызда, Ақтөбе облысы. Қосестек ауылынан шыққан үш шопан Д. Назенов, Р. Бектемісов және С. Қартбаев адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасады деп айыпталуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) олардың таныстары арасында айтқан әңгімелеріне тыңшылдық жасап отырған [15].
4 тамызда, Алматы қаласы, ҚазТАГ қандай да бір «қаржылық жағдайға» байланысты қаражат жинау науқанын жариялады деген хабарламалардың көбеюіне байланысты редакция қызметкерлері былай деп хабарлайды: ҚазТАГ ешқашан ешкімге «қаржы жинау» туралы жарияламаған, ал бұл фактіге қайшы келетін кез келген ақпарат жалған (фейк) болып табылады [16].
4 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қорының президенті Н.Дәрімбет А. Алёхованың ісіне қатысты қазіргі жағдайға терең алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігін ескере отырып, «үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым қатал. Мамандыққа тыйым салу және ақпаратпен жұмыс істегені үшін нақты бас бостандығынан айыру құқықтық логикаға және заң алдындағы теңдік қағидатына сәйкес келмейді» деп мәлімдеді [17].
4 тамызда, Гонконг қаласы (Қытай), Meta компаниясы WhatsApp-тың жаппай бұғатталуы туралы қазақстандық пайдаланушылардың шағымдарынан кейін мәселе туындағанын хабарлады. Қазақстанды қоса алғанда, әртүрлі елдердің пайдаланушылары WhatsApp-тың кенеттен бұғатталуына шағымданды. Компания мәселені мойындап, зардап шеккен аккаунттарға кіруді қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді [18].
4 тамызда, Астана қаласы, Е. Нарымбай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы, 3,5 жылға қоғамдық және саяси қызметке тыйым салумен 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Сот оны «соңғы сот шешімін орындамағаны» үшін кінәлі деп тапты [19].
4 тамызда, Лондон (Ұлыбритания), журналист И. Петрушова былай деп хабарлады: «кезекті Арандату, біздің «Республика» Telegram арнамыздың атынан В. Борейкоға қатысты «ол жазылушылардан қайырымдылық алып, қосымша қолдау көрсету үшін мәліметтерді жариялауды сұрады» деген жалған жаңалықтар таратылып жатыр. Бұл Photoshop, оған алданып қалмаңыздар»[20].
4 тамызда, Атырау қаласы, №4 арнайы әлеуметтік қызметтер орталығының (қарттар үйі) тұрғыны А. Чечиннің оқиғасы әлеуметтік желілерде жарияланды. Ол шамамен 14 сағат бойы үздіксіз отыруға мәжбүр және санитар қызметкерлердің жетіспеушілігінен дәретхананы өздігінен пайдалана алмайтындықтан, тамақ пен сусынды шектеуге мәжбүрлі. Мекемеге медицина қызметкерлері өте қажет, бірақ жалақының төмендігіне байланысты, бұл орындар ұзақ уақыт бойы бос тұр [21][22].
5 тамызда, Алматы қаласы, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында (АҚмЗСЖҚХБ) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258, 405-баптары бойынша 7 жылға қамалған, журналист Д.Мұхамметкәрімнің жағдайына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына сотталған адамның әкесі А.Тілепов, оның адвокаты Ғ.Нүрпейісов және Р.Сәрсенбай қатысты. Адвокат Ғ.Нұрпейісов өзінің қорғауындағы адам өзіне-өзі қол жұмсауды жоспарламағанын, тек түзеу колониясындағы басынан өтіп жатқан оқиғалардың жария болуын қалағанын мәлімдеді [23].
5 тамызда, Алматы қаласы, «2026 жылғы 4 тамыздағы белсенді Е. Нарымбайға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген үкімге және оның Қырғызстаннан Қазақстан билігіне берілуінің мән-жайына байланысты Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының (АҚмЗСЖҚХБ) мәлімдемесі. «Е. Нарымбайға қатысты үкімді БҰҰ нормаларына қайшы келетін «өз бетімен ұстау» деп түсіндіруге болады. ЕЭО мүше мемлекеттердің сот рәсімдерін міндетті түрде сақтамастан адамдарды экстрадициялаудағы қалыптасқан тәжірибесін АҚмЗСЖҚХБ орынсыз деп санайды» [24].
5 тамызда, Алматы қаласы, С.Закирова былай деп мәлімдеді: «Заңсыз сот шешімдерімен келіспейтін азаматтардың атынан біз «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дадибайға үндеу жолдадық. Адамдар мыналарды білгісі келеді: сот жүйесін реформалау партия жоспарына енгізілген ба, зейнеткерлік жасты төмендетуге және олар барлық Қазақстан азаматтарының мүдделеріне әсер ететін басқа да маңызды мәселелерді шешуде партия бастама көтере ма»[25].
5 тамызда, Атырау қаласы, Жұлдыз ауылының тұрғындары көмек сұрап Президент Қ. Тоқаевқа жүгінді. Ауыл жер асты суларының зақымдануынан зардап шеккен, 2022 жылы төтенше жағдай басталғалы бері көп уақыт өтті, ал жергілікті әкімшілік ешқандай шара қолданбай отыр [26].
5 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры журналист Д. Егеубаеваға қатысты жағдайға терең алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Прокуратураны ашық тергеуді қамтамасыз етуге және ұйымдасқан дезинформация фактілеріне құқықтық баға беруге шақырды [27].
5 тамызда, Нью-Йорк қаласы, Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қазақстанды журналист Л. Ахмедьяровты қудалауды тоқтатуға шақырды. Оған елден шығуға тыйым салынған болатын. «Қазақстандағы жетекші тәуелсіз журналистерге қарсы қылмыстық қудалау санының алаңдатарлықтай өсуі аясында Л. Ахмедьяровтың елден шығуына түсініктемесіз тыйым салу қатты алаңдатады», — деп мәлімдеді Джипси Гильен Кайзер [28].
5 тамызда, Алматы қаласы, журналист Д. Егеубаева жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, оған қарсы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оған елден шығуға тыйым салынды [29].
5 тамызда, Қарағанды қаласы, «Жаңа Конституцияның жариялануына байланысты, Уәкіл «Ұлттық превентивтік механизмге (ҰПМ) қатысушылардың қызметін» жеке өзі үйлестіретіні туралы тұжырым алаңдатарлық. Конституциялық заң жобасын әзірлеу кезінде заң шығарушы орган ҰПМ-ді уәкілділік институтына біртіндеп «енгізген» сияқты, ал халықаралық модель мен ҰПМ-нің бастапқы дизайны тетіктің тәуелсіздігін жоғалтуға емес, олардың тығыз өзара әрекеттесуіне негізделген», — деп хабарлады құқық қорғаушы Ю. Гусаков [30].
7 тамызда, Алматы қаласы, А.Алёхова, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша, жазаны өтеу мерзімін бес жылға шегерумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалалық прокуратура жазаны жеңілдету туралы апелляциялық шағым түсірді [31].
8 тамызда, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша «бопсалау» үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан, журналист В. Северныйдың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызына сот бас тарту берді. Екінші дәрежелі оң мінез-құлық жазбасы мен мақтау қағаздарының болуы жоғары деңгейдегі оңалтуды көрсетпейтіні, сот шешімінде атап көрсетілген [32].
8 тамызда, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, «Газ өңдеу компаниясы» жұмысшылары 2019 жылдан бері төленбеген жалақыларын талап етуде. 280 мұнайшы компанияны тексеруді және заңға сәйкес еңбек құқықтарын қалпына келтіруді сұрап Президент Қ. Тоқаевқа жүгінді. Жинақталған қарыз бір миллиард теңгеден асып түскен [33].
8 тамызда, Алматы қаласы, «Respublika.kz.media» жаңалықтар агенттігі басылымдардың астында жүздеген ұқсас пікірлер пайда болғанын хабарлады. DOS шабуылы анықталды [34].
10 тамызда, Астана қаласы, Д. Окремова үкіметтің мемлекеттік ақпарат сатып алу көлемін жасырып отырғанын хабарлады. 2025 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының үкіметі Ақпаратты шектеулі ресми ақпарат ретінде жіктеу және онымен жұмыс істеу ережелеріне түзетулер енгізіп, БАҚ-ты қаржыландыру туралы нақты деректерді «тек ресми пайдалану үшін» деген жіктеуге сілтеме жасай отырып, қоғамнан жауып тастады [35].
10 тамызда, Астана қаласы, «Құқықтық Медиа-Орталық» директоры Д. Өкремованың Facebook аккаунты бұғатталды. Ол аккаунттың шектелуін Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы сот ісі туралы жазбамен байланыстырады [36].
10 тамызда, Орал қаласы, М. Ескендірова, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы, сот кінәлі деп танып, оны қайтадан 25 тәулікке қамауға алды. 25 күндік қамауға алудан кейін белсенді өз талаптарымен Абай алаңына оралып, қайтадан қамауға алынды. М. Ескендірова бұған дейін қала әкімшілігіне аштық жариялау туралы хабарлама жіберген, бірақ оған ешқандай жауап келмеген [37].
10 тамызда, Астана қаласы, «Құқықтық Медиа- Орталығы халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссияларды журналистерді қудалаудың соңғы жағдайларын жария түрде бағалауға шақырды. Бұған А. Алеховаға, Г. Бажкеноваға, Б. Омароваға, А. Матаевқа және А. Қасеновке қарсы қылмыстық істер, сондай-ақ ҚазТАГ веб-сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттау кіреді [38].
10 тамызда, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптары бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған Д.Мұхаметкәрімнің жағдайына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Адвокат Ғ. Нұрпейісов өз қорғауындағы адамның денсаулығы күрт нашарлағанын және түрмедегі әрекеттері суицид әрекеті емес, құқықтарының бұзылуына қарсы наразылық екенін мәлімдеді. «Әділ сөз» қоры журналист Д.Мұхаметкәрімнің айналасындағы жағдайға алаңдаушылық білдіреді [39].
10 тамызда, «Әділ сөз» қоры Д.Окремованың аккаунтына қарсы жаппай шағымдарды тиісті министрлікпен сот ісі туралы жариялылықты шектеу әрекетімен байланыстырып, тәуелсіз БАҚ-ты бұғаттауды тоқтатуды талап етті [40].
10 тамызда, Алматы қаласы, ЕҚЫҰ Сайлауды бақылау миссиясы (СБМ) Құрылтай сайлауына дайындық туралы аралық есеп жариялады. «БАҚ нарығын мемлекет тікелей меншік және мөлдір емес бюджеттік субсидиялар арқылы бақылайды, бұл плюрализмді шектейді. Барлық партиялар президенттің саясатын қолдайды, шынайы оппозициялық партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың болмауы саяси қатысу мен плюрализмді шектейді», — делінген ЕҚЫҰ миссиясының есебінде [41].
10 тамыз, Алматы қаласы, журналистерді, блогерлер мен белсенділерді бұғаттағаннан кейін құқық қорғаушы Б. Төреғожинаның Facebook аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар, оның Instagram аккаунтына шабуыл жасалып, бұғатталу қаупі төніп тұр. «Сайлау алдындағы кезеңде тәуелсіз дауыстарды басып-жаншу мен ақпараттық кеңістікті шектеу Қазақстанда стандартты тәжірибеге айналды» [42].
10 тамызда, Астана қаласы, Қазақстанда үкіметтік деректерге қолжетімділікті бақылауды күшейтті. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы М. Олжабеков Сандық оқиғаларды тіркеуді енгізу ережелеріне қол қойды (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілген). Құжатта электрондық үкімет инфрақұрылымы мен мемлекеттік жүйелерге кеңейтілген қолжетімділігі бар IT мамандарының, жүйелік әкімшілердің және мердігерлердің әрекеттерін тіркеуге қатаң талаптар белгіленген. Талаптар мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жеке IT компанияларына және мемлекет өз қызметін цифрландыру үшін пайдаланатын цифрлық активтердің иелеріне қарастырылған [43].
11 тамызда, «Немолчи» қоры «қазақстандық билік БҰҰ-да тұрмыстық зорлық-зомбылықты «қылмыстық деп тануды» үлкен жеңіс деп жариялап отыр» деп мәлімдеді. Бірақ сандар мен шындық басқаны көрсетеді: реформа кең көлемді алдау болып шықты. 2019 — 2025 жылдар аралығында Қазақстанда 955 әйел өлтірілді, 300 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар, істердің жартысына жуығы «татуласуға» байланысты тоқтатылады, ал нақты тұтқындалғандар агрессорлардың тек 18%-ы ғана [44].
11 тамыз, Атырау қаласы, облыстық әкімдік ғимаратының алдында көп балалы аналар көмектің көрсетілмеуіне наразылық білдірді, көмектен бас тарту себебін түсіндіруді және өтініштерін қайта қарауды талап етуде. 11 бала тәрбиелеп отырған Ж.Қожакова отбасының табысы шамамен 200 000 теңге екенін айтты. Ата-аналар кімге көмек көрсетілетіні және критерийлер туралы түсініктеме беруді сұрап отыр [45].
11 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған әскери журналист В. Северныйға қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді. 2026 жылдың 15 шілдесінде сот журналисті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді қабылдамады. «Әділ сөз» қоры апелляциялық сотты іске объективті құқықтық баға беруге, Қазақстан заңнамасының талаптарын және журналистің шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын қатаң сақтауға шақырады [46].
12 тамыз, Астана қаласы, Л.Ахмедьяров, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы, полиция «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеуге Өскемен қаласының тұрғыны А.Котовтың шағымы себеп болды, ол журналистің Ресей қатарында соғысып жүр деген күдікпен қаралған қазақстандықтардың тізімін жариялауына шағымданған (оны украиндық «Өмір сүргім келеді» жобасы жариялаған) [47].
12 тамызда, Астана қаласы, А. Омаров, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, екі айға қамауға алынған, тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы белгілі болды. Адвокат Т. Шайковтың айтуынша, іс журналистің билікке қатысты сатиралық және сыни пікірлер айтқан бейнежазбаларына негізделген. «Әділ сөз» А. Омаровтың қылмыстық қудалануын, тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғам белсенділеріне жүйелі қысым көрсету белгілері бар оқиғалар тізбегі ретінде қарастырады [48].
12 тамыз, Алматы қаласы, «Әділ сөз» партиясының президенті Н.Дәрімбет былай деп мәлімдеді: «Журналистің өз мамандығымен айналысуына тыйым салу Қазақстан Республикасының Конституциясымен және елдің халықаралық міндеттемелерімен кепілдендірілген сөз бостандығы қағидаттарына қайшы келеді және сонымен бірге еңбек ету құқығын бұзу болып табылады. Бұл жай ғана жеке жаза емес, кәсіби тыйым салу. Бұл азаматтың заңды мамандықпен айналысу және күн көру құқығын шектейді. Мұндай сот үкімдерін сөз бостандығы мен журналистерге қысым ретінде қарастыруға болады» [49].
12 тамыз, Павлодар қаласы, 27 жастағы М. Харчук, жетім әлеуметтік тұрғын үйге кезек тізімінде 18 жылға жуық уақыт күтіп тұрған. Ол көптен күткен жаңа үйіне көшуге дайындалып жатқанда, жүйе оның өтінішін қабылдамады, себебі отбасының табысы белгіленген шектен асып түсті. Марина Президент Қ. Тоқаевтан көмек сұрады: «Неліктен тұрақты ресми табыс тұрғын үй алуға кедергі болады? Біз пәтер жалдау ақысын, балабақшаны, тамақты, киім-кешекті, тұрмыстық шығындарды және несиелік міндеттемелерді төлейміз ғой» [50].
12 тамызда, Астана қаласы, сот Ақкөл ауданы әкімінің белсенді Ш.А. Искаковқа қарсы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы азаматтық талабы бойынша апелляциялық шағымды қарап, бас тарту шешімін. шығарды. Сот сонымен қатар жауапкер өкілінің жеке шағымын қанағаттандырмады, себебі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкер талап арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі [51][52].
12 тамызда, Darknet сайтында шамамен 15 миллион Қазақстан тұрғынының жеке деректері бар файлды сату туралы жарнама пайда болды. Сөз болып отырған файлдың көлемі 2,7 гигабайт, 47 миллион жолдан тұрады. Дерекқорда төлқұжат туралы ақпарат, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, жұмыс туралы ақпарат, құжаттарды сканерлеу және құпия сөздер бар. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл хабарламалардан хабардар екенін растады, бірақ асығыс қорытынды жасамауға шақырды [53].
13 тамызда, Шымкент қаласы, Н. Мамырова, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды. Полиция қызметкерлері Н. Мамырованың жұмыс орнына тікелей келіп, оны шақыру қағазынсыз ұстап, полиция бөлімшесіне апаруға тырысты. Оған «Әділет» партиясына қатысты бейнежазбалар және ол анықтаған бұзушылықтары туралы ақпарат жариялағаны үшін айып тағылды [54].
14 тамызда, Ақмола облысы, Зеренді аудандық соты, Н.Жүсіпова, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабының 10-бөлігі, 151 375 теңге айыппұл, тіркелмеген бірлестіктердің қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. 2026 жылдың 12 тамызында ол әлеуметтік желіде «Алға, Қазақстан» партиясының атынан шығып, көпшілікке бейне жазба таратты, онда «Әділет» партиясының қызметіне наразылығын білдірген және оны партиялар тізімінен алып тастауға және бас тартуға шақыру жасаған [55].
14 тамызда, Ақтау қаласы, жұмыссыз қалған адамдар Президент Қ. Тоқаевқа, Бас прокуратураға және облыстық прокурорға көмек сұрап, билік органдарын жұмыспен қамту мәселесі шешілмесе, ереуілге шығамыз деп қорқытты. Олар жергілікті билікке бірнеше рет шағымданған болатын. Олар егер мәселе шешілмесе, бүкіл отбасыларымен бірге жаппай наразылық акциясына шығатындарын мәлімдеді [56]
15 тамыз, Алматы қаласы, Б. Бақтыбаев, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі, 20 тәулікке бас бостандығынан айырылды. Негіздеме: 2026 жылдың 15 тамызында Алмалы полиция бөлімінің қоғамдық орталығында болған кезде ол жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, тыныштықты бұзды [57].
15 тамыз, «Не молчи» қоры хабарлады: кеше және бүгін біздің журналистің профильдері мен телефон нөмірлерінде таңқаларлық белсенділік байқалды. Бірақ бүгін кешке танымал іс бойынша айыпталушылардың бірі онымен байланыса алмады: олардың байланысы кенеттен үзіліп, бұғатталды [58].
15 тамызда, Алматы қаласы, Б.Атинбаев, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 1-бөлігі,15 тәулікке қамауға алу жазасы, әкімшілік сот белсендіні бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі деп тапты.
Негіздеме: «Әлеуметтік желілердегі тексеріс нәтижесінде, Б.Атинбаевтың 2026 жылдың 27 қаңтарында қалалық соттың жанында басқа белсенділермен бірге жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз «Мирболату Бостандық» деп ұрандағаны және тікелей эфир жүргізгені анықталды»,- делінген сот шешімінде [59].
15 тамызда Қостанай қаласы, №38 мекеме, З. Хажиев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. №2 қалалық сот оны 2026 жылдың 16 сәуірінде дін туралы әңгімелері қылмыстық жазаланатын үгіт-насихат болып табылмайды деп тауып, ақтады. Қала прокуроры ақтау үкімін бұзу туралы өтініш берді. Облыстық сот алқасы үкімді бұзып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Негіздеме: З. Хажиев басқалардың арасында өзінің діни көзқарастарының «дұрыстығы» туралы идеяларды таратты, басқа діни ағымдарды, мемлекеттік жүйені және мемлекеттік қызметкерлерді теріс сипаттады [60]
16 тамызда, Астана қаласы, Л.Ахмедьяров, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы, Украинаның әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабы журналисті жақтап сөз сөйледі. «Біз журналистерді кәсіби міндеттерін орындағаны үшін, әсіресе олар жариялайтын ақпарат көзін ашық көрсеткен кезде қудалауға жол берілмейді деп санаймыз. Л.Ахмедьяровтың материалдарында «Өмір сүргім келеді» мемлекеттік жобасы осындай дереккөз ретінде тікелей көрсетілген» [61].
17 тамызда, Астана қаласы, Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева бұғаттау мәселесін көтерді: «Бірнеше БАҚ, белсенділер мен блогерлердің аккаунттарын жаппай бұғаттау туралы таралып жатқан ақпаратқа тоқталғым келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі аккаунттарды бұғаттамайды. Сонымен қатар, мемлекет мұндай әрекеттерге немесе шектеулерге мүдделі емес» [62].
17 тамызда, Алматы қаласы, Elmedia Г.Ерғалиеваның Facebook парақшасының бұғатталуына қатысты мәлімдеме жасады. Профиль 2026 жылдың 2 шілдесінен бері қолжетімді емес. «Әділ сөз» қоры Г.Ерғалиеваның аккаунтының бұғатталуын Қазақстанның ақпараттық кеңістігін тазарту және тәуелсіз журналистер мен БАҚ-қа қысым жасау науқанының бөлігі ретінде қарастырады [63].
17 тамызда, Астана қаласы, М. Мұсабаев, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 11-бөлігі, бейбіт жиындар туралы заңды бұзғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Негіздеме: Астананың Орталық саябағында жүргенде, ол басқалармен бірге 2025 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптары бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген М. Жыланбаевты қолдау мақсатында өткізілген жарыс түріндегі қоғамдық іс-шараға қатысқан [64].
17 тамыз, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қорының, Азаматтық құқық қорғаушылардың, Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ), АҚмЗСЖ ҚХБ, Норвегия Хельсинки комитетінің және басқалардың мәлімдемесі. «23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстандағы тәуелсіз журналистерге қысым күшейіп келеді және олар Қазақстан билігін журналистер мен БАҚ-қа қарсы қудалау мен қысымның барлық түрлерін дереу тоқтатуға шақырады» [65].
17 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тәуелсіз БАҚ аккаунттарын жаппай бұғаттауға қатысты ресми ұстанымына түсініктеме берді. Министр А. Балаева министрлік «аккаунттарды бұғаттамайтынын» және мемлекет «осындай әрекеттерге немесе сөз бен пікір бостандығын шектеуге мүдделі емес» екенін мәлімдеді. «Әділ сөз» қоры жоғарыда аталған сұрақтарға Мәдениет және ақпарат министрлігінен жауап алуға үміттенеді [66].
17 тамызда, Астана қаласы, «Қадір-Қасиет» қоғамдық бірлестігі былай деп хабарлады: «2026 жылдың алғашқы 7 айында біз Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаушыларға, адвокаттарға, журналистерге, азаматтық қоғам белсенділеріне, діни бірлестіктердің белсенділеріне, кәсіподақтарға, қоғам қайраткерлеріне және қоршаған ортаны қорғау белсенділеріне қарсы 558 қорқыту жағдайын тіркедік» [67].
18 тамызда, Алматы қаласы, А. Әбішев, азаматтық белсенді былай деп хабарлады: «Менің парақшаларыма шабуылдар жалғасуда, енді менің Facebook парақшама үнемі шағымдар түсіп жатыр» [68].
18 тамыз, Алматы қаласы, Бостандық қылмыстық соты, Г. Бажкенова, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274, 214 баптарының 2, 189-баптарының 4-бөлігі, 2 жылға шегерумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына және 5 жылға журналистік және қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айыруға сотталды. Себебі: Г. Бажкеноваға тиесілі интернет-ресурс шындыққа жанаспайтын және жала жапқан ар-намысқа нұқсан келтіретін ақпаратты жүйелі түрде таратқан [69].
18 тамызда, Қостанай қаласы, адвокат В.Курамшин, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі (Түзеу колониясындағы немесе арнайы мекемедегі тұтқындарға жасырын жеткізу немесе жеткізу әрекеті), «Сот отырысы өткізіледі және судья іс бойынша заңның сақталуын қамтамасыз ету үшін сот отырысы прокурордың қатысуымен өткізілетіні туралы шешім шығарды», — деп хабарлады адвокаты [70].
18 тамызда, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б. Төреғожинаның Instagram аккаунтына қатысты басылымдардың қолжетімділігін жасанды түрде азайтуға және таратылуын шектеуге бағытталған боттардың ұйымдасқан әрекетінің белгілері тіркелді [71].
18 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры былай деп мәлімдеді: «Біз Г.Бажкеноваға қатысты шығарылған үкімге қатты алаңдаймыз. Мұндай қатал жаза бүкіл БАҚ нарығы үшін тағы да қауіпті прецедент жасайды және жоғары сатыдағы соттарды үкімді қайта қарауға шақырады»[72].
18 тамыз, Көкшетау қаласы, Ө.Негметов, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі, 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сот белсендіні «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша кінәлі деп тапты [73].
18 тамыз, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Н. Жүсіпова, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 12-бөлігі, Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілмеген митингілердің орны мен уақытын көрсететін бейне хабарлама жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды [74].
18 тамызда, Астана қаласы, Г.Біржанованың Facebook аккаунты бұғатталды, «Құқықтық Медиа-Орталық» ҚҰ, Ұйымның Facebook және Instagram парақшалары мен YouTube арнасы да бұған дейін бұғатталған болатын. Қоғамдық ұйым өкілдері бұл сайлау алдында БАҚ қауымдастығының мүшелеріне бағытталған қысым болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды [75].
18 тамыз, Алматы қаласы, Д. Егеубаеваның мәлімдемесі: «Мен қоғамдық және кәсіби қызметіме байланысты маған қарсы жүйелі және мақсатты қысым науқаны басталғанын мәлімдеймін. Осы науқанның аясында шабуылдаудың ерекше арсыз түрінде әлеуметтік желілерде, менің жұмысыма ешқандай қатысы жоқ ұлым, нысанаға алынды» [76].
19 тамызда, Алматы қаласы, Руслан Төлеу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 12-бөлігі, 25 тәулікке қамауға алынды. Ол Facebook-те «23 тамызда Құрылтайға емес, алаңға бар. Қазақ халқы. Біз көтерілуіміз керек. Оян Қазақ. Қаншама белсенді түрмеде отыр. Тек алаң ғана шешеді. Қуғын-сүргін әлі де жалғасуда»,- деп үндеу жасағаны үшін, бейбіт жиындар туралы заңды бұзғаны үшін кінәлі деп танылды [77].
19 тамыз, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры, Aiel-qorgan.kz жобасын іске қосты, ол әйел журналистерге қарсы қорқыту мен қудалау, жаппай шағымдану, басылымдарды жою және аккаунттарды бұғаттау арқылы онлайн қысымды жоюға көмек көрсетуге арналған [78].
19 тамызда, Алматы қаласы, А. Бекқұзаров, өзінің Threads парақшасында сөмкесін тінтіп жатқан полицияның бейнежазбасын жариялады: «Достар, мен бұл полицияның заңсыз әрекетін қайда хабарлауым керек? Екі полиция қызметкері бізге жақындап, бетімізге фонарь сәулесін түсірді. Олар өздерін таныстырмастан, барлық хаттамалар мен процедураларды елемей, қалталарымызды босатуды сұрап, тінту жасады. Содан кейін тағы бір қызметкер жақындап келіп, куәгерлерсіз немесе бейнебақылаусыз сөмкемнен заттарымды қолымен ала бастады»[79].
20 тамызда, Алматы қаласы, «Азаттық радиосы» Instagram аккаунтының қайтадан бұғатталғанын хабарлады. Пайдаланушылар парақшаның 20 тамызда Астана уақыты бойынша шамамен сағат 9:00-ден бері қолжетімді емес екенін хабарлады. Әлеуметтік желі сайтының әкімшілігі бұған дейін БАҚ аккаунтын екі рет, 8 және 10 шілдеде «авторлық құқықты бұзу» туралы шағымдар түсті деген түсіндірулермен, бұғаттаған болатын [80].
20 тамызда, Астана қаласы, полиция танымал стендап-комедиант Г.Қалиакбаровтың концертін тоқтатты. Себептері ретінде іс-шараны келісімдемелеу және сахнадағы бейәдеп сөздерді қолдану айтылды. Ұйымдастырушылар түсініксіз мәлімдеме жасаумен шектелді: іс-шара «ұйымдастырушының бақылауынан тыс себептермен» тоқтатылды [81].
20 тамыз, Алматы қаласы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы, С. Боқаев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-баптарының 3, 190-баптарының 4-бөлігі, белсендіні қамауға алу мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды. Тергеу әрекеттері аяқталды, қорғаушы тарап қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті [82].
20 тамызда, Ақтау қаласы, «МөлдірМұнайСервис» компаниясының бұрынғы 17 қызметкері Президент Қ. Тоқаевқа, Премьер-Министр О. Бектеновке және «Әділет» партиясының төрағасы А. Дәдебайға көпшілік алдында өтініш білдірді. Олар жаңа шарттарға, яғни жеңілдіктердің азаюына және ақаулы жабдықтарды пайдалануға келісуден бас тартқаннан кейін жұмысынан айырылғандарын мәлімдеді. Жұмысшылар жағдайды тергеуді және әділеттілікті қалпына келтіруді талап етеді [83].
20 тамызда, Брюссель (Бельгия), Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) және Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Г.Бажкеноваға (ҚР Қылмыстық кодексінің 274, 214-баптарының 2-бөлігі және 189-баптың 4-бөлігі; екі жылға шегерумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру) шығарылған үкімді қатты айыптады. «Парламенттік сайлауға бірнеше күн қалғанда, оған үкім шығару үрейлі. Бұл әсіресе тәуелсіз есеп беру және биліктегілерге қоғамдық бақылау жасау ерекше маңызды болған сайлау кезеңінде алаңдатарлық», — деді IPHR өкілі Рейчел Гасовский [84].
20 тамызда, Алматы қаласы, журналист және блогер Данияр Наурыздың аккаунтын Instagram бұғаттап тастады. Даниярдың айтуынша, бұғаттаудан аз уақыт бұрын ол Құрылтай сайлауы алдындағы қоғамдық-саяси мәселелер бойынша сыни жазбаларды белсенді түрде жариялаған. Авторлық құқыққа қатысты шағым [85].
20 тамызда, Астана қаласы, «ЖІГЕР қозғалысы» жобасына қатысушылар «Зорлық-зомбылықсыз өмір үшін» / «За жизнь без насилия» атты петиция жариялады, онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғаудың кешенді жүйесін құруға, жеке заң қабылдауға және «Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік» атты жалпыұлттық науқанды бастауға шақырады. Петицияны https://epetition.kz/…/9e26025d-0d0a-4342-b3ca сілтемесі бойынша қолдауға болады [86].
21 тамызда, Атырау қаласы, О. Вертинская, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы, 778 500 теңге айыппұл салынды, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін. Облыстық сотта қорғаушы Д. Шевченконың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтті. Сот шешімді өзгеріссіз қалдырды [87][88].
21 тамызда, Черногория, «Не молчи » қоры Қазақстан Республикасының Президентіне: «Шұғыл жүйелік шаралар қабылдау, ашықтықты қамтамасыз ету және танымал трагедиялар аясында гендерлік зорлық-зомбылықтың жасырын дағдарысын тоқтату қажеттілігі туралы» үндеу тастады. «Не молчи» қоры былай деп мәлімдейді: полиция мен мемлекеттік органдар жәбірленушілердің шағымдарын қабылдамай, ал статистика дағдарыстың нақты ауқымын жасырап отырған кезде, мақсатты заңнамалық түзетулер жұмыс атқармайды [89].
21 тамызда, Алматы қаласы, «11M» партиясыз қоғамдық-саяси қозғалысы сайлауда «барлығына қарсы» нұсқасын – барлық партияларға қарсы – адамдардың көшеге шықпай-ақ өз ұстанымын тыныш және бейбіт түрде білдіре алатынын көрсету үшін қолдануға шақырды: «Бізге таңылып отырған күн тәртібімен келіспейміз», — деп хабарлады А. Ильяшев. Спикерлер наразылық білдіру үшін дауыс берудің заңды тетіктерін пайдалану ниетін мәлімдеді [90]
21 тамызда, Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) былай деп хабарлады: «Осы айда өтетін парламент сайлауы қарсаңында Қазақстандағы тәуелсіз журналистер қылмыстық қудалаудан бастап кәсіби қызметке тыйым салуға дейінгі «бұрын-соңды болмаған» қысымға тап болды, және бұл қуғын-сүргін елдің БАҚ бостандығы бойынша міндеттемелерін сақтауын қамтамасыз ету үшін халықаралық бақылауды күшейтуді талап етеді» [91].
22 тамызда, Страсбург қаласы (Франция), Э.Шевцова, «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауын бақылауға дайындық аясында Еуропалық Одақтың Өкілдер палатасы мен Еуропа Кеңесінің Өкілдер палатасының бақылаушылар делегациясымен кездесуде сөз сөйледі. Ол саяси бәсекелестіктің шектелуі, тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғамға қысым және сайлауды бақылауды қоса алғанда, тәуелсіз ұйымдарға қысым көрсетулер жөнінде хабардар етті [92].
22 тамызда, Алматы қаласы, Б. Бақтыбаевтың (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі, 20 тәулікке бас бостандығынан айыру) тамақтың дұрыс жеткізілмеуіне наразылық білдіру үшін қасық жұтып қойғанын хабарлады. Тағы бір белсенді Б. Атинбаев (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 1-бөлігі, 15 тәулікке бас бостандығынан айыру) қамауда өзінің қолын кескенін — блогер А. Достияров хабарлады [93].
23 тамызда, Алматы қаласы, таңертеңнен бері оның үйіне кіреберістің алдында полиция қызметкерлері тұрғанын, А. Әбішев мәлімдеді. Солтүстік Қазақстан облысынан белсенді Н. Өнерхан (ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі бойынша, бір жылға бас бостандығы шектелген) сайлау күні пробация қызметкерлері электрондық бақылау білезігін тағып жүргеніне қарамастан, оны күні бойы қайда екендігі туралы хабарлауға бірнеше рет мәжбүрлегенін хабарлады [94].
24 тамызда, Шымкент қаласы, Н. Мамырова, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2 бабының 3-бөлігі, 86 500 теңге айыппұл. Сот оны жалған ақпарат жариялағаны немесе таратқаны үшін кінәлі деп тапты. Негіздеме: 2026 жылдың 13 тамызында ол TikTok әлеуметтік желіде алдағы Құрылтай туралы бейнежазба жариялап, осылайша мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жағдай жасады [95].
24 тамызда, Алматы қаласы, Азаттық радиосының Instagramm-дағы аккаунты қайтадан қолжетімді болды. Бұл парақша 20 тамызда, Құрылтай сайлауынан бірнеше күн бұрын бұғатталған болатын. Meta аккаунттың қауымдастық ережелерін бұзғанын хабарлады, бірақ қай жазбаның немесе ереженің бұзылғаны нақтыланбады [96].
24 тамызда, Орал қаласы, Б. Өтебаев, былай деп хабарлады: «Кеше, 23 тамызда Құрылтай сайлау бюллетенін жариялағаным үшін маған 32 437,5 теңге айыппұл салынды. Прокурор салған айыппұлды төлеуге көмек сұраймын. Егер мен бұл айыппұлды жеті күн ішінде төлемесем, айыппұл 85 000 теңгеге дейін артады» [97].
24 тамызда, Алматы қаласы, азамат О. Садықов былай деп мәлімдеді: «Әлеуметтік желілерде «Тоқаев кет!» және «Г. Головкин, Г. Гаджиев және Муталиповты қызметінен алу керек» деген екі хабарлама жариялағаннан кейін, менің ауламда белгісіз адамдар мінген бірнеше көлік тұрды. Мен Терренкурмен серуендеуге шыққан кезде, белгісіз адамдар менің соңымнан аңдып жүрді. Содан кейін маған қорқытулар келе бастады, осыған байланысты өзім, ұлым мезгілсіз қайтыс болған, ұрланған жағдайда Қ. Тоқаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитетін және Ішкі істер министрін осыған жауапкершілікке тартуды сұраймын» [98].
24 тамызда, Астана қаласы, «Қадыр-Қасиет» Ақтөбе қаласындағы заң бұзушылық жөнінде, AOАА адвокаты З.З. Мамедовтың компьютерінің жүйе блогын полиция қызметкерінің заңсыз тартып алғанын, заңмен қорғалатын адвокаттық құпияны осылайша бұзғаны туралы хабарлады. Атырау қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабына сәйкес, журналист О. Вертинскаяның құқықтары бұзылғаны туралы хабарланды, сондай-ақ жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергелуде [99].
24 тамыз, Астана қаласы, Адам құқықтарын қорғаушылар мен азаматтық қоғам белсенділерінің қауіпсіздігі мен қорғалуы туралы XIV платформаға қатысушылардың парламент депутаттарына мәлімдемесі: Адам құқықтарын қорғаушылар бүгінде қысымға, қудалауға және қорқытуға тап болуда. Біз мемлекет пен қоғамды адам құқықтарын қорғаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға, тиімді құқықтық тетіктерді белгілеуге және адам құқықтарын қорғаушыларды қорғау туралы арнайы заң қабылдауға шақырамыз [100].
24 тамыз, Астана қаласы, Адам құқықтарын қорғаушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша XIV платформасына қатысушылардың Халықаралық даму банктеріне үндеуі: «Біз сіздерді қаржыландыратын әрбір жобаның орталығына адам құқықтарын қоюға шақырамыз. Дамуды сәтті деп санауға келмейді, егер ол адам құқықтарын бұзу есебінен жүзеге асырылса»[101].
24 тамыз, Астана қаласы, Адам құқықтарын қорғаушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуы жөніндегі XIV Платформаға қатысушылардың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасына тәуелсіз заңгерлердің, адвокаттардың және қоғам қайраткерлерінің жұмыс істеу жағдайларына ерекше назар аударуға және қауіпсіз құқықтық ортаны құру бойынша жүйелі шараларды бастауға шақыратын мәлімдемесі [102].
24 тамыз, Астана қаласы, «Жастар дауысы» қоғамдық қорының (Қарағанды облысы) 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу арқылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу қаупі туралы мәлімдемесі: 1410 респондент қатысқан сауалнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың 58,9%-ы бұған қарсы. Біз бұл заң БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының 12-бабына қайшы келеді деп санаймыз. Балаларды қорғау олардың негізгі құқықтарын бұзумен тең болмауы керек [103].
24 тамыз, Астана қаласы, Адам құқықтарын қорғаушылар мен азаматтық қоғам белсенділерінің қауіпсіздігі мен қорғалуы туралы XIV Платформаның мәлімдемесі: «Адам құқықтары саласындағы қызмет заңды және әлеуметтік тұрғыдан маңызды. Олар мемлекетке қауіп төндірмейді, керісінше, заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарының бұзылуының алдын алуға және мемлекеттік институттарға қоғамдық сенімнің артуына ықпал етеді. Адам құқықтарын қорғаушыларды қорғау — әрбір адамның қадір-қасиетке деген құқығын қорғау»[104].
24 тамызда, «Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымы, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Ж. Кавелье былай деп мәлімдеді: «ҚазТАГ бас редакторы А. Қасенов пен директор А. Матаевтың қудалануы барлық журналистер үшін қатаң ескерту болды» [105].
24 тамызда, Алматы қаласы, «Жас сайлаушылар лигасы» 23 тамыздағы сайлаудан кейін 31 сайлау учаскесіне барды. Жиырма екі учаске ресми нәтижелер хаттамаларын ілмеген, тек тоғызында ғана олар көрсетілген. Медеу ауданындағы Аумақтық сайлау комиссиясы ырықсыздар қатарында: мұнда дүйсенбінің таңғы уақытына ешқандай құжат ұсынылмады, тіпті күзетші кіреберісті суретке түсіруге тыйым салды [106].
24 тамызда, Орал қаласы, «Жария» үкіметтік емес ұйымы бақылау жүргізген Батыс Қазақстан облысындағы 21 сайлау учаскесінде сайлаушылардың жалпы санының 30,4%-ы дауыс берді. Батыс Қазақстан облысының Аумақтық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 73,3%-ды құрады [107].
24 тамыз, Астана қаласы: «Жігер қозғалысы» жобасының қатысушылары Құрылтайдағы әйелдердің өкілдігіне қатысты мәлімдеме жасады: «Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау жабық партиялық тізімдері бар пропорционалды жүйе арқылы өтті. Біз — «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» — Құрылтайда өкілдік ететін саяси партияларды әр партиядан мандат алатын депутаттардың кемінде 30%-ын әйелдер құрауын қамтамасыз етуге шақырамыз »[108].
25 тамызда, Астана қаласы, Қазақстанда Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы С. Жұбаниязованы қолдау мақсатында петиция жарияланды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне петиция бағытталды. МИБ төрайымының ғимараттың ортақ мүлкін басқаруға жауапты болғанымен, оның құрылыс салушы, жобалаушы, мердігер немесе құрылымдық элементтерді өндіруші болып табылмайтыны, сондықтан ғимараттағы барлық жасырын ақаулардан хабардар бола алмайтыны үндеуде айтылды [109].
25 тамызда, Алматы қаласы, «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ бас директоры И. Медникова былай деп мәлімдеді: «Дауыс беру күні біз Әйелдер педагогикалық институтында топтасып дауыс беру жағдайларын тіркедік. Заңбұзушылықтар туралы ең көп хабарлама чат-топтар арқылы келіп түсті, олардың қатарында мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлерді дауыс беруге мәжбүрлеуі туралы ақпараттар болды. Жұмыс берушілер әлеуметтік желідегі жазбалар мен хэштегтер, WhatsApp арқылы басшылыққа жіберілген фотосуреттер түріндегі дәлелдерді талап етіп, белгіленген мерзімдердің сақталуын қадағалады, тіпті дауыс берген қызметкерлердің аты-жөні көрсетілген кестелерді толтыруды да міндеттеді»» [110].
25 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстанда соңғы кездері журналистерге қосымша жаза ретінде кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салу тәжірибесі жиілеп кеткенін мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы (Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру) жариялауға, пікір білдіруге немесе шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салу құралына айналмауы тиіс [111].
25 тамызда, Астана қаласы, «Құқықтық Медиа-Орталық» ұйымы өзінің Instagram парақшасына жаппай бот шабуылы жасалғанын хабарлады. Ұйым жазбаларға пікір жазу мүмкіндігін өшіруге мәжбүр болды. «Бұл – жаппай шабуылдың екінші толқыны», – деп мәлімдеген «Құқықтық Медиа-Орталық» шабуылдың жақында өткен сайлауға қатысты [112].
25 тамызда, Алматы қаласы, «Feminita» ұйымының тең құрылтайшысы Г. Сержан және тағы екі феминист белсенді полиция департаментіне жауап алуға шақырылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері оларды *Ten Tershilik* подкастында «ЛГБТ-насихаттау» жасады деген болжаммен шақырған, атап айтқанда, 2025 жылдың соңында қабылданған түзетулерді ЛГБТИК өкілдерін тікелей кемсітетін «мыстандарға аңшылық» (қудалау науқаны) деп сипаттауға байланысты [113].
25 тамызда, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, С. Идырышев, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі, сот 60 550 теңге көлемінде айыппұл салды, айыппұл оның қоғамдық орында бейнежазба түсіргені, балағат сөздер қолданып қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынған [114].
26 тамызда, Қостанай облысы, Рудный қаласы, қалалық сотта А. Кимакина мен жеке сот орындаушысы Қ. Алиевтің «Адам құқықтары жөніндегі комитет» ҮЕҰ-ына қарсы ұйым қызметін тоқтата тұруды талап еткен азаматтық талап-арызы бойынша сот отырысы өтті. Сот «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңның 23-бабына негіздеумен, талап-арызды қанағаттандырудан бас тартты, онда ұйым қызметінің мемлекеттік органдардың ұсынысы немесе азаматтардың шағымы негізінде сот шешімімен тоқтатыла тұруы мүмкін екендігі көрсетілген [115][116].
26 тамызда, Астана қаласы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауына қатысты мәлімдеме жасады. Онда сайлаудың саяси және медиалық плюрализмнің шектеулі және сондай-ақ демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына сай келмейтін құқықтық негіз жағдайында, соның ішінде қоғамдық консультациялар өткізу мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты өткені атап өтілді [117].
27 тамызда, Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) жаңа бір палаталы парламентке сайлау туралы есеп жариялады. Есепте сайлау науқаны алдында биліктің саясатын қатты сынға алатын журналистер мен азаматтық қоғам өкілдеріне қысымның күшейгені айтылған. Олардың бағалауынша, жеті партияның ешқайсысын Қ. Тоқаевтың саясатына қарсы оппозициялық күш деп санауға болмайды [118].
27 тамызда, Астана қаласы, «Құқықтық Медиа-Орталық» қоғамдық қоры 2026 жылдың ақпан-шілде айлары аралығын қамтитын мониторингтік есепті жариялады. Құжат цифрлық кеңістіктегі бостандық аясының тарылуына қатысты алаңдатарлық үрдісті көрсетті. Аталған мәселелер ҚР Қылмыстық кодекстегі «жалған ақпаратқа» қатысты баптан бастап, Meta және Google платформаларындағы авторлық құқыққа қатысты «күмәнді» (немесе «сұр») шағымдану схемаларын қолдануға, DDoS-шабуылдардың көбеюіне және тапсырыспен хакерлік қызмет көрсету нарығының болуына дейінгі кең ауқымды қамтиды [119].
27 тамызда, Астана қаласы, С. Закированың Полиция департаментіне қарсы сот ісі жүріп жатыр. Талапкер моральдық зиян үшін өтемақы мөлшерін арттыруды сұраған болатын. Сот тағайындалған соманы 584 723 теңгеден 328 091 теңгеге дейін азайтты. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырды [120][121].
27 тамызда, Астана қаласы, журналист Л. Ахмедьяров Ресейде іздеуде жүргендіктен, оған жүргізуші куәлігін жаңартудан бас тартылғанын хабарлады. «Қазақстан азаматы болғаныма қарамастан, Қазақстан полициясы жүргізуші куәлігімді жаңартудан бас тартты, өйткені мен Ресей Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша «Ресей армиясы туралы жалған ақпарат тарату» айыбымен мемлекетаралық іздеу тізімінде тұрмын», -деп хабарлады журналист [122].
27 тамызда, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның 26 тамыздағы № 398-НҚ бұйрығымен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді:1.Рәсімдік тыңдау кезеңін алып тастау; 2.Шектеудің (блоктаудың) жаңа негіздері. Бұл жаңа қағидалар реттеуші саясатындағы қатаң өзгерісті білдіреді: Мәдениет және ақпарат министрлігі өтініш берушілермен өзара іс-қимылдың қызмет көрсетуге бағытталған моделінен жеделдетілген қадағалау режиміне көшуде[123].
27 тамызда, Алматы қаласы, А. Ильяшев былай деп хабарлады: «Өткен түні сағат 4:30-да біреу менің электрондық пошта аккаунттарымның біріне кіруге әрекет жасады. Бұған дейін, 21 тамызда, менің атыма тіркелген ұялы телефон нөмірлерінің біріне байланыстырылған электрондық пошта аккаунтына қатысты да осындай әрекеттер болған еді. Бұл – менің байланыс арналарым мен әлеуметтік желідегі аккаунттарыма қатысты байқалған қалыптан тыс белсенділіктің тағы бір мысалы»[124].
28 тамызда, Астана қаласы, Құрылтайдың алғашқы отырысынан кейін журналистер депутаттарға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады деп күтілді. Құрылтайдың баспасөз қызметі баяндамашылардың жалпы отырыстан соң БАҚ өкілдерімен кездесетінін уәде етті. Алайда сағат 16:00-дегі жиын аяқталғаннан кейін депутаттардың ешқайсысы камера алдына шықпады, оның орнына журналистерді бөліп тұратын қызыл қоршаулар орнатылды. Мұндай шаралар бұрын-соңды қолданылмаған және депутаттар БАҚ-тан ешқашан осылайша «жасырылмаған» болатын [125].
28 тамызда, Орал қаласы, Қ. Молдалиев Абай атындағы алаңға жеке пикетке шықты. Ол «Ханституция» (Khanstitution) деген сөз жазылған қағаз парағын ұстап, шамамен жарты сағаттай тұрды. Ол былай деп мәлімдеді: «Шыдам таусылды, заң мен тәртіп жоғары жақтан басталуы тиіс. Ертең біз Түрікменстанға немесе Солтүстік Кореяға айналып кетеміз, бізге қандай шаш үлгісін жасау немесе қандай киім кию керектігін сырттан таңңып, бұйыра бастайтын болады». Полиция оның әрекетін заңсыз деп танып, азаматты ұстап алып кетті [126].
28 тамызда, Алматы қаласы, адвокат Г. Нүрпейісовтің Facebook парақшасына кіру мүмкін болмай қалды. Адвокат ҚР Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптары бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған журналист Д. Мұхаммедкәрімнің, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған белсенді А. Қисымбаевтың және басқа да саяси тұтқындардың мүддесін қорғаушы. Бұған дейін ол Қаңтар оқиғасы кезінде азаптауға ұшырағандардың құқығын қорғаған болатын [127].
29 тамыз, Алматы қаласы, Елена Сокол, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 6-бөлігі, 129 750 теңге көлеміндегі айыппұл, рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. Негіздеме: 11 тамызда Көк-Төбе шағын ауданының тұрғындары Президент Қ. Тоқаевқа жүгініп, аумақ бойынша құрылыс жасау тәртібіне енгізілетін өзгерістерді бекітуді тоқтата тұру және қосымша зерттеулер жүргізуді сұрап Instagram желісінде үндеу жарияланған [128].
29 тамыз, Алматы қаласы, эко-белсенді А. Ортаева, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот оны «лауазымды адамның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» және тексеру шараларына кедергі келтіру бойынша кінәлі деп таныды. Белсенді Көк-Жайлау шатқалын тау шаңғысы курортына айналдыру жобасына қарсы шығып, қалалық әкімдіктегі жиынға қатысты делінетін аудиожазбаларды жариялаған болатын. Сонымен қоса, оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 148-бабы («Хат-хабар құпиясын заңсыз бұзу») бойынша қорғаушының көмегін алу құқығы бар куәгер мәртебесі берілді [129].
30 тамызда, Астана қаласы, А. Қапай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі, тергеу соты тергеуші мен Сарыарқа ауданы прокурорының қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша белсендіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымды, адвокат Т. Бабич түсірген. Ол, А. Қапайдың 2026 жылғы 28 тамызда TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасына қатысты болды. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына шақыратын сепаратистік сипаттағы үндеулер бар дегендей болжанған [130].
30 тамызда, Алматы қаласы, эко-белсенді С. Ташимова мәлімдеді: «Ішкі істер министрлігіне сұрақ — Белсенділерге қатысты мұндай зорлық-зомбылыққа қалай жол бересіздер? А. Ортаева (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынған) сыдырылу, соғылу және көгеру жарақаттарын полиция бөлімшесіне жеткізілу кезінде алған». Арунаның дене жарақаттары түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желілерде жарияланды [131].
31 тамызда, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарағандылық журналист М. Нұрғалимовтың (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі бойынша, 129 750 теңге көлемінде айыппұл) құқықтарын қорғау туралы өтініш жолдады. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін жауапқа тартылған. «Әділ сөз» қоры министрліктен журналистің құқықтарын қорғау шараларын қабылдауды және Ішкі істер министрлігі тарапынан объективті ішкі тергеу жүргізуді бастамашылық етуді сұрайды [132].
31 тамызда, Алматы қаласы, журналист Д. Егеубаева, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, өзі қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты, «жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша қозғалған істі тергеудің ұзаққа созылуы туралы мәлімдеді, оның пікірі бойынша, бұл өзінің кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін [133].
31 тамызда, Алматы қаласы, «Ordamedia.kz» ЖШС негізін қалаушы М. Ғаниев Orda.kz редакциясының 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өз қызметін толықтай тоқтататынын хабарлады. Жабылу негізгі жаңалықтар ресурсына және оған қатысты барлық әлеуметтік желі парақшаларына, соның ішінде YouTube арнасына да қатысты болады. Мұның себебі, редакцияның тапқан табысы операциялық шығындарды жабуға жеткіліксіз [134].
31 тамызда, Астана қаласы, Құрылтай кезінде журналистердің депутаттармен қарым-қатынас жасау тәртібін өзгерту жоспары жарияланды. «Ғимарат ішінде еркін жүріп-тұруға болмайды — ешкімнің де еркін қозғалуға құқығы жоқ, өйткені бұл — қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген нысан, қозғалысқа тек сүйемелдеумен ғана рұқсат етіледі». «Бұдан былай журналистер депутаттарға сұрақтарын тек баспасөз орталығында ғана қоя алады» [135].
31 тамызда, Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары жақында Қазақстанның сөз бостандығы рейтингіндегі көрсеткіштерінің төмендегенін атап өтті. «Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымының Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстан 34,41 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 149-шы орынға ие болды. Журналистердің қауіпсіздігі тұрғысынан ел 138-ші орынды иеленді. Freedom House ұйымы өзінің «Әлемдегі бостандық – 2026» баяндамасында Қазақстанды «еркін емес» елдер қатарына жатқызды, ел 100 ұпайдың ішінен 23 ұпай алды [136].
[1] https://tirek.info/ara-media-yutub-arnasyna-arsy-jymdas-an-a-paratty-shabuyl-zhasap-itshe-talap-zhatyr/?preview=true
[2] https://tirek.info/v-instagram-zablokirovan-akkaunt-eduarda-gadulshina-iz-rudnogo/?preview=true
[3] https://tirek.info/60060-2/?preview=true
[5] https://tirek.info/v-almaty-zhiteli-rams-city-zapisali-kollektivnoe-videoobrashhenie-k-prezidentu-
[7] https://tirek.info/zhurnalista-ahmedyarova-v-aeroportu-astany-ne-vypustili-iz-kazahstana-s-semej/?preview=true
[8] https://bureau.kz/novosti/no-pasaran/
[9] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-vyrazil-obespokoennost-situaciey-vokrug-lukpana-ahmedyar.html
[10] https://tirek.info/60167-2/?preview=true
[12] https://adilsoz.kz/news/youtube-kanal-ara-media-okazalsya-pod-ugrozoy-udaleniya.html
[13] https://tirek.info/61073-2/?preview=true
[14] https://tirek.info/v-karagande-narushayut-prava-pravozashhitnika-nurkena-ahmetzhanova/?preview=true
[15] https://hronika.kz/kaiteyk-endy/aktyubinskih-pastuhov-obvinyayut-v-prestuplenii-protiv-mira-i-bezopasnosti-chelovechestva/?fbclid=IwY2xjawUQW89wZG9mBWV4dG4DYWVtAjExAHNydGMGYXBwX2lkEDIyMjAzOTE3ODgyMDA4OTIAAR7Aa-WVXVHz4Ev4CveTfaxlM6K2yJXoA-kv8h69V9K_jacUKU9WDJCQRX6NLA_aem_6CmavoVyyvmue9Uw10UypA
[16] https://kaztag.kz/ru/news/kaztag-oprovergaet-vbrosy-o-sbore-denezhnykh-sredstv
[17] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-zayavil-o-chrezmernoy-surovosti-nakazaniya-zhurnalistke-.html
[18] https://tirek.info/v-meta-rasskazali-o-probleme-posle-zhalob-kazahstantsev-na-massovuyu-blokirovku-whatsapp/?preview=true
[19] https://tirek.info/60199-2/?preview=true
[20] https://tirek.info/petrushova-soobshhila-provokatsiya-yakoby-ot-nashego-telegram-kanala-respubliki-
rassylayutsya-fejki/?preview=true
[22] https://bureau.kz/novosti/14-chasov-v-odnom-polozhenii/?fbclid=IwY2xjawUPakdwZG9mBWV4dG4DYWVtAjExAGJyaWQRMXVYZ2JlNjJSNkdrWkExWFR
zcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEeIR07EGxD8d2yovcIZM-1EQazv1I4LqPAjYBEh-CBJ_a-
xywk7qVNdYWjeMI_aem_Tq8wBPc4zyo23UjiJ32OQQ
[23] https://bureau.kz/novosti/osuzhdennyj-zhurnalist-dolzhen-sidet-bezzvuchno/
[25] https://tirek.info/ot-imeni-grazhdan-nesoglasnyh-s-nezakonnymi-sudebnymi-aktami-sdali-obrashhenie-partii-adilet/?preview=true
[26] https://tirek.info/60334-2/?preview=true
[27] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-obespokoen-davleniem-na-dinaru-egeubaevu-i-prizyvaet-k-o.html
[29] https://vlast.kz/novosti/70349-zurnalistka-dinara-egeubaeva-soobsila-ob-ugolovnom-dele-v-otnosenii-nee-posle-dtp.html
[31] https://vlast.kz/novosti/70383-prokuratura-almaty-podala-hodatajstvo-o-smagcenii-nakazania-zurnalistke-aleksandre-alehovoj.html
[32] https://bureau.kz/novosti/sudya-vs-zakon/
[33] https://ulysmedia.kz/news/78358-sviazannaia-s-sharipbaevym-kompaniia-zadolzhala-milliard-neftianiki-obratilis-k-vlastiam/
[34] https://tirek.info/inforesurs-respublika-kz-media-soobshhil-ob-atake-stranitsy-botami/?preview=true
[35] https://lmc.kz/zachem-pravitelstvo-skryvaet-summy-gosinformzakaza/
[36] https://lmc.kz/facebook-zablokiroval-akkaunt-glavy-pravovogo-media-czentra-diany-okremovoj/
[37] https://bureau.kz/novosti/opyat-25-v-uralske/
[39] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-vyrazhaet-obespokoennost-situaciey-vokrug-dumana-muhamet.html
[40] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-otreagiroval-na-blokirovku-akkaunta-pravovogo-media-cent.html
[41] https://kaztag.kz/ru/news/obse-zayavila-o-kontrole-smi-v-kazakhstane
[42] https://tirek.info/zablokirovana-stranitsa-pravozashhitnitsy-toregozhinoj-na-facebook/?preview=true
[43] https://exclusive.kz/za-chinovnikami-i-adminami-e-gov-ustanovjat-videoslezhku-v-rk-vveli-trehletnij-arhiv-cifrovyh-sobytij/
[44] https://tirek.info/60381-2/?preview=true
[45] https://zhasalash.kz/news/atirauda-kopbalali-analar-komek-ala-almaganina-narazilik-bldrd-af13d4/
[46] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-vyrazhaet-obespokoennost-situaciey-vokrug-voennogo-zhurn.html
[47] https://kaztag.kz/ru/news/na-zhurnalista-lukpana-akhmedyarova-zaveli-ugolovnoe-delo
[48] https://adilsoz.kz/news/okoncheny-sledstvennye-deystviya-po-delu-azamata-omarova.html
[49] https://adilsoz.kz/news/zapret-na-professiyu-eto-davlenie-na-zhurnalistov.html
[50]https://total.kz/ru/news/obshchestvo_sobitiya/18_let_zhdala_kvartiru_sirota_obratilas_k_tokaevu_posle_otkaza_otbasi_banka_v_zhile_date_2026_08_12_11_02_02
[51] https://t.me/AdalSotKz/2850
[52] https://t.me/AdalSotKz/2851
[53] https://365info.kz/2026/08/haker-zayavil-o-prodazhe-dannyh-15-mln-kazahstantsev
[54] https://tirek.info/v-shymkente-politsejskie-priehali-pryamo-na-rabotu-k-aktivistke-nazire-mamyrovoj/?preview=true
[55] https://tirek.info/pravozashhitnitsa-nazgul-zhusupova-byla-oshtrafovana/?preview=true
[56] https://tirek.info/pravozashhitnitsa-nazgul-zhusupova-byla-oshtrafovana/?preview=true
[57] https://tirek.info/v-almaty-sud-nalozhil-20-sutok-arest-na-baktybaeva-bagdata/?preview=true
[58] https://tirek.info/fond-nemolchikz-soobshhil-vchera-i-segodnya-zamechena-strannaya-aktivnost-s-profilyami-zhurnalistki/?preview=true
[60] https://tirek.info/v-kostanae-oblastnoj-sud-otmenil-opravdatelnyj-prigovor/?preview=true
[61] https://tirek.info/zhurnalista-lukpana-ahmedyarova-podderzhal-ukrainskij-proekt-hochu-zhit/?preview=true
[62] https://kaztag.kz/ru/news/balaeva-obratilas-k-zhurnalistam-i-vyskazalas-na-temu-blokirovok
[63] https://adilsoz.kz/news/redakciya-elmedia-zayavila-o-prodolzhayuscheysya-blokirovke-fb-akkaunt.html
[64] https://tirek.info/marat-musabaev-zaderzhan-na-20-sutok/?preview=true
[65] https://adilsoz.kz/news/kazahstan-vlasti-dolzhny-prekratit-davlenie-na-nezavisimyh-zhurnalisto.html
[66] https://adilsoz.kz/news/fond-adil-soz-prokommentiroval-zayavlenie-ministra-kultury-i-informaci.html
[67] https://tirek.info/kadir-asiet-my-zaregistrirovali-558-sluchaev-ugroz-pravozashhitnikam-advokatam-i-
[68] https://tirek.info/aset-abishev-soobshhil-prodolzhayutsya-ataki-na-moi-stranitsy/?preview=true
[69] https://d1t2sqgex9r4wa.cloudfront.net/a/byvshego-glavreda-orda-kz-bazhkenovu-prigovorili-k-8-godam-lisheniya-svobody/33832855.html
[70] https://tirek.info/vadim-kuramshin-rasprava-nad-advokatom/?preview=true
[71] https://tirek.info/v-otnoshenii-instagram-akkaunta-pravozashhitnitsy-toregozhinoj-fiksiruyutsya-kiberataki/?preview=true
[72] https://adilsoz.kz/news/8-let-s-otsrochkoy-fond-adil-soz-schitaet-prigovor-eks-glavnomu-redakt.html
[73] https://tirek.info/v-kokshetau-sud-podvergnul-aktivista-negmetova-k-10-sutkam-zaklyucheniya/?preview=true
[74] https://tirek.info/nazgul-zhusupova-zaderzhana-na-10-sutok/?preview=true
[75] https://adilsoz.kz/news/zablokirovan-facebook-akkaunt-yurista-pravovogo-media-centra-gulmiry-b.html
[76]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=28002997172700802&id=100002516823728&mibextid=wwXIfr&rdid=j6pebBK4bLhUo1kE#
[77] https://tirek.info/v-almaty-ruslan-toleu-zaderzhan-na-25-sutok/?preview=true
[78] https://tirek.info/esli-vy-stolknulis-s-blokirovkoj-stranitsy-mozhete-obratitsya-za-pomoshhyu-cherez-aiel-qorgan-kz/?preview=true
[79] https://www.nur.kz/society/2414529-naplevav-na-protokoly-sluzhebnuyu-proverku-provedut-v-dp-almaty-
[80] https://kaztag.kz/ru/news/radio-azattyk-zayavilo-o-novoy-blokirovke-svoego-akkaunta-v-instagram
[81] https://bes.media/news/nakrylsya-mednym-tazom-kontsert-stendap-komika-kaliakparova-otmenili-v-almaty/
[82] https://exclusive.kz/arest-sanzhara-bokaeva-v-almaty-prodlen-eshhjo-na-mesjac/
[83] https://tirek.info/rabotnikov-m-ldirm-najservis-uvolili-posle-nesoglasiya-s-usloviyami-truda/?preview=true
[84] https://vlast.kz/novosti/70526-prigovor-gulnar-bazkenovoj-pered-vyborami-vyzval-trevogu-u-dvuh-mezdunarodnyh-pravozasitnyh-organizacij.html
[85] https://adilsoz.kz/news/zhurnalist-daniyar-nauryz-soobschil-o-blokirovke-svoego-akkaunta-v-ins.html
[86] https://tirek.info/opublikovana-petitsiya-zorly-zombyly-syz-mir-shin-za-zhizn-bez-nasiliya/?preview=true
[87] https://t.me/AdalSotKz/2866
[88] https://t.me/AdalSotKz/2867
[90] https://tirek.info/?p=61011&preview=true
[91] https://cpj.org/2026/08/from-prosecutions-to-bans-and-spurious-copyright-claims-how-kazakhstans-journalists-
[92] https://tirek.info/elena-shvetsova-vystupila-pered-nablyudatelyami-palaty-predstavitelej-esu-i-soveta-evropy/?preview=true
[94] https://d1t2sqgex9r4wa.cloudfront.net/a/dvoe-aktivistov-soobschili-o-davlenii-v-den-vyborov-v-kazahstane/33836601.html
[95] https://tirek.info/v-shymkente-sud-oshtrafoval-aktivistku-mamyrovu/?preview=true
[96] https://lmc.kz/posle-vyborov-akkaunt-azattyka-v-instagrame-razblokirovali/
[97] https://tirek.info/utebaev-oshtrafovan-za-publikatsiyu-byulletenya-v-seti/?preview=true
[98] https://tirek.info/grazhdanin-orazbek-sadykov-zayavil-o-postupivshih-ugrozah-v-ego-adres/?preview=true
[100] https://tirek.info/obrashhenie-uchastnikov-xiv-platformy-po-voprosam-bezopasnosti-
pravozashhitnikov-i-aktivistov/?preview=true
[101] там же
[102] там же
[103] там же
[104] там же
[105] https://rsf.org/fr/personne-ne-veut-subir-le-m%C3%AAme-sort-que-kaztag-%C3%A0-l-approche-des-
%C3%A9lections-l%C3%A9gislatives-le
[106] https://tirek.info/liga-molodyh-izbiratelej-oboshli-31-izbiratelnyj-uchastok-v-almaty-v-poiskah-protokola-
[107] https://tirek.info/dannye-tsik-i-nezavisimyh-nablyudatelej-o-yavke-v-zko-razoshlis-bolee-chem-
[108] https://tirek.info/zayavlenie-uchastnits-i-uchastnikov-proekta-dvizhenie-zhiger-o-predstavitelstve-zhenshhin-v-
[109] https://tirek.info/v-zashhitu-predsedatelya-osi-po-delu-uldany-myrzuan-zapustili-petitsiyu/?preview=true
[110] https://d1t2sqgex9r4wa.cloudfront.net/a/v-misk-soobschili-o-narusheniyah-na-vyborah-v-kurultay-v-almaty-v-tik-zayavili-ob-otsutstvii-zhalob/33839091.html
[111] https://adilsoz.kz/news/zapret-na-professiyu-fond-adil-soz-prosit-verhovnyy-sud-peresmotret-pr.html
[112] https://lmc.kz/pravovoj-media-czentr-zakryl-kommentarii-iz-za-massovoj-ataki-botov/
[113] https://bureau.kz/novosti/pervyj-poshel/
[114] https://tirek.info/aktivist-idyryshev-serik-byl-oshtrafovan/?preview=true
[115] https://t.me/AdalSotKz/2868
[116] https://t.me/AdalSotKz/2869
[117] https://lmc.kz/vybory-v-kurultaj-proshli-v-usloviyah-ogranichennogo-politicheskogo-i-medijnogo-plyuralizma-zayavili-v-obsebdipch-i-es/
[118] https://adilsoz.kz/news/occrp-vybory-v-kazahstane-proshli-na-fone-besprecedentnogo-davleniya-n.html
[120] https://t.me/AdalSotKz/2870
[121] https://t.me/AdalSotKz/2871
[122] https://d1t2sqgex9r4wa.cloudfront.net/a/spetsializirovannyy-tsentr-obsluzhivaniya-naseleniya/33841095.html
[124] https://tirek.info/ilyashev-soobshhil-kto-to-proshedshej-nochyu-pytalsya-poluchit-dostup-k-odnoj-iz-moih-
elektronnyh-pocht/?preview=true
[125] https://t.me/azattyqasia/26065
[126] https://tirek.info/kuanysh-moldaliev-dnyom-vyshel-na-ploshhad-abaya-v-tsentre-uralska-na-odinochnyj-piket/?preview=true
[127] https://tirek.info/akkaunt-advokata-galyma-nurpeisova-ne-dostupen-v-facebook/?preview=true
[128] https://vlast.kz/novosti/70667-sud-ostrafoval-zitelnicu-mikrorajona-kok-tobe-za-ucastie-v-nesankcionirovannom-mitinge.html
[129] https://bureau.kz/goryachee/rubit-pod-koren/
[130] https://tirek.info/v-astane-ajgul-kapaj-sudom-otpravlena-pod-domashnij-arest/?preview=true
[131] https://tirek.info/vopros-k-mvd-kak-vy-dopuskaete-takoe-nasilie-po-otnosheniyu-k-aktivistam/?preview=true
[132] https://adilsoz.kz/news/poprosil-policeyskogo-predstavitsya-i-poluchil-shtraf-fond-adil-soz-pr.html
[133] https://adilsoz.kz/news/dinara-egeubaeva-zayavila-o-zatyagivanii-rassledovaniya-dtp.html
[134] https://tirek.info/redaktsiya-orda-kz-polnostyu-prekrashhaet-rabotu-s-1-sentyabrya/?preview=true
[135] https://bes.media/news/v-kurultae-hotyat-zapretit-zhurnalistam-podhodit-k-deputatam-vne-press-tsentra/




Обсуждение закрыто.