Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алматы соты азаматтық белсенді Бауыржан Атинбаевты 15 тәулікке қамады

Алматы соты азаматтық белсенді Бауыржан Атинбаевты 15 тәулікке қамады. Оның үстінен әкімшілік кодекстің 488-бабының 1-бөлігі «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу» бойынша айып тағылған. 15 тамызда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Әтімбаевты кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. «Әлеуметтік желілерді тексеру барысында анықталғаны, яғни Б.Ж.Атинбаев 2026 жылғы 27 қаңтарда 11 сағат 00 минут шамасында, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, №66 мекен-жайында орналасқан Алматы қалалық сотының маңында қоғамдық орында, басқа белсенділермен бірге бола тұра, «Мирболатқа бостандық» деп ұрандатып және оны ұялы телефонына тікелей эфир жүргізіп, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз, белгіленбеген жерде заңсыз митингке қатысқаны анықталған», – делінген сот қаулысында. Сотта Бауыржан Атинбаев өзіне тағылған айыппен келіспеген. Ол ешқандай митингке қатыспағанын алға тартып, істің жеті ай өткеннен кейін қозғалып отырғанын айтқан. Адвокат Жанар Балғабаева соттан құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, істі тоқтатуды сұраған. 27 қаңтарда Алматының апелляциялық соты блогер Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырған. Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Медеу аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен. Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген.

15 августа, г.Алматы, Б.Атинбаев, ст.488 ч.1 КоАП РК, 15 суток ареста, адмсуд  признал активиста виновным в нарушений порядка организации и проведения мирных собраний. Основание для приговора:  «В ходе проверки социальных сетей установлено, что Б.Атинбаев 27.01.26 года около 11 часов 00 минут возле алматинского городского суда по ул.Казыбек би, 66 вместе с другими активистами, скандировал «Мирболату Бостандык», без разрешения местного исполнительного проводил прямой эфир и принимал участие в незаконном митинге», — говорится в постановлении суда.

В суде Бауыржан Атинбаев не согласился с предъявленным ему обвинением. Он утверждал, что не участвовал ни в одном митинге, и сказал, что дело движется через семь месяцев. Адвокат Жанар Балгабаева попросила суд прекратить дело из-за отсутствия состава правонарушения. 27 января Апелляционный суд Алматы оставил без изменения приговор блогеру Мирболату Мырзатаевичу. Мирболат Мырзатаевич был задержан в сентябре прошлого года и обвинен в «разжигании межнациональной розни» за требование к руководителю мусоросборного учреждения говорить на государственном языке. Медеуский районный суд приговорил его к четырем годам тюремного заключения. Активист не согласился ни с предъявленным ему обвинением, ни с приговором.

 

 

Сайт КМБПЧ

 

https://clck.ru/3VGx6n

 

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.