1 мамыр, Қостанай қаласы, Торғай өңіріндегі екі бұқаралық ақпарат құралы арасында дау-дамай өршіп, сонымен қатар жергілікті қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралымен облыстық мәслихат депутаты А. Серғазинованың арасында жанжал туындады. Қостанай облысының Құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің мекенжайына «Торғай Тынысы» газетінен құқықтық әрі ақпараттық қолдау көрсетуге өтініш түсті, ол бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға бюджеттік қаражатты бөлу кезінде әділетсіздікке жол берілгені және жекелеген тұлғалардың мүдделеріне лоббистік қолдау көрсетілгені жөнінде болды[1].
2 мамыр, Шымкент қаласы, Б. Раимбеков (автоблогер Р. Жанпейісов), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы, апелляциялық сатыдағы сот бұрынғы ақтау туралы шешімнің күшін жойып, блогерге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Блогер құқық қорғау органдары жүргізген рейдтер орындарынан тікелей эфирлер жүргізіп, оны өзі полиция қызметіне ақпараттық қолдау көрсету деп санаса, сот аталған әрекеттерді елеулі әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралады[2].
2 мамыр, Қостанай қаласы, Әулиекөл ауданының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н. Исмағамбетовке қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, ол «Қостанай облысының Құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н. Гиньятовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы заңсыз құрастырғаны үшін жауаптылыққа тартылды. Бұған дейін полиция қызметкерінің әрекеттерінің заңсыздығы Әулиекөл аудандық сотының қаулысымен расталған болатын [3].
4 мамыр, Вена қаласы (Австрия), «Еуразия үшін бостандық» ұйымы Н. Садықоваға қарсы Г. Гаджиевтің Украина соттарына берген жала жабу туралы талап-арызын қатаң айыптайды. Н. Садықова қазіргі уақытта Украинада саяси эмиграция жағдайында тұрып жатыр, сондай-ақ осы елде оның жұбайы Айдос қаза тапқан болатын. Халықаралық құқық қорғау ұйымы былай деп мәлімдеді: «Н. Садықоваға қарсы Г. Гаджиевтің талап-арызы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау құралы емес, керісінше, SLAPP-шабуылдың көрінісі, әрі тәуелсіз журналистке қарсы трансұлттық қудалаудың жалғасы болып табылады» [4].
4 мамыр, Көкшетау қаласы, сот прокурордың Атбасар түзеу мекемесінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі соттылығы бойынша қарауға жіберу туралы өтінішхатын қанағаттандырып, жаңа айыптау актісі ұсынылғаннан кейін істі қарау үшін Атбасар аудандық сотына жіберді. ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабында көзделген «азаптау» қылмыстық құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды[5].
4 мамыр, Алматы қаласы, А. Көшеева, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Бопсалау») бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Д. Көшеевтің жұбайы, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан үкім шығарған алқабилерден, оларға қысым көрсетілу ықтимал фактілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында жауап алуды сұрады[6].
5 мамыр, Орал қаласы, №27 мекеме, А. Өтепов, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігі бойынша 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, таксофон арқылы «Умаровньюс» редакциясымен байланысып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамдық-саяси қызметпен айналыспайтыны туралы өтінішті бірнеше апта бұрын жазғанын хабарлады. Өтінішті ол заңнамада көзделген көтермелеу шарасын алу және мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігіне қол жеткізу мақсатында жазған [7].
5 мамыр, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Л. Мерсалимова жаңа саяси партияларды тіркеу мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Оның мәліметінше, қазіргі уақытта «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы хабарлама қабылданған. Ал өзге бастамашыл топтар «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тиісті рәсімнен өте алмаған[8].
5 мамыр, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» (РСЕ/РС) өкілдігі дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Әкімшілік соттың судьясы Г. Төлеуханова медиациялық келісімді бекітіп, талап-арызды қайтару туралы ұйғарым шығарды[9].
6 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы Атбасар қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемесінде сотталғандарға қатысты тыйым салынған ықпал ету әдістерін қолдану фактілері жөніндегі іске байланысты алаңдаушылық білдірді. Коалиция аталған іс бойынша жан-жақты, объективті және тәуелсіз тергеу жүргізудің маңыздылығын атап өтті [10].
7 мамыр, Қызылорда қаласы, Мұратбай Баймағамбетов, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі, қоғамдық белсенді «есірткі құралдарын заңсыз сатып алу және сақтау» деген күдікпен ұсталды. 9 мамырда тергеу соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады[11].
8 мамыр, Венеция қаласы (Италия), Қазақстандық суретші А. Қадырханова, Machine (2013) атты туындысы цензураға ұшырап, Қазақстан павильонының Венеция биенналасындағы ашылуы қарсаңында экспозициядан алынып тасталды. Суретшінің аталған инсталляциясы Қызыл террор мен сталиндік қуғын-сүргін тақырыбына арналған болатын[12].
8 мамыр, Астана қаласы, президент Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталған комиссия азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерімен, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады[13].
8 мамыр, Алматы қаласы, М. Мовлаев, сот Ресей Федерациясының сұрауы бойынша 2025 жылғы мамырда ұсталған шешен белсендісіне қатысты экстрадициялық қамау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. М. Мовлаев пен оның қорғаушылары қамау мерзімінің тағы екі айға ұзартылуымен келіспейтіндерін білдіріп, қамауда ұстаудың 12 айлық шекті мерзімінің аяқталуына байланысты белсендіні босатуды талап етуде[14].
8 мамыр, Париж қаласы (Франция), «Шекарасыз репартёрлар» (Reporters Without Borders (RSF) ұйымы 2024 жылғы шілдеде блогер А. Садықовтың өлтірілуі ісі бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу талабымен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі құрылымдарына жүгінді. «Украина билігінің тергеуі қазақстандық күштік құрылымдармен ықтимал ынтымақтастық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан Республикасының екі азаматының жеке басын анықтады» деп көрсетілген мәлімдемеде[15].
8 мамыр, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Шаруа қожалығының жер дауына байланысты фермер Ю. Сураев Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа және облыс әкімі М. Ахметжановқа көмек сұрап жүгініп, қалыптасқан жағдайға назар аударуды өтінді. Оның айтуынша, осы мәселе бойынша әкімдікке, құқық қорғау органдарына және прокуратураға жолданған өтініштер әзірге нақты нәтиже бермеген[16].
9 мамыр, Алматы қаласы, Жеңіс күні АҚШ, Украина тулары мен Арон Атабекке қатысты «Алаш» партиясының рәміздері бейнеленген жалауларды ұстап серуендеген бір топ студент ұсталып, қылмыстық іс аясындағы тексеруге тартылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұстап алу әрекеті полиция қызметкерлерінің А. Атабекке қатысты рәміздерді Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған «Бозқұрт» ұйымының символикасымен шатастыруынан туындауы мүмкін. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды[17].
10 мамыр, Атырау қаласы, көктемгі әскерге шақыру науқаны тағыда азаматтардың шағымдарымен қатар жүруде. Жас азаматтардың айтуынша, оларды әскери комиссариат қызметкерлері тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбестен алып кетіп жатқан жағдайлар кездеседі. Заңгер А. Бахиревтің айтуынша, азаматты көшеден ешқандай түсініктеме берместен «алып кету» тәжірибесі көп жағдайда заң талаптарына сәйкес келмейді, әскерге шақыру рәсімі заңнамаға сәйкес алдымен шақыру қағазын (повестка) тапсырудан басталуға тиіс[18].
11 мамыр, Вена қаласы (Австрия), адвокат Е. Жигаленок ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ/БДИПЧ) адам құқықтары мәселелері бойынша қосымша конференциясында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің назарын Ресей Федерациясы Қазақстан билігінен экстрадициялауды сұрап отырған шешен белсендісі, соғысқа қарсы көзқарас ұстанушы М. Мовлаевтың ісіне аударды[19].
11 мамыр, Брюссель қаласы (Бельгия), IPHR, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның(КМБПЧ), AHRCA (Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі қауымдастық) және TIHR (Түрікменстан адам құқықтары бастамасы) ұйымдары жаңа бірлескен мәлімдеме жасап, Орталық Азия аумағында цифрлық технологиялардың пікір білдіру еркіндігін шектеу және басып-жаншу мақсатында қолданылуының артып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді[20].
11–12 мамыр, Вена қаласы, Австрия, ЕҚЫҰ-ның қосымша кеңесінде «Әлеуметтік кеңістік тарылып, қаржыландыру көлемі қысқарып, ал билік үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңнаманы күрделендіруге ұмтылуда. Бұл жағдайдың барлығы құқық қорғаушылардың қызметіне тікелей әсер беруде. Қазақстанда бейбіт жиналыстар өткізу құқығы қамтамасыз етілмеген»,-деп мәлімдеді Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның (ҚМБПЧ) директоры Д. Дживага[21].
12 мамыр, Көкшетау қаласы, А. Жахин, ҚР Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптары, «Алға, Қазақстан!» тіркелмеген партиясының белсендісіне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Істі жабық тәртіпте қарау, прокурордың өтінішхаты негізінде қабылданды. Прокурор өтінішті «сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған зиян келтіруі мүмкін іске қатысты мәліметтердің таратылуына жол бермеу қажеттілігі» дегенге негіздеді. Белсенді мен оның қорғаушылары істі жабық тәртіпте қарауға қарсы екендіктерін білдірді [22].
12 мамыр, Астана қаласы, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы К. Әбдікаримовтың Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымына берген шағымын қарады. Аталған іс Қазақстан Республикасының Президентіне, «Орталық сайлау комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына және «Конституциялық сот аппаратына» қатысты болып, онда 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Қазақстан Республикасы Президентінің «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығының конституциялылығын даулы деп тану, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурыздағы референдум қорытындыларын Конституциялық Соттың қорытындысынсыз шығару әрекетін антиконституциялық деп тану туралы талаптар қойылған болатын. Сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылып, шағым қанағаттандырылмады[23].
13 мамыр, Астана қаласы, Мәжіліс депутаттары сайлау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарады. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ш. Өтемісовтің мәлімдеуінше, егер блогер кандидатпен немесе саяси партиямен шарттық қатынасқа түспеген болса, оның әрекеттері жасырын үгіт жүргізу ретінде саралануы мүмкін. Және мұндай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118-бабына сәйкес жауаптылық қарастырылған[24].
13 мамыр, Астана қаласы, медиа-қоғамдастық өкілдері депутаттарға хат жолдады: «Біз, журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау кезеңінде қоғамдық пікірге қатысты сауалнамаларды жүргізу және жариялау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың негіздерін нақтылауға бағытталған «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қолдауға шақырамыз» [25].
13 мамыр, Астана қаласы, Президент Әкімшілігіне, Қауіпсіздік Кеңесіне және Конституциялық Сотқа жануарлармен қарым-қатынас мәселелерін реттейтін заңға Президенттің қол қойуына жол бермеуге шақырған хат жарияланды. Хат авторлары аталған құжатты Парламентке қайта пысықтауға қайтаруды және оған вето қою құқығын қолдануды өтінген[26].
13 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы, С. Боқаев, ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 4-бөлігі, екі ай мерзімге қамауда отыр. «Алматы қаласының тергеу соты қорғауындағы С. Бокаевтың қамауда ұстау мерзімін 2026 жылғы 18 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады»,- деп хабарлады оның адвокаты Р. Өтепов[27].
13 мамыр, Астана қаласы, Қазақстанда онлайн-платформаларға қатысты үгіт материалдарын орналастырудан бас тарту және кандидаттар үшін тең емес жағдай жасау фактілері үшін жаңа әкімшілік жауапкершілік енгізілетіні хабарланды. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформаларда үгіт материалдарын орналастырудан бас тарту және кандидаттар үшін тең емес жағдай жасау фактілері үшін жауапкершілік нормалары қарастырылады», — деп айтты министр С. Жұманғарин[28].
13 мамыр, Астана қаласы, Құқықтық медиа-орталықтың» Facebook парақшасы бір айға созылған бұғаттаудан кейін «қайтадан қолжетімді болды. Бұған дейін ұйымның Instagram парақшасы да екі апта бойы бұғаттауда болған. Facebook парақшасының бұғатталуы 21 сәуірде Instagram желісіндегі шектеулерден кейін орын алды[29].
13–14 мамыр, Астана қаласы, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта (СМАС) С. Соляник, М. Дауылова және А. Ибраева тарапынан Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарсы берілген әкімшілік талап бойынша екі сот отырысы өтті. Талапкерлер экологиялық ақпаратты ұсынудан бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тануды сұрады. Сот істі қарамастан талап арызды кері қайтарды, тиісті соттылық бойынша бағыттады[30][31].
13 мамыр, Астана қаласы, Б. Омарова, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған, «Журналист Б. Омароваға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, жақын арада ол іс сотқа жолданатын болады»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары С. Әділов[32].
14 мамыр, Астана қаласы, BES.media журналисі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ш. Өтемісовке сайлау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты кедергілер жөнінде сұрақтар жолдады. Жауап ретінде ол жекелеген проблемалардың бар екенін мойындады, бірақ олардың басым бөлігі бойынша мәселені «талқылау» және тиісті органдарға ресми өтініштер жолдау қажеттігін атады[33].
14 мамыр, Астана қаласы, қала әкімдігі «Autism Kazakhstan» ұлттық қауымдастығына бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат беруден бас тартты. 16 мамыр күні Ботаникалық бақта акция өткізу жоспарланған болатын. Оның мақсаты аутизм дерті туралы қоғамды ақпараттандыруға, сондай-ақ осындай диагнозы бар адамдардың және олардың отбасыларының өмірі туралы түсіндіруге бағытталған болатын[34].
14 мамыр, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылының тұрғыны О. Беккель және басқа да ауыл тұрғындары Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа көмек сұрап жүгінді. Өтініште электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы салдарынан жарықтың жиі сөнуі, сондай-ақ ескірген көпір мен бүлінген жол инфрақұрылымы мәселелері көтерілген. Әкімдікке жолданған олардың өтініштеріне жергілікті бюджетте тиісті қаражаттың жоқтығы туралы жауап келуде[35].
15 мамыр, Астана қаласы, үлестік құрылысқа қатысушы 80-нен астам отбасы бірнеше жылдан бері баспанасыз қалып, болашаққа сенімсіз жағдайда және заңды құқықтарының орындалуынсыз отырғандарын мәлімдеді. 4 жылдан астам уақыт бойы «Әскер-2» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілмей тоқтап тұр. «Біз үлескерлер мемлекеттік органдардан және Қазақстанның Президенті Қ. Тоқаевтан біздің проблемамызға назар аударуды сұраймыз» [36].
15 мамыр, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы, «Солтүстік көшесінің тұрғындары Президент Әкімшілігінен көмек және жеке кездесу ұйымдастыруды сұрайды. Көшеде асфальт және электр жарығы жоқ. Тұрғындардың өтінішінен кейін полиция қызметкерлері келіп, телефонға түсіріп, тұрғындарға сұрақтар қойған. Учаскелік инспектордың айтуынша, бұл әкімнің берген тапсырмасы. Тұрғындар мұны қысым көрсету ретінде бағалап отыр»,- деп хабарлады қоғам белсендісі Ж. Хасенова[37][38].
15 мамыр, Астана қаласы, адвокат С. Куликова БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің 2023 жылғы Қазақстан Республикасына қатысты ұсынымдарын имплементациялау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Ол азаптау фактілері бойынша өтініш берушілерді қайталама виктимизациядан қорғау кепілдіктері мен арызданушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы тұлға қамау жағдайларына тәуелді болуына байланысты азаптау фактілері бойынша арыз беруден бас тартып отыр[39].
15 мамыр, Астана қаласы, Киберқылмыс мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналист Ulysmedia.kz тілшісінің «Qyzdar.net» сайты арқылы журналист С. Ибраеваға жасалған кибершабуыл ісі бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы сұрағына Ішкі істер министрлігі өкілдері нақты әрі толық жауап бере алмады[40].
15 мамыр, Талдықорған қаласы, «Қызыл Тас» бау-бақша серіктестігінің төрағасы мен тұрғындары Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа газ тарту және жол инфрақұрылымын салу мәселелері бойынша көмек сұрап жүгінді. Көктемнің басында жергілікті билік тарапынан елді мекенге газ жүргізу уәде етілген, алайда бүгінгі күнге дейін нақты жұмыстар атқарылмаған [41].
14 мамыр, Астана қаласы, Экологиялық мәселелер бойынша шағын қалалар мен ауылдардың 15 көшбасшысы мен белсендісі алғаш рет бір Қауымдастыққа бірігіп, БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Бұл кездесу даму құқығы, таза қоршаған орта және өмір сүру құқығын қорғауға бағытталған адвокациялық науқанның бастамасы ретінде сипатталды 2025 жыл ішінде «Қадiр-Қасиет» қоғамдық бірлестігі белсенділерге қолайлы қоршаған ортаға, өмір сүруге және дамуға қатысты құқықтарын қорғауға көмектесетін негізгі үрдістерді анықтаған [42].
18 мамыр, Алматы қаласы, «Сот репортерлері гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж. Байтелова соттан журналист В. Борейкоға қатысты іс бойынша өтетін сот процесіне бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына рұқсат беруді сұрады және ол сот отырысын БАҚ өкілдері мен тыңдаушылардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында кеңірек залда өткізуді қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірді[43].
18 мамыр, Астана қаласы, Е. Нарымбай, ҚР Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша 3 ай мерзімге қамауға алынған, белсендіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Белсенді бұған дейін сот шешімімен оған қатысты белгіленген, интернетте ақпарат орналастыруға тыйым салу талабын бұзған[44].
18 мамыр, Алматы қаласы, С. Боқаев, ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 4-бөлігі, 2 ай мерзімге қамауда отыр, тергеу соты адвокаттың іс бойынша апелляциялық шағымын қанағаттандырмады және бұрынғы қаулыны өзгеріссіз қалдырып, қамауда ұстау мерзімін тағы 1 айға, яғни 2026 жылғы 18 маусымға дейін ұзарту туралы шешімді күшінде қалдырды. Бұл туралы белсендінің адвокаты Радмир Өтепов хабарлады[45].
19 мамыр, Алматы қаласы, жастардың ақпараттық кеңістігін қолдау орталығының (МИСК) жетекшісі И. Медникова әлеуметтік желідегі жеке және жұмыс аккаунттарына жасалған шабуылдар, сондай-ақ Instagram платформасында бірқатар аккаунттардың жойылуы туралы хабарлады. Аккаунттардың өшірілуіне ережелер мен платформаның тұтастығы талаптарын бұзу деген себептер көрсетілген. «Сонымен қатар Youth Media жобасына да шабуыл жасалып, парақшадан шығарып жіберу жағдайлары тіркелді. Instagram тарапынан бұзудан қорғау мақсатында аккаунтты бұғаттау — уақытша мұздату хабары келді. Растау кодтары Instagram платформасынан емес, белгісіз арна арқылы келді»,- деп хабарлады құқыққорғаушы[46].
19 мамыр, Алматы қаласы, Бостандық аудандық соты, «Etude-Ybyrai» ЖШС құрылыс компаниясының журналист В. Борейкоға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратты деген негізде берген талап-арызы бойынша сот отырысы өтті[47].
19 мамыр, Астана қаласы, Э. Бекзадина, ҚР Қылмыстық кодексінің 380 және 379-баптары, билік өкіліне қатысты күш қолдану және қорлау сипатындағы әрекеттер жасады деген айып тағылуда. Өзінің кәмелетке толмаған (10 және 7 жастағы) балаларын полиция қызметкерлерінің әрекеттерінен қорғауға тырысқан оқиғасы іс қозғауға негіз болған[48].
20 мамыр, Алматы қаласы, С. Боқаев, ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 4-бөлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында екі ай қамауда ұсталуда. Белсендіге қолдау көрсету мақсатында қоғамдық петиция жасалып, онда істі ашық сот тәртібімен қарау және С. Бокаевқа қатысты істі тергеу барысын толық жария түрде көрсету талап етілген[49].
20 мамыр, Астана қаласы, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 2 ай мерзімге үйқамақта отырған, қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылып, 2026 жылғы 21 маусымға дейін созылды. «Ертең бұл мерзім аяқталуы тиіс еді. Алайда, көріп отырғанымыздай, жәбірленуші тарап келісімге келуге дайын емес»,- деп хабарлады журналистің адвокат Т. Әбілова[50].
20 мамыр, Алматы қаласы, бұрынғы иеромонах И. Воронцов, ҚР Қылмыстық кодексінің 302 және 296-баптары, 3 ай мерзімге қамауға алынған, психиатриялық сараптама жүргізу үшін стационарлық медициналық мекемеге жіберілді. «Мені де, екінші адвокатты да бұл сараптама өткізілетінінен хабардар етпеді, тағы да менің алдыма дайын шешім қойылды»- деп хабарлады адвокат Ғ. Нұрпейісов[51].
20 мамыр, Астана қаласы, «БерАли Маңғыстау Company» мұнайшыларының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа көмек сұрап жүгініп, жұмыс орнындағы бірқатар заң бұзушылықтар туралы мәлімдеді және өз құқықтарын қорғауды талап етті. Бұған дейін олар бұл мәселелер бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі мен прокуратура органдарына да жүгінген[52].
20 мамыр, Көкшетау қаласы, М. Дауренбеков, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы, Атбасар аудандық ҚАЖ мекемесінің қызметкері, белсенді Т. Дәнебаевқа қатысты азаптау және соққыға жығуда зардап шеккендер ісі аясында сотта қаралып жатқан, ол Orda.kz редакциясына жүгініп, ол аталған оқиғаға қатыспағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оны ешқандай дәлелсіз айыпталушы ретінде қылмыстық іске тартқан және «санды көбейту үшін» айыпталушы болып енгізілген[53].
20 мамыр, Астана қаласы, Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Түзетулер аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы активтерді қайтару жөніндегі комитетке қатысты нормалар қамтылып, құжаттың атауы «Сайлау және прокуратура туралы» деп өзгертілді. Заң жобасына сайлау күні бюллетеньді фото және видеоға түсіруге, сондай-ақ оны дауыс беру күні таратуға тыйым салатын норма енгізілді, аталған әрекеттер «сайлау алдындағы үгіт жүргізумен теңестіріледі» [54].
20 мамыр, Алматы қаласы, 18 мамырдан бастап «Азаттық Радиосы» (azattyq.org) және «Азаттық Азия» (azattyqasia.org) сайттарына қолжетімділікте қиындықтар туындады. туралы хабарланды. Аталған күні «Азаттық» пен «Азаттық Азия» құрылыс компаниясы «ВД Строй-Инжиниринг» туралы журналистік зерттеу жариялаған, онда компанияның құрылтайшыларының арасында Президент Қ. Тоқаевтың туыстарымен бизнес байланысы бар тұлғалар байқалған[55].
20 мамыр, Астана қаласы, А. Тоқпаева, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетінің басшылығы оның өз еркімен жұмыстан шығуы туралы талап қойған. «Себебі: қазіргі билікке адал емес. Ресми насихатталатын көзқараспен сәйкес келмейтін өз ұстанымым бар»,- деп хабарлады А. Тоқпаева[56].
21 мамыр, Алматы қаласы, «Власть» басылымы өз сайтына жаппай DDoS-шабуыл жасалғанын және соның салдарынан ресурс уақытша қолжетімсіз болғанын мәлімдеді. «Власть» басылымы сайт пен әлеуметтік желілер арқылы жарияланым жасауды мүмкін болған кезде жалғастырады» делінген хабарламада. Бұған дейін дәл осындай DDoS-шабуыл туралы Qumash жобасы да хабарлаған болатын[57].
21 мамыр, Астана қаласы, Д. Өкремова: «Мәдениет министрлігі жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырудың жалпы сомасы туралы ақпарат беруден бас тартты. Неліктен ақпаратқа қол жеткізу туралы заң мен конституциялық нормалар жұмыс жасамайды? Заңдарды жүйелі түрде елемеу біздің елде неге орын алған? Және бастысы- бұл ақпарат неліктен жасырылады?? Прогрессивті дамудың жоқтығын көрсету ма?» [58].
21 мамыр, Астана қаласы, журналист Б. Омарова, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, үйқамақта отырған журналист «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС мен оның директоры А. Үсімбековке қатысты ресми теріске шығару жариялап, кешірім сұрады. Ол Астанадағы ат-спорт кешенінің құрылысына байланысты болжамды берешек туралы бұрын таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мойындады. Сол күні қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды[59].
21 мамыр, Ташкент қаласы, Г. Біржанова былай деп хабарлады: «Роскомнадзор» деген ұйым бар, ол жылдар бойы Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына қандайда бір белгілі бір контентті жою қажет деген «бақыт хаттарын» жолдап келеді». Мұндай бұғаттаулар ақпараттың еркін таралуына кедергі келтіреді. Қазақстан Ресейдің юрисдикциясына кірмесе де, жергілікті интернет-провайдерлер арқылы қысым осындай шектеулерді күшейтеді[60].
21 мамыр, Ақмола облысы, Гранитный кенті, №7 мекеме, А. Сыздықов, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, жазаны неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініш бойынша онлайн сот өтті. Бас тарту берілді[61].
21 мамыр, Астана қаласы, әкімшілік сот 2026 жылғы 12 наурызда Министрліктер үйі маңында жеке пикет өткізуге рұқсат беруден бас тарту туралы 2026 жылғы 4 наурыздағы қаулыны заңсыз деп тану жөніндегі талап-арызын қарап, 1-топтағы мүгедек М. Дауыловқа бас тарту шешімін шығарды. Жалғыз пикет өткізудің мақсаты — Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу жобасына қарсылық білдіру[62].
21 мамыр, Алматы қаласы, Qumash жобасы, ирониялы және юморлық форматтағы жаңалықтарымен танымал, өз ресурстарына DDoS-шабуыл жасалғанын мәлімдеді[63].
21 мамыр, Гаага қаласы (Голландия), Халықаралық сот БҰҰ-ның шешімін шығарып, Халықаралық еңбек ұйымының №87 Конвенциясы «Бірлесу еркіндігі және ұйым құру құқығын қорғау туралы» құжаты жұмысшылар мен кәсіподақтардың ереуілге шығу құқығын қорғайтынын растады. Елде ереуіл құқығын жүзеге асыруға қатысты жүйелі шектеулердің болуына байланысты, бұл қорытынды Қазақстан үшін ерекше маңызға ие [64].
21 мамыр, Алматы қаласы, заңгер Р. Омарова өз құқықтарының бұзылғаны жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Бостандық ауданының 53-ші тірек пункті полиция қызметкерлері оны «Jan Production» ісіне байланысты заңсыз ұстап, сот санкциясынсыз және заңды негізсіз қамауда ұстаған. Сондай-ақ психологиялық қысым көрсетіліп, «жібермейміз» деген сипаттағы қорқытулар болған. Полиция қызметкерлерінің әрекеттерде ҚР Қылмыстық кодексінің 126, 362 және 435-баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері және ҚР Конституциясының 6-бабын бұзу фактілері бар[65].
21 мамыр, Алматы қаласы, «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының аккаунты Facebook желісінде қауымдастық ережелерін бұзу себепті бұғатталғанын, белсенді А. Әбішев хабарлады[66].
22 мамыр, Алматы қаласы, И. Воронцов, ҚР Қылмыстық кодексінің 302 және 296-баптары, 2 ай мерзімге қамауға алынған, бұрынғы православ діни қызметкерін мәжбүрлі психиатриялық сараптамаға жіберген. Адвокаттардың апелляциялық сотқа шағымын қарау аяқталмай жатып, оны медициналық мекемеге жеткізген тіркелгені хабарланды. Заң талаптарының бірқатары бұзылған[67].
22 мамыр, Атырау қаласы, Полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлері бар автокөліктерге қатысты рейд өткізіп, айыппұл салу шараларын жүргізуге әрекет жасаған. Алайда қоғам тарапынан жаппай наразылық туғызғаннан кейін, аталған шаралардан бас тартылды,- деп депутат хабарлады М. Әбенов [68].
22 мамыр, Алматы қаласы, О. Ержанов, ҚР Қылмыстық кодексінің 150-бабы, айыпталған сот сайлау құқықтарының жүзеге асырылуына немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті, және 5 жыл мерзімге қоғамдық және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Белсенді бұған дейін жаңа Конституцияға қатысты сын пікір білдірген болатын[69].
22 мамыр, Астана қаласы, Б. Омарова, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 3 ай үйқамақта болған, «Қылмыстық іс тоқтатылды, процессуалдық шешім прокурормен келісілді және барлық шектеу шаралары алынып тасталды»,- деп хабарлады журналистің адвокаты Т. Әбілова. Бұған дейін 2026 жылғы 22 мамырда «Айтпа, Ботагөз!» Telegram-арнасында, Б. Омарова журналистік стандарттарды бұзғанын мойындап, кешірім сұрағаны көрсетілген, хат-терістеу жарияланған болатын[70].
22 мамыр, Қонаев қаласы, А. Садырбай, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, күдіктіге қатысты іс бойынша адвокат А. Құсаинова мәлімдеме жасады: тергеу соты санкциялаған қамауда ұстау мерзімі ресми түрде екі ай бұрын аяқталды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 2026 жылғы 19 наурызда сағат 21:40-та аяқталды, сондықтан ол дереу босатылуға тиіс[71].
22 мамыр, Алматы қаласы, белсенді А. Ильяшев өзінің Telegram аккаунтына қатысты күдікті әрекеттер туралы мәлімдеді. «Менің Telegram аккаунтыммен бірдеме болып жатыр. Код сұрату туралы бірнеше хабарламалар келді, міне бүгін аккаунтыма Алматы қаласынан “AORUS 17H BXF” ноутбугы арқылы бөгде құрылғыдан кіру әрекеті тіркелгені жөнінде хабарлама түсті» [72].
23 мамыр, Алматы қаласы, Халықаралық Democracy Perception Index (DPI) зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан демократияны қабылдау деңгейі бойынша әлемнің 98 мемлекеті арасында соңғы орынға жайғасты. «Біз ешқашан демократия жағдайында өмір сүрген емеспіз, алайда бүгінгі ішкі саяси үдерістер, көрініп тұрғандай, қазақстандықтардың саяси нормалар туралы базалық түсініктеріне де сәйкес келмей барады»,- деп хабарлады зерттеуші С. Бейсембаев[73].
24 мамыр, Семей қаласы, Қоғам белсендісі Р. Машпиев Семей қаласының прокуратурасына Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдегі асфальт жабынының сапасын тексеру туралы өтініш жолдады. Оның пікірінше, жөндеу жұмыстары барысында технологиялық талаптардың елеулі бұзушылықтары жіберілуі мүмкін, бұл көпірдің жалпы техникалық жай-күйіне кері әсер ету қаупін тудыруы ықтимал[74].
25 мамыр, АҚШ, Google корпорациясы azattyq.org және azattyqasia.org сайттарының Қазақстан аумағында бұғатталуы, бірқатар құрылтайшылары мен менеджерлерінің Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың туыстарымен байланысы бар «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясына қатысты журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін орын алғанын хабарлады. Және тәуелсіз агрегатор Lumen деректер базасына сілтеме жасады. Редакция авторлық құқықты бұзумен келіспейтінін мәлімдеп, апелляцияға берді[75].
25 мамыр, Алматы облысы, Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары ауызсу берудегі үзілістерге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа жүгінді. Сонымен бірге елді мекенде тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі де өзекті күйінде. Жергілікті атқарушы органдарға жасалған өтініштер нақты нәтиже бермеген[76].
25 мамыр, Алматы қаласы, Полиция «Атажұрт» қозғалысының белсенділері А. Нұрсан мен О. Әбенді ұстады. Ол сәуір айында ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған Т. Қабидың жұбайы болып табылады. Сонымен қатар, Астанаға бағыт алған пойыздан Н. Ибраева да түсірілгені хабарланды. (ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 5 жылға бас бостандығынан айырылған, «Атажұрт» қозғалысының көшбасшысы Б.Мақсұтханның жұбайы). Белсенділер Қытай туын және Си Цзиньпиннің портретін өртеп, Қытайға қарсы акцияға байланысты ҚР ҚК 174-бап бойынша сотталған 19 адамның ісі туралы ақпаратты АҚШ елшілігіне барып айтуды жоспарлаған [77].
25 мамыр, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты С. Зинченконың Қостанай облысы полиция департаментіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығына қарсы моральдық зиянды өтеу туралы талап қою бойынша кассациялық шағымын қанағаттандырмады[78][79].
25 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро В. Воронцовқа қатысты жағдай бойынша мәлімдеме жасады: әділ сот төрелігіне, бұзылған құқықты қалпына келтіруге қол жеткізу, атап айтқанда қылмыстық процесте тараптардың теңдігі мен жарыспалылық қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету және психиатриялық көмек көрсететін мекемелерге мәжбүрлі түрде жатқызу туралы шешімдер қабылданатын істер бойынша заңнамада көзделген өзге де құқықтық кепілдіктердің сақталуы[80].
26 мамыр, Алматы қаласы, А. Ерекенов, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі, Әкімшілік сот белсендіні ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның әрекеттерін қоғамдық тәртіпті бұзу және айналадағыларға құрметсіздік көрсету ретінде бағалап, 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған оқиға Көк-Жайлау аумағында жоспарланған «Almaty Superski» тау кластері жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар кезінде орын алған[81].
26 мамыр, Алматы қаласы, Бостандық аудандық соты, Судья А. Өтебеков журналист В. Борейкоға қатысты процесті жабу жөніндегі талап қоюшы тараптың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты[82].
26 мамыр, Алматы қаласы, М. Мовлаев пен Ю. Емельянова, апелляциялық сот сатысы Қазақстаннан пана іздеп жүрген Ресей азаматтарына, олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. М. Мовлаев пен Ю. Емельянованың ісінде Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық құқық нормалары ескерілмеген. Сонымен қатар БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашыларының ұсталған тұлғаларға қатысты Қазақстанға жолдаған арнайы үндеулері мен хабарламалары да назарға алынбаған[83].
26 мамыр, Астана қаласы, Д. Өкремова, «Құқықтық медиа-орталық» қоры президентінің Астана қаласы әкімдігінің бейбіт митингілер туралы ақпарат беруден бас тарту әрекетін заңсыз деп тануды сұраған талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Сот істе «талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны анықталмады» деген шешім шығарды[84].
26 мамыр, Семей қаласы, Қоғам белсендісі Е. Аққожаның 2026 жылғы 24 ақпанда полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, 3 сағатқа бостандығынан айыру фактісі бойынша берген шағымы қаралды. Сот Ауэзов полиция бөлімінің бастығы Оразалиннің 2026 жылғы 1 сәуірдегі қаулысын өзгеріссіз қалдырып, арызданушының шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды[85].
27 мамыр, Астана қаласы, М. Жанұзақов, белсенді әуежай маңы ауданында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұсталуына дейін әлеуметтік желіде Қазақстан және Украина туларының фонында түсірілген фотосын жариялап, мәтін қалдырған. 27 мамыр күні Астана қаласына мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин келген. Полиция бөлімінен босатылғанын және оған жарияланған «постты өшіру» жөнінде өтініш жасалғанын белсенді түнгі уақытта хабарлаған. Мен «ойланамын» дедім дейді ол[86].
28 мамыр, АҚШ, БҰҰ-ның үш арнайы баяндамашысы бірлесіп Қазақстан Республикасына И. Воронцовқа қатысты қудалаудың құқықтық негіздерін түсіндіруді талап етіп сұрау жолдады. Қазақстан тарапының жауап беру мерзімі 60 күнді құрайды, ол 30 мамырда аяқталады. Осы мерзім өткеннен кейін хат алмасу ресми түрде жарияланатын болады[87].
28 мамыр, Алматы қаласы, «Etude Ybyrai» құрылыс компаниясының іскерлік беделін қорғау және келтірілген шығындарды өндіру туралы «Гиперборей» YouTube арнасының авторы әрі жүргізушісі, журналист В. Борейкоға қатысты талап-арызы бойынша сот өндірісі сот тағайындаған филологиялық және экономикалық сараптамалар жүргізу мерзіміне байланысты уақытша тоқтатылды[88].
28 мамыр, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 1179 азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Камералар мен патрульдерден бетті жасыруға қатысты шаралар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабымен реттеледі. Бірінші рет бұзушылық анықталған жағдайда ескерту беріледі, ал қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған[89].
28 мамыр, Киев қаласы, «15 сәуірде басталған шабуылдар кезеңінде BASE Facebook парақшасынан 545 жарияланым өшірілді. Бұл авторлық тергеулер, жаңалықтар, видеолар, фотосуреттер және кей жағдайларда тіпті профиль мен мұқаба суреттері. Жақсы ұйымдастырылған әрі қымбат кибершабуылдар туралы сөз айтылуда, оларға, біз санағандай ҰҚК мен Қазақстан билігі тарапынан мемлекеттік ақша жұмсалуда»,-деп хабарлады Н. Садықова[90].
29 мамыр, Степногорск қаласы, №4 мекеме, М.Жыланбаев, ҚР Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптары, 7 жылға бас бостандығынан айырылған, «Алға, Қазақстан» тіркелмеген партиясының белсенділері мекемеге барып, саяси тұтқынның жағдайы туралы ақпарат алуға тырысты. Мекеме әкімшілігі адвокат М. Доскараевқа өз қорғауындағымен кездесуіне рұқсат беруден бас тартты. Бас тарту себебі «карантиндік шектеулер»[91].
30 мамыр, Астана қаласы, қоғам белсенділері сайлау қорытындыларын қосымша тексеру тетіктерін енгізу және «Сайлау туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар білдірді. Алайда бұл ұсыныстар қолдау таппады. «Парламент комиссиясы ұсыныстардың не себепті қабылданбағанына қатысты ешқандай уәж келтірмеді,- деп хабарлады В. Дворецкий [92].
30 мамыр, Қарағанды облысы, Ақтөбе (Амангелді) ауылының тұрғындары Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа жүгініп, жағдайды жеке бақылауына алуды сұрады. Тұрғындардың айтуынша, ауыл әкімі Е. Құсайын мәселені шешпей отыр. Олар ауыр жүк көліктерінің тоннажына қатаң бақылау орнатып, елді мекен инфрақұрылымын бұзылудан қорғауды талап етті[93].
31 мамыр, Алматы қаласы, Құқық қорғаушы Т. Чернобильдің пікірінше, бейнебақылау камералары бейбіт жиналыстарды бақылау құралы ретінде пайдаланылып отыр, ал билік бейбіт жиындарға қатысушыларға бастапқыда күдікпен қарайды. Оның айтуынша, бейнебақылау ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді: елде шамамен 1,6 миллион камера жұмыс істейді, бұл көрсеткіш бойынша әр 100 адамға шамамен 8 камерадан келеді [94].
31 мамыр, Ақтау қаласы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы шамамен 2 мың студенттің деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болды. Аталған жағдайға байланысты 1-курс студенттерінің ата-аналары Қазақстан Республикасының Президентіне, Маңғыстау облысының әкіміне және Ғылым және жоғары білім министріне жүгініп, дербес деректердің таралуына жол берген жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етті [95].
31 мамыр, Алматы қаласы, Заңгер Рауашан Омарова кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына байланысты қылмыстық іс шеңберінде өкілдік етуіне байланысты заңсыз ықпал ету және қысым көрсету фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған орай ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, аталған жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді сұрады[96].
[1] https://www.instagram.com/p/DXy1eu8E—O/?img_index=10&igsh=MTBwM2NkbDV1MGEwMg%3D%3D
[2] https://otyrar.kz/2026/04/reshenie-apellyaczionnogo-suda-arest-na-15-sutok/
[3] https://www.instagram.com/p/DX1Tm9kjOYv/?img_index=5&igsh=MWs1NXZmM2ZxZjB6cw%3D%3D
[5] https://centralmedia24.kz/prisyazhnyh-ne-budet-delo-v-otnoshenii-12-sotrudnikov-kolonii-atbasara-rassmotryat-v-rajonnom-sude/
[6] https://kaztag.kz/ru/news/genprokuraturu-prosyat-doprosit-prisyazhnykh-po-delu-blogera-kusheeva
[7]https://www.facebook.com/talgat.umarov.5/posts/pfbid0cGHhdVyVcTiihsPVGwDvYzpzbCZvWUTJ21yC1Qg5e4NjhukAPa7mt5qNXb7XCYxCl
[8] https://ulysmedia.kz/news/73016-v-miniuste-obiasnili-pochemu-tolko-odna-partiia-poluchila-shans-na-registratsiiu
[9] https://tirek.info/ministerstvo-inostrannyh-del-i-radio-svobodnaya-evropa-svoboda-prishli-k-mediativnomu-soglasheniyu/?preview=true
https://www.azattyqasia.org/a/mid-kazahstana-i-predstavitelstvo-rse-rs-zaklyuchili-mediativnoe-soglashenie/33750565.html заблокирован сайт 03.06.26 г.
[10] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/zayavlenie-po-delu-atbasarskoj-kolonii/
[11] https://tirek.info/zaderzhan-aktivist-muratbaj-bajmagambetov/?preview=true
[12] https://www.the-village-kz.com/village/city/news-city/44465-rabotu-hudozhnitsy-asel-kadyrhanovoy-posvyaschennuyu-repressiyam-1937-goda-snyali-s-venetsianskoy-biennale
[13] https://orda.kz/tokaev-obnovil-sostav-komissii-po-pravam-cheloveka-414710/
[14] https://vlast.kz/novosti/69316-sud-prodlil-ekstradicionnyj-arest-mansuru-movlaevu.html
[15]http://chromeextension//efaidnbmnnnibpcajpcglclefindmkaj/https://rsf.org/sites/default/files/medias/file/2026/05/AydosSadykov_RU%20%281%29.pdf
[16] https://www.instagram.com/reels/DYEu-uPIB3v/
[17] https://orda.kz/ugolovnoe-delo-zaveli-iz-za-osobyh-flagov-na-9-maja-u-almatinskih-studentov-415084/
[18] https://orda.kz/zabrali-bez-povestki-i-pugajut-ugolovkoj-chto-delat-prizyvniku-objasnil-jurist-414401/
[19] https://www.instagram.com/reels/DYM8q_aNPqx/
[20] https://iphronline.org/articles/central-asia-escalating-digital-repression-threatens-civic-space-and-free-expression/
[21] https://bureau.kz/novosti/czifrovizacziya-na-sluzhbe-avtokratij/
[22] https://tirek.info/sud-po-delu-aktivista-amangeldy-dzhahina-pereveli-v-zakrytyj-rezhim/?preview=true
https://www.azattyqasia.org/a/sud-po-delu-aktivista-al%D2%93a-%D2%9Baza%D2%9Bstan-amangeldy-dzhahina-pereveli-v-zakrytyy-rezhim/33755336.htm сайт заблокирован 03.06.26 г.
[23] https://t.me/AdalSotKz/2695, https://t.me/AdalSotKz/2696
[24] https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nakanune-vyiborov-blogeram-napomnili-ob-otvetstvennosti-599108/
[25] https://kaztag.kz/ru/news/predstaviteli-media-soobshchestva-kazakhstana-obratilis-k-deputatam-parlamenta
[26] https://www.facebook.com/43809297/posts/10103869365392969/?rdid=Fu6DSerQYp6xtQo9#
[27] https://bes.media/news/arest-sanzhara-bokaeva-prodlili-do-18-iyunya-19cdce/
[28] https://vlast.kz/novosti/69343-v-kazahstane-vvodat-strafy-dla-onlajn-platform-za-otkaz-razmesat-agitacionnye-materialy.html
[29]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid02X7vfmpn9iDMb2D1jEvBitg3TDFSvYaU5wWom7j8w3z7ZfkoTGSyNmFfKisTZyHs9l?_rdc=1&_rdr#
[30] https://t.me/AdalSotKz/2697
[31] https://t.me/AdalSotKz/2698
[32] https://kaztag.kz/ru/news/delo-botagoz-omarovoy-peredadut-v-sud-v-blizhayshee-vremya-mvd
[34] https://bes.media/amp/akimat-astani-otkazal-v-aktsii-v-podderzhku-lyudey-s-autizmom/
[35] https://www.instagram.com/reels/DYUvj5cI699/
[36] https://www.instagram.com/reels/DYXbuIAoSGy/
[37] https://www.instagram.com/reels/DYZFuTpI7qj/
[38] https://www.instagram.com/reels/DYZz2xLIHgU/
[39] https://www.instagram.com/reels/DYekWn3oaaV/
[40] https://ulysmedia.kz/news/73525-delo-o-kiberatake-na-samal-ibraevu-proshiol-god-i-mvd-nechego-skazat/
[41] https://www.facebook.com/100072192885952/videos/pcb.975200184896402/995012799717769
[42]https://www.facebook.com/qadyrqasyet1/posts/pfbid04dLx6dKDYQn2UZ6hNg84hRt3x6sxy2UvoT74Wj9nHnHABkJAfnvbn9JjBqwN4GSal
[43]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=27219866537609166&id=100000375601606&mibextid=wwXIfr&rdid=BAdxiwuD2OpwGBM0
[45] https://www.instagram.com/reels/DYoTmz0MpJO/
[46] https://factcheck.kz/novosti/ob-udalenii-dvuh-pablikov-i-lichnogo-akkaunta-soobschili-v-misk/
[47]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0HhNY9LvuMUR5qTmf7spoEgjeFeu6h8fhCLSsQkHaGN6u5SU4EJGLwH6q4M7Z7RgSl
[48] https://www.facebook.com/groups/2613737598955074
[49] https://www.openpetition.org/petition/online/svobodu-sanzaru-bokaevu-trebuem-otkrytogo-suda-i-polnoj-informacii-po-hodu-rassledovania
[50] https://t.me/elmedia_kz/8705
[51] https://tirek.info/iakova-vorontsova-otpravlyayut-v-statsionar-dlya-provedeniya-psihiatricheskoj-ekspertizy/?preview=true
https://clck.ru/3TykDx нет доступа к сайту Республика 04.06.26 г.
[52] https://www.instagram.com/reels/DYjVt7qMudp/
[53] https://orda.kz/delo-timura-danebaeva-sotrudnik-kolonii-zajavil-chto-stal-obvinjaemym-dlja-kolichestva-414590/
[54] https://vlast.kz/novosti/69427-v-kazahstane-zapretat-publikovat-foto-bulletena-v-den-vyborov.html
[56] https://www.facebook.com/reel/1015503877809490
[57] https://t.me/vlastkz/22702
[58]https://www.facebook.com/dianaokremova/posts/pfbid0a3CzNmZ6MTr9paZc3k1ZTQwiZvAQBL2ijKdaw4cUicJZB5e4fHFj643aidyMRerdl
[59] https://kz.kursiv.media/2026-05-22/tsse-botagoz-omarova-izvinilas-za-lozhnye-publikaczii-o-stroikompanii/
[60]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid023xuJkY2b14mWreQzww6nmXtee7NMzAh5fsgQPN4BZe9eVkTQTXqrqtcmLWnRZLq7l
[61] https://www.facebook.com/reel/2123526798221967
[62] https://t.me/AdalSotKz/2708
[63] https://t.me/qumash_kz/15120
[64] https://news.un.org/ru/story/2026/05/1467958
[65] https://www.instagram.com/reels/DYodoKaNhNd/
[66] https://www.facebook.com/100022710849711/posts/2158289071604767/?rdid=yPYFrDAiLmgRGckV#
[67] https://bureau.kz/novosti/voronczova-otpravili-v-psihiatricheskoe-uchrezhdenie/
[68] https://kaztag.kz/ru/news/grazhdane-ne-dali-provesti-reydy-mvd-na-dorogakh-v-atyrau
[69] https://vlast.kz/novosti/69477-sud-naznacil-orazaly-erzanovu-4-goda-ogranicenia-svobody.html
[70] https://vlast.kz/novosti/69468-ugolovnoe-delo-protiv-zurnalistki-botagoz-omarovoj-prekraseno.html
[71] https://ulysmedia.kz/news/73972-sud-ostavil-pod-strazhei-aktivista-almasbeka-sadyrbaia-nesmotria-na-protesty-zashchity/
[72]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=10164344672952748&id=717497747&mibextid=wwXIfr&rdid=mOIbF8ILZqR1zq6b#
[73]https://www.facebook.com/serik.beyssembayev/posts/pfbid031KTqcjvaQiTLY6F8KBEig9HZwitcG3zJVQqLbgSAf9cYa2F21bdJb3ooACfn2TYGl
[74] https://semeyainasy.media/2026/05/24/obshhestvennik-obratilsya-v-prokuraturu-iz-za-remonta-podvesnogo-mosta/
[75] https://tirek.info/azattyq-org-i-azattyqasia-org-byli-zablokirovany-posle-publikatsii-o-kompanii-vd-stroj-inzhiniring/?preview=true
[76] https://www.facebook.com/reel/1333003758749087
[77] https://bureau.kz/novosti/policziya-v-kazahstane-zaderzhala/
[78] https://t.me/AdalSotKz/2712
[79] https://t.me/AdalSotKz/2713
[80] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/zayavlenie-o-situaczii-s-otczom-iakovom/
[81] https://bureau.kz/novosti/zaderzhanie-ekoaktivista-kak-chast/
[82] https://vlast.kz/novosti/69500-sud-almaty-otkazal-strojkompanii-v-zakrytii-sudebnogo-processa-po-isku-k-vadimu-borejko.html
[83]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1767885334183491&id=100028861253705&mibextid=wwXIfr&rdid=jWfKF9xFcVtGkc8B#
[84]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0G5Eh5m75euiE5UehdQ2TiZdBfnW6kx9SUzQDvGMVCHLNtosgFZHVPgyJGQgVwPokl
[85] https://t.me/AdalSotKz/2715
[86] https://bureau.kz/novosti/za-plakat-v-den-priezda-putina/
[88] https://www.facebook.com/reel/924751203946692
[89] https://polisia.kz/ru/mvd-napomnilo-ob-otvetstvennosti-za-noshenie-odezhdy-prepyatstvuyushhej-raspoznavaniyu-litsa/
[90]https://www.facebook.com/basekz/posts/pfbid02ppjBc1bD33EWQFTGd8Qahi5uYTBz3p2scJHYc2Muq7j3U2iDYnLcAzN7yC8eoM79l
[91] https://www.instagram.com/p/DY95gzfCIj7/?img_index=1
[92] https://www.facebook.com/groups/netutilsboru/permalink/2565292273868848/?rdid=Z39wjUNFYgH0J5GM
[93] https://www.instagram.com/reels/DY7ZhDOIBIt/
[94] https://factcheck.kz/cifrovye-prava/massovoe-videonablyudenie-mezhdu-bezopasnostyu-i-kontrolem/
[95] https://www.instagram.com/p/DY7h8-LCBak/?img_index=5&igsh=MWRhc25mdG1najBhag%3D%3D





Обсуждение закрыто.