Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1-31 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

1 желтоқсан, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚжХӘ) және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро (АҚЗСжҚХБ) М.Жыланбаевқа тағылған 7-ші түрмелік жазаны қазақстандық биліктің шынайы демократиялық реформаларға ұмтылысының жоқтығының таң қалдыратын иллюстрациясы деп санайды [1].

1 желтоқсан, Астана қаласы, «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қорының заңгері Г.Біржанова «Масс-медиа туралы» жаңа заңды «Франкенштейн» деп атады [2].

1 желтоқсан, Алматы қаласы, «Феминита» қазақстандық феминистік бастамасы «Қазақстан әйелдері зорлық-зомбылыққа қарсы!» бейбіт акциясын 9 желтоқсанда Алматыда өткізуге хабарлама берді. Ұйым заңнамаға «фемицид» ұғымын енгізуді және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қабылдауды талап етуде [3]

1 желтоқсан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда Үкімет нұсқасындағы «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады. Депутаттар қарсы тұруға тырысты, бірақ Үкіметке қажет болғандай дауыс берді [4].

1 желтоқсан, Ақтау қаласы, өзбек тарапының араласуынан кейін, тегі қарақалпақ қазақстандық Қазақстандық азаматтығынан айырылды. Маңғыстау облысындағы Қарақалпақ этномәдени бірлестігінің мүшесі- Н. Оразбаев, Қазақстан азаматтығының күшін жою туралы хабарлама алды [5].

2 желтоқсан, М. Жыланбаевқа қатысты «Амнести интернешнл» өтініші: «Үкімнің күші жойылуы тиіс, және ол  дереу әрі сөзсіз босатылуы қажет. Қазақстан билігі өз сыншыларына қарсы қуғын-сүргінді тоқтатып, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін толық сақтауға тиіс»  [6].

4 желтоқсан, Алматы қаласы, қылмыстық істер жөніндегі сот журналист-ерлі-зайыптыларға үкім шығарды. Северный Владимир мен Наргиз ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша «адамдар тобында аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша бопсалау» бойынша кінәлі деп танылды. Владимир 7 жылға, ал Наргиз 8 жылға бас бостандығынан айырылды; жазаны орындау, ол үшін жас баласының болуына байланысты бес жылға кейінге қалдырылды [7].

4 желтоқсан, Алматы қаласы, әкімдік «Feminita» феминистер қозғалысына «Қазақстан әйелдері зорлық-зомбылыққа қарсы!» тақырыбындағы митингті өткізуден бас тартты. Әкімдік өкілі Ш. Уәлиханов атындағы алаңда 9 желтоқсанға жоспарланған «кезекті» жөндеу жұмыстары, сондай-ақ жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шара туралы хабарлады [8].

4 желтоқсан, Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары тіркелмеген «Алға,Қазақстан!» партиясының көшбасшысы, белгілі супермарафоншы М.Жыланбаевты босатуға билікті шақырып бейнежолдамалар жазды. Азаматтар өз өтініштерін қоғамдық орындардан тыс, негізінен үй-жайлардан жасады[9].

4 желтоқсан, Алматы қаласы, бурят журналисі Е. Балтатарова Қазақстаннан кету туралы шешім қабылдады. Журналист елден кету туралы шешім қабылдады, өйткені оған босқындықтан бас тартылды. Балтатарова Е. Еуропа елдерінің біріне виза алды[10]

4 желтоқсан, Алматы қаласы, Қаңтар оқиғалары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту салдарынан келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу жөніндегі Ислам Палмағанбеттің апелляциялық процесі аяқталды. 21 күн полиция мен түрмеде болғаны үшін, оқ жарақаты мен 2 топтағы мүгедектігі үшін, түрмеде азапталғаны үшін, жәбірленушіге сот 300 000 теңге өтемақы тағайындады[11].

5 желтоқсан, Астана қаласы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының баспасөз мәслихаты өтті, қатысушылар жақында 7 жылға бас бостандығынан айырылған, осы партияның жетекшісі М.Жыланбаевтың жабық соты барысында берген өтініштері туралы айтты. Олар үкіммен келіспейді және істі тапсырыспен жасалған және саяси деп атады[12].

5 желтоқсан, Астана қаласы, Әділет министрлігі 150 мың қол жинаған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияны қараудан бас тартты, бұл петиция 2021 жылы елде петициялар туралы заң болмаған кезде құрылғанын алға тартумен. Әділет министрлігінің өкілі бұл зорлық-зомбылыққа қарсы өтініш заңсыз деп санайды[13].

5 желтоқсан, Атырау қаласы, мамандандырылған сот «Слава Украины» қайырымдылық қорын тіркеуді жою туралы шешім шығарды, оның негізгі бағыты соғыс қимылдарының құрбандарына гуманитарлық көмек болған. Қор 2023 жылдың 10 тамызында Әділет департаментімен тіркелген, бірақ 25 тамызда сол департамент мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы талап қойған [14]

5 желтоқсан, Астана қаласы, адвокат М. Досқараев апелляция беруге дайындалып жатыр. Баспасөз мәслихатында ол тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының көшбасшысы М.Жыланбаевқа қатысты ҚР ҚК 258, 405-баптары, 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімімен неге келіспейтінін түсіндірді. Қорғаушы үкімді заңсыз деп санайды, сотталушының кінәсі дәлелденбеген және апелляциялық шағым түсірмекші [15].

5 желтоқсан, «Қазақстан билігі қаңтар айындағы оқиғалардан қате сабақ алып, бұрандыларды қатайта бастады, ал бұл наразылықтардың жаңа өршуіне әкелуі мүмкін», — деп санайды Хью Уильямсон, Еуропа мен Орталық Азия бойынша «Human Rights Watch» директоры[16].

6 желтоқсан, Қостанай қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-тармағы бойынша, 5 тәулікке қамауға алу бойынша сот шешіміне қатысты белсенді А. Смакованың апелляциялық шағымын облыстық сот қарады. Сот 23.11.2023 жылғы соттың шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарды[17].

6 желтоқсан, Астана қаласы, полиция қызметкерлері «Алға,Қазақстан!» ұйымдастыру комитетінің мүшелері А.Әбішевті, С.Измайловты және А. Сыздықовты ұстады. Ұсталғандар Байқоңыр ауданының полиция басқармасында отырғандарын, полиция ұстаған кезде дөрекі күш қолданғанын айтты. Ұстаудың қай жерде және қандай жағдайда болғаны әзірге белгісіз[18].

6 желтоқсан, Өскемен қаласы, «Яндекс Go» жүргізушілерінің бір бөлігі желіден шығып, жұмыс істеуден бас тартты. Такси жүргізушілері компаниядағы тұрақты жаңа енгізулерден шаршағанын айтады. Бұл жолы бонустар жойылды-жүргізушілерге жұмыс көлемі үшін қосымша ақы, сондай-ақ клиентке автокөлікті «беру» сомасының мөлшері қысқартылды [19].

6 желтоқсан, Орал қаласы, қала әкімдігі белсенді Е. Байтеміровтың хабарламасына жауап ретінде 16 желтоқсанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: 1986, 2011 және 2022 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Саяси тұтқындардың бостандығы. Бас тартудың себебі: Мәлімделген орын («Қазақ халқының даңқты қыздары» алаңы) митингілерге арналған мамандандырылған орын болып табылмайды[20].

6 желтоқсан, Ақтөбе облысы, Қазақстан Президентінің өңірге сапары күні қауіпсіздік күштері тарапынан қысымға ұшырағандарын белсенділер хабарлады. А. Сәрсенғалиев, оның үйінде түнге дейін полиция күзетіп тұрғанын, хабарлады. А. Төбетованы полиция ұстады және Сазды ауданындағы учаскеге алып барды, учаскеде 2,5 сағат ұстады және айып тақпай босатты[21].

7 желтоқсан, Астана қаласы, А.Әбішев, А.Сыздықов, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды. Белсенділер өткен айда 15 тәулікке қамауға алынған басқа белсенді Қ.Әмреновпен кездесу үшін арнайы қабылдағышқа келгендерін және ұсталған кезде полиция оларға күш қолданғанын хабарлады[22].

7 желтоқсан, Астана қаласы, Қазақстан Сенаты «Хабарламалар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Егер ел ішіндегі барлық соттардан өтіп, олардың шешімдері қанағаттандырмаған жағдайда, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы шағым бере алады[23].

7 желтоқсан, Алматы қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 456-2 бабы бойынша, 103 500 теңге (шамамен 220 доллар) көлемінде айыппұл салу туралы бірінші сатыдағы соттың 16.11.23 ж. шешіміне  «Радио Азаттықтың» шағымы қалалық сотта қаралды. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды [24].

7 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 30 қарашадан 07 желтоқсанға дейінгі жағдайына шолу [25]

8 желтоқсан, Алматы қаласы, аккаунтқа жақсы жоспарланған шабуылдан кейін, Instagram-дағы «Теңге туралы» парақшасына кіру жұмыс күнінің соңына дейін шектелді. Олар акаунтты кешкі сағат 11-де қалпына келтірді, бірақ тағы да жаңа шабуылға ұшырады, бұл жарияланымдарды цензуралау әрекеті екеніне күмән келтірмейді [26].

8 желтоқсан, Қарағанды қаласы, белсенді А. Нұрмағанов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, ол  тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясы жақтастарының Астанадағы Министрліктер үйінің алдында, 11 қазанда билікпен келісілмей өткізілген акцияға қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін бостандыққа шықты[27].

8 желтоқсан, АҚШ, әуесқой марафоншы Е. Молдажанов өзінің ұстазы деп санайтын М. Жыланбаевты қолдау акциясын бастады. Ол, сот 7 жылға бас бостандығынан айырған М.Жыланбаев бостандыққа шықпайынша, күн сайын жүгіруге шығады. Акцияның мақсаты әділетсіз үкімге қоғамның назарын аудару[28].

8 желтоқсан, Астана қаласы, с. Измайлов ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алу. Сот С.Измайловты 11 қазанда Мәңгілік Ел көшесіндегі Әділет министрлігінің алдындағы акцияға байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды[29].

8 желтоқсан, Алматы қаласы, Түркісіб қылмыстық соты, Қазақстан ҰҚК-нің 7 бұрынғы қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы бойынша, 3 жылдан 5 жылға дейінгі түрме мерзіміне үкім шығарды. Qantar2022 кезіндегі азаптау туралы іс бойынша  тағы үшеуі шартты жаза алды, тағы біреуі – У. Жұманов ақталды. Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды: қайтыс болған Е. Өтепбаевтың жұбайына 20 миллион моральдық зиян, бірнешеуіне бір миллионнан, қалғандарына бас тартылды[30].

11 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай кен орнында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көлік қызметтерін көрсететін «West Oil Software» компаниясының жүздеген қызметкерлері ереуілге шықты. Наразылық білдірушілер жұмысты толығымен тоқтатқандарын хабарлады. Олар оларды «ҚазМұнайГазға» өздерін қосуды, еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне қосуды, материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етуде[31].

11 желтоқсан, Алматы қаласы, «Kursiv.Media» басылымға жасалған хакерлік шабуылдарға байланысты ресми мәлімдеме жасады. 6 желтоқсан, сағат 18:00-ден бастап, әзірге белгіленбеген тұлғалар тарапынан шабуылға ұшырады, бір мезгілде бірнеше бағыт бойынша жүргізілді: DDOS-шабуылдар күніне 0,6-1 млн-нан 300-400 млн-ға дейін [32].

12 желтоқсан, Шығыс Қазақстан облысы, Бобровка кенті, С. Идырышева, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, әлеуметтік желілерде М. Жыланбаевты қолдап бейнеролик жариялағаны үшін, полиция 172 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Белсенді хаттамаға қол қоймады, айыптаумен келіспейтінін мәлімдеді, ол оған шағымдануға ниетті[33].

12 желтоқсан, Маңғыстау облысының соты «West Oil Software» мұнай сервистік компаниясы жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп таныды. Процесс наразылық акциясына қатысушыларынсыз өтті. Мұнайшылар оларды «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-на қосып, оларды еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне енгізуді, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етті [34].

13 желтоқсан, Алматы қаласы, Qantar2022 кезінде қаза тапқандардың бір топ туыстары жергілікті билікті осы оқиғалардың екінші жылдығына орай ас (еске алу түскі ас) өткізуге шақырды. 13 желтоқсанда қаза тапқандардың он шақты туысы әкімдікке талаппен келді [35].

13 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай кен орнындағы «West Oil Software» компаниясы қызметкерлерінің ереуілге қатысушыларының талаптарын қолдайтындықтарын 2 кәсіпорынның қызметкерлері мәлімдеді[36].

13 желтоқсан, Маңғыстау облысы, «West Oil Software» мұнай сервистік компаниясының 500-ден астам қызметкері ереуілді жалғастыруда. Олар жағдайға араласуды сұрап, депутаттарға жаңа үндеу жазды. «Біз оларды ұлттық компанияның штатына қабылдай алмаймыз», — деп түсіндірді «ҚазМұнайГаз» төрағасы М. Мырзағалиев[37].

13 желтоқсан, сот өтемақы туралы талаптарды ішінара қанағаттандырады, ал кейбір өтініштер мүлдем қаралмайды. Жазықсыз құрбандар алдындағы борышты мемлекет дұрыс орындамайдй дейді,  құқық қорғаушылар[38].

14 желтоқсан, Орал қаласы, М.Ескендірова, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, 25 тәулікке қамауға алу, судья белсендіні «жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде митингілерді ұйымдастыру мен өткізуді қайта бұзғаны үшін» кінәлі деп атады. Әлеуметтік желілердегі М. Ескендірованың митингке шығуға шақырғандай болған жарияланымы, осыған  себепші болды[39].

14 желтоқсан, Орал қаласы, А. Оразбаев, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, 1,5 жыл қамауда ұстау түріндегі жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырудан бас тартты, ал адвокаттың жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Отырыс белсендінің қатысуынсыз өтті[40].

14 желтоқсан, Астана қаласы, апелляциялық сот А.Тілеужанованың Қазақстанның Бас прокуратурасына ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау жөніндегі талабы бойынша шешімді өзгеріссіз қалдырды. Шешімде әуежайды басып алуда әлі күнге дейін ешкімге белгісіз экстремист – Тілеужановтың аты аталуда[41].

14 желтоқсан, Астана қаласы, Абай облысынан бірнеше адам Бас прокуратураға келіп, олардың туыстарын азаптау арқылы өздері жасамаған қылмысты мойындауға мәжбүрлегенін  мәлімдеді. Азаптау ісі бойынша олардың жақындары жәбірленуші болып танылмағанын және мерзімі аяқталса да қамауда ұстап отырғанын, олар мәлімдейді [42].

14 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 07-14 желтоқсан аралығындағы жағдайына шолу [43].

15 желтоқсан, Алматы облысы, Қонаев қаласы, сот ҚР ҚК 258, 405-баптары бойынша маусымнан бастап қамауда отырған, Д. Мұхаммедкәрімнің ұстау мерзімін тағы бір айға, 2024 жылғы 22 қаңтарға дейін ұзартты. «Ұзартудың себебі: тергеуші үлгермеуде», – деп хабарлайды адвокат[44].

15 желтоқсан, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Е. Байтеміров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, әлеуметтік желілерде өз парақшасында жарияланған посттардан кейін «митингілерге шақыру» айыбы бойынша, 25 тәулікке қамауға алынды [45].

15 желтоқсан, Алматы қаласы, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтуге ауыстырылды, деп хабарлайды ІІМ ведомстволық бағынысты «Polisia.kz.» желісі [46].

15 желтоқсан, Астана қаласы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының белсенділері Әділет министрлігіне, мыңдаған қолтаңбалары бар тізімдерді, фото және бейне куәліктермен бірге 21 рет берді. Бірақ министрлік «сәйкессіздіктерге», «өлі жандар» есепте бар дегендей сілтеме жасай отырып, құжаттарды қайтарып берді[47].

15 желтоқсан, Маңғыстау облысы, «West Oil Software» компаниясының қызметкерлері биліктің қысымын жалғастырғанын мәлімдейді. Наразылық білдірушілердің айтуынша, оларды полиция мен ЖҚАТ қоршап алған, жұмыс беруші жұмыстан босату мен бос уақытты төлеумен қорқытуда[48].

15 желтоқсан, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті 2016 жылғы сайлауда депутаттыққа үш кандидат А.Түлесова, Ф. Жандосова және А. Нұрғазиеваның шағымы бойынша шешім шығарды, онда сайлау заңнамасын өзгерту ұсынылған.  Белсенділер БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне кірістер туралы декларациялардағы шамалы сәйкессіздіктерге байланысты, олардың кандидатуралары сайлау алдындағы тартыстан алынып тасталды деген шағыммен жүгінген [49].

15 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) Freedom House қолдауымен «Ақпаратқа қол жеткізу: Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде және одан кейін азаматтардың өтініштері және билік месседждері» баяндамасын таныстырды.  Құжаттау 2022 жылдың 4 қаңтарынан 2023 жылдың 30 мамырына дейін жүргізілді [50].

15 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жидебай ауылы, Қарақия аудандық сотының ереуілді заңсыз деп тану туралы шешіміне сәйкес «West Oil Software» мұнай сервистік компаниясы «заңсыз ереуілге» қатысқаны үшін тағы 19 қызметкерді жұмыстан шығарды[51].

16 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай ауылы мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартуды талап етуді жалғастыруда. Олардың  компаниясы «West Oil Software» «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына сервистік және көліктік қызмет көрсетеді. Адамдар тәуліктер бойы ашық аспан астында аязда, далада тұр. Олар талаптары орындалмайынша жұмысқа шықпайтындарын айтады [52].

16 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай ауылы, Жетібай кен орнында ереуілге шыққан жұмысшылардың ондаған туыстары ереуілге қатысушылардың талаптарын орындауды талап етіп, әкімдікке келді. Демалыс күні шенеуніктердің ешқайсысы жиналғандарға шықпады[53].

16 желтоқсан, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері- А.Жәпішева мен А.Шәріпжан, «Қаңтар 2022» оқиғасында қаза тапқан балаларды еске алу акциясын өткізді. Олар Желтоқсан, Жаңаөзен және Қаңтар бір-бірімен тығыз байланысты екенін, соттың әділ өтуін талап ететіндерін айтты. Полицияның олардың ізіне түскенін мәлімдеді. Полиция және прокуратура қызметкерлері ескерткіш басындағы митингтің заңсыз екенін айтып, барлығынан тарауды сұрады[54].

17 желтоқсан, Астана қаласы, мемлекеттік «Хабар» телеарнасының эфирінен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы фильмді алып тастады. Режиссердан бұл жағдайға түсініктеме бермеу, ал бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлаған алматылықтан, жазбаны өшіру талап етілді [55].

17 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай ауылы, «West Oil Software» компаниясының 500-ден астам жұмысшысы ереуілге шықты. Ауылда қауіпсіздік күшейтіліп, көшелерде полицейлер көбейді. Жетібайға арнайы жасақ жіберіліп, ол жергілікті мәдениет үйіне орналастырылды [56].

18 желтоқсан, Маңғыстау облысы, «West Oil Software» ЖШС-і 2027 жылға дейін «ОТК» ЖШС-мен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғанын және «ереуілге шыққан жұмысшылардың қатысуымен немесе қатысуынсыз өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға ниетті» деп мәлімдеме жасады. Компания жұмысшылардың әрекетін «заңсыз» деп атады, әрекеттің мұнай ұңғымаларында апат қаупін тудырғанын  жазады[57].

19 желтоқсан, Қарағанды қаласы, өздерін әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен (ТЖ ҚҚҚ) жұмыстан шығарудың заңсыздығын сотта дауламақ болған тау-кен құтқарушылары, апелляциялық сотта жеңілді. Сот алқасы жұмыстан босатуды негізді деп тауып, аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды[58].

19 желтоқсан, Астана қаласы, Жоғарғы сот Тараз қаласында қайтыс болғаннан кейін сотталған 4 адамды ақтамады. Бірінші инстанция соты оларды, Qantar2022 кезінде «БТР-ға оқ атқан» және «мемлекет мүлкіне зиян келтіргені үшін» кінәлі деп тауып, өліміне байланысты қылмыстық қудалаудан босатты. Жақындарының бас тартуға ниеті жоқ [59].

19 желтоқсан, Астана қаласы, А.Сембай, ҚР ҚК-нің 179-бабы, 405-бабының 2-бөлігі, 6 жылға бас бостандығынан айыру, қылмыстық істер жөніндегі сот белсендіні тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу, билікті басып алу және ұстап тұруға үгіт-насихат немесе қоғамдық үндеулер жасағаны үшін кінәлі деп таныды [60]

20 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Жетібай ауылы, «West Oil Software» қызметкерлері сәрсенбіден бұрын тараған Қарақиян ауданы әкімдігінің «West Oil Software» компаниясының қызметкерлері «Қазмұнайгаз» өкілдерімен келіссөздерге барудан бас тартты» деген мәлімдемесін жоққа шығарады[61].

20 желтоқсан, Астана қаласы, А.Әбішев, А.Сыздықов, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі, сот 15 тәулікке қайта қамауға алды, 6 желтоқсанда арнайы ұстау изоляторы ғимаратының жанында ұсталғаннан кейін «полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау», «медициналық тексеруден өтуден бас тарту» айыптары тағылды[62]

20 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданының прокуроры А.Айтуғанов ереуілге шыққан «West Oil Software» компаниясының жұмысшыларына ҚР ҚК 402-бабы (Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға итермелейтін әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады [63].

20 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына «Ар.Рух.Хак» ҚҚ президенті Б.Төреғожинаның өтініші. «Материалдық және іс жүргізу заңнамасын қолдану бойынша соттық тәжірибелерді талдау мен мониторингтеу барысында, осындай істер бойынша өрескел және қайталанған қателіктер Алматы қаласының аудандық судьялары тарапынан анықталды»[64].

21 желтоқсан, Алматы қаласы, әкім Е.Досаев сын авторларын қадағалап отыру «өзгеше ойлайтындарды іздеу үшін емес, билік ол туралы айтуды қадағалайды» деп сендірді. «Бұл  өзгеше ойлайтындарды немесе әкімдік жұмысына көңілі толмайтындарды іздеу үшін емес. Бұл сауалнамалар  шындығында, біз туындап жатқан проблемаларды бір жерде көрмей немесе жеткілікті мән бермей  жатқан шығармыз дегенді  түсіну үшін жүргізілді», – деп жауап берді Е. Досаев[65].

21 желтоқсан, Астана қаласы, Ресей Бас прокуратурасы Қазақстан билігімен биыл маусымда Алматыда ұсталған киберқауіпсіздік жөніндегі маман Никита Кислицинді отанына экстрадициялау туралы келісімге келді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады[66].

21 желтоқсан, Солтүстік Қазақстан облысы, Бірлік ауылы, Нұрбол Өнерхан Новоишим ауданынан жолға шықты. Үйіне қайтып келе жатқанда жолда, оны полиция қызметкерлері алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр деген себеппен тоқтатты. Полиция қызметкерлері одан, Facebook-тегі жазбасы туралы сөйлесу үшін полиция бөлімшесіне баруды талап етті, онда ол «көтеріліске» шақырады мыс. Оны 3 сағат ұстап, босатты[67].

21 желтоқсан, Алматы әкімдігі Е.Досаев туралы жарияланымдарға мониторинг жүргізуді бұйырды. Енді қала әкімі туралы жағымсыз пікірлер, мақалалар немесе жазбалар жазғандардың барлығы тізімге енгізіледі, деп жазады «Рас айтамын» телеграмм-арнасының авторлары [68].

21 желтоқсан, Маңғыстау облысы, ереуілге шыққан «West Oil Software» жұмысшыларының бірі ауырып, ауруханаға түсті. Қ. Өтеповқа ауруханада система орнатылды. Тағы бір жұмысшы жөтеліп, өзі ауруханаға жүгінді. Қазір ол үйде емделіп жатыр [69].

21 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 14-21 желтоқсан аралығындағы жағдайына шолу [70].

22 желтоқсан, Алматы қаласы, 2019 жылы Шыңжаңнан (Қытай) Қазақстанға қашып келген этникалық қазақ Кастер Мұсахан өзіне төрт белгісіз адамның шабуыл жасап, қатты соққыға жыққанын хабарлады [71].

22 желтоқсан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабы «Терроризмді немесе экстремистік қызметті қаржыландыру» соңғы айларда құқық қорғаушылардың пікірінше, радикалды әрекеттерде байқалмаған билікті сынаған кем дегенде екі адамға қатысты қолданылды. Мақала жағымсыздарды бейтараптандырудың тағы бір құралы бола ма? [72].

23 желтоқсан, Алматы қаласы, журналистер Д. Егеубаева мен Л. Ахмедьяров «Dinarion» YouTube арнасында саяси тұтқындарды қолдау марафонын өткізді. Түрмеде билікті сынағаны, өз саяси . партиясын құруға әрекеттенгені немесе бейбіт шерулерге қатысқаны үшін бас бостандығынан айырылған 23 адам отыр. Қазақстандағы авторитаризм мәселесін де талқылады[73].

23 желтоқсан, Алматы әкімдігі «Феминита» қозғалысына келесі жылдың 8 наурызында шеру мен митингі өткізуге екінші рет рұқсат бермеді. Әкімдік «тәжірибе көрсеткендей айтылған тақырып бойынша бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар» деген тұжырыммен бас тартты [74].

24 желтоқсан, Қытайдың Шыңжаңдағы қуғын-сүргініне жауап ретінде Қазақстанда пайда болған «Атажұрт» қауымдастығы өзін ешқашан оппозициялық күш ретінде санаған емес.  Оның жетекшілері, бұл топ енді партия болуға талпынғанда, билік кедергілер жасап жатқанын айтады[75].

24 желтоқсан, «#NeMolchiKZ» қорының жетекшісі Д.Смаилова еуропалық мемлекет аумағында жүр, онда  күйеуімен бірге саяси баспана сұраған. Қазақстанда тек қордың қызметі үшін ғана өзінің қудаланып жатқанына, ол сенімді. Қазір Д.Смайловаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген[76].

24 желтоқсан, Маңғыстау облысы, «West Oil Software» компаниясының жұмысшылары ереуілге шыққандарына 13 күн болды, енді олар Астанаға барып Премьер-министр А.Смайыловқа баруды жоспарлап отыр, өйткені билік олардың талабына құлақ аспаған [77].

24 желтоқсан, Алматы қаласы, полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 667, 614-баптары бойынша, бір күн бұрын Алматыдағы жылу мәселесі проблемаларын шешуді талап етіп, Мақатаев көшесін жауып тастаған, «Ривер Парк» тұрғын үй кешенінің бір топ тұрғындарын жауапкершілікке тартты [78].

25 желтоқсан, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері – Б. Шәріпжан, Ж.Шахан және Р.Мұхтаров, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауап алуға полицияға шақыру қағазын алды. Шақыру қағазында шақыру себебі көрсетілмеген [79].

25 желтоқсан, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері А.Шәріпжанов пен Р.Мұхтаров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен, бейбіт жиындарды ұйымдастыру тәртібін бұзды деген айыппен, әрқайсысы 15 тәулікке қамауға алынды. Бұған олардың 16 желтоқсанда Республика алаңында өткен бейбіт митингке қатысуы себеп болды [80].

25 желтоқсан, Алматы қаласы, 15 тәулікке қамауға алынған «Оян, Қазақстан!» белсенділерінің он шақты жақтаушысы  жолдастарын қолдау үшін Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің алдына жиналды. Оқиға орнына келген әкімдік өкілі мұны «заңсыз іс-шара» деп бағалады. Ол әкімдікке тиісті хабарлама келмегенін мәлімдеді [81].

26 желтоқсан, Орал қаласы, М.Ескендірова, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен 25 тәулікке қамауға алу, облыстық соттың апелляциялық сатысы «бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұзғаны үшін» қамауға алу туралы қаулыны өзгеріссіз қалдырды [82].

27 желтоқсан, Астана қаласы, қорының негізін қалаушы Д.Смаиловаға ҚР Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысында іздеу ісі тіркелді [83].

27 желтоқсан, Өскемен қаласы, тергеу органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен (алаяқтық) әйелдердің, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғайтын «NeMolchi.kz» қорының жетекшісі Д.Смаилованы қамауға алу туралы сотқа өтінішхат берді [84].

27 желтоқсан, Астана қаласы, #NeMolchiKZ» қорының басшысы Д.Смаиловаға қатысты алты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы[85].

27 желтоқсан, Алматы қаласы, шетелден келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін сұрау барысында жаңа мәселеге тап болды. Бұған дейін үкімет үш күн ішінде шешім қабылдаса, биылғы жылдың қазан айынан бастап қарау мерзімі 35 күнге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, этникалық қазақтар «Құтты мекен» қосымшасы арқылы құжат тапсыруы керек, қолданушылардың пікірінше, бұл қосымша жиі істен шығады [86].

28 желтоқсан, «Шекарадан өтіп, саяси баспана сұраған бойда үстімізден бірден қылмыстық іс қозғалды. Кеше біз сұхбат бердік, онда біз қорғауға мұқтаждық себептерін көрсеттік. Сұхбат өткен бойда, маған іздеу жарияланды. Біз туралы ақпарат таратып отырған, арнайы қызмет жұмысын нақты атқаруда.  Біздің артымыздан аңду орнатылған, суретке түсіріп жүр», – дейді «NeMolchi.kz» қорының президенті Д.Смаилова[87].

28 желтоқсан, Өскемен қаласы, тергеу соты «NeMolchi.kz» қорының жетекшісі Д.Смаилованы 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Қылмыстық жауапкершілікке құқық қорғаушының әлеуметтік желідегі жеке басылымдарындағы зорлық-зомбылық құрбандары және құрбандарға ақша жинау туралы тергеумен расталмаған ақпараттар себеп болған [88].

28 желтоқсан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері көлік парктеріне берілетін субсидияны алып тастамауды талап еткен такси жүргізушілерінің шеруіне келісуден бас тартты. Алматы билігі акцияны ұйымдастырушылар «толық емес ақпарат берді» деп мәлімдеді. Шымкент әкімдігі такси жүргізушілерінің акция туралы хабарлама жібермегенін мәлімдеді. Елорда билігі жүргізушілерге себебін көрсетусіз бас тартты[89].

28 желтоқсан, Астана қаласы, жалғасып жатқан DdoS- шабуылдарына байланысты ҚазТАГ техникалық мамандары Қазақстаннан басқа барлық елдер үшін агенттіктің сайтына кіруді жабу туралы шешімді үш күн бұрын қабылдады. Бұл, шабуылдардың негізгі легі шетелден келетіндігімен байланысты [90].

28  желтоқсан, Астана қаласы, журналист Асхат Ниязов өзінің әлеуметтік желілеріне жасалған шабуыл туралы хабарлады: «Менің әлеуметтік желілерімде оғаш нәрселер болып жатыр. Дәл осы кезде жұбайым мен әріптесім Назымгүлдің Instagram желісіндегі аккаунттары бұғатталды. Түнде менің Telegram-каналыма шабуыл жасалды» [91].

29 желтоқсан, Алматы қаласы, ҚР ҚК 194-бабы бойынша 7 жылға сотталған алматылық журналист- В. Северный «аса ірі көлемде бопсалау ісі» бойынша үкімге наразылық білдіріп, тергеу изоляторында аштық жариялады [92].

29 желтоқсан, Астана қаласы, «West Oil Software» жұмысшыларының ереуіліне қатысты тәуелсіз кәсіподақ өкілдері мен бірқатар министрліктер және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің келіссөздері еш нәтиже бермеді. Жұмысшылар шешім қабылдауға құзіреті бар  мемлекеттік қызметкерлерді талап етуде [93].

29 желтоқсан, Алматы қаласы, апелляциялық сот ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, наразылық акцисына қатысқаны үшін, 25 желтоқсанда 15 тәулікке қамауға алынған белсенділер – А.Шәріпжан мен Р.Мұхтаровқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды [94].

29 желтоқсан, Алматы әкімдігі «NeMolchiKZ» қорының басшысы Д.Смаилованы қолдауға арналған митинг өткізуден бас тартты. Шенеуніктер бас тартуда, 7 қаңтарда Ш.Уәлиханов атындағы саябақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүретінін, дәл осы күнге «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы саябақта «мәдени іс-шаралардың» жоспарланғанына сілтеме жасаған [95].

29 желтоқсан, Алматы қаласы, Ғ. Жуаспаев, саяси астарлы істер бойынша сот процестеріне қатысумен танымал адвокат, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Алматының аудандық соты оның үстінен жеке үкімді, биылға екінші рет, шығарды. Абай облысының Адвокаттар алқасы бір ай ішінде сотқа жауап беруі керек [96].

30 желтоқсан, Астана қаласы, журналист А.Ниязов өзінің Telegram-каналына кіруге тыйым салынғанын хабарлады. «Біз түні бойы каналға шабуыл жасалатынына дайындалдық, ал олар менің каналдағы нөмірімді бұзды. Болды, мен енді «Обожаю» Telegram-каналының иесі емеспін», – деп хабарлады А.Ниязов [97].

30 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, У.Тұрдиева, құқық қорғаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабы «тәртіп сақшысының заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» бойынша хаттама толтырылды [98].

30 желтоқсан, Астана қаласы, Н.Қажығалиев, сот белсендіні ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабына сәйкес, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған «бейбіт жиналыс өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағылды. 2023 жылы 17 наурызда белсенді Еуроодақтың Астанадағы өкілдігі кеңсесінің алдында плакатпен тұрды, онда «саяси тұтқындарды» босатуды талап еткен [99].

30 желтоқсан, Маңғыстау облысы, «West Oil» мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары 21 күннен бері ереуілде. Олар Қазақстан билігіне кезекті үндеуін жазды. Онда Астанаға өз өкілдерін жібергендерні, бірақ билік олармен кездескісі келмейтіндігін мәлімдеді[100].

 

 

 

[1] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/surovyj-prigovor-lideru/

[2] https://kaztag.kz/ru/news/frankenshteynom-nazvali-novyy-zakon-o-mass-media-eksperty-kazakhstana

[3] https://masa.media/ru/site/feminita-podala-uvedomlenie-o-provedenii-9-dekabrya-mitinga-v-almaty

[4] https://respublika.kz.media/archives/111044

[5] https://bureau.kz/novosti/vashe-grazhdanstvo-nashi-problemy/

[6]https://www.amnesty.org/en/documents/eur57/7495/2023/en/?fbclid=IwAR2DqA6lLO69AwuqUGEHzbhnGrt0MY-4gRAXXYvkqlofVsfCYnZl1VtDMas

[7] https://rus.azattyq.org/a/32713421.html

[8] https://rus.azattyq.org/a/32713392.html

[9] https://rus.azattyq.org/a/32712830.html

[10] https://orda.kz/burjatskaja-zhurnalistka-baltatarova-reshila-pokinut-kazahstan-379894/

[11]https://www.facebook.com/zhan.kunserkin/posts/pfbid02FPJVmRyTJt7QUaYX7v5tq8FemQuXN6BLhatSbcwZWA63SccMTFQPP6PN8Yus3SFdl

[12] https://rus.azattyq.org/a/32715662.html

[13] https://rus.azattyq.org/a/32715532.html

[14] https://bureau.kz/novosti/likvidirovan-fond-pomoshhi/

[15] https://orda.kz/zaschita-osuzhdennogo-oppozicionera-marata-zhylanbaeva-obzhaluet-prigovor-379934/

[16] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-human-rights-hrw-hugh-williamson-inteview/32712980.html

[17] https://t.me/AdalSotKz/1672

[18] https://rus.azattyq.org/a/32718805.html

[19] https://bureau.kz/novosti/voditeli-taksi-zabastovali/

[20] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3701183690200887/

[21] https://rus.azattyq.org/a/32720843.html

[22] https://rus.azattyq.org/a/32719904.html

[23] https://t.me/RadioAzattyq/16323

[24] https://rus.azattyq.org/a/32722058.html

[25] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobodi-slova-v-kazahstane-s-07-po-14-dekabrya-2023-g.html

[26] https://t.me/protenge/2562

[27] https://rus.azattyq.org/a/32723586.html

[28] https://www.youtube.com/watch?v=TtYkDjOJzPc&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[29] https://rus.azattyq.org/a/32722512.html

[30] https://rus.azattyq.org/a/32722246.html

[31] https://rus.azattyq.org/a/32725967.html

[32] https://t.me/kursivmedia/20420

[33] https://rus.azattyq.org/a/32728532.html

[34] https://vlast.kz/novosti/57945-zabastovku-rabocih-west-oil-software-priznali-nezakonnoj-no-bastuusie-otkazyvautsa-rashoditsa.html

[35] https://rus.azattyq.org/a/32729148.html

[36] https://rus.azattyq.org/a/32729291.html

[37] https://masa.media/ru/site/bastuyushchie-rabotniki-west-oil-software-obratilis-za-pomoshchyu-k-deputatam

[38] https://rus.azattyq.org/a/32728406.html

[39] https://rus.azattyq.org/a/32730968.html

[40] https://rus.azattyq.org/a/32730288.html

[41] https://respublika.kz.media/archives/111667

[42] https://www.youtube.com/watch?v=4xF-Gbjfoew&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[43] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobodi-slova-v-kazahstane-s-14-po-21-dekabrya-2023-goda.html

[44] https://rus.azattyq.org/a/32732082.html

[45] https://rus.azattyq.org/a/32732430.html

[46] https://rus.azattyq.org/a/32731986.html

[47] https://rus.azattyq.org/a/32731982.html

[48] https://rus.azattyq.org/a/32731876.html

[49] https://bes.media/news/kpch-oon-vynes-reshenie-protiv-kazahstana-po-snyatiyu-s-vyborov-asi-tulesovoj-iz-za-rashozhdeniya-v-deklaracii-na-78-tiyn-3807

[50] https://respublika.kz.media/archives/111959

[51] https://vlast.kz/novosti/58017-ese-19-bastuusih-rabotnikov-west-oil-software-uvoleny.html

[52] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-zhetibai-oilworkers-on-strike/32732627.html

[53] https://rus.azattyq.org/a/32733349.html

[54] https://rus.azattyq.org/a/independence-day-almaty-feature-16-12-2023/32733291.html

[55] https://respublika.kz.media/archives/112089

[56] https://rus.azattyq.org/a/32734202.html

[57] https://rus.azattyq.org/a/32735471.html

[58] https://rus.azattyq.org/a/32738936.html

[59] https://rus.azattyq.org/a/protsess-na-aruahami-verhovnyy-sud-ne-opravdal-posmertno-osuzhdyonnyh/32738096.html?fbclid=IwAR0MG2DcFFDbfIx7v-Wo5-Iu2RqQzIiWLlAVFUEUrYxbfLQhiQGJfdK8RS4

[60] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3706817036304219/

[61] https://rus.azattyq.org/a/32740617.html

[62] https://rus.azattyq.org/a/32743032.html

[63] https://vlast.kz/novosti/58061-po-zabastovke-rabocih-west-oil-software-nacato-rassledovanie-po-dejstviam-provociruusim-k-prodolzeniu-nezakonnoj-zabastovki.html

[64]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02bsBwEZ25yiNecnxbU6bunicujE1JmXqxfrPixUsMNQuycUFpCwRnv3KcvmQzxtHHl

[65] https://rus.azattyq.org/a/32741740.html

[66] https://mediazona.ca/news/2023/12/21/kislitsin

[67] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3708914182761171/

[68] https://t.me/rasaitam/311

[69] https://www.azattyq.org/a/32742793.html

[70] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobodi-slova-v-kazahstane-s-14-po-21-dekabrya-2023-goda.html

[71] https://rus.azattyq.org/a/32744678.html

[72] https://rus.azattyq.org/a/32741608.html

[73]https://www.youtube.com/watch?v=tcoQ2cX_jVw&ab_channel=DINARION%23%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D1%83%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B0

[74] https://vlast.kz/novosti/58104-akimat-almaty-snova-otkazal-feministkam-v-provedenii-marsa-i-mitinga-8-marta.html

[75] https://rus.azattyq.org/a/movement-against-china-s-internment-camps-tries-to-become-a-party-in-kazakhstan/32744541.html

[76] https://orda.kz/delo-nemolchikz-pochemu-dina-tansari-zaprosila-politicheskoe-ubezhische-v-evrope-i-chto-budet-s-ee-fondom-380597/

[77] https://ulysmedia.kz/news/24564-zabastovka-west-oil-software-rabochie-zaiavili-chto-poedut-k-premer-ministru-v-astanu/

[78] https://vlast.kz/novosti/58106-policia-privlekla-k-otvetstvennosti-perekryvavsih-ulicu-zitelej-zilogo-kompleksa-v-almaty.html

[79] https://vlast.kz/novosti/58110-troih-aktivistov-dvizenia-oyanqazaqstan-vyzvali-na-dopros-v-policiu.html

[80] https://rus.azattyq.org/a/32746717.html

[81] https://rus.azattyq.org/a/32746842.html

[82] https://rus.azattyq.org/a/32747951.html

[83] https://t.me/kursivm/20689

[84] https://vlast.kz/novosti/58163-sledstvie-hodatajstvuet-ob-areste-diny-smailovoj.html

[85] https://kaztag.kz/ru/news/srazu-shest-ugolovnykh-del-rassleduyut-protiv-glavy-fonda-ne-molchi-kz-diny-smailovoy

[86] https://rus.azattyq.org/a/32748843.html

[87] https://orda.kz/dina-tansari-menja-razyskivajut-iz-za-prosby-o-politicheskom-ubezhische-380808/

[88] https://rus.azattyq.org/a/32750679.html

[89] https://kz.kursiv.media/2023-12-28/zmzh-taxi-akimat/

[90] https://kaztag.kz/ru/news/kasatelno-problem-s-dostupom-k-saytu-kaztag-iz-za-rubezha

[91] https://kaztag.kz/ru/news/zhurnalist-askhat-niyazov-soobshchil-ob-atake-na-ego-sotsialnye-seti

[92] https://mediazona.ca/news/2023/12/29/severny-hungerstrike

[93] https://vlast.kz/novosti/58203-peregovory-nezavisimyh-profsouzov-s-gosorganami-v-astane-po-zabastovke-rabocih-west-oil-software-prosli-bezrezultatno.html

[94] https://vlast.kz/novosti/58196-sud-otklonil-apellacii-na-arest-aktivistov-oyan-qazaqstan.html

[95] https://rus.azattyq.org/a/32752336.html

[96] https://www.youtube.com/watch?v=uC42KfD4QGE&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[97] https://kaztag.kz/ru/news/khakery-ukrali-dostup-k-telegram-u-zhurnalista-askhata-niyazova

[98] https://www.facebook.com/100052825281606/videos/2134846813523147/

[99] https://rus.azattyq.org/a/32754291.html

[100] https://rus.azattyq.org/a/32754980.html

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.