2 желтоқсан, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Семей, Өскемен, Павлодар, Петропавл және Астана қалаларындағы жергілікті билік өткен уақытты және уақыт белдеулерін қайтару үшін жарияланған бейбіт митингілерден бас тартты. Бас тартудың себептері әртүрлі: бір жерлерде басқа іс-шаралар жоспарланған, бір жерлерде регамент дұрыс құрылмаған [1].
2 желтоқсан, #НеМолчиKZ Тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қоры Қазақстан Ішкі істер министрлігінің қысымына байланысты жабылу алдында тұрғанын хабарлады. Бұл туралы ұйымның басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смаилова) Telegram-арнасында хабарлады [2].
2 желтоқсан, Алматы қаласы, Украиналық және Ресей азаматы Евгений Наказненкоға Қазақстаннан баспана беруден бас тартылды, «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы іс материалдарын жан-жақты зерделеп, арызданушының уәждерін тыңдап, комиссияның 2024 жылғы 28 қарашадағы №12 ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдады», — делінген қаулының көшірмесінде[3].
3 желтоқсан, Астана қаласы, «Мемлекет ҮЕҰ-ды қауіп емес, серіктес ретінде көруі керек», — деді «Құқықтық медиа орталығының» директоры Диана Окремова[4].
4 желтоқсан, Талдықорған қаласы, Д.Мұхаммедкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405 б., 7 жыл бас бостандығынан айырылған, 2 тәулік уақытша ұстау изоляторындағы суық карцерде, жылы киімсіз бетон еденде ұстаған, ол наразылық белгісі ретінде қабырғаларға қанмен жазу жазған, оны қайтадан «сындыруға» тырысуда. Думан наразылық ретінде «қолына, ішіне, тамағына терең кесік жасап, жазалау камерасының қабырғаларына қанмен «Оян Қазақ» деп жазды» [5].
4 желтоқсан, Алматы қаласы, бір сағаттық белдеу қазақстандықтарға кері әсер етеді деген әлеуметтану мен статистикаға негізделген уәждерді оны жоюды жақтаушылар баспасөз мәслихатында айтты. Олардың пайымдауынша, біртұтас уақыт белдеуіне көшу қазақстандықтардың денсаулығына кері әсер етіп қана қоймай, тұтыну деңгейін төмендетіп, қылмыс деңгейін арттырады [6].
5 желтоқсан, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы әкімдігінің жанында аймақ басшысымен кездесуден бас тару алғаннан кейін, ер адам өзін-өзі өртеп жіберген. Ақтау полициясы өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады[7].
5 желтоқсан, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» мердігер ұйымының «Бұрғылау жұмыстары басқармасының» жұмысшылары ереуілдерін тоқтатты. Жұмысшылар қудаланбайды және оларға 100 пайыз жалақы төленеді деген келісім жасалды[8].
5 желтоқсан, Астана қаласы, басына орамал жапқан қыздардың ата-анасы балаларын сабаққа жібермеген мектепке қарсы сотта жеңіп шықты. Жоғарғы Сот апелляциялық сот алқасының тұжырымдарымен келісті, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып саналады (АААС шешімі бұзылып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды) [9].
5 желтоқсан, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚБЖК) сотталған журналист Д.Мұхаммедкәрімді Талдықорғандағы тергеу изоляторынан Алматы облысындағы түзеу колониясына ауыстыруға әрекеттеніп, өзін-өзі кесіп тастады деген адвокаттың сөзін жоққа шығарды. ҚАЖ Мемлекеттік қызметінің мәлімдемесінен кейін, адвокат Ғ.Нұрпейісов қорғауындағы азаматтың денесінен кесілген іздерді өзі көргенін «Власти» тілшісіне хабарлады[10].
5 желтоқсан, Өскемен қаласы, Леонид Карташев — уақыттың өзгеруіне қарсы өткен рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырушылардың бірі , бүгін әкімдік қызметкерлерімен жағымсыз әңгімелесуге түсті, жалғыз әскери зейнеткерге, кемінде жеті адам қарсы шықты[11].
5 желтоқсан, Астана қаласы, Әмбебап мерзімді шолу (UPR) аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қазақстанның баяндамасына дайындалған балама есептерді ұсыну және талқылау аяқталды. Астанада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қазақстан Республикасының есеп беруі қарсаңында азаматтық қоғамның баяндамасын талқылау барысында әйелдер құқығы, халықтың осал топтарының құқықтары, еңбек және тұрғын үй мәселелері, қоғамдағы жалпы адамгершіліктің жоқтығы талқыланды[12].
5 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығындағы жағдайына шолу. Мониторингті «Әділ сөз» қоры дайындады, ақпарат ашық көздерден алынды[13][14].
5 желтоқсан, Алматы қаласы, қалалық әкімдік Жәмила Бурабаеваның жеке пикет өткізуіне рұқсат беруден екі рет бас тартты, бірінші рет төтенше жағдай режимін, екінші рет жарияланған жердің стратегиялық нысандардың жанында орналасқанын алға тартумен. Алайда көрсетілген орындарда мұндай нысандар мүлде жоқ, ал Алматыда төтенше жағдай режимі енгізілмеген[15].
6 желтоқсан, Алматы қаласы, «Омбудсмен А.Ластаевтан үміт үзілді /жоқ… ол, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен сақталуын ойламайтын әдеттегі шенеунік болып шықты. Ол және оның 121 адамы немен айналысып жатқанын, мен түсінбеймін. Немен айналысады? Кім айта алады? Олардың бюджеті керемет»,-деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина[16].
6 желтоқсан, Шығыс Қазақстан облысы, Маралды ауылының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысына наразылық білдіруде, себебі қолданылатын технологиялар табиғат әлеміне зиянын тигізеді. Бұл аймақты қызыл кітапқа енген жануарлар, құстар, балықтар мен өсімдіктер мекендейді[17].
6 желтоқсан, Астана қаласы, сот қызметкерлерінің «әрекетсіздігіне» қатысты Жоғарғы Сотқа шағым түсірген бір топ қазақстандықтың талап-арыздарын қабылдамаудың себебі туралы сот хабарлады[18].
6 желтоқсан, Өскемен қаласы, белсенділерге ел уақытын біртұтас уақыт белдеуіне көшіруге байланысты бейбіт жиын өткізуге бірнеше рет рұқсат берілмеді. Ол жерде іс-шаралар өтеді деген желеумен, оларға 13 желтоқсанда митинг өткізуге тыйым салынды[19].
9 желтоқсан, Алматы қаласы, діни санатынан айырылған иеромонах Иаков Воронцов, Кремль саясатын, Украинадағы соғысты және Орыс православ шіркеуінің басшылығын сынап, Қазақстанды ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға шақырған, оған қарсы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша – әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады[20].
9 желтоқсан, Семей қаласы, әкімшілік соттың отырысы белсенді Е.Досановтың айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуды заңсыз деп тану және Затон полициясы бөлімінің сот орындаушылары мен полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша жеке қаулылар шығару туралы талап арызын қанағаттандырумен аяқталды [21][22].
9 желтоқсан, «Құқықтық медиа орталық» қоры адам құқықтарын өлшеу бастамасы (HRMI) жобасын аяқтағанын хабарлады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша: лайықты өмір сүру деңгейіне құқықтың сақталуы – 82,7%, бұл Орталық Азия елдері арасындағы орташа деңгейден төмен. Ережесіз қамауға алудан, азаптаудан және басқа да құқық бұзушылықтардан қорғау құқығы 10-нан 6,4 баллмен бағаланды. Азаматтық және саяси бостандықтардың деңгейі 10-нан 3,5 баллды құрады, бұл олардың әлсіз орындалуын көрсетеді [23].
9 желтоқсан, Астана қаласы, әкімшілік соты 9 азаматтың ҚР Бас прокуроры Б.Асыловқа шағымдардың дұрыс қаралмағанын заңсыз деп тану, жеке кездесуге қабылдаудан бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты[24].
10 желтоқсан, Астана қаласы, саяси тұтқындарды қолдауға арналған бейбіт пикет кезінде белсенді Е.Бекзадина ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша, 5 АЕК 18 460 теңге (35 доллар) көлемінде айыппұл салынды[25].
10 желтоқсан, Талғар қаласы, марқұм Шерзат Болаттың отбасына көмек көрсетіп жүрген құқық қорғаушы Айтбек Амангелді өлтірілген жасөспірімнің ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты мәліметтерді айтты. Амангелді А.-ның айтуынша, қорғаушылар мен отбасы мүшелері медициналық қорытынды алған, оған сәйкес Н.Ғайыпбаевтың өлімі асу немесе тұншықтыру салдарынан болған асфиксиядан туындаған[26].
10 желтоқсан, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, бұған дейін екі рет өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне себеп болған сот процесі өтіп жатыр, қазір азаптау қолдану фактісі бойынша іс қозғалды. 10-ы желтоқсандағы Халықаралық адам құқықтары күні, ел аралық есірткі саудасын ұйымдастырды деп айыпталған сотталушы Елизавета Терентьева сот отырысында тамырын кесіп тастады, осылайша өзіне тағылған айыптарға, және судья М.Тохтахунов төрағалық еткен сот процесіне де наразылығын білдірді[27].
11 желтоқсан, Степногорск қаласы, №4 мекеме, М.Жыланбаев, ҚР ҚК 258, 405 б., 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Аштық акциясын жалғастырып жатқан М.Жыланбаевтың жағдайы нашарлады. Оның қызы Асия Жыланбаева әкесінде брадикардия белгілері болғанын, яғни жүрек соғысының баяулағанын хабарлады[28].
11 желтоқсан, Алматы қаласы, А.Мүбараков, ҚР ҚК-нің 272-бабы, өзінің саяси қуғынға ұшырауына наразылық ретінде аштық жариялады. А.Мүбараков Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум қарсаңында «жаппай тәртіпсіздіктер» және мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген жалған және жасырын қылмыстық істің шеңберінде тұтқындалған[29].
11 желтоқсан, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық соты өлтірілген жасөспірімнің әкесі Қ.Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп танып, 15 тәулікке қамауға алды. Оның әпкесі С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 20 АЕК (шамамен 150 доллар) көлемінде айыппұл салынды. Оның немере әпкесі Б.Реймованы азаматтығы жоқ болғандықтан (ол Қарақалпақстаннан) кейін депортациялаумен, 15 тәулікке қамауға алуға сот шешім шығарды. Оның әрекеттерінде митингіге шақыру бар (ол ағасының жерлеу рәсімінде тікелей эфир жүргізген) [30].
11 желтоқсан, Талғар қаласы, марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаттары бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайы туралы айтты. Қорғаушы тарап Қ.Нұрымовтың полиция қызметкерлеріне шабуыл жасамағанын, бірақ ауыр эмоционалды жағдайда болғанын, бауыры қайтыс болғаннан кейін бірнеше күн бойы тамақ ішпеген және ұйықтамағанын айтты[31].
11 желтоқсан, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, белсенді Нұрболат Базарбекұлы «Kaz Green Energy» ЖШС бас директоры В.Сибагатуллинге 100 мың теңге төлеп, көпшілік алдында кешірім сұрауы қажет. Соттың өтуіне алапкердің Facebook парақшасындағы суретін Нұрболаттың тәлеуметтік желіде жариялауы себеп болды[32].
11 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Ұ.Тұрдиеваның ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген күдікпен хаттаманың күшін жою туралы арызы бойынша сот отырысы өтті. Сот үкім шығарды: хаттаманың күшін жою туралы шағымды қанағаттандырусыз қалдыру[33].
11 желтоқсан, Қызылорда қаласы, Қаныш Бесқұлақов, 5 желтоқсан күні ақ түсті Нива көлігіндегі полиция қызметкерлері өздерін таныстырмастан, көлікке күштеп отырғызып, қалалық ішкі істер бөліміне алып кетті. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 2-бөлігі бойынша жалған айып тағылды[34].
11 желтоқсан, Алматы қаласы, жарияланған митингілер қарсаңында полиция қызметкерлері Н.Жұманиязоваға келді, олар ертең сағат 9-да Алатау аудандық пробация бөліміне келуді талап етті [35].
11 желтоқсан, Алматы қаласы, «Сириядағы соңғы жаңалықтар Қазақстан билігіне дүрбелең мен үрей тудырды. Біз «сенімсіз» жазбаларды өшіру мақсатында профилактикалық әңгімелесу үшін белсенділердің ұсталғаны туралы ақпарат ала бастадық, мұнда белсенділерді 5-6 қылмыстық баппен және қамауға алумен қорқытуда», — деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина[36].
12 желтоқсан, Астана қаласы, Қазақстанның бұрынғы президенттері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жатады. Заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді[37].
12 желтоқсан, Астана қаласы, белсенді Амангелді Жахиннің түрмеде отырған М.Жыланбаевтың өмірі, денсаулығы және заңды құқықтарына қатысты омбудсмен А.Ластаевқа өтініші[38].
12 желтоқсан, Алматы облысы, Талғар қаласы, «Полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп жазды адвокат Қаймақов[39].
12 желтоқсан, Алматы қаласы, Exclusive.kz сайты баяу және қателермен жұмыс істей бастады. Оған 11 желтоқсандағы «Есекеев Тоқаевтың атынан қалай бұйрық береді» деген материалдың қалыптан тыс ағыны себеп болды[40].
12 желтоқсан, Астана қаласы, Мәңгілік Ел және Қонаев көшелерінің қиылысында «Шерзат үшін» («За Шерзата») деген жазумен плакат ұстаған ер адам шықты. Кейін куәгерлердің айтуынша, ер адамды полиция қызметкерлері ұстады[41].
12 желтоқсан, «Шекарасыз репортерлар» ұйымы 2024 жылғы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады, онда Қазақстан бір жыл бұрынғы 134-орыннан 180 елдің ішінде 142-орында. Бұған «Шекарасыз репортерлар» ұйымы журналисті заңсыз ұстау деп бағалаған бір оқиға себеп болды. Киевте журналист Айдос Садықовтың өлтірілуі «Қазақстанның тапсырысы» деп аталды[42].
13 желтоқсан, Қонаев қаласы, Алматы облыстық сотының апелляциялық шағымы өлтірілген Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты 15 тәулікке қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды[43].
13 желтоқсан, Астана қаласы, Қазақстан Әділет министрлігі Ресей Федерациясының Әділет министрлігімен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу саласында өзара іс-қимыл жасайды. Құқық қолдану тәжірибесі бойынша, сондай-ақ осы саладағы заң шығару үдерісі бойынша тәжірибе және нормативтік құқықтық актілер мәтіндерімен алмасу туралы болып отыр деп хабарлайды «Власть» интернет-ресурсы[44].
13 желтоқсан, Астана қаласы, Н.Өнерхан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 6-бөлігі, 667-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алынды. Себеп: Н.Өнерхан 2024 жылдың 20 қарашасында партияны тіркеу үшін құжаттарды тапсыруға қатысу үшін Әділет министрлігіне келген кезде заң талаптарын бұзды[45].
13 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 5-13 желтоқсан аралығындағы жағдайына шолу. Мониторингті «Әділ сөз» қоры дайындады, ақпарат ашық көздерден алынды[46][47].
13 желтоқсан, Астана қаласы, 2024 жылғы 16 желтоқсандағы бейбіт шерулер алдындағы қудаланған белсенділердің тізімі. Жарияланған бейбіт шерулер алдында белсенділерді алдын алып саяси қудалау [48].
14 желтоқсан, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, белсенді У.Тұрдиева, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды[49].
15 желтоқсан, Астана қаласы, С.Қаңтарбаева, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы, 1-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алу. Сот үкімінде 2024 жылдың 20 қарашасында белсендінің Әділет министрлігі ғимаратында «полицияның заңды бұйрығына қарсылық көрсетіп, орындамағаны» айтылған[50].
15 желтоқсан, Қазақстанда Алматыда және басқа қалаларда митингілер туралы фейктердің қалыптан тыс өсімі тіркелді, деп хабарлайды «TSARKA» кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы: «Осы аптаның басынан бері Орталық әлеуметтік желілерде қалыпты емес белсенділікті тіркеді. Талғардағы қайғылы оқиғаны талқылауға. Алматыдағы және басқа қалалардағы митингілер туралы қаңтар оқиғасының ескі видеоларынан монтаждалған фейктер пайда болды»[51].
15 желтоқсан, Ақмола облысы, Шортанды ауылы, А.Жахин, 16 желтоқсанға жарияланған митинг қарсаңында, митинг өткізу ережелері туралы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігімен 12 тәулікке қамауға алынды[52].
16 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлауда. Дата қарсаңында полицейлер күшейтілген тәртіпке көшті. Еліміздің бірнеше өңірінде бірқатар саяси белсенді азаматтар ұсталды. Олар әртүрлі айыптар бойынша бес күннен 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Бұл ретте Қазақстандағы интернет қолданушылары қосылу жылдамдығының төмендегеніне шағымдануда[53].
16 желтоқсан, Алматы қаласы, 2024 жылдың 16 желтоқсанында жарияланған жалпыұлттық митингі қарсаңында әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынғандардың тізімі[54].
17 желтоқсан, Астана қаласы, талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы сотта жеңіліп қалды. Ол төтенше жағдай аймақтарына бөлінген квота бойынша мемлекеттік гранттарды бөлу туралы бұйрықты даулап, мұндай гранттарды бөлудің заңсыздығын мәлімдеген болатын[55].
17 желтоқсан, Алматы қаласы, прокуратурада видео түсіріп жүрген белсенділер Дамир Көшеев пен Антон Князев, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қалалық прокуратура ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Белсенділер сот қызметкерінің жол ережесі тәртібін бұзуын телефонға түсіріп алған[56].
18 желтоқсан, Астана қаласы, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, адвокат Серікжан Ахметжановтың уақытты өзгерту туралы қаулының күшін жоюды талап еткен Қазақстан үкіметіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартты[57].
18 желтоқсан, Ақтау қаласы, облыс әкімдігі ғимаратының маңында өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Күні бойы «lada.kz» журналистері облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне, сондай-ақ облыстық аурухана өкілдеріне хабарласуға тырысты. Алайда телефон қоңыраулары мен жазбаша хабарламалға жауап жоқ[58].
18 желтоқсан, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, «Қазақмыс» кәсіпорнында ереуіл басталды. «Оңтүстік Қазақстан» кенішінің Nº65 шахтасында 250-ден астам адам төменге түсті, бірақ жалақыны ұлғайтуды талап етіп, жұмысқа кірісуден бас тартты[59].
18 желтоқсан, Алматы қаласы, әкімі Е.Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарманың неліктен әлеуметтік желілер мен журналистердің жарияланымдарын қадағалау қызметтеріне тапсырыс беріп, бюджет қаражатын соған жұмсайтынын түсіндірді. «Бізге мұндай зерттеулер қажет»,- деп мәлімдеді әкім[60].
19 желтоқсан, Талдықорған қаласы, полицейлер Талдықорғандық музыкант Кәрім Асылбековке, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша, Шерзат Полат өлтірілген, Талғар оқиғасына арналған рэп орындағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Полицейлер Қ.Асылбековтің рэп сөздерінен «әдепсіз тіл» тапты [61].
19 желтоқсан, Алматы қаласы, «Айдар Мүбараковтың Алматы уақытша ұстау изоляторындағы аштық акциясы 20 күннен бері жалғасып жатыр. Оның жағдайы қайғылы жағдайға жақын. Ашаршылықтан зардап шеккен адамның асқазанының 60% жетіспеуі жағдайды қиындатады. Жақын туыстарының онымен кездесуіне рұқсат жоқ, себебі Алматы қаласы ПД тергеушісі Р.Усеров Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұза отырып, негізсіз оларды қоғамдық қорғаушы ретінде мойындағысы келмейді. Барлық өтініштер ескерілмейді», — деп хабарлады адвокат Е.Қахаров [62].
19 желтоқсан, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 12-19 желтоқсан аралығындағы жағдайына шолу. Мониторингті «Әділ сөз» қоры дайындады, ақпарат ашық көздерден алынды[63][64].
19 желтоқсан, Семей қаласы, WhatsApp желісіндегі топта митингі туралы жазғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуге, Р. есімді әйелге үкім шығарылды. Сотпен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, 488-бабының 7-бөлігі бойынша тиісінше 73 840 теңге және 184 600 теңге әкімшілік айыппұл өндіру туралы шешім қабылданды[65].
19 желтоқсан, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар баспасөз мәслихатында Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы нашарлап кеткенін, түрмелер мен тергеу изоляторларындағы саяси тұтқындарды ұстау жағдайлары азаптаумен тең келетінін мәлімдеді. Тұтқындардың арасында М.Жыланбаев, Д.Мұхаммедкәрім және А.Мүбараков бар[66].
19 желтоқсан, Талдықорған қаласы, Д.Мұхаммедкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405 б., 7 жыл бас бостандығынан айырылған, Талдықорғаннан Қызылордаға этаппен жеткізілді. Адвокат Ғ.Нұрпейісов сотталғанның жазасын туыстарының тұрғылықты жері бойынша колонияда өтеуі тиіс екенін, Д.Мұхаммедкәрімнің құқығы бұзылғанын хабарлады [67].
20 желтоқсан, Жезқазған қаласы, «Қазақмыс» корпорациясының ереуілге шыққан кеншілері күш құрылымдарының қысымы жайында өтінішпен президент Қ.Тоқаевқа жүгінді [68].
20 желтоқсан, Алматы қаласы, түнде белгісіз хакерлер «Республика.kz.media» сайтының серверін бұзды. Шабуылшылар ресурс базасының дерекқорын толығымен жоюға әрекеттенді. 2024 жылдың 20 желтоқсанында оқырмандар медиа порталға кіре алмады [69].
20 желтоқсан, Астана қаласы, Бас прокуратура «QirSabyn» анонимді Telegram арнасының әкімшілерінің бопсалады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандар «компроматтық сипаттағы жалған ақпаратты жариялаймын деп қорқытып» ақша бопсалады деген күдікке ілінді [70].
20 желтоқсан, қазақстандықтардың жартысынан көбі (53,1 пайыз) біртұтас уақыт белдеуіне көшуді қолдамайды, деп хабарлайды «Demoscope» қоғамдық пікірді бақылау бюросы. Сауалнама 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында еліміздің 17 өңірінде жүргізілді[71].
20 желтоқсан, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, «Бизнес пресс» газетінің журналисі М.Сушкоға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша, істі сот аяқтады. Сот құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты істі тоқтату және заңда белгіленген тәртіппен оңалту құқығын беру туралы ұйғарым шығарды[72][73].
20 желтоқсан, Астана қаласы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда нағыз сөз бостандығы бар және мұның аргументі ретінде — журналистерді шексіз сынау және шенеуніктерге ашық хейт көрсетуді санайды[74].
20 желтоқсан, Қарағанды қаласы, «ASIA FERROALLOYS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №9 цехының түнгі ауысымының 40-қа жуық жұмысшысы еңбекақыны көтеруді талап етіп, кәсіпорын басшылығына жүгінген. Бас тартудан кейін 20 жұмысшы өз міндеттерін орындауды тоқтатты [75].
20 желтоқсан, Алматы қаласы, ұзақ уақыт бойы «діни және саяси көзқарастары үшін қуғынға ұшыраған» православ иеромонахы Яков (Владимир Воронцов) оның мәлімдемелерінің тек сылтау екенін, ал нақты себебі- діни қызметкердің елде тәуелсіз шіркеу ашуына жол бермеу екенін, сұхбатында хабарлады[76].
20 желтоқсан, Алматы қаласы, Н.Айтеленова, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде Түрксіб аудандық полиция бөліміне шақырылды[77].
21 желтоқсан, Астана қаласы, белгілі сарапшы Ж.Жандосова «Әсіресе ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары өсіп келеді және сыбайлас жемқорлықты тек азаматтық белсенділердің күшімен жою мүмкін емес. Саяси ерік қажет» екенін хабарлады[78].
21 желтоқсан, Алматы қаласы, BES.media бас редакторы Серікжан Мәулетбайдың мәлімдемесі: «BES.media нарықта 2,5 жыл жұмыс істеп келеді және тек осы уақыт ішінде біз БАҚ-тағы жағдайдың күннен-күнге нашарлап бара жатқанын байқадық» [79].
21 желтоқсан, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың Ресей президенті В.Путинмен кездесуге сапарын әрекет деп бағалап, оны АҚШ-та дайындалып жатқан «Қазақгейт-2» қылмыстық ісімен байланыстырды[80].
21 желтоқсан, Астана қаласы, Конституциялық сот «Халықтың көші-қоны туралы» заң нормасының конституцияға сәйкестігін тексеру үшін рұқсат етілген шарттар мен мәннің жоқтығы туралы қорытындыға келді, оған сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беруді келісуден бас тарту себептерін түсіндірмеуге құқылы[81].
22 желтоқсан, Алматы қаласы, әкімшіліктің бюджет қаражатын үкіметті сынаушыларды іздеуге жұмсап жатқаны белгілі болды. Қоғамдық даму басқармасы жыл басында мемлекеттік сатып алулар арқылы ақпараттық кеңістікті бақылау қызметіне тапсырыс берді: әкімдік БАҚ пен блогерлердің билік пен Е.Досаевтың жеке жұмысын қалай бағалайтынын білгісі келген. Тендер жеңімпазы болып «Alem Research» компаниясы танылды. Әлеуметтік желілерде Алматы әкімін атап кетуді бақылау жұмысы 10 мың долларға бағаланған[82].
23 желтоқсан Алматы қаласы, белсенді А.Достияров «Эмирмед» жеке емханасы туралы интернетте жарияланған ақпаратқа байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады[83].
23 желтоқсан, Алматы қаласы, АҚмЗСЖҚХБ Орталық Азиядағы алғашқы ҮЕҰ болды, ол БҰҰ БіЖА азаматтығы жоқ адамдарды тоқтату жөніндегі жаңа жаһандық альянсына қосылды[84].
23 желтоқсан, Степногорск қаласы, құқық қорғаушысы Сәдуақасова Айя «М.Жыланбаев пен А.Сүйубаевқа арналған сәлемдемелер әлі Степногорск қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесінде жатыр. 19 желтоқсанда да, 20 желтоқсанда да, бүгін, 23 желтоқсанда да мекемеден келген көлік алып кеткен жоқ» [85].
24 желтоқсан, Алматы қаласы, 2024 жылғы мамырдан қарашаға дейінгі кезеңді қамтитын Қазақстандағы азаматтық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы саласындағы жаңа CIVICUS – Мониторлық шолу (АҚмЗСЖҚХБ қатысуымен дайындалған) шығарылды[86][87].
24 желтоқсан, Астана қаласы, 16 желтоқсандағы мереке күндері TikTok және Instagram сияқты кейбір интернет-ресурстарға қол жеткізу мәселелері техникалық ақауларға байланысты емес, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев[88].
24 желтоқсан, Алматы қаласы, қалалық сотта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Е.Сәдуақасованың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтті. Сот Е.Сәдуақасоваға қатысты Алатау аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды[89].
25 желтоқсан, Петропавл қаласы, адвокат Мейіржан Досқараев, белсенді Ж.Көпеев ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі («Жек көрушілікті қоздыру») бойынша 2024 жылдың 21 қарашасынан бері қамауда отырған ТИЗО-ға барды. Ол Ж.Көпеевтің әлеуметтік желілердегі парақшаларын тексергенін, бірақ мұнда тек тарихи тақырыптарға қатысты ақпарат болғанын және билікті құлатуға шақыру болмағанын хабарлады[90].
25 желтоқсан, Ақтөбе қаласы, әкімшілік сотында құқық қорғаушы М.Дауыловтың 2024 жылғы 30 қыркүйектегі, 2024 жылғы 29 наурыздағы Әкім аппаратының митингілерге құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді бұзатын және шектейтін № 2 қаулы түріндегі әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша сот отырысы өтті. Сот бас тарту туралы шешім шығарды[91].
25 желтоқсан, Ақтау қаласы, А.Сәрсенбаев ұсталып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Ол Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшыраған жерге ұшқышсыз дрон ұшырып, құтқару қызметінің жұмысы мен жедел-іздестіру іс-шараларына кедергі келтірген, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған[92].
25 желтоқсан, Алматы қаласы, Е.Жағыпаров пен А.Қапсалановтың өліміне қатысты сот, ағасы Нұрлан Жағыпаров сотталушы А.Әубәкіровке қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертуді сұрады. Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы А.Секенов бас тартты[93].
25-26 желтоқсан, Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған Е.Жағыпаров пен А.Қапсалановтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Куә Бақытжан Медетбеков, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі болған. Бұрынғы полиция қызметкері мәйітханада «шамамен 286» мәйіт болғанын айтты[94].
26 желтоқсан, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының мамандандырылған соты қылмыстық полиция басқармасының аға жедел уәкілдерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті[95].
26 желтоқсан, Астана қаласы, «Құқықтық медиа- орталық» директоры Д.Окремова сұраққа жауап береді: Әуе апаты болған жерді түсіруге бола ма? Және ол апаттар этика тұрғысынан журналистер үшін ең сезімтал тақырыптардың бірі екенін баса айтады[96].
26 желтоқсан, қазақстандық журналистер өз құқықтарының бұзылуына жиі ұшырайды. «Шекарасыз репортерлар» ұйымының баяндамасы осы фактіні көрсетеді: 2024 жылы Қазақстан Баспасөз бостандығы индексінде 180 елдің ішінде 142-орынға ие болды. Талдау көрсеткендей, соңғы жылдары мемлекет тарапынан БАҚ жұмысына бақылауды күшейту әрекеттері орын алған. Журналистер құқықтарының бұзылуынан қорғалмаған, олардың қызметі шектелген[97].
27 желтоқсан, Өскемен қаласы, қоғам белсендісі Леонид Карташёв бүгін Өскемен қаласының әкімшілігін уақыттың өзгеруіне қарсы митинг өткізуден көптеген бас тартқаны үшін сотқа беріп, шенеуніктерді өтірік айтты деп айыптады[98].
27 желтоқсан, Түркістан облысы, 50 жастағы Нұртай Хожанов полицейлер оны 8 ешкі ұрлады деп күдіктеніп, аяусыз соққыға жыққанын айтады. Н.Хожанов прокуратураға арызданған, бірақ дәлелдемелердің болмауына байланысты оның сөздері ұзақ уақыт бойы қабылданбаған. Тек желтоқсан айында адвокаттардың араласуынан кейін іс қозғалған [99].
27 желтоқсан, Қостанай қаласы, мәслихат депутаты М.Жабаеваның өтініші бойынша «Instagram» желісіндегі @ilovekkostanay арнасының иесі М.Джваридзеге қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша сот үкімін жариялады. Сот қаулы етті: М.Джваридзеге қатысты іс бойынша іс жүргізу, оның іс-әрекетінде құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты, тоқтатылсын[100].
27 желтоқсан, Көкшетау қаласы, полиция қызметкерлері белсенді Н.Жүсіпованы Көкшетау облысының әкімімен ашық кездесуге бара жатқан жерінде ұстады[101].
27 желтоқсан, әлеуметтік желілерде 40-тан астам қазақстандық health- блогерлер мен ықпал етушілерден Қазақстанда наурыз айында ақылы түрде қабылданған бірыңғай уақыт белдеуі туралы жақсы пікір айту және роликтер түсіру сұралғаны туралы ақпарат тарады[102].
27 желтоқсан, Алматы қаласы, «Адвокаттар Ж.Уразбахова мен Ғ.Бекитаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі[103].
28 желтоқсан, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, адвокат Г.Жуаспаева: «Қаңтар-2022» аясындағы жаппай азаптаулар бойынша сот тәжірибесі туралы пікірталасқа маған сөйлеуге рұқсат етілмеді[104].
28 желтоқсан, Астана қаласы, журналист Е.Молчанов пен белсенді Д.Базенов ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан босатылды. Қамауға алу себебі: 2024 жылдың 20 қарашасында Әділет министрлігінің ғимаратында олар партияны тіркеуге құжаттарын тапсыру кезінде мемлекеттік қызметкерге бағынбады[105].
28 желтоқсан, Алматы қаласы, «Адам құқықтары дайджесті» журналист Сергей Дувановтың пилоттық шығарылымы, Дайджест шеңберінде құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовпен адам құқығын бұзушылық, атом электр станциясын салуға қатысты референдумды қосқанда, қарсы пікірді басып-жаншу және белсенділерге қысым жағдайлары талқыланады[106].
30 желтоқсан, Алматы облысы, Заречный кенті, белсенді Қ.Қлышев, ҚР ҚК 405-бабы, 1/2 бөлігі, 5 жыл, бостандыққа шықты. «Бұдан басқа, 5 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу және 6 ай сынақ мерзімі бар. Кері санақ босатылғаннан кейін басталады», — деп хабарлады Қ.Қлышев[107].
30 желтоқсан, Алматы қаласы, АҚмЗСЖҚХБ –ға шетел азамашасы С.-ның негізгі құқықтарын қорғауға тырысып, Конституциялық сотқа екі рет жүгіну қажеттілігі туындады. Осындай жағдай- мемлекеттік шешімдердегі ашықтықтың болмауы адам құқығының бұзылуына әкеліп соғатынының жарқын мысалы болып табылады[108].
30 желтоқсан, Алматы қаласы, сот Ж.Бурабаеваның жекеше пикетті бекітуден бас тартуға қатысты әкімдікке қарсы шағымын қарады. Сот ұйғарымы: Ж.Бурабаеваның Алматы қаласы әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшесі – Қоғамдық даму басқармасына қойған талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын[109].
31 желтоқсан, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы полициясының кинологы Руслан Байсалбаев әлеуметтік желіде жазған пікірлері үшін қудалау туралы президент Қ.Тоқаевқа бейне үндеу жазып, «сервистік үлгіге көшу қажет болғанымен де, бізде әлі де жазалау жүйесі бар» деп хабарлады. Ол жұмыс істетпей қоюдан қорқады, сондықтан ол мемлекет басшысынан көмек сұрады[110].
[1] https://kaztag.kz/ru/news/v-ryade-gorodov-kazakhstana-vlasti-otkazali-v-provedenii-mitingov-za-vozvrat-vremeni-
[2] https://mediazona.ca/news/2024/12/02/nemolchi
[3] https://kaztag.kz/amp/news/delo-nakaznenko-ukraintsu-s-detstva-zhivushchemu-v-kazakhstane-ne-predostavili-ubezhishcha?fbclid=IwY2xjawG6x3RleHRuA2FlbQIxMQABHYcIZSUyjGL8k79Fbkn1PpiuMI1OVRYGfnLft-089rfxHn1neeEw86bl2w_aem__U_A8uoMXKw3zcud1ctBSw
[4]https://web.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid02HAiCoibRrRBKoudYY49LdhzaWg1rTvgY2UX8ZAY9tgp1jWDto9chF488xKo3mxjQl
[5] https://respublika.kz.media/archives/135810
[6] https://respublika.kz.media/archives/135844
[7] https://rus.azattyq.org/a/33228082.html
[8] https://rus.azattyq.org/a/zabastovka-rabochih-upravleniya-burovyh-rabot-v-zhanaozene-prekraschena/33228058.html
[9] https://kaztag.kz/ru/news/roditel-pokrytykh-devochek-vyigral-sud-protiv-shkoly-za-nedopusk-detey-k-urokam-v-kazakhstane
[10] https://vlast.kz/novosti/62970-kuis-otricaet-cto-zurnalist-duman-muhammedkarim-nanes-sebe-uveca-v-kolonii.html
[11]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0ZWfnwd4aQDS6SnSTpCwJLGHR55VuF1g1dgn4ch9utDrMwY1XW7jHyZ2HSQmg1qHPl&id=61552154072638
[12] https://bureau.kz/novosti/shag-navstrechu-otdalennoj-ere-miloserdiya/
[13] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-28-noyabrya-po-5-dekabrya-202.html
[14] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-28-noyabrya-po-5-dekabrya-2024-goda/
[15] https://bureau.kz/novosti/est-zapret-na-piket/
[16]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid09s647jSDVyy92ASMLc2vUj7NirrfajenEy8i3Z3XHJZ7W8Zb12TbNPYkGqhhBxMtl
[17]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1120352249437728&id=100043888899911&mibextid=WC7FNe&rdid=TwlOiLQhMjnNMJrW#
[18] https://kaztag.kz/ru/news/otkaz-v-iske-gruppe-kazakhstantsev-k-verkhovnomu-sudu-sud-poyasnil-prichinu-otkaza
[19]https://ratel.kz/raw/zhiteljam_ust_kamenogorska_ne_razreshajut_mirno_vyskazyvat_svoe_mnenie_o_perevode_vremeni
[20] https://respublika.kz.media/archives/135931
[21] https://t.me/AdalSotKz/2122
[22] https://t.me/AdalSotKz/2123
[23]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0EY9dQvtLudbzMFVNYSta9B8Av8qPj5o9k6zxm5LafHM2R41sUMTLAK3Ewr8Qw4val
[24] https://t.me/AdalSotKz/2124
[25] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3998510480468205/
[26] https://www.the-village-kz.com/village/city/news-city/38681-podrobnosti-o-smerti-nurganata-gaipbaeva-dyadi-ubitogo-sherzata-rasskazal-pravozaschitnik
[27] https://bureau.kz/novosti/za-granyu-nervnogo-sryva/
[28] https://rus.azattyq.org/a/marat-zhylanbaev-prodolzhaet-golodovku-v-tyurme-u-nego-simptomy-bradikardii/33237175.html
[29] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3998215727164347/
[30] https://rus.azattyq.org/a/33235622.html
[31] https://kz.kursiv.media/2024-12-11/zhrb-kz-pr-sher-zat/
[32]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid02bgUCKwBfpMkzYoJ4BoWRtKp5x8U4nj9SfBnePM9hhqLV1h7pAhH4KsCp5Vh16yvLl
[33] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3999764860342767/
[34] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4004717596514160/
[35] https://www.facebook.com/100016062038351/videos/pcb.1689563191589066/1651995659001250
[36]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02HmZ5hxPeEnVWHzqp1GPtwvcvXPFZ7GZSXiSWXbzK5wBTEuMoVZMKnZUvkNiLp5JDl
[37] https://rus.azattyq.org/a/v-kazahstane-hotyat-zasekretit-svedeniya-o-zdorove-i-lichnoy-zhizni-eks-prezidentov/33237606.html
[38] https://web.facebook.com/reel/588080643637165
[39] https://kaztag.kz/ru/news/na-ottsa-zhestoko-ubitogo-podrostka-sherzata-bolata-zaveli-ugolovnoe-delo
[40] https://exclusive.kz/ddos-ataka-exclusive-kz/
[41] https://t.me/astanovka98/13438
[42] https://orda.kz/kazahstan-upal-na-vosem-pozicij-v-rejtinge-svobody-pressy-395650/
[43] https://rus.azattyq.org/a/apellyatsionnyy-sud-ostavil-pod-arestom-karzhaubaya-nurumova-ottsa-ubitogo-v-talgara-podrostka-/33239092.html
[44] https://vlast.kz/novosti/63068-kazahstan-budet-izucat-opyt-rossii-po-regulirovaniu-deatelnosti-npo.html?fbclid=IwY2xjawHK4ExleHRuA2FlbQIxMQABHVSSyD_AAcodipjurgnW7aVYQoVfVgYOhaAfLA4qY2VbRoZozD90kCQcfw_aem_8EqcNkH5Db0YC60oDIsO6g
[45] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3999762437009676/
[46] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-5-po-13-dekabrya-2024-g-.html
[47] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-5-po-13-dekabrya-2024-goda/
[48]https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/permalink/3766004050395084/?mibextid=wwXIfr&rdid=EEXomJhP6rFeso4Z&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19nNaFLb4e%2F%3Fmibextid%3DwwXIfr#
[49] https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/user/100057951744494/
[50] https://rus.azattyq.org/a/33240440.html
[51] https://kaztag.kz/ru/news/v-kazakhstane-zafiksirovali-anomalnyy-vsplesk-feykov-o-mitingakh-v-almaty-i-drugikh-gorodakh
[52] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4001404943512092/
[53] https://rus.azattyq.org/a/33241545.html
[54]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02QZ3MS3pRsPvADiPKrUVnsVar9TZWtaEuVH19WEbu15rQVZGCvoefmFJWipotKC12l
[55] https://bes.media/news/sud-otkazal-abiturientke-osporivshey-raspredelenie-grantov-po-kvote-postradavshim-ot-pavodkov-0d3ac7/
[56] https://kaztag.kz/ru/news/osushchestvlyavshego-videosemku-v-prokurature-aktivista-arestovali-v-almaty
[57] https://vlast.kz/novosti/63112-sud-astany-otklonil-isk-zitela-vko-k-pravitelstvu-ob-otmene-postanovlenia-o-perevode-vremeni.html?fbclid=IwY2xjawHRcn5leHRuA2FlbQIxMQABHY9PDF215P2LBDGwEJx18pGuuKhYq95g5D3sHQl3QurK4mADS0rC-S0FbA_aem_DTUN0SGUIowkhQJwegEdSQ
[58] https://www.lada.kz/incidents/incidents/132276-zagovor-molchaniia-skonchalsia-muzhchina-sovershivshii-samopodzhog-v-aktau.html
[59] https://respublika.kz.media/archives/136462
[60] https://respublika.kz.media/archives/136462
[61] https://rus.azattyq.org/a/33244774.html
[62] https://rus.azattyq.org/a/politsiya-obvinila-v-melkom-huliganstve-repera-posvyativshego-trek-talgarskim-sobytiyam/33245541.html
[63] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-12-po-19-dekabrya-2024-g-.html
[64] https://tirek.info/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-12-po-19-dekabrya-2024-goda/
[65] https://www.nur.kz/incident/crime/2202282-semeychanka-okazalas-v-sude-iz-za-audiosoobshcheniya-v-whatsapp/?utm_source=web-share-api&fbclid=IwY2xjawHUGoNleHRuA2FlbQIxMQABHYW9Ft4yn4YdZg1IBHaQ8YU1riUvROYC83VwlhVBcXyODa007A4Ja8Lckw_aem_3xaVVF0Zd9smGPJ8vTKZyA
[66] https://kaztag.kz/ru/news/pravozashchitniki-o-situatsii-s-pravami-cheloveka-v-kazakhstane-strana-katitsya-v-propast
[67] https://rus.azattyq.org/a/zhurnalista-dumana-muhammedkarima-etapirovali-v-kyzylordu/33246621.html
[68] https://kaztag.kz/ru/news/shakhtery-kazakhmysa-obratilis-k-tokaevu-i-zayavili-o-davlenii-so-storony-silovikov?utm_source=facebook&utm_medium=social&utm_campaign=news_list_kz_ru&fbclid=IwY2xjawHUH7pleHRuA2FlbQIxMAABHRJARNYWCKQCQNwosKt_jp5cj3Ct4HNycx_LFzDIRMsFbJxP95SzxyzLug_aem_4QmK6KPgOdkHImxIK3m6Vw
[69] https://respublika.kz.media/archives/136481
[70] https://vlast.kz/novosti/63169-zaderzany-administratory-anonimnogo-telegram-kanala.html
[71] https://rus.azattyq.org/a/demoscope-bolee-poloviny-kazahstantsev-ne-podderzhivayut-perehod-na-edinyy-chasovoy-poyas/33246783.html
[72] https://t.me/AdalSotKz/2135
[73] https://t.me/AdalSotKz/2136
[74] https://bes.media/news/ministr-balaeva-obvinila-zhurnalistov-osparivayushih-pravila-akkreditatsii-v-heyte-chinovnikov-chto-oni-otvetili/?fbclid=IwY2xjawHUQklleHRuA2FlbQIxMQABHdms75l-HsQYxyJ-WeXBoNMLoTkjybntMRij-FGRpvEnCdrNYBeX1d4e4Q_aem_XRTO2I1gazJkBgJs9WVMJA
[75] https://t.me/shocknewskz/304
[76] https://mediazona.ca/article/2024/12/20/kz-independent-church?fbclid=IwY2xjawHUSWVleHRuA2FlbQIxMAABHWXm0dgHwb-xy2R9fp5_0PwZ_36J24_7FEU3KkmLM4SCygbjWU0kWpZYCA_aem_7zdMoBc8P2csXtc1f-RzgA
[77] https://www.facebook.com/reel/1114027793588491
[78]https://www.facebook.com/janar.jandosova/posts/pfbid0F8mwHhjQoBkpEZFeB4kdPY4PBU3krW6L1Ad1mDrgXxmpCqRJpAsB8gwCWn9zxjKbl
[79]https://www.facebook.com/axelzhan/posts/pfbid0j2PvprWHeKafN1j3d1x4kKtBykQh1Wjqz9zGkPR847DqF7rhsB2HH548La1TuJWrl
[80] https://kaztag.kz/ru/news/potugi-nazarbaeva-na-prieme-u-putina-svyazali-s-novym-ugolovnym-delom-kazakhgeyt-2-v-ssha
[81] https://kz.kursiv.media/2024-12-21/zhnb-ksudotkaznatsbez/
[82] https://d2303qnpk0skgn.cloudfront.net/a/akimat-almaty-tratit-tysyachi-dollarov-na-poiski-kritikov-vlasti-zachem-nuzhny-takie-issledovaniya-/33245537.html
[83]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0j2qKE8ob3JMrpp9MWZCVaPaoxxQtcEp9ySDxNfZUeCna6amruNSwHXpxcZhW5UuKl&id=100023529633569
[84] https://bureau.kz/goryachee/pervye-v-regione/
[85]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0hNWYA9VGNunCtz4nW4SdUz2wxVEtqkkVUW3Nwj3BzVFCpxGgffHpqP2DC2wAAuNwl&id=100043084320334
[86]https://www.facebook.com/kibhr/posts/pfbid05E1DL17x9Nj5UUqbR36No8ANjx8afhWfb44JKGMNDhY8h8JnsaG2GubChMfKRsC1l
[87] https://monitor.civicus.org/explore/crackdown-on-dissent-over-nuclear-power-plant-controversial-media-accreditation-rules-and-anti-lgbtqi-propaganda-measures/?fbclid=IwY2xjawHq_FlleHRuA2FlbQIxMQABHX0GbEKzzffDaIuIHDcoQnLBxl_ZX7s7p4SOy32NXsVUadkXas8kcjHgVw_aem__u2xO9XPywITB0WgHpV0tQ
[88] https://kaztag.kz/ru/news/pereboi-tiktok-i-instagram-i-sboi-interneta-v-kazakhstane-v-prazdniki-ne-svyazany-madiev
[89] https://t.me/AdalSotKz/2137
[90] https://www.facebook.com/100057951744494/videos/pcb.3778853109110178/3992172054384917
[91] https://t.me/AdalSotKz/2139
[92]https://www.facebook.com/azamat.sarsenbaev/posts/pfbid02DMTrrw3xKrJMvoCUKLvTizfy4sHuY5xBT9vZe2zb7MEy59Cjn2sNkxPY5AgNUD5nl
[93] https://vlast.kz/novosti/63237-sud-ostavil-v-sile-meru-presecenia-podsudimomu-po-delu-ob-ubijstve-zagiparova-vo-vrema-kantara.html
[94] https://rus.azattyq.org/a/33254979.html
[95] https://kaztag.kz/ru/news/za-pytki-svidetelya-osudili-dvoikh-politseyskikh-karagandy
[96] https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/hayp-ili-norma-mojno-li-snimat-mesto-aviakatastrofyi-558133/?fbclid=IwY2xjawHemg9leHRuA2FlbQIxMQABHacohRS_2V715ClJj8h9UnDHmE4sCrnACPpGezSqrwUxGcyixZDASS3Unw_aem_dvZRjS1T1pMeBc1VGJdr3w
[97] https://factcheck.kz/claim-checking/pravovoy-faktchek-est-li-v-kazahstane-svoboda-slova-i-pressy/?fbclid=IwY2xjawHb-JhleHRuA2FlbQIxMQABHQlbF8GmDqLk3VqwBIXYPw6zMC8B2hjYog8ZAvdua6nyrIljUPm_2i798Q_aem_UHTP8AnRHqNn_A6XQ6iG5w
[98]https://www.facebook.com/ReporterVKO/posts/pfbid0SCAoyrQbq3Eky64VxmvsrJe3RXTKWvsmGfLU9gh1c6GKyD71pRHiqYvTZu1NgYHel
[99] https://otyrar.kz/2024/12/muzhchina-obvinyaet-policziyu-v-pytkah-istoriya-borby-za-spravedlivost/
[100] https://t.me/AdalSotKz/2142
[101] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4011323842520202/
[102] https://www.the-village-kz.com/village/city/news-city/38907-kazahstanskim-blogeram-i-smi-predlagali-dengi-za-propagandu-edinogo-chasovogo-poyasa-v-rk
[103] https://kaztag.kz/ru/news/na-advokatov-zhannu-urazbakhovu-i-gabita-bekitaeva-vozbudili-ugolovnoe-delo
[104]https://www.facebook.com/100004086047655/posts/3686050998207732/?mibextid=wwXIfr&rdid=aMks5rLUGSCryJ5W#
[105]https://www.facebook.com/watch/live/?mibextid=wwXIfr&ref=watch_permalink&v=1762625027833285&rdid=PR8gqUX6EiTsTQHJ
[106] https://www.youtube.com/watch?v=8EQ_3cqHh94
[107] https://rus.azattyq.org/a/33258224.html
[108] https://bureau.kz/goryachee/sekretnye-otkazy/
[109] https://bureau.kz/novosti/pered-samym-novym-godom/
[110] https://kaztag.kz/ru/news/politseyskiy-iz-kokshetau-zayavil-o-presledovanii-za-kommentarii-v-sotsseti-?utm_source=facebook&utm_medium=social&utm_campaign=news_list_kz_ru&fbclid=IwY2xjawHh6iVleHRuA2FlbQIxMAABHXoR7mdr8tGDZk0Ixvn4oktv92knIVypPSn5eVd3qFreH-bNh_5wFYLzhw_aem_cCxzp8miLXaTKVfoxonKVg
Обсуждение закрыто.