Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Павлодарда белгілі эколог Ержан Оразалинов ұсталды

Павлодарда «Мир экологии» ҚБ төрағасының орынбасары Ержан Оразалинов ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, эколог бопсалаушылық фактісі бойынша ұсталған.

Агенттікке № 2 қалалық соттың баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева хабарлағандай, Оразалиновтың ұсталғаны туралы ақпарат кеше келіп түскен. Дегенмен, бұлтартпау шарасына рұқсат беру туралы іс материалы жете қоймаған. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, эколог бопсалаушылық фактісі бойынша ұсталған.

Еске сала кетейік, Ержан Оразалинов Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында «Каустик» АҚ-да сыртқа хлор шығып кеткені туралы хабарлаған. Экологтың айтуынша, қалаға 150 тонна хлор таралған. Дәл сол кезде кәсіпорынның баспасөз қызметі 200 келі хлор лақтырылғаны, алайда зауыттан сырт шығарылмағаны туралы ақпарат таратты. Бұл жалған хабарлама үшін кәсіпорын қоғамшыл экологты сотқа береміз деп қорқытқан.

Кеше кәсіпорынға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынғаны белгілі болды. Себебі «Каустикте» хлор өтетін біріктірілген ыдыстар мен құбырларда агрессивті жағдайда қолдануға келмейтін төсемелер қолданылғаны анықталды. Өткен жылдың басында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Мир экологии» АҚ-ның пайдасына қарай сот шешімін шығарған. Аталмыш кәсіпорын өз кезегінде «Богатырь Көмір» ЖШС-не экологиялық қоғамдық тыңдауларды жарамсыз деп тану туралы шағым түсірген. Сол кезде Оразалинов сотта тыңдау туралы хабарландыру мен орналастыру мерзімі бұзылғанын дәлелдеген.

 

Дереккөз http://pavlodarnews.kz 

 

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
Больше в Оразалинов ЕржанБольше записей в Оразалинов Ержан »
.