Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ТАМЫЗДАН 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІНГІ АХУАЛЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

1 тамыз,Шымкент қаласы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың ата-аналары мен туыстарын полиция ұстады. Таңертең бір топ адам әкімдік алдындағы алаңда биліктен оқ атқандарды және  атуға бұйрық бергендерді табуды, олардың аттарын атауды талап етіп наразылық акциясын ұйымдастырды [1].

1 тамыз, «Amnesty International Алматы әуежайын басып алу туралы іс бойынша сотталушыларға шығарылған үкімді заңға сай емес деп табады және Қазақстан билігінен оларды дереу босатуды талап етеді. Ел билігі азаптау мен қатыгездік туралы барлық талаптарға тиімді, бейтарап және тәуелсіз тергеу жүргізіп, кінәлілерді әділ сот талқылауы аясында жауапқа тартуы керек», – деді Орталық Азия бойынша Amnesty International зерттеушісі Мэйзи Вейхердинг[2].

1 тамыз, «Тергеу кезеңінде кем дегенде екі сотталушы азаптау мен қатыгездік туралы мәлімдеме берді. К. Нұрпейісов алдын-ала қамауда болғанда тіпті өзін-өзі өлтіруге тырысқанын, оны мойындау үшін азаптағанын мәлімдеді. Сонымен қатар сотталушыларға қарсы куәлік беруге қысым жасалғанын,  куәгерлер мәлімдеді», – деді Орталық Азия бойынша  Amnesty International зерттеушісі Мэйзи Вейхердинг [3].

1 тамыз, Қарағанды қаласы, Абай фабрикасының иесі және Облыстың Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Н. Жұмабековтен ҰҚК қызметкерлері облыс әкімдігінің 508 кабинетінде жауап алмақ болды. Оны  айлакерлікпен, азаматтық қорғаныс және ТЖ арналған киім-кешектерді жеткізуді талқылауға қатысуға  (Қарағанды облысының Жұмыспен қамту басқармасының қызметкері арқылы) шақыртып алды. ҰҚК қызметкерлерін АҚШ агенттігі қаржыландырған «Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру» бағдарламасы бойынша Н.Жұмабеков алған гранттар қызықтырды [4].

2 тамыз, Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан 4 адамның туыстарының, мемлекеттен моральдық зиянның орнын толтыру ретінде, жалпы сомасы 120 миллион теңге өндіріп алу туралы талап-арызын қанағаттандырусыз қалдырды [5].

2 тамыз, Семей қаласы, криминалдық полиция қызметкері А. Азанбаев, 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде Е.Қалиевтің қаза тапқаны үшін, ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігі (азаптау) бойынша кінәлі деп танылды және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздіктің орта деңгейлі мекемесінде өтеу тағайындалды. 9 млн. теңге көлеміндегі азаматтық талап қанағаттандырылды [6].

2 тамыз, Шымкент қаласы, әкімшілік сот 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандардың туыстарына қамауға алуды тағайындады: ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша М. Әбдірайымованы 10 тәулікке, Қалықұлова Айкенді 5 тәулікке. Қаза тапқандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдында жақындарының қайтыс болуына қатысы барларды тауып, жазалауды талап етіп наразылық акциясын өткізген болатын[7].

3 тамыз, Астана қаласы, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейін 2 ай түрмеде отырған және азаптаудан зардап шеккен, Өскемен қаласының тұрғыны Жұбаков Ренатқа моральдық зиянның өтемақы мөлшерін 5 млн. теңгеден 2 млн. теңгеге дейін төмендетті. Жауапкер Қаржы министрлігі өзінің шағымында «моральдық залалды зиян келтірген құқық қорғау органдары өтеуі керек» деп атап көрсетті. Бірақ судья шағымды қабылдамады және Қаржы министрлігін жауапкершіліктен босатпады [8].

3 тамыз, Орал қаласы, №28 режимдік мекеменің тұтқындары жаппай ұрып-соғу жөнінде шағымданды. Олардың айтуынша, оларға дене жарақатын колония қызметкерлері мен әскери қызметкерлер салған. Сотталғандар бейнеөтініштер жазған және оларды өз туыстарына жіберіп үлгерген [9].

3 тамыз, «Қазақстанның ҮЕҰ азаптауға қарсы» коалициясы Бас прокуратураға  жүгінді: «Қазақстанның ҮЕҰ коалициясы азаптауға ұшыраған адамдардың денсаулық жағдайына алаңдайды және Орал қаласының № 28 мекемесінде болған оқиғаның нақты бейнесін анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттерін дереу жүргізуді сұрайды» [10].

3 тамыз, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 27 шілдеден 03 тамызға дейінгі жағдайына «Әділ сөзі» қорының  шолуы [11].

3 тамыз, Астана қаласы, «Есіл соты Алматы қаласында қаза тапқан 4 адамның туыстарының талап-арыздары бойынша шешім шығарды. Барлығына моральдық зиян төлеуден бас тартылды. Бұған дейін прокуратура олардан кешірім сұраудан бас тартқан, себебі, олар жай ғана бейбіт азаматтар болдықтан оларға қатысты қатысу факті бойынша  қылмыстық іс қозғалмаған және оларды әскерилер өлтірген», – деді Б.Төреғожина [12].

3 тамыз, Ақтөбе қаласы, Е. Әжниязов, 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін бір жылдан астам уақыт түрмеде отырған, содан кейін ақталған, моральдық зиянның орнын толтыру туралы сот ісін мемлекеттен жеңіп алды. Е. Әжниязов «заңсыз ұстау» үшін 30 млн. теңге талап етті, сот 5 миллион теңге өндіріп алуды және оған мемлекеттік бюджеттен адвокаттың қызметі үшін миллион теңге өтеу туралы қаулы шығарды [13].

4 тамыз, Астана қаласы,  учаскелік инспектор белсенді М.Мұсабаевқа, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі  М. Жыланбаевқа (қамауда отырған) қатысты саяси астарлы қылмыстық іс бойынша тергеуге куәгер ретінде қатысу үшін, 2023 жылдың 6 тамызында полиция бөліміне келуге шақыру қағазын тапсырды[14].

4 тамыз, Семей қаласы, Абай аудандық соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, «терроризмді насихаттады» деген айыппен сотталған Ч. Альпиев пен Р. Алиевтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады[15].

4 тамыз, Астана қаласы, учаскелік инспектор «Алға, Қазақстан!» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың мүшесі Э. Бекзадинаға, М.Жыланбаевқа (қамауда отырған) қатысты қозғалған саяси астарлы қылмыстық іс шеңберінде жауап алуға куәгер ретінде қатысу үшін, Полиция департаментіне шақыру қағазын тапсырды [16].

4 тамыз, Алматы қаласы, «Біз құқық қорғаушылар, 1,5 жылдан астам уақыт бойы Қантар 2022-де кімнің өлтірілгені туралы ақпарат алуға бірнеше рет ресми сұрау салдық. Тергеу амалдары жүріп жатыр деген жауаптар алдық. Қазіргі уақытта, біздің ақпаратымыз бойынша, марқұмдарға қатысты барлық қылмыстық істер аяқталып, тергеу амалдары аяқталған»,- деді Б.Төреғожина Қазақстанның Бас прокуратурасына жолдаған сауалында [17].

4 тамыз, Алматы қаласы, Б.Иманғалиева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды. 2023 жылдың 5 мамырында белсенді Алматы қалалық Әділет департаментіне келіп, «Алға, Қазақстан!» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың мүшесі ретінде өзінің қолтаңбасын растаған, бұл оның қамауға алынуына себеп болды [18].

4 тамыз, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы, облыстың 22 белсендісі, марафоншы «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі М.Жыланбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша, куәгер ретінде полицияға жауап алуға шақырылғанын хабарлады[19]

4 тамыз, Тараз қаласы, №2 қылмыстық істер жөніндегі соты, Нұрлан Қанатов, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібекке қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша жалған жала жапты деп айыпталған азаматтық белсендіге қатысты сот отырысы басталды. Н. Қанатов алты ай қамауда отыр, ол 2023 жылдың 7 ақпанында ұсталған [20].

4 тамыз, Еуропа одағының мәлімдемесі: «Бір жылдан соң 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғаларды тергеу аяқталу белгілерін көрсетпеді. 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде азаптау бойынша барлығы 324 оқиға тіркелді», – делінген құжатта. ЕО Қазақстанды 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейінгі азаптаулар туралы барлық мәлімдемелер бойынша жедел, жан-жақты, бейтарап және тәуелсіз тергеу жүргізу және барлық кінәлілерді жауапқа тарту үшін қосымша қадамдар жасауға шақырды [21].

4 тамыз, Еуропа одағының мәлімдемесі: «2022 жылы Еуропа одағы және оның мүше-мемлекеттері, кей жағдайда пікірлес елдер, Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне адам құқықтарына қатысты мәселелер бойынша бірнеше демарш жіберді. «Бұл демарштар БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі мен Үшінші комитетінің (Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени мәселелер жөніндегі комитеті) қызметіне байланысты жарияланды»[22].

5 тамыз, Алматы қаласы, А. Әбішев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, әкімшілік сот 2023 жылғы 5- мамырда Алматы қаласындағы Әділет департаментінің алдында «рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін», 15 тәулікке қамауға алды [23].

5 тамыз, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰПТ тобының жетекшісі Виктория Тимошенконың айтуынша, сотталғандарға қатыгездік көрсету туралы хабарламалар негізінде №28 мекемеге ҰПТ тобы арнайы барған, бірақ мекеме басшысы рұқсат бермеді. Бастық Алпысбаевқа қатысты «Мекемеге қабылдамау туралы» акт құрастырылды [24].

5 тамыз, Орал қаласы, №28 мекеменің басшысы және Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басшысы БҚО ҰПҚ заңды қызметіне кедергі келтіріп, жаппай ұрып-соғудың салдарын жасыруға әрекет жасауда.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сотталғандардың қарсылық көрсеткенін және оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 428-бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы асығыс мәлімдеді [25].

7 тамыз, Астана қаласы, Е. Әміров, саяси тұтқын, ҚР ҚК-нің 174-бабы, 405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Қазақстанның Жоғарғы соты белсендінің ісін қарауды белгісіз мерзімге шегерді, ол 2021 жылдан бастап саяси белсенділігі үшін қамауда отыр [26].

7 тамыз, Алматы қаласы, «Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің аппараты басқа деңгейдегі шенеуніктерге қарағанда жиі ауысады. Әрдайым бір нәрсе: сізде сенімхат жоқ… Омбудсменде құқық қорғаушылардың жұмысын түсінетін адвокаттар жұмыс атқаруы  қажет сияқты ма? Сіз қалай ойлайсыз, Ластаев мырза?», – деді Б.Төреғожина Уәкіл мекемесінің қызметі туралы [27].

7 тамыз, Алматы қаласы, «Мені бұл істе азаптау арқылы өлтіргені үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын бергені қынжылтады. Ал 238 адамның өлімі жағдайы бойынша жалпы қылмыскерлердің көпшілігі табылмаған, немесе іс қысқартылған, немесе құпияланған.  Апелляциялық сот 6 айды қысқартып, Аслан Мұхамбаев үшін  10,5 жылды қалдырды, Руфат Ахмеджановқа 10 жылға бас бостандығынан айыруды шешті. Біздің Қылмыстық кодексте бірдеңе дұрыс емес екені анық…», – деп хабарлады Б.Төреғожина [28].

7 тамыз, Алматы қаласы, Бауыржан Атинбаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, 20 тәулікке қамауға алынған, Алматы әуежайын басып алды деген болжамды іс бойынша, Наурызбай аудандық сотының жанындағы митингіге қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынғаннан кейін босатылды [29].

8 тамыз, Ақтау қаласы, құқық қорғаушы Тұрдиева Ұлболсынның пәтерінде Нұрлан деген азамат Ұлболсынның ағасы Тұрдиев Сержанды ұрып-соқты. Билік Ұ.Тұрдиеваға, оның құқық қорғау қызметімен айналысуын тоқтатуы үшін, қысым көрсетуде [30].

8 тамыз, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының полиция қызметкерлері Тұрдиев Сержанды травматология бөлімінен шығып бара жатқан жерінде заңсыз ұстап алып, ішкі істер бөліміне апарып, қысым көрсетумен, ұрып-соғу фактісіне қатысты ешкімге талап қоймайтыны туралы түсінік хат жазуға мәжбүрледі [31].

8 тамыз, Ақтөбе қаласы, белсенді Ахан Сегізбаевқа, «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі М.Жыланбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша, куәгер ретінде жауап алуға қатысу үшін, 8 тамызда сағат 11:00-де №1 қалалық полиция бөлімшесіне тергеушіге келу талабымен шақыру қағазы берілді [32].

8 тамыз, Астана қаласы, белсенді  Семигүл Ошақбаева 10 тамыз күні сағат 10.00-да Полиция департаментіне , «Алға, Қазақстан партиясы!» жетекшісі М.Жыланбаевқа қатысты саяси астарлы қылмыстық іс бойынша,  куәгер ретінде тергеуге қатысуға шақыру қағазын алды [33].

8 тамыз, Тараз қаласы, облыстық сот Тараздағы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 5 адамның бірі – Н.Қуатбаевты ақтады. Судьялар, оның кінәсі тергеу барысында толық дәлелденбегенін мәлімдеді. Сондай-ақ,  4 марқұм:  И.Донбаев, Р.Рысбеков, Е.Байжанов  және Т. Ошақбай бойынша, «кінәлі» деп танылған соттың бастапқы үкімі өзгеріссіз қалдырылды [34].

9 тамыз, Алматы қаласы, «Алға, Қазақстан!» партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі С.Измаилов баспасөз мәслихатында партияны қолданыстағы «Саяси партиялар туралы» заңына сәйкес тіркеуге жасаған әрекеттерінің тарихын айтты. Кейбір жағдайларда Әділет министрлігі тіркеу құжаттарын қарауға қабылдап, кейін оларды құрылтайшылар тізімдеріндегі қателерді көрсете отырып, өтініш берушілерге қайтарған, ал басқа жағдайларда  шенділер құжаттарды қарауға қабылдаудан да бас тартқан [35].

9 тамыз, Алматы қаласы, «Атажұрт» ұйымы Қытайдағы этникалық қазақтардың құқығын қорғау мақсатында, партияны тіркеу үшін Әділет министрлігіне екінші рет құжат тапсырды. Белсенділер билік тарапынан қысым күшейіп бара жатқанын айтады. Көшбасшы Б. Мақсұтханұлының айтуынша, соңғы рет ұсынылған тізім полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жетсе керек. Адамдарға қоңырау шалып, қорқытуда, – делінген хабарда.

9 тамыз, Алматы қаласы, «Атажұрт» ұйымының бастамашыл тобы қысымның басқа түрлерін, соның ішінде жалған жолмен ақша жинау туралы хабарлады: белгісіз біреулер «Атажұрт» атынан интернет арқылы ақша жинағанын. Топтың аймақтық жақтастары Астанаға барар жолда қиындықтарды еңсеруге тура келгенін айтады. Өскемендік И. Қасымханов  жолға шығар алдында, «Атажұрт» филиалының басшысы Е.Керімбектің көлігінің мемлекеттік нөмірін белгісіз біреудің жұлып алғанын, ал Е. Керімбек жалдаған такси жүргізушіні полицияға алып кеткенін хабарлады [36].

9 тамыз, Алматы қаласы, Қазақстандық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығы, жаңадан құрылған «Алға, Қазақстан!» партиясының белсенділері. Қазақстан билігінің Ауғанстанның тәліптер бақылауындағы үкіметімен сауда-саттықты кеңейту туралы шешімін сынап, биліктің әрекетін террористік ұйымға көмек ретінде қарастырды [37].

9 тамыз, Орал қаласы, Б. Өтебаев, жеке пикет өткізді. Ол: «Аштық. Мен әлеуметтік әділеттілікті талап етемін» деген жазуы бар плакатты кеудесіне іліп алып, жайды. Белсендіге 2 ер адам келіп, оның бейбіт шеру өткізу туралы «заңды бұзып отырғанын» және оның жариялаған аштығы «келісілуі қажет екенін» айтты [38].

9 тамыз, Алматы қаласы, «Қазақстан билігіне және жеке Президент Қ.Тоқаевқа 238 адамның өліміне қатысты тиісті тергеу жүргізуге уәде бергенін еске салғым келеді. Мен құқық қорғаушы ретінде, Қазақстан билігі 1 жыл 9 айдың ішінде тек 12 адамның өлімі үшін ғана қылмыстық тәртіптегі сот шешімімен жауапқа тарту фактін айтамын», – деп хабарлады Б.Төреғожина [39].

10 тамыз, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 3 тамыз бен 10 тамыз аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорының шолуы [40].

11 тамыз, Талдықорған қаласы, полицейлер журналист С. Дүйсенованы ұстады.  Оны «Жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» қылмыстық бабы бойынша күдікті санайды. Журналисті ешқайда шықпауға қолхат берумен босатты [41].

11 тамыз, Талдықорған қаласы, полиция қызметкерлері журналист С. Дүйсенованы тұтқындағаннан кейін толық шешінуге мәжбүрлеген және оны видеоға жазып алған [42].

12 тамыз, Талдықорған қаласы, блогер Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405-бабтары, соттың «тыйым салу»  шешімінен кейін экстремистік ұйымның қызметіне қатысуға және оны қаржыландыруға күдікке ілінген журналистің қамауға алу мерзімі 1 айға ұзартылды [43].

14 тамыз, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, екі жылдан бері тұрғындар, кеншілер мен «Алтыналмас» серіктестігі арасында текетірес жүріп жатыр, сол себепті кеніш тоқтап тұр. Қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, компанияның алдағы жұмысы туралы ұсыныстар айтылды. Тұрғындар компанияның жобасымен келіспейтіндіктерін білдіріп, жобаға қарсы дауыс беріп,  ғимараттан шығып кетті [44].

14 тамыз, Алматы, «Әділ сөз» қорының президент Қ.Тоқаевқа журналист С.Дүйсеноваға қатысты өтініші: 1. Бас прокуратураға – қылмыстық іс қозғаудың заңдылығы тексерілсін. 2. Жоғарғы Сотқа – тергеу судьясының журналистке жеке тінту жүргізу туралы қаулыны санкциялауының заңдылығы тексерілсін. 3. Iшкi iстер министрлiгiне – қылмыстық iс қозғауға және жеке тінтуге қатысқан лауазымды адамдарға қатысты қызметтiк тергеу жүргiзу тапсырылсын [45].

15 тамыз, Астана қаласы, Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі М.Қожаев «С. Дүйсенованың ұсталуын заңсыз деп айту ертерек, әзірге алдын ала тергеу журналистің әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігінің болуын қарастыруда. Тергеу әрекеттерінің бүкіл кешені неге әкелетіні, тергеу соңында белгілі болады»- деп мәлімдеді [46].

15 тамыз, Астана қаласы, Бас прокуратура С.Дүйсеноваға қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Істің тоқтатылғаны туралы департаменттің сайтында хабарланды. Оның үстінен «жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын [47].

15 тамыз, Алматы қаласы, Б.Иманғалиева және А. Әбішев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6, 11-тармақтары. Қалалық сот , 5 мамыр 2023 ж. Алматы қаласындағы Әділет департаментінің алдында, «рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін»  әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды [48].

15 тамыз, Қостанай облысы, Тобыл станциясы, белсенді Д.Бершінбаевты Ж.Қуанышалинді жерлеуді ұйымдастыруға қаржылай көмек көрсеткені үшін және Парламент сайлауына қатысу үшін М.Жыланбаевтың сайлау қорына қосқан үлесі үшін қудалауда. Қызметкерлердің әрекеттері ақпараттарды заңсыз жинау және құқық бұзушылық  болып табылады, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-тармағына сәйкес , әркімнің жеке салымдары мен жинақтарының құпиясын сақтау құқығы бар [49].

15 тамыз, Алматы қаласы, «Алматы» телеарнасының түсіру тобы өздерін Orda.KZ-тенбіз деп таныстырып, арандатушылыққа жол берді және 4 жасар А. Мелдехан ісі бойынша сот процесін баяндау кезінде шабуылға ұшырады. Журналистерге белсенді Байбах Белялов тап берді [50].

16 тамыз, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Мөлдір Мұнай Сервис» мұнай сервистік компаниясының 26-ға жуық қызметкері жұмысшылардың жалақысын теңестіруді талап етуде. Олар осы талапты 6 аптадан астам уақыт бойы қойып отыр. 18 адам 2,5 күннен бері дымқыл аштық жариялап отыр. Тағы бір адам денсаулығының нашарлауына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болды [51].

2023 жылдың 16 тамызы, «Алға, Қазақстан!» партиясын құру комитетінің мүшелері тіркелу үшін Әділет министрлігіне 18-ші рет тізім тапсырды. Билік «Саяси партиялар туралы» заңның 8-бабына (бастамашыл топтың тізімі заң талаптарына сәйкес емес) сілтеме жасап, 18-ші рет бас тарту берді, бірақ нақты ненің сәйкес келмейтінін айтпайды[52].

16 тамыз, Алматы қаласы, Ерлі-зайыпты журналистер Северныйларға қатысты тергеу аяқталды, күдіктілер кінәларын мойындамайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі «Аса ірі көлемде бопсалау» бойынша қылмыстық іс тәркілеумен 7 жылдан 15 жылға дейінгі жазаны қарастырады. В. Северныйға бұлтартпау шарасы – қамауға алу, ал әйеліне – үйқамақ  [53]

16 тамыз, Астана қаласы, Т.Дәнебаев, Саяси тұтқын, ҚР ҚК-нің 174-бабы, 3 жылға бас бостандығынан айырылған, апелляциялық шағым бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Дәнебаев, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде «20 мың лаңкестің» шабуылы туралы айтқан сөзі үшін, президент Қ.Тоқаевты жауапқа тарту әрекетімен танымал [54].

17 тамыз, Алматы қаласы, бір топ қазақстандық баспасөз мәслихатында үкіметтің Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жоспарымен келіспейтінін мәлімдеді. Станция салу идеясына қарсылардың пікірінше, бұл елдегі кең таралған жемқорлықтың салдарынан Қазақстанда «болмай қоймайтын» апатты білдіреді [55].

17 тамыз, Тараз қаласы, Е.Жұманов, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 290-бап, 287-бап. 380 және 381-бабтары, апелляциялық сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, 16 жылды қатаң режимдегі колонияда өтеу. Сот нақты бас бостандығынан айыруға сотталған үш адамның (Махатов, Абдуллаев және Сағынтай) кінәсін ішінара мойындағанын ескере отырып, әрқайсысының бас бостандығынан айыру жазасын 4 жылға қысқартты [56].

17 тамыз, Шымкент қаласы, полиция қызметкерлері, М.Жыланбаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405 және 258-баптары бойынша қозғалған саяси астарлы қылмыстық іс бойынша жауап алу үшін, Ж.Сәрсенованың үйіне келді.  Одан куәгер ретінде жауап алынды. Жауап алу Астана қаласынан келген тергеушінің тапсырмасымен жүргізілді [57].

17 тамыз, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 10-17 тамыз аралығындағы жағдайы туралы «Әділ сөз» қорының шолуы [58].

17 тамыз, Астана қаласы, Орал қаласының тұрғыны Ж.Жиенғалиев ҚР Президенті Әкімшілігінің алдына жеке пикетке шықты. Ол жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде талап етуі мүмкін, денсаулық жағдайы туралы 075 формадағы медициналық кәсіби-клиникалық қорытындысы үшін ақы алуға қарсы. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2020 жылы бұл форма ақылы қызмет көрсету санатына ауыстырылған болатын [59].

18 тамыз, Қарағанды облысы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «Қазақстан» шахтасында болған оқиғаны түсірмек болған ҚазТАГ тілшісі Д. Сапарқызына шабуыл жасалды. «Денелі ер адам маған шабуыл жасап, телефонымды тартып алды, кейбір файлдарды өшіріп үлгерді», – деп хабарлады Д.Сапарқызы[60].

21 тамыз,  Астана қаласы, Жоғарғы сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 405-бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған саяси тұтқын Е.Әміровтің шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімді қайта қарауға негіз жоқ деп санайды[61].

21 тамыз, Қазақстандағы авторитарлық режим қатая түсуде. Қ.Тоқаев 2019 жылы президенттік қызмет атқара бастағаннан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін күшейіп, «саяси тұтқындардың» саны артты. Бұл туралы #АктивистерЭкстремистерЕмес (#ActivistsNotExtremists) мониторингтік тобының құқық қорғаушылар коалициясы «Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанындағы» репрессиялар және саяси тұтқындар» атты жаңа есептемесінде хабарлады[62].

21 тамыз, «Баяндама жарияланған кезде (18 тамызда) Қазақстанда 47 «саяси тұтқын» есепте тұрған. 30 адам нақты түрмелік мерзімге кесілген, тағы 17 адам тергеу изоляторында отыр», – деп жазады «Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанындағы» репрессиялар және саяси тұтқындар» баяндамасының авторлары [63].

21 тамыз, Астана қаласы, Марат Әбиев, ҚР ҚК-нің 404-бабының 1-бөлігі, 274-бабының 4-бөлігі, «Болашақ сәулетшілері» қорының құрылтайшысына қатысты үкім шығарылды. Ол «қызметі азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелейтін қоғамдық бірлестікті құрды және оған жетекшілік етті» деп айыпталуда. М.Әбиев қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырумен, бас бостандығын айырумен 7 жылға сотталды [64]

22 тамыз, АҚШ, Нью-Йорк қаласы, Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қазақстан билігін Шахтинскідегі «Қазақстан» шахтасында журналист Диана Сапарқызына жасалған шабуылды тексеруге және Қазақстан билігін қоғам үшін маңызды оқиғалардың барлығын журналистердің еркін және қорықпай  жариялауына жағдай жасауға  шақырды[65].

23 тамыз, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде азапталған қырғыз музыканты В.Рузахунов, Қазақстан Ішкі істер министрлігінен өзінен ресми түрде кешірім сұрауды талап етуде. Ол ведомстваны өтірікке айыптайды [66].

23 тамыз, Семей қаласы, А. Қанақынов және Е.Ағзамов, қамаудағы азаптаудан Ж.Жотабаевтың өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігі. №2 сот оларды кінәлі деп танып, 4 миллион теңге көлеміндегі талап арызды ішінара қанағаттандырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады [67].

22 тамыз, Ақтау қаласы, автокөліктегі ер адам Азаттық радиосының бейнеоператорының дронын көлікпен басып кеткен. Журналистер редакцияның тапсырмасымен Маңғыстау атом энергетикалық станциясындағы (МАЭК) апаттың жағдайы мен оның салдары туралы репортаж дайындау үшін Астанадан Ақтауға келген болатын [68]

23 тамыз, 2023 жылы «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшылары Қазақстанда журналистер мен БАҚ құқықтарын бұзудың 334 фактісін тіркеді [69].

24 тамыз, Ақмола облысы, Атабасар қаласы, ЕЦ-166/4 мекемесі, саяси тұтқын Т. Дәнебаевты аяусыз азаптау сәті түсірілген кадрлар интернетте таратылды, онда колония қызметкерлері тұтқынды еденде ұстап, таяқпен ұрып-соққан. Соққылар Т.Дәнебаевтың ауырсынған жанайқайымен бірге жүреді [70].

24 тамыз, Құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен интернетті бұғаттау және баяулату мүмкіндігі туралы ережені заңнамадан алып тастауды талап етті. Қазақстандық құқық қорғаушылар интернеттің жабылуы ел экономикасына зиянын тигізетінін, халықтың үкімет шешімдеріне деген сенімін әлсірететінін және ақпараттық саясаттың әлсіздігін көрсететінін атап айтты [71].

24 тамыз, Алматы қаласы, полиция тіркелмеген Демократиялық партияның белсенділері М.Жолаев пен А. Дүйсебаеваны ұстады. Ұстау Наурызбай ауданының әкімі Е.Досаевтың тұрғындармен кездесуі кезінде белсенділердің алдын алумен байланысты болды. 3 сағаттан кейін белсенділер босатылды[72].

24 тамыз, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 17-24 тамыз аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорының шолуы [73].

24 тамыз, Астана қаласы, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «корреспондент» Д.Сапарқызына қатысты жағдай туралы хабардар екендерін, журналистің қызметіне кедергі жасау әрекеттерін құптамайтынын, ешқандай шектеулер жоқ екенін мәлімдеді. Қазақстанда сөз бостандығына шектеу жоқ екенін айтып, мұндай оқиғаларды назарында ұстауға уәде берді[74].

25 тамыз, Теміртау қаласы, қалалық сот қалалық мәслихат депутаты Алексей Ломакиннің жергілікті белсенді Ольга Пекарскаяға жазған жеке шағымы бойынша қылмыстық істі қарай бастады. Депутат әйелді намысына тиетін сөздері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды [75].

25 тамыз, Ақтау қаласы, полиция қызметкерлері белсенді Н.Әлихановтың үйіне келіп, М.Жыланбаевқа қатысты қозғалған саяси астарлы қылмыстық іс бойынша куә ретінде тергеуге қатысға 2023 жылғы 25 тамызда сағат 17:30-да полицияға шақыру қағазын әкелген [76].

24 тамыз, Ақтау қаласы, белсенді Д. Есқуатов, 2023 жылғы 25 тамызда сағат 10.00-де М.Жыланбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға қатысу үшін полицияға шақырту алған [77].

24 тамыз, Қостанай қаласы, АҚЗСЖ ҚХБ филиалының құқық қорғаушысы А. Гаран облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотқа бақылаушы ретінде келіп, залға кіре берісте екі рет шағын жауап алуға мәжбүр болды. Сотталушының ата-анасы филиалға, бұрынғы тергеушісі қысым көрсетіп жатқаны туралы шағымданған[78].

25 тамыз, билік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігі бойынша түрмеге қамап, 7 жылға бас бостандығынан айырған, Орал қаласының белсендісі, саяси тұтқын, «Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белсенді А. Өтеповті қолдау мақсатында  петиция жасалды [79].

28 тамыз, Астана қаласы, «Рэдисон» қонақүйінде өтетін «Күш-Диалог-Қоғам» форумының басталуына бірнеше сағат қалғанда олар жалға беру келісімінің күшін жойғанын хабарлады. Форумға қатысуға ниет білдірген мәслихат депутаттарына да белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасаған. Форумды ұйымдастырушылар, оны билік пен қоғам арасындағы диалогты қаламайтын, биліктегі біреулер бұзды деп есептейді [80].

28-29 тамыз, Алматы қаласы, 200-ден астам саясаттанушылар, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, азаматтық қоғам жетекшілері мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар қатысқан «Еуразиядағы бетбұрыс нүктелері: Орталық Азиядағы геосаясат, экономика және азаматтық қоғам – қазіргі жағдай және болашаққа перспективалар» атты Халықаралық конференция өтті [81].

29 тамыз, Ақтөбе қаласы, сот қаңтар оқиғасынан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот ақталған А.Омаровтың шағымын қарай бастады. Омаров өзіне келтірілген шығынды өтеу ретінде мемлекеттен 40 миллион теңге талап етіп отыр [82].

29 тамыз, Қарағанды қаласы, «Қарағанды су» коммуналдық кәсіпорнының ондаған жұмысшысы таңертеңнен ереуілге шығып, өз талаптарын жариялады. Олардың негізгілері: жалақыны 100%-ға көтеру, үстеме сағаттарды толық төлеу, емделуге жәрдемақы төлеу, сапалы жұмыс киімдерімен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету [83].

29 тамыз, Шымкент қаласы, белсенді Г.Мұратбаеваны, «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі М.Жыланбаевтың туған күнінде стадионды айналып жүгіріп шыққаны үшін, қала полициясына әкімшілік хаттама толтыруға 31 тамызда келуге шақырды [84].

29 тамыз, Жаңаөзен қаласы, белсенді Ж.Досекееваға кешкі сағат 22.00-ден кейін ювеналды полиция қызметкері Е.Абрахманов келіп, белсендінің ұлының үстінен «уақытша үйінің төбесіндегі қаптауды/шиферді сындырды» деп көршісінен арыз түскенін түсіндірді. Құзырлы органдар Ж.Досекееваға балалары арқылы қысым жасап отыр, азаматтық қызметін тоқтатпаса, ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытуда [85].

29 тамыз, Алматы қаласы, қорғаушы адвокат Адам Мұрат және Санжар Боқаев президент Қ.Тоқаевқа бұрын жіберілген өтініштерді мәні бойынша қарау туралы өтініштерін Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына енгізуге көмектесуін сұрады[86].

29 тамыз, Астана қаласы, «Статистика соттардың, қадағалау және құқық қорғау органдарының шешімдеріне азаматтардың наразылығының артқанын көрсетіп отыр. Халық уәкілетті органдардан әділдік таба алмай, Президент Әкімшілігіне жүгінуге мәжбүр. Шағымдар легі үнемі артып келеді», – деді Президент Қ.Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуінде. Оның айтуынша, келіп түскен арыз-шағымдарды сараптау тұрғындардың көпшілігі сот, полиция, прокуратураға шағымданатынын көрсетеді [87].

31 тамыз. Ақтөбе қаласы, сот А.Омаровтың талап арызын ішінара қанағаттандырып, талапкер пайдасына моральдық шығынды өтеу ретінде 3 миллион теңге және адвокаттың қызметіне кеткен шығынын өтеуге тағы 500 мың теңге өндіруге шешім шығарды. Ол, 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына  қатысқаны үшін сотталып, сот үкімімен ақталған болатын[88].

31 тамыз, Қазақстандағы сөз бостандығына, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 24-31 тамыз аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорының шолуы [89].

 

 

[1] https://rus.azattyq.org/a/32530498.html

[2] https://eurasia.amnesty.org/2023/08/01/amnesty-international-prizyvaet-kazahstan-osvobodit-prigovoryonnyh-po-delu-o-zahvate-aeroporta-almaty/

[3] https://eurasia.amnesty.org/2023/08/01/amnesty-international-prizyvaet-kazahstan-osvobodit-prigovoryonnyh-po-delu-o-zahvate-aeroporta-almaty/

[4] https://respublika.kz.media/archives/93694

[5] https://rus.azattyq.org/a/32532618.html

[6] https://rus.azattyq.org/a/32531091.html

[7] https://rus.azattyq.org/a/32531547.html

[8] https://rus.azattyq.org/a/32531554.html

[9] https://mgorod.kz/news/11-zaklyuchennyh-dostavili-v-bolniczu-uralska/?nlocation=all_cities

[10] https://bureau.kz/goryachee/po-situaczii-s-massovymi-izbieniyami/

[11] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-27-iyulya-po-03-avgusta-2023-.html

[12]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02mwbyNsShmS4M9kYTbHNrYsa8vSeojZCtkNoGHX9Q4U9dJt3AedvhfoBk2gZWdq2rl

[13] https://rus.azattyq.org/a/32535220.html

[14] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3616126252039965/

[15] https://rus.azattyq.org/a/32542297.html

[16] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3617552955230628/

[17]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0Wck953qNsz3oHvJPVJFQgac6cbSEYWPsepCA5uN2nrzZJjDCm3dPw7CdpovvLaqwl

[18] https://rus.azattyq.org/a/32534320.html

[19] https://rus.azattyq.org/a/32534151.html

[20] https://bureau.kz/novosti/tarazm-krepchaet/

[21] https://ulysmedia.kz/news/19123-doklad-o-pravakh-cheloveka-evrosoiuz-vyrazil-kazakhstanu-neskolko-demarshei/

[22] https://ulysmedia.kz/news/19123-doklad-o-pravakh-cheloveka-evrosoiuz-vyrazil-kazakhstanu-neskolko-demarshei/

[23] https://rus.azattyq.org/a/32535468.html

[24] https://bureau.kz/novosti/po-situaczii-s-massovymi-izbieniyami/

[25] https://bureau.kz/novosti/po-situaczii-s-massovymi-izbieniyami/

[26] https://rus.azattyq.org/a/32537410.html

[27]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02bNHLA6h15oaAWgMGnpFzky6yyWrUR5Qn7KLGVJgqBZz3LnKWfDhEbPBjp4kyJmNul

[28]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02ov4MAgF7jcdxTMhFj3cP5BxgMm3osVqSD4R6rrDnVXKkXNJZKWgXxwDRjGiUUN3Ul

[29]https://www.youtube.com/watch?v=hOkOWgpPOXw&ab_channel=%D0%90%D0%B1%D0%B7%D0%B0%D0%BB%D0%94%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%80

[30] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3618992101753380/

[31] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3618992101753380/

[32] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3618244001828190/

[33] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3618960571756533/

[34] https://rus.azattyq.org/a/32539216.html

[35] https://bureau.kz/publ-all/sobstvennaya_informaciya/politicheskij-tyani-tolkaj-v-tokaevskom-novom-kazahstane/

[36] https://rus.azattyq.org/a/32541301.html

[37] https://bureau.kz/press-czentr/orgkomitet-inicziativy-alga/

[38] https://rus.azattyq.org/a/32541001.html

[39]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0tRHrcPPVM7FkRwqhqVjgCZ9AJVva5LVEdkcV7iru8jGRPtTaZWBBfPirwr6VcbaBl

[40] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-03-po-10-avgusta-2023-goda.html

[41] https://rus.azattyq.org/a/32545050.html

[42] https://mediazona.ca/news/2023/08/13/naked

[43] https://ulysmedia.kz/news/19456-eshche-na-mesiats-prodlili-arest-dumana-mukhametkarima/

[44] https://rus.azattyq.org/a/32547735.html

[45] https://adilsoz.kz/campaigns/otrytoe-obraschenie-mezhdunarodnogo-fonda-zaschity-svobody-slova-adil-.html

[46] https://rus.azattyq.org/a/32548599.html

[47] https://rus.azattyq.org/a/32548952.html

[48] https://rus.azattyq.org/a/32548836.html

[49] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3623405401312050/

[50] https://adilsoz.kz/news/na-semochnuyu-gruppu-telekanala-almaty-napali-.html

[51] https://rus.azattyq.org/a/32551052.html

[52] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3624767374509186/

[53] https://orda.kz/sledstvie-po-gromkomu-delu-suprugov-zhurnalistov-severnyh-zaversheno/

[54] https://rus.azattyq.org/a/32552545.html

[55] https://rus.azattyq.org/a/32552336.html

[56] https://ulysmedia.kz/news/19658-kantar-2022-triom-iz-chetyriokh-osuzhdionnykh-izmenili-prigovor-v-taraze/

[57] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3625484254437498/

[58] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-10-po-17-avgusta-2023-goda.html

[59] https://rus.azattyq.org/a/32553734.html

[60] https://kaztag.kz/ru/news/na-zhurnalista-kaztag-napali-pri-popytke-snyat-proiskhodyashchee-u-shakhty-kazakhstanskaya

[61] https://rus.azattyq.org/a/32556755.html

[62] https://rus.azattyq.org/a/32557299.html

[63] https://rus.azattyq.org/a/32557299.html

[64] https://kaztag.kz/ru/news/sozdatelyu-fonda-arkhitektory-budushchego-maratu-abievu-vynesli-prigovor

[65] https://rus.azattyq.org/a/32561863.html

[66] https://ulysmedia.kz/news/19854-pytki-vo-vremia-kantara-muzykant-ruzakhunov-zaiavil-chto-mvd-kazakhstana-vralo-v-sude/

[67] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3630087290643861/

[68] https://rus.azattyq.org/a/32561621.html

[69] https://masa.media/ru/site/fond-dil-sz-zafiksiroval-bolee-300-sluchaev-narusheniya-prav-sotrudnikov-smi-v-rk-s-nachala-2023-goda

[70] https://kaztag.kz/ru/news/v-internete-rasprostranyayutsya-kadry-zhestokikh-pytok-zaklyuchennogo-v-kazakhstanskoy-kolonii

[71]https://secure.avaaz.org/community_petitions/en/prezidentu_rk_premer_ministru_spikeram_parlamenta__my_trebuem_zapretit_shatdauny_i_obespechit_kazakhstantsam_pravo_na_dostup_v_internet/

[72] https://rus.azattyq.org/a/32562844.html

[73] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-17-po-24-avgusta-2023-goda.html

[74] https://rus.azattyq.org/a/32562598.html

[75] https://rus.azattyq.org/a/32564966.html

[76] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3630609810591609/

[77] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3630450603940863/

[78] https://bureau.kz/novosti/popast-udalos-ne-bez-problem/

[79]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02VFaVFUfRtRerYkpMgy949HBDPf9GdUL2orueoRJ7Gen3jPBj3x2haSRR1coMRfMal

[80] https://bureau.kz/novosti/den-zakrytyh-dverey/

[81] https://bureau.kz/press-czentr/povorotnye-momenty-v-evrazii/

[82] https://rus.azattyq.org/a/32570639.html

[83] https://rus.azattyq.org/a/32569056.html

[84] https://mediazona.ca/news/2023/08/30/alga

[85] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3633697876949469/

[86]https://www.facebook.com/murat.adam.1614/posts/pfbid0gJyPycbgWTHHryuBWfw85ZFeAm9zzDHrGCUzgx7Dr9Q9DJvANVazS4HukGpEHK15l

[87] https://t.me/bessimptomno/12784

[88] https://rus.azattyq.org/a/32572436.html

[89] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-24-po-31-avgusta-2023-goda.html

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.