Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ПРЕСС-РЕЛИЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ

Алматы қ.
Сараптамалық кеңестің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен саяси тұтқын деп танылды
Тілеужанова Әйгерім, белсенді, журналист, кәсіби аудармашы. Бірнеше рет өзінің белсенді азаматтық ұстанымы үшін айыппұлдар мен қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаларға тартылған. А. Атабекті еске алу рәсіміне қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынған А. Тілеужанова 2022 жылдың 5 қаңтарында арнайы қабылдағыштан кешке босатылады да, Жаңаөзен қаласын қолдауға митингке шыққандарды қолдау үшін Республика алаңына бет алады. Келесі күні ҰҚШҰ күштерін енгізу туралы ақпараттан кейін, ол алаңға наразылықпен қайта шығады, содан кейін Ресейден әскерилердің келуіне көз жеткізу үшін белсенділермен бірге әуежайға барады. Әскерилердің болмауына көз жеткізіп, ол қайтып кетеді. Алайда, оған қылмыстық іс қозғалып, 11.07.2023 ж. үкімімен кінәлі деп танылған, ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі бойынша 4 жылдық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Апелляциялық сатыдағы сот 2023 жылдың 19 қыркүйегіне тағайындалды.
Сараптамалық кеңес:
Ғалым Ағелеуов
Лұқпан Ахмедияров
Зәуреш Батталова
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис
Ерлан Қалиев
Бақытжан Төреғожина
 
2023 жылғы 13 қыркүйек, Алматы қ.
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.