Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ПРЕСС-РЕЛИЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІН ЖАҢАРТУ (КЕҢЕЙТУ)

Сараптамалық кеңестің 2023 жылғы 25 қаңтардағы шешімімен саяси тұтқындар деп танылғандар:

1. Амангелді Оразбаев, Орал қаласының азаматтық белсендісі, бейбіт наразылық акцияларын өткізгені үшін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынды. ҚР ҚК 405-бабы «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзгеде ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу» бойынша айыпталады. 2022 жылдың 15 желтоқсанында кезекті сот отырысы кезінде сот залында қамауға алынды.

2-8. «7-топ» : Бағдагүл Андреева, Айдос Илипбаев, Ақылжан Қийсымбаев, Олжас Құлжаханов, Сағынқүл Қонар, Теңілік Нұрланов, Ержан Төреқұлов, азаматтық белсенділер, қамауда отыр. ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі «билікті басып алуға немесе ұстап қалуға, сол сияқты билікті басып алуға немесе ұстап қалуға немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттау немесе жария түрде шақыру», 272-бабының 1-бөлігі «Жаппай тәртіпсіздіктер», 24-бабының 1-бөлігі «Қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу» бойынша айыпталуда. ҚР Президентін сайлау қарсаңында, 2022 жылғы 18 қарашада  ұсталып, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторына қамауға алынды. Билікті басып алуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға бағытталған үндеулердің және/немесе әрекеттердің даусыз дәлелдерін билік көрсеткенге дейін олар саяси қамақта отырғандар болып, ал қылмыстық іс – саяси уәжді деп танылады.

9.Еркін Қазиев, Қаскелең қаласының азаматтық белсендісі, бейбіт наразылық акцияларын өткізгені үшін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынды. ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері», 405-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталуда. 2022 жылдың 27 қазанында қамауға алынды.

10 Бауыржан Әлиасқаров, Алматы облысының азаматтық белсендісі. Алматы қаласында жеке тасымалдаумен айналысқан. Қаңтардағы оқиғалар кезінде зардап шекті. ҚР ҚК 272-бабы 1, 2, 3-бөліктері, 380-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталуда. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының тергеу изоляторында ұсталуда.

11 Дәурен Макин, белгілі қазақстандық суретші, 2022 жылдың 30 сәуірінде «терроризмді насихаттады» деген күдікпен қамауға алынды. ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі « Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша айыпталуда. Астана қаласының тергеу изоляторында ұсталуда.

Тізімге енгізілгендер туралы қысқаша ақпарат:

1 Амангелді Оразбаев, Орал қаласының азаматтық белсендісі. 19.04.2022 ж. ҚР ҚК 405-бабында көзделген қылмыстың жасалуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, онда А. Оразбаев қорғауға құқығы бар куә мәртебесінде болды. 26.04.2022 ол күдікті болып танылды. 28.04.2022 ж. тергеу судьясы «үй қамағына алу» шарасына санкция берді. 2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Орал қалалық сотында азаматтық белсенділер А. Оразбаев пен М. Ескендіроваға қатысты сот офлайн өтуде. 15.12.2022 ж. Оразбаев сот залында қамауға алынды.

2-8. «7-топ». ҚР Президентін сайлау қарсаңында ҚР ҰҚК қызметкерлері жеті адамды ұстады, қауіпсіздік күштерінің мәліметінше олар, 2022 жылғы 20 қарашада президенттік сайлау күні жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жоспарлаған, оның ішінде еліміздің бірнеше қалаларындағы әкімшілік ғимараттарды басып алу мақсаты бар. Арнайы қызмет прокуратура органдарымен бірлесіп операция жүргізді, ұстаулар Алматы және Алматы облыстарында өтті.

 Бағдагүл Андреева, азаматтық белсенді, ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша тағылған айыптар бойынша қамауда ұсталуда.

Айдос Іліпбаев, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 жылғы қаулысымен іс-әрекеттер ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Ақылжан Қийсымбаев, азаматтық белсенді, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 ж. қаулысымен, іс-әрекеттері ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған. Қийсымбаев 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде жарақат алған, қамауда ұсталып, азапталған. Қаңтар оқиғаларына қатысуына байланысты Қийсымбаевты, ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлігі бойынша, қылмыстық қудалау, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына, байланысты тоқтатылды. Наразылықтарды басу мен азаптауларға қатысы бар полицейлерді жауапқа тартуды талап ететін көптеген митингілерге қатысқан.

 Олжас Құлжаханов, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 ж. қаулысымен, іс-әрекеттері ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Сағынқүл Қонар, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 жылғы қаулысымен, іс-әрекеттері ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Теңілік Нұрланов, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 ж. қаулысымен, іс-әрекеттері ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Ержан Төреқұлов, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ЖТТ басшысының 18.11.2022 жылғы қаулысымен іс-әрекеттері ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған. Бұған дейін Төреқұлов, Арон Атабекті еске алу (40 күндік ас)  рәсіміне қатысқаны үшін, 15 тәуліктік мерзімге әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

9 Еркін Қазиев, Қаскелең қаласының азаматтық белсендісі. Қазиевке ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері», 405-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылды. 22.02.2022 ж. Қазиевке іздестіру жарияланды. 23.02.2022 ж. Қарасай аудандық сотының тергеу судьясы қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай рұқсат берді. 27.10.2022 ж. Қазиев ұсталып, қамауға алынды. Бұған дейін, 2019 жылы Е.Қазиев ҚР ҚК 405-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу бойынша сотталған болатын. Қазиев бірнеше басқа белсенділермен бірге Қаскелең қаласында «Қазақстан-үлкен түрме» атты саяси арт – перфоманс өткізді, ол үшін тағы да ұсталды.

10 Бауыржан Әлиасқаров, Алматы облысының Ақсу ауданының тумасы. Алматы қаласында жеке тасымалдаумен айналысқан. 06.10.2022 ж. Жетісу облыс прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының аға прокуроры -ВАЖТТ басшысы Б.Әлиасқаровтың іс-әрекетін ҚР ҚК 272-бабының 1, 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігі бойынша саралау туралы жаңа қаулы шығарды. 31.01.2022 ж. Алматы облысы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасы бастығының орынбасары – ВАЖТТ мүшесінің қаулысымен Әлиасқаровтың іс-әрекеттері ҚР ҚК 272-бабының 2, 3-бөлімдері бойынша сараланды. 19.04.2022 ж. Алматы облысы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының аға прокурорының қаулысымен Б.Әлиасқаровтың әрекеттері ҚР ҚК 272-бабының 1, 2, 3-бөлімдері бойынша сараланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

11 Дәурен Макин, белгілі қазақстандық суретші «терроризмді насихаттады» деген күдікпен қамауға алынды, істі тергеумен ҚР ҰҚК айналысады. Нұрсұлтан қ. ҰҚКД аға тергеушісінің 30.04.2022 ж. қаулысымен Д. Макиннің іс-әрекеттері ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. 07.11.2022 ж. Астана қ. ҰҚКД аға тергеушісі ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі бойынша Макиннің іс-әрекетін саралау туралы жаңа қаулы шығарды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Сараптамалық кеңес: Ғалым Ағелеуов, Лұқпан Ахмедияров, Зәуреш Батталова, Гүлмира Біржанова, Анара Ибраева, Евгений Жовтис, Ерлан Қалиев, Бақытжан Төреғожина, Амангелді Шорманбаев.

 

Возможно, это изображение 11 человек, люди сидят и текст «саяси туткындар 25.01 25.01.2023 TI3IMIH кецейту казиев еркын андреева багдагуль конар сарынкул илипбаев кийсымбаев кульжаханов макин айдос акылжан олжас даурен бостандык! свободу! Freedom! торекулов алиаскаров уразбаев ержан бауржан амангельды нурланов тенилик»

 

https://tirek.info/press-reliz-aza-standa-y-sayasi-t-t-yndardy-tizimin-zha-artu-ke-ejtu/

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.