Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Еуропарламент депутаттары Жанболат Мамайды босатуға шақырды

22-24 тамыз күндері Қазақстанға Еуропарламенттің адам құқығы жөніндегі шағын комитет делегациясы келді. Олар Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде азапталған азаматтар және БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Еуропарламент ресми сайтында хабарлады.

Азаттық мәліметіне сәйкес, Еуропарламент депутаттары 2022 жылғы Қаңтар оқиғасын әділ тергеу маңызды екенін баса айтқан. Сондай-ақ, саяси белсенді Жанболат Мамайды да босатуға шақырған.

– Қазақстанның жуырда өлім жазасын алып тастағаны оң өзгеріс болғанмен, іс жүзінде адам құқығын қорғау, негізгі саяси құқықтар, жаңа саяси партияларды тіркеу мен БАҚ еркіндігі саласында, Қазақстанның БҰҰ адам құқығы кеңесіне мүше (2022-2024 жж.) болып отырған шақта халықаралық міндеттемелерді сақтау бойынша әлі талай шаруа атқару қажеттігін депутаттар мойындады. Еуропарламент депутаттары 2022 жылғы Қаңтар оқиғасын ашық, жан-жақты әрі әділ тергеу маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар саяси және қоғам белсенділерін қудалау мен қорқытуды дереу доғарып, барлық саяси тұтқындарды, оның ішінде Жанболат Мамайды да босатуға үндеді, – делінген Еуропарламент хабарламасында.

Возможно, это изображение 4 человека и люди стоят

 

“Эксклюзив”


https://exclusive.kz/europarlament-deputattary-zhanbolat-mamajdy-bosatu%D2%93a-sha%D2%9Byrdy/?fbclid=IwAR2VwKASUn3HgHiPtxBPRsFc3HoyCwdpRvZTv8E4rt2rNuBlkB-kjiA315s

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мамай ЖанболатБольше записей в Мамай Жанболат »
.