2022 жылғы 3 мамыр Алматы қаласы
Сараптамалық кеңестің 2022 жылғы 3 мамырдағы шешімімен саяси тұтқын болып танылғандар:
- Нарымбаев Ермек – қоғам қайраткері (Алматы қаласы), 02.06.2022 Алматы қаласының халықаралық әуежайында 7 жылдық эмиграциядан оралған кезде ұсталып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудегі пробациялық бақылау шарттарын бұзуына байланысты Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесіне қамалды. 2022 жылғы 12 сәуірде Алматы қалалық соты адвокаттың жеке шағымын қанағаттандырудан бас тартып, Нарымбаевты 2022 жылғы 16 ақпанда бас қалған мерзімін бостандығынан айыру жазасы түрінде өтеу үшін Алматы облысы Заречное ауылындағы ЛА-155/14 мекемесіне ауыстырды.
- Мамай Жанболат – оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жетекшісі (Алматы қаласы). 12.03.2022 Мамай Ж.М. ұсталып, Алматы қаласының Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚК 378 -бабының 2-бөлігі, 274-бабының 2-бөлігі бойынша күдікті деп танылды, оған қатысты екі айға қамауға алуға үкім шықты.
- Охасов Орынбай – азаматтық белсенді (Орал қаласы). Орал қалалық сотының 2021 жылғы 18 қарашадағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабында көзделген «Тыйым салынған экстремистік ағымға қатысу» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мерзімі 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 25 наурызда пробация қызметінің ұсынысы бойынша Орынбай Охасовқа бас бостандығын шектеудің өтелмеген бөлігі 7 ай 17 тәулікке бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.
- СабитовАйбек – азаматтық белсенді. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2021 жылғы 13 мамырдағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 13 қаңтарда Шымкент қаласының пробация қызметі басқармасының ұсынысымен А.С. Сабитовқа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 3 ай 15 тәулігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
- Баймағамбетов Мұратбай – азаматтық белсенді (Қызылорда қаласы). 2022 жылғы қаңтардағы бейбіт шерулерге қатысқаны үшін М.Баймағамбетовтің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен сараланды. 2022 жылдың 11 қаңтарында Қызылорда қаласының тергеу сотының қаулысымен 2 айға қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Айыптау тек Баймағамбетовтің наразылық білдірушілер арасында болу фактіне ғана негізделген, қазір ол Қызылордадағы тергеу изоляторында.
- Валиев Дархан – Алматы қаласының белсендісі. 2022 жылдың қаңтарында бейбіт шерулерге қатысқаны үшін Д.Валиев Алматыдағы мәйітхана ғимаратының жанынан, өлтірілген ағасы Аслан Валиевтің денесін алуға барған жерінде ұсталды және Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2022 жылдың 11 қаңтарында Д.Валиевтің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен сараланып, оған 2 айға қамауға алу тағайындалды. Айыптау Д.Валиевтің Тәуелсіздік алаңында шеруге шыққандар арасында болу фактіне негізделген, қазір ол Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінде қамауда отыр.
Тізімге енгізілгендер туралы қысқаша ақпарат:
- Нарымбаев Ермек: 2016 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Е.Нарымбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда Нарымбаев Украинаға кетіп, сонда тұрақты тұрып, саяси босқын мәртебесін алды. 2016 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы Әуезов аудандық соты пробация қызметінің Е.Нарымбаевқа іздеу жариялау туралы өтінішін қанағаттандырды. 2017 жылғы 25 сәуірде Е.Нарымбаевқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгертті, ал 2017 жылғы 22 мамырда Әуезов аудандық соты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 2 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына айырбастады. 2022 жылы 6 ақпанда Алматыға оралған Е.Нарымбаев қамауға алынып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді.
- Мамай Жанболат: Оппозициялық саясаткер, журналист, алматылық белсенді, тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының көшбасшысы. 2022 жылдың 25 ақпанында Ж.Мамай 2022 жылдың 13 ақпанында Қазақстанда қаңтарда болған үкіметке қарсы наразылық құрбандарын еске алуға рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырғаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Ж.Мамай 15 тәуліктік әкімшілік қамау мерзімі өтелгеннен кейін 2022 жылдың 12 наурызында әкімшілік қамауға алынған тұлғаларды ұстау орнынан босатылуы тиіс болатын. Алайда оны босатпай, уақытша ұстау изоляторына ауыстырды, ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша айып тағылды. Ж.Мамайға рақымшылық жасаудан екі рет бас тартылды.
- Орынбай Охасов: Орал қаласынан азаматтық белсенді. О.Охасов түрлі бейбіт митингілерге қатысып, өз пікірін білдірген, сол үшін бірнеше рет айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылып, 1 тәуліктен 20 тәулікке дейін қамауға алынған.
- Айбек Сәбитов: Азаматтық белсенді. А.Сабитов Шымкент қаласындағы ИЧ-187/3 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Айбек Сәбитов өз қызметі үшін талай рет 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.
- Баймағамбетов Мұратбай: Қызылорда қаласынан азаматтық белсенді. Қызылорда қаласы сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1.2-бөлігімен айыпталып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 3-ші топтағы мүгедек, бейбіт митингілерге қатысқаны үшін бірнеше рет айыппұл және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.
- Валиев Дархан: Алматы қаласынан азаматтық белсенді. 2022 жылдың 10 қаңтарында Д.Валиев саяси тұтқындарды босатуды талап етіп Алматыда бірнеше рет жеке пикеттерге шығып, сол үшін 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. 11.10.2021 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабымен кінәлі деп танылып, 1 және 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сараптамалық кеңес:
Ғалым Ағелеуов
Лұқпан Ахмедьяров
Зәуреш Батталова
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис
Ерлан Қалиев
Бақытжан Төреғожина
Амангелді Шорманбаев
2022 жылғы 3 мамыр, Алматы қаласы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.