Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚУҒЫНДАУ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛҒЫ 1 МАМЫРДАН 31 ДЕЙІНГІ ЖАҒДАЙДЫҢ МОНИТОРИНГІ

 

 

1 мамыр, Алматы қаласы,  қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған «JAD» фотокөрмесі ашылды. Көрме белгілі суретші А.Ахмедьяровтың көркем қойылымымен басталды, онда ОМОН киімін киген адам жермен жорғалап жүр, артында сүйреткен қу сүйектер бар. Көрме құқық қорғаушы Б.Төреғожинаның суретшімен бірлестігінде ұйымдастырылды[1].

2024 жылғы 1 мамыр, Вашингтон қаласы(АҚШ), АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы (USCIRF) 2023 жылға арналған әлемдегі діни еркіндік туралы жыл сайынғы есебін жариялады, онда АҚШ Мемлекеттік департаментіне Діни бостандыққа  шектеулер үшін арнайы бақылау тізіміне, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірге, Қазақстанды қосуды ұсынды. Алайда Қазақстан бақылауға түсіп қалудан тыс қалды[2].

1 мамыр, Солтүстік Қазақстан облысы, Бірлік ауылы, Нұрбол Өнерхан, ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабының 1-бөлігі, «Полиция қызметкерінің бұйрығына бағынбағаны үшін» 15 тәулікке қамауға алынды. 30 сәуірде белсенді үйінен шығып бара жатқан жерінде ұсталды[3].

1 мамыр, Астана қаласы, «Құқықтық медиа орталығы» ҚҚ журналисі Д.Окремова: «Ескі бетке жаңа макияж», БАҚ туралы жаңа заңды дәл осылай атауға болады, онда «мемлекет» сөзі 156 рет, «бақылау» – 43,  ал «қауіпсіздік» -7, ал «кепілдік» тек 2 рет  кездеседі[4].

2 мамыр, Шымкент қаласы, журналист М. Низовкинатағы да сотқа шақырылды.  Елден шығару туралы арызды сотқа Шымкент қалалық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы берді. Жергілікті қоғамдық кеңестің мүшесі Р.Әшетаевтың арызданған.  Сот отырысында М.Низовкина Ресей азаматы ретінде көрсетілді[5].

2 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қаланың орталық алаңына жиналды, олар су астында қалған баспаналарына келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Кешкі сағат сегізде жиналған халық түнгі сағат бірге дейін тараған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ге жуық адам жиналған[6].

2 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 25 сәуірі мен 2 мамыры аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорынан шолу [7].

2 мамыр, Шымкент қаласы, С.Ибрагимов, ҚР ҚК-нің 256-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айыру, мамандандырылған сот оны «терроризмді насихаттау» үшін кінәлі деп тапты. Тергеу мен айыптау тарапының мәліметінше, сотталушы TikTok әлеуметтік желісінде «Ислам мемлекеті» ұйымының қызметін «насихаттайтын» бейнероликтермен бөлісті [8].

2 мамыр, Астана қаласы, блогер С.Искакаов, өзін ұстаған тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты аудандық прокуратураға шағым түсірді. Бұрын мемлекеттік БАҚ-та журналист болып жұмыс істеген С.Ысқақов 1 мамырда ұсталып, Байқоңыр аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оны 6 сағатқа жуық уақыт бойы бөлімшеде ұстап, айыптаусыз босатты. Бұған дейін оған полицейлер екі рет келіп, сөмкесі мен құжаттарын тексерген болатын[9].

3 мамыр, Астана қаласы,  оннан астам қазақстандық журналист президент пен қауіпсіздік органдарынан қамаудағы әріптесі – Д.Әділбековті қамаудан босатуды және оның ісін ашық тергеуді қамтамасыз етуді сұрады[10].

3 мамыр, Алматы қаласы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалына қаза тапқан азаматтардың он шақты туыстары жиналды. Жиналғандар билік тарапынан өлімнен кейін айып тағылып, кейін сотталған марқұм жақындарының ақталуын және олардың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті. Келген тұрғындар да Қазақстанның экс-президентінің есімімен аталатын көшелердің атын өзгерту туралы айтты[11].

3 мамыр, Алматы қаласы, 2024 жылдың 1 мамырына жарияланған жалпыұлттық митингі қарсаңындағы әкімшілік қамауға алу және айыппұлдар тізімі. Тізім 05.03.2024 ж. сағат 11:00-дегі жағдай бойынша[12].

3 мамыр, Париж (Франция), Қазақстан «Шекарасыз репортерлар» ұйымының жыл сайынғы индексі бойынша баспасөз бостандығы рейтингінде сегіз сатыға төмендеп, 180-нен 142-ге түсті. Елдің рейтингін құрайтын бес көрсеткіштің ішінде нақты саяси көрсеткіш 2024 жылғы индексте 7,6 тармаққа қатты төмендейді[13].

3 мамыр, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қорының мәлімдемесі: «Біз мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарды журналистердің құқықтарын құрметтеуге, Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген сөз бостандығын, еркін қабылдау және алу құқығын сақтауға ақпарат тарату және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына кедергі жасамауға шақырамыз» [14].

3 мамыр, Астана қаласы, Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнінде «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық ұйымы Қазақстанның медиа секторындағы қазіргі жағдайға қатты алаңдаушылық білдіреді. Біз барлық мүдделі тараптарды журналистерді қудалау фактілеріне, сондай-ақ прогрессивті нормалар өте аз қамтылған БАҚ туралы заң жобасына назар аударуға шақырамыз[15].

4 мамыр, Алматы қаласы, «Kaharman.kz» ұсынған, 2024 жылғы 1 мамырда жарияланған бейбіт шерулерге байланысты саяси қудалау мониторингі [16].

6 мамыр, құзырлы органдар «қандас» мәртебесіне ие болып, Қазақстан азаматтығын алмақшы болған СамиАтаГүлді отаны- Ауғанстанға  депортациялауға жаңа әрекет жасады. Ол тағы да депортациядан құтылды. Алғаш рет оны сәуір айында елден шығармақ болған, сол кезде ол төлқұжатын жыртып тастаған болатын[17].

 

7 мамыр, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (омбудсменнің) Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша өкілдіктері  «басқа азаматтардың мүддесін, олардың жазбаша келісімінің болмауында көздейтіндей» деген тұжырымдаумен құқық қорғаушы Б.Төреғожинаның шағымын қараудан бас тартты[18].

7 мамыр, Қазақстан Республикасы, Қазақстанда жұмыс істейтін тәжік Орталық Азия елдерінен келген азаматтарды мигранттары жергілікті полицияның тексеріп жатқанын, нәтижесінде оларды ұстап, кейін елден шығарып жатқанын хабарлады[19].

8 мамыр, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылы, ондаған тұрғын өз ауылының маңындағы алтын өндіру зауытының құрылысын қысқартуды талап етті. Сәрсенбі күні олар осы зауыттың құрылыс алаңына келді. Жергілікті билік ауылға арнайы жасақ жіберіп, кәсіпорынның құрылыс алаңына іргелес аумақтың күзетін күшейтті[20].

9 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 2 мамыры мен 9 мамыры аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қоры жүргізген шолу [21]

10 мамыр, Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылы, «Әйелдер колониясы» түзеу мекемесі, журналист А.Тілеужанованың денсаулық жағдайы, ҚР ҚК-нің 272-бабы, 4 жылға бас бостандығынан айырылған, денсаулығы нашарлады. Адвокат А.Айдархановтың айтуынша, Әйгерімнің қан қысымы көтеріліп, бетінің оң жағы ісініп кеткен, жансызданған [22] .

10 мамыр, Шығыс Қазақстан облысы, Маралды ауылы, полицейлер Жанат Кәрібаеваның үйінде тінту жүргізіп, ұялы телефонын тартып алды. Ж.Кәрібаева тінтуді өзіне қысым көрсетудің әдісі деп атады және оны Маралды ауылының іргесінде алтын өндіретін фабриканың құрылысына қарсылық білдірген ауыл тұрғындарының наразылығымен байланыстырады [23].

10 мамыр, Алматы қаласы, Жанболат Шайзада, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 5 тәулікке қамауға алынды. Ол көлікке Кеңес Одағының қызыл туын тіккен адамдармен 9 мамырда жанжалдасқан, қалалық сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот үкімінде Шайзада Ж. «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп көрсетілген [24].

 11 мамыр, Шымкент қаласы, Бақытжан Нақып, полицейлері тіркелмеген бірлестіктің қызметіне қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, 10-бөлігі бойынша 184 600 теңге (шамамен 420 доллар) айыппұл салды. Полиция толтырған хаттама бойынша, Б. Нақып қазақ тілін қолдайтындарды Бәйдібек бидің ескерткіші алдына 7 мамыр күні жиналуға шақырған. Ол TikTok желісіндегі Qazaq арнасында үндеу жариялаған. Ол үндеуді тіркелмеген «Тіл майданы»(«Языковой фронт»)   ұйымының мүшесі ретінде берген деп бекітілген [25].

12 мамыр, Астана қаласы, 5 полиция қызметкері Э.Бекзадинаға күш қолданып, оны Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне апарды, сағат 11:15-тен 14:30 –ға дейін  ұстады. 2024 жылғы 24 сәуірде, ол өзінің серіктестерімен бірге «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеуді бастау үшін құжаттарын тапсырғандағы  оқиғаға қатысты, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі («полиция қызметкерінің талабын орындамау») бойынша, хаттама толтырылды [26]

13 мамыр, Астана қаласы, әскери қылмыстық сот сотталғандарға қатысты азаптаулар туралы істі қарай бастады. ІІМ ҚАЖК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша № 62 мекемесінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің 11 қызметкері айыпталушы  орындығында отыр. Оларға Жезқазған қаласындағы АК-159/25 мекемесіндегі сотталғандарға қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы бойынша, айып тағылды [27].

13 мамыр, Алматы қаласы, Д.Маричева,  ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 2-бөлігімен «көрнеу жалған ақпарат орналастырғаны, таратқаны үшін» кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге (168 АҚШ доллары) айыппұл салынды. Сот «Азаттықтағы» әріптестерін қолдаған жазбаны жалған ақпарат деп санады [28].

13 мамыр, Алматы қаласы, «Феминита» белсенділері экс-министр Қ.Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруға шақырып шеруге шықты.  Экс-министрдің атышулы ісі бойынша сот шешімі жарияланғаннан кейін феминисткалар акция өткізді [29].

13 мамыр, Көкшетау қаласы, Айгүл Әубәкірова 17 және 18 жастағы аға-әпкелеріне, олардың бірі қатерлі ісік ауруына шалдыққан, «Арлан» элиталық арнайы жасақтың кезекші бөлімшесінің қызметкерлері шабуыл жасағанын айтты [30].

14 мамыр, Астана қаласы, Э.Бекзадина, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен 110 760 теңге (250 АҚШ доллары) айыппұл салынды, 2024 жылғы 24 сәуірде, ол өзінің серіктестерімен бірге «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеуді бастау үшін құжаттарын тапсырған кезінде «қызметкердің талабын орындамағаны» үшін [31]

14 мамыр, Алматы қаласы, Қ.Бишімбаевтың үкімі бойынша феминистік  бастамашыл топтың наразылық акциясына 6 қатысушының ішінен полиция екі әйелді – Гүлзада Сержан мен Агулиева Ясминді ұстады. Олар Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді [32] .

15 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жергілікті мәдениет үйіне жиналып, Мәдениет үйінде біраз уақыт күткен халық қала әкімдігіне қарай бет алды. Олар әкім орынбасарының жауабына көңілдері толмайтынын айтып, өтемақы сомасын жеке өздеріне беруді талап етті [33].

15 мамыр, Маңғыстау облысы, «Жалғызтөбемұнай» мұнай компаниясының бірнеше ондаған жұмысшысы наразылық акциясына шықты. Айтуларынша, 15 мамырда олар жұмыстан заңсыз шеттетілген. Жұмысшылар қуғын-сүргіннен қорықпай жұмыс орындарына қайтаруды және жұмысын жалғастыруды талап етті [34].

15 мамыр, Астана қаласы, Ауғанстаннан келген этникалық қазақ, бұған дейін Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген Сами АтаГүлді үшінші рет ұшаққа отырғызбақ болды. Құқық қорғаушы Бақыт Сарайдың айтуынша, Целиноград облыстық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан, Сами АтаГүл оның жеке кепілдігімен босатылған [35].

15 мамыр, Алматы қаласы, сот ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша, феминист бастамашыл белсенділер Г. Сержанға және Г.Өтебаеваға 184 600 теңгеден айыппұл салды. Оларға Қ.Бишімбаевқа шыққан үкімінен бойынша наразылық акциясы кезінде «рұқсат етілмеген жиналыс ұйымдастырды» деген айып тағылды [36].

15 мамыр, Шығыс Қазақстан облысы, экология белсендісі, блогер Қарлығаш Жақсыбай Маралды, ауылының маңында салынып жатқан алтын өндіретін фабриканың құрылысына қатысты видеоға байланысты полиция хаттама толтырғанын хабарлады. ҚР ӘҚБтК-нің 456-2 бабы бойынша, «жалған ақпарат тарату» айыбы тағылды [37].

15 мамыр, Алматы қаласы, Шайзада Жанболат, көлікке Кеңес Одағының қызыл туын тіккен адамдармен жанжалдасып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 5 тәулікке қамауға алынған, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторы шықты. Оны 50-ге жуық адам күтіп алды [38].

15 мамыр, Семей қаласы, полиция қызметкерлері белсенді Н.Сембаевқа сотқа шақыру қағазын тапсырды. Өзін  ұстауды,  ауылының жанындағы алтын алу тау-кен фабрикасы құрылысына қарсы шыққан Маралды ауылының тұрғындарын қолдайтын плакатпен суретке түсу ниетімен байланыстырады [39].

15 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың әкімдік маңындағы жиыны жалғасты. Тұрғындар түні бойы ешқайда кетпеді, бірнеше шатыр тікті. Кейбір адамдар түнде ғимаратта түнеді. Су тасқынынан үйлері жарамсыз болып қалған азаматтар үйдің 1 шаршы метрі үшін 400 мың теңге төлеуді талап етуде [40].

16 мамыр, Батыс Қазақстан облысы, белсендісі Қабиева Меңзада өзін полицияға шақырғанын хабарлады. Жұмысқа келген полиция қызметкерлері оған шақыру қағазын тапсырды, келмеген жағдайда мәжбүрлі түрде қамауға алынатынын ескертті. Бұл соңғы бірнеше күнде полицияның белсендіге екінші рет келуі [41].

16 мамыр, Астана қаласы, А.Сыздықов, тінтуден кейін құқық қорғаушыны күш құрылымдары ұстады. Ол, ағымдағы жылдың 17 сәуірінде белгісіз бір азамат Ивановқа 3 грамм марихуана сатқан деген негізбен, ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі «есірткі тарату» бойынша айыпталуда [42].

16 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығына, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 10-16 мамыр аралығындағы жағдайына  «Әділ сөз» қорының шолуы [43].

17 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Құлсары қаласында жоғалған тұрғын үй үшін өтемақы ақша төлеудің мөлшері мен шарттарына көңілі толмайтынын айтып су тасқынынан зардап шеккендер бірнеше күн бойы наразылық білдіріп жатқан оқиға орнынан репортаж жасап жатқан «Азаттықтың» тілшісі А.Сапароваға  белгісіз біреу телефон соғып, оны қорқытты [44].

17 мамыр, Астана қаласы, қазақстандық құқық қорғаушылар ұсталған ресейлік әскери мердігер К.Касимовтың тағдырына алаңдаулы. К.Касимовтың өзімен ешқандай байланыс жоқ. Оның қорғаушысы бар ма, қамауда отыр ма, белгісіз. Құқық қорғаушылар оны Ресейге заңсыз шығарып, соттайды деп қауіптенеді [45].

17 мамыр, Талдықорған қаласы, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК-нің 405, 258-баптары, журналистке қатыгездік көрсету қылмыстық ісі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі, 2-тармақшасы бойынша, полицейлердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының  болмауына байланысты тоқтатылды [46].

17 мамыр, Шығыс Қазақстан облысы, жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде экстремистік діни мазмұндағы материалдарды жариялады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот ер адамды осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 369 200 теңге (100 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салды [47].

17 мамыр, Талдықорған қаласы, С.Дүйсенова, сот журналисті жалаңаш видеоға түсіргені үшін 100 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп берді. Оны 2023 жылдың жаз айында түнде ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша айып тағылды. Журналисті ұстап, оны толықтай шешіндіріп, видеоға түсірген, және мұны «тінту» деп түсіндірген. Полицияның өзі бұған қатысты сот санкциясы бар екенін мәлімдеді [48].

19 мамыр, Астана қаласы, Алматы аудандық соты қырғыз музыканты В. Рузахуновтың Қазақстан Ішкі істер министрлігіне қарсы ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады [49].

 20 мамыр, Астана қаласы, соғыстан қашып кеткен украиналық С.Ковалевтің отбасына, сондай-ақ оның әйелі Надежда мен қызы Анастасияға қатысты істі ойдан шығаруға Қазақстанның күш құрылымдарының қатысы болуы мүмкін, деп хабарлады адвокат А.Секеров[50].

20 мамыр, Астана қаласы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының жанына көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі  жандар жиналып, қылмыстық іс қозғауды талап етумен Қазақ зағиптар қоғамы басшылығының үстінен шағым түсірді. Әр өңірден 15-ке жуық мүмкіндігі шектеулі жан Астанаға келді [51].

20 мамыр, Алматы қаласы, «Ескі Қазақстан құрбандары» қозғалысын құрған қоғам белсендісі Жарқын Күрентаев барлық өңірлердегі күш құрылымдарының басшылығын түбегейлі өзгерту үшін бүкіл елде митингілер өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Белсенді әзірге 29 маусымда митинг өткізуге тек өтініш беруді жоспарлап отырғанын айтты [52].

20 мамыр, Атырау қаласы, Қ.Бимырзаев, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынды, сонымен қатар 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот ұйғарымында сотталушының кінәсі, атап айтқанда, мас күйінде сараптамадан өтуден бас тарту туралы қорытындымен дәлелденгені көрсетілген [53].

20 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы,  әкімдік алдында тұрған тұрғындардың бірі өзін нашар сезінді. Оған жедел жәрдем шақырылды. Наразылық білдірушілердің айтуынша, жолды қоршауға алған қауіпсіздік күштері жедел жәрдемді «5 минуттан астам»  өткізбей қойған [54].

20 мамыр, Астана қаласы, АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея бастаған делегация адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша жыл сайынғы АҚШ-Қазақстан жоғары деңгейдегі диалогының отырысына қатысты. АҚШ делегациясы Қазақстан билігін азаматтық қоғам серіктестерінің толық қатысуымен реформаларды ілгерілетуге шақырды [55].

20 мамыр, Астана қаласы, қала әкімдігі белсенді А.Сочневке 2024 жылдың 8 маусымында цирк жанындағы алаңда жеке пикет өткізуге рұқсат бермеді. Белгіленген мерзімде бұрын жоспарланған іс-шараларды өткізу себебіне байланысты [56].

21 мамыр, Орал қаласы, су тасқыны кезінде су басқан үйлердің орнына үй беруді талап етіп, кеше кеште митингке шыққан бірнеше саяжай тұрғыны полицияға жеткізілді. Жазғы тұрғындардың акциясы барлығы 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Жиналғандар тағы да әкімдікке келеміз деп, таңғы бірден кейін тарап кетті [57].

21 мамыр, Көкшетау қаласы, Мәлік Ахметқалиев, ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлігі, 4,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу. Сот оны есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды [58].

21 мамыр, Астана қаласы, Қазақстанға адам құқықтары мәселесін шешу үшін бірнеше ұрпақ қажет болуы мүмкін, дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея [59].

21 мамыр, Алматы қаласы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысушы Қ.Арқабаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1/2-бөлігі: 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Сотталушының адвокаты президент Қ.Тоқаевқа Алматыға шабуыл жасаған 20 мың лаңкес туралы бұрын айтқан оның сөзін еске салып, оның қорғауындағы азаматтың бұл санға кірмейтініне президентті сендірді [60].

21 мамыр, Астана қаласы, Қазақстанның әр өңірінен жиналған көру қабілеті нашар адамдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдыдағы наразылық акциясын жалғастыруда, оларға Бас прокуратура өкілдері келді. Акцияға қатысушылар Қазақ зағиптар қоғамының басшысына қатысты қылмыстық істі қайта  қарау туралы арыздарын жазды. Прокуратура өкілдері шара қолдануға уәде берді [61].

21 мамыр, Астана қаласы, журналист Д.Әділбеков, ҚР ҚК-нің 419-бабы, тергеу сотында журналисті қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты қаралды, судья Т.Ақшабаев, қамауға алу мерзімін 27 маусымға дейін ұзартты[62].

22 мамыр, Алматы облысы, Қонаев қаласы, ҚР ҚК 258, 405 бабы, «экстремизмді қаржыландыру» және тыйым салынған ұйымға «қатысу» деген айыппен қамауда отырған Д.Мұхаммедкәрімге  қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Журналистің қатыгездік көрсетті деген арызынан кейін тергеу тағайындалып, ақпан айында іс тоқтатылған болатын [63].

22 мамыр, Алматы қаласы, баспасөз мәслихаты өтті, онда қатысушылар шариғат бойынша неке институтына қарсы пікір білдірді. Құран көп әйел алуды немесе әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты қолдамайды, ал діни қызметкерлердің әрекеті Құран құндылықтарын көрсетпейді және ұлттық заңнамаға қайшы келеді. Шариғат бойынша неке қиюдың кеңінен таралуына қарсы петиция бастамашылары осындай пікірде [64].

22 мамыр, Атырау облысы, Құлсары қаласы,  аудан әкімдігі ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар тарап кетті. Олар алаңнан өз еркімен кетті, күш қолданылмады, бірақ бағалау нәтижесімен келіспейтіндер де бар [65].

22 мамыр, Алматы қаласы, «Шетелдік кәсіпорындағы қазақстандық жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеудегі кемсітушілік көзқарас туралы» баспасөз мәслихаты өтті, оны Қазақстан кәсіподақтары достастығы «Аманат» атқару комитетінің мүшесі А. Ушаков және қосалқы мердігердің басшысы Г.Мусин өткізді [66].

22 мамыр, Алматы қаласы , «Өз хатыңызды бұза отырып, М.Жыланбаевтың сотын неліктен жапқаныңызға Жоғарғы сот нақты түсінік бере ала ма?», – деді құқық қорғаушы Б.Төреғожина [67].

22 мамыр, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында В.Рузахуновтың бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдеріне шағымы бойынша сот отырысы өтті. Судьялар алқасы В.Рузахуновтың апелляциялық соттың шешімі мен ұйғарымын қайта қарау үшін шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады [68].

23 мамыр, Алматы қаласы , Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 16 –сы мен 23 мамыры аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорының шолуы [69]

23 мамыр, Астана қаласы, А.Суюбаев, ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі «есірткі заттарды заңсыз сақтады» деген күдікпен екі айға қамауға алынды. Белсенді А.Суюбаевтың жақтастары қылмыстық істі «саяси қудалау» деп атайды [70].

23 мамыр, Степногорск қаласы, №4 мекеме, заңгер М.Досқараев, М.Жыланбаевқа барғанын хабарлады, ҚР ҚК 258-бабының 2-бөлігі және 405 -баптың 2 бөлігі, 7 жыл бас бостандығынан айырылған. «Қазіргі уақытта оның денсаулығы қалпына келді, жүгіреді, суретші болып жұмыс істейді, барлығына сәлем жолдайды, денсаулығы жақсы, барлығына сәттілік, бақ-береке, жақсылық тілейді», – деп хабарлады М.Досқараев[71]

23 мамыр, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры, ҚР ӘҚБТК-нің 456-2-бабын қолдану тұрғысында құқықтық тәжірибені жетілдіру мақсатында, журналист Д.Маричеваның ісіне құқықтық шолу дайындады[72].

23 мамыр, Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шыққанына 10 күн болды. Наразылық білдірушілер басшылық олардың еңбектік құқықтарын бұзып отыр дейді[73].

23 мамыр, Қонаев қаласы, Қ.Қылышев, ҚК 405-бабының 1-бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айырылған, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызды қарау бойынша сот отырысы өтті. Сот Қ.Қылышевта 2 ынталандыру және 1 оң мінез-құлық дәрежесінің болуына қарамастан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Түрме мерзімінің аяқталуына 7 ай 7 күн қалды[74].

23 мамыр, Алматы қаласы, Г. Жуаспаева, көптеген атышулы істер бойынша сот процестерінде айыпталушылардың адвокаты болған заңгер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Түркісіб аудандық соты оның жабық сот отырысының материалдарын жария етті деп, адвокатқа қатысты жеке қаулы шығарды. Адвокат Г.Жуаспаева бұл шешіммен келіспейді, қалалық сотқа апелляциялық шағым түсірді[75].

23 мамыр, Атырау қаласы, сот журналист О.Вертинскаяның Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жарамсыз деп тану туралы шағымын қарады. Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды. Келіспеушілік туындаған жағдайда, өтініш беруші оны апелляциялық сатыда даулауға құқылы[76][77].

23 мамыр, Павлодар облысы, Байет ауылы, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ж.Жамалиев полиция қызметкерлерімен ұсталды. Полиция қызметкерлері шақыру қағазын ұсынбады, содан кейін денесінде ұрып-соғу белгілерінің болмауын есепке алу үшін оны медициналық тексеруден өткізді. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, әлеуметтік желідегі жарияланымдары үшін 5 тәулікке («Сот үкімін орындамау») қамауға алу туралы үкім шығарды[78].

24 мамыр, Өскемен қаласы, жергілікті тұрғындар алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы митингке шыққаннан кейін, қоғам қайраткері Т.Елеусізовті Маралды ауылына барғаннан кейін әуежайда ұстамақшы болды. Ұшу алдында полицейлер оны іс материалдарымен таныстырмақ болған, бірақ қоғам белсендісі өз адвокатының қатысуы қажеттігін алға тартумен бас тартты [79].

24 мамыр, Астана қаласы, қайта өңдеу ақысына қатысты петиция, «E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған қайта өңдеу ақысына қатысты петицияны қарауға қажетті қолдар саны жиналды. ҚР  ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес 50 мың қол қою шегіне жетуіне байланысты өтініш Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігіне өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды. Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес өтінішхатты қарау мерзімі ол тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күнін құрайды[80].

24 мамыр, Шымкент қаласы, К. Джапарова, ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігімен ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған, сот залында қамаудан босатылды. Сот әйелдің жасын (63 жас) және денсаулық жағдайын ескере отырып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі[81].

27 мамыр, Қостанай қаласы, облыстық соты белсенді А.Смақованың ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, 10-бөлігі бойынша айыппұл салу туралы қаулыға берген шағымын қарады. Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды[82].

27 мамыр, Алматы қаласы, «Алға, Қазақстан!» белсенділерін қылмыстық қудалау фактілері бойынша баспасөз мәслихаты. Астанада А.Сыздықов пен А.Суюбаев қамауға алынды, оларға «есірткі таратқаны үшін» деген айып тағылды. Алматыда А.Жамұратов экстремистік ұйымды қаржыландырды және осындай ұйымның қызметіне қатысты деген айыппен алты ай бойы қамауда отыр [83].

27 мамыр, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б.Төреғожина Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Ластаевты қызметінен босатуды талап етті. Оған құқық қорғаушылардың колония отырған саяси тұтқын М.Жыланбаевқа бару туралы өтінішін қабылдамаған омбудсменнің жауабы себеп болды [84].

27 мамыр, Қонаев қаласы, белсенді А.Достияров, саяси тұтқын Д.Мұхаметкәрімге жедел жәрдем қажет болғанын хабарлады. Белсендінің парақшасында дәрігерлермен түсірілген видео пайда болды [85].

27 мамыр, Алматы қаласы, мефедронның ірі партиясын тасымалдауға қатысы бар деп айыпталған алматылық А.Ахметованың (тегі өзгертілді) құқықтарының бұзылуына арналған баспасөз мәслихаты. Қыздың анасы М.Қасымбекова және оның қорғаушысы Б. Азанов сотталушы тек алқабилер сотында ғана оның ісін объективті түрде қарайды деген сенімде [86].

28 мамыр Қарағанды қаласы, «Qarmet» компаниясының өкілі компания «отандық өнеркәсіпті дамыту» петициясын қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, оған мердігер ұйымдардың қызметкерлерін қосқанда 100 мыңнан астам адам дауыс береді. Сондай-ақ ол компания басшылығы командаға қысым көрсетіп жатыр деген ақпаратты сенімсіз деп атады [87].

28 мамыр, Қызылорда қаласы, сот белсенді Г.Серікбаеваға қатысты, оның әлеуметтік желідегі жазбасы үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 2-бөлігі «көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату» бойынша құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдады [88].

28 мамыр, Қонаев қаласы, ҚР ҚК 258, 405 бабы, журналист Д.Мұхаммедкәрімнің әкесі, А.Тілепов, ұлын ауруханаға жатқызуды талап етіп, прокуратураға шағымданды. Мамырдың 24-і күні Талдықорған қаласында жергілікті дәрігерлер журналистің денсаулығының нашарлауы туралы қорытынды берді. Қадағалау органы өтінішті қабылдап, дәрігерлердің журналистің камерасына жіберілетінін хабарлады» [89].

28 мамыр, Алматы қаласы, Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков азаптау ісі бойынша ұсталды. Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында 28 мамырда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды», – деп хабарлады Бас прокуратура [90].

28 мамыр, Алматы қаласы, Қытайда қамауда отырған жақындарын босатуды талап еткен бір топ адам Қытайдың Алматыдағы консулдығына тағы бармақ болғанымен, полиция олардың жолын бөгеп тастады. Жиналғандар өз талаптарын айтқан соң кететіндерін айтты. Қытай консулдығынан жиналған жұртқа ешкім шыққан жоқ [91].

28 мамыр, Алматы қаласы, «Қайта өңдеуге жол жоқ!» қозғалысының белсенділері баспасөз мәслихатын оң фактіге арнады: Төлемді жою туралы петицияға 50 мың қол жиналды және оны енді үкімет қарауы тиіс. Белсенділер шенеуніктерді ДСҰ-ға жүгіну және референдуммен «қорқытты»[92].

28 мамыр, Астана қаласы, Т. Дәнебаев, ҚР ҚК-нің 174-бабы, 3 жылға бас бостандығынан айырылған, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Сот колониядан алынған материалдарға сілтеме жасап, « төбелескені үшін тәртіптік жаза» және «бірінші дәрежелі жағымсыз мінез-құлық» бар екенін көрсетті. Мекеме «сотталғанның түзелуін көрсететін оң өзгерістер болған жоқ» деп есептейді [93].

29 мамыр, Шығыс Қазақстан облыстық соты Глубоковский аудандық сотының 2024 жылғы 25 сәуірдегі ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі бойынша, тіркелмеген бірлестікке қатысқаны үшін айыппұл салу туралы қаулысының күшін жоюды сұраған белсенді С.Ыдырышевтың шағымын қанағаттандырмады [94].

29 мамыр, Алматы қаласы, С. Жамұратова, саяси тұтқын А.Жамұратовтың жұбайы ашық мәлімдеме жасап, күйеуінің соңынан ерген полицейлер оның үстінен ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты. Ол мұны оның үнін өшіру әрекеті деп санайды [95].

29 мамыр, Түркістан облысы, Ордабасын ауданы, Н.Мұхаммедов, Сот шешімі: Н.Мұхамедовке әлеуметтік желідегі жарияланымдарды өшіріп, моральдық шығын үшін 100 000 теңге өндіру міндеттелсін. Ол 23.12.2012 күні өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында және 27.01.24 күні ашқан «Талап Арыз» WhatsApp чатында оқушылардың алтын бұйым бергені туралы видео жариялап, «аса ірі көлемдегі пара алуда» деп жазған [96].

30 мамыр, Түркістан облысы, Ордабасын ауданы, Мұхамедов Н., әлеуметтік желідегі жарияланымдарға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, 405 ҚР ҚК қоғамдық-саяси қызметіне 3 жыл мерзімге шектеу қою себеп болды [97].

30 мамыр, Астана қаласы, Еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары Я.Войцеховский Қазақстанға жоғары деңгейдегі миссиясы барысында, Еуропалық Одақтың Елшісі Кестутис Янкаускаспен, сондай-ақ Еуропалық Одақ делегациясымен бірге тоталитарлық режимдер құрбандарын, Қарағанды облысының Абай ауданында орналасқан Спасск мемориалдық кешенінде еске алады. Онда  екінші дүниежүзілік соғыстың тұтқындары мен еркінен айрылғандарды, сондай-ақ кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген[98].

30 мамыр, Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы, сталиндік қуғын-сүргін кезінде жаппай зиратқа жерленген бірнеше ондаған адамның сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында ауылда «халық жауларын» жаппай өлтіру және жерлеу жұмыстары жүргізілетін Жаңалық НКВД полигоны жұмыс істеді, кейбір мәліметтер бойынша Алматы НКВД-сының жертөлелерінде атылғандар әкелінген[99].

30 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығына, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 23-30 мамыр аралығындағы жағдайына  «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының шолуы [100].

31 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстан Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтуде. Бұл күні олар мемлекеттік деңгейде ХХ ғасырдағы Кеңес өкіметінің зұлымдығы құрбандарына тағзым етті, ал оппозициялық және құқық қорғау топтары да солармен бірдей «Жаңаөзен-2011» және «Қантара-2022» құрбандарын еске алып, бүгінгі күнгі «нысаналы» саяси қуғын-сүргінге наразылық білдірді және бүгінгі саяси тұтқындарды босату мен ақтауды талап етеді     [101].    

31 мамыр, Алматы қаласы, азаматтық белсенді А.Ильяшев: «Өкінішке орай, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін жалғасуда. Бәлкім, бұл халықтың саясилануының күшеюінен шығар, өйткені адамдар өз құқықтарын біліп, бір нәрсеге қол жеткізуге тырысады, ал қалыптасқан авторитарлық режим оны бақылауға тырысады»[102].

31 мамыр, Астана қаласы, А.Джахин, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, 20 тәулікке қамауға алу, сот қаулысына сәйкес А. Джахин басқа белсенділермен бірге «Алға, Қазақстан!» және 2024 жылғы 14 наурызда Астана қаласында Әділет министрлігінің алдында «Біз тіріміз» деп айқайлаған, сонымен бейбіт жиналыстар туралы заңнаманың нормаларын бұзған. Сондай-ақ сот Е.Бекзадинаға ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 110 мың теңге (шамамен 250 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды[103].

31 мамыр, Ақтөбе қаласы, А.Қуаныш, сот шешімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-тармағы, терроризмді насихаттау немесе террористік акт жасауға жария түрде шақыру бойынша күдікті деп танылып, 2 айға қамауға алынды [104].

 

 

 

[1] https://rus.azattyq.org/a/32929363.html

[2] https://bureau.kz/goryachee/snova-proneslo/

[3] https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/posts/3577551185907039/

[4]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0cgSpPyxmnesV9cHQRLbHfuMgLFQLeXJQb7zmGEMadfeMuFGMyScdDqcQDbmVykiel?_rdc=1&_rdr

[5] https://rus.azattyq.org/a/32930767.html

[6] https://rus.azattyq.org/a/32931549.html

[7] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-25-aprelya-po-2-maya-2024-g-.html

[8] https://rus.azattyq.org/a/32935043.html

[9] https://rus.azattyq.org/a/32930377.html

[10] https://rus.azattyq.org/a/32932137.html

[11] https://rus.azattyq.org/a/32931939.html

[12]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0hMBEwAJyNuswGNQojW8FKg3ZUcaEBQjN14k4uAE8pHeEX8j6yeT2sGjume7TPSHrl?_rdc=1&_rdr

[13] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstan-opustilsya-na-vosem-pozitsiy-v-reytinge-svobody-pressy-v-2024-godu

[14] https://adilsoz.kz/news/zayavlenie-fonda-adil-soz-v-chest-vsemirnogo-dnya-svobody-pechati-.html

[15]https://web.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0cgSpPyxmnesV9cHQRLbHfuMgLFQLeXJQb7zmGEMadfeMuFGMyScdDqcQDbmVykiel

[16] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3801220440197211/

[17] https://www.youtube.com/watch?v=wB6yU22IGBc

[18]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0nPD1AWJvsnTFHpFiuHYKUSTD12Lu6K4qsADiDsgxJq2EN8HK1krBLXMwuYi32gAXl

[19] https://rus.azattyq.org/a/32936704.html

[20] https://rus.azattyq.org/a/32939543.html

[21] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-2-po-9-maya-2024-g.html

[22] https://vlast.kz/novosti/60099-osuzdennaa-zurnalistka-ajgerim-tleuzan-soobsila-ob-uhudsenii-sostoania-zdorova.html

[23] https://rus.azattyq.org/a/32942162.html

[24] https://rus.azattyq.org/a/32941986.html

[25] https://rus.azattyq.org/a/32946367.html

[26] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3807680936217828/

[27] https://rus.azattyq.org/a/32944779.html

[28] https://rus.azattyq.org/a/32944675.html

[29] https://rus.azattyq.org/a/32944574.html

[30]https://web.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0Br5XopSRbYF6VQtrQxcZTKhqtNdd2Lm6FVvnfJrvHfJTSTZkF6G3LFdEWiE43P9Yl&id=100004407332296

[31] https://rus.azattyq.org/a/32946762.html

[32] https://orda.kz/feministok-ustroivshih-akciju-protesta-protiv-mjagkogo-prigovora-bishimbaevu-zaderzhali-v-almaty-386350/

[33] https://t.me/RadioAzattyq/19120

[34] https://rus.azattyq.org/a/32955276.html

[35] https://rus.azattyq.org/a/32949778.html

[36] https://rus.azattyq.org/a/32948808.html

[37] https://rus.azattyq.org/a/32948644.html

[38] https://rus.azattyq.org/a/32948268.html

[39] https://rus.azattyq.org/a/32950239.html

[40] https://rus.azattyq.org/a/32949493.html

[41] https://rus.azattyq.org/a/32951136.html

[42] https://rus.azattyq.org/a/32950005.html

[43] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-10-po-16-maya-2024-g-.html

[44] https://rus.azattyq.org/a/32951893.html

[45] https://rus.azattyq.org/a/32951497.html

[46] https://www.facebook.com/reel/411222858476524

[47] https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/65411-kazakhstantsa-nakazali-za-posty-v-sotssetiakh

[48] https://kaztag.kz/ru/news/za-obnazhennuyu-videosemku-zhurnalistki-sandugash-duysenovoy-vyplatyat-t100-tys-1-1-17-05-24

[49] https://ulysmedia.kz/news/16451-pytki-v-ianvare-sud-otkazalsia-udovletvorit-isk-ruzakhunova-k-mvd-kazakhstana/

[50] https://kaztag.kz/ru/news/silovikov-kazakhstana-zapodozrili-v-fabrikatsii-dela-v-otnoshenii-bezhavshikh-ot-voyny-ukraintsev

[51] https://kaztag.kz/ru/news/aktsiya-molchalivogo-protesta-v-astane-obshchestvo-slepykh-zayavlyaet-o-khishcheniyakh-gossredstv-1

[52] https://orda.kz/kantar-pokazhetsja-igrushkami-polnuju-ljustraciju-silovikov-trebujut-provesti-v-kazahstane-386616/

[53] https://rus.azattyq.org/a/32957771.html

[54] https://rus.azattyq.org/a/32954557.html

[55] https://rus.azattyq.org/a/32957214.html

[56]https://web.facebook.com/100043152634244/posts/1157184685729942/?mibextid=WC7FNe&rdid=B7KGAeGwHvQTLYFc

[57] https://rus.azattyq.org/a/32957621.html

[58] https://kaztag.kz/ru/news/grazhdanskogo-aktivista-iz-kokshetau-osudili-za-narkotiki

[59] https://kaztag.kz/ru/news/na-reshenie-voprosa-prav-cheloveka-kazakhstanu-mozhet-ponadobitsya-neskolko-pokoleniy-zeya

[60] https://bureau.kz/novosti/ot-31-kanala-do-dikogo-armana/

[61] https://orda.kz/protest-nezrjachih-v-astane-uchastniki-akcii-napisali-zajavlenija-v-genprokuraturu-386677/

[62] https://orda.kz/novye-detali-i-opechatki-sledstvija-zhurnalist-adilbekov-ostaetsja-za-reshetkoj-386679/

[63] https://rus.azattyq.org/a/32958882.html

[64] https://bureau.kz/novosti/etogo-net-v-korane/

[65] https://rus.azattyq.org/a/32958802.html

[66] https://bureau.kz/novosti/formula-diskriminanta/

[67]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0yXkH2mNM3bWN77FeKH2vkPfxvcfttAYxFkpEHDW1joGTcXN75mVe4k2nYk1koycFl

[68] https://t.me/AdalSotKz/1877

[69] mailto:https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-16-po-23-maya-2024-g-.html

[70] https://www.youtube.com/watch?v=ybTn1K2bdnM

[71] https://ulysmedia.kz/news/31643-begaet-rabotaet-khudozhnikom-advokat-o-sostoianii-osuzhdionnogo-oppozitsionera-zhylanbaeva/

[72] https://adilsoz.kz/pravovye-obzory/mozhet-li-post-v-zaschitu-kolleg-byt-obschestvenno-opasnym-pravovoy-ob.html

[73] https://orda.kz/ocherednaja-zabastovka-rabochih-v-mangistauskoj-oblasti-dlitsja-uzhe-desjatyj-den-386763/

[74] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3815824272070161/

[75] https://www.youtube.com/watch?v=-tskNBWum10

[76] https://t.me/AdalSotKz/1878

[77] https://t.me/AdalSotKz/1879

[78] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3816297415356180/

[79] https://kaztag.kz/ru/news/obshchestvennika-eleusizova-pytalis-zaderzhat-v-aeroportu-posle-ego-poezdki-v-maraldy1

[80] https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/65818-petitsiiu-ob-utilsbore-podpisali-50-tysiach-chelovek-ee-rassmotriat

[81] https://rus.azattyq.org/a/32962237.html

[82] https://t.me/AdalSotKz/1883

[83] https://bureau.kz/goryachee/vlast-presleduet-svoih-mertveczov/

[84]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0w6RbLALyLgehu8yHucfhFnhrZp7DaY3MDHyEhVYKeuLPusmRj2SP8JwE2MsCYJ3el

[85] https://www.instagram.com/p/C7efDXGtQ_5/

[86] https://bureau.kz/novosti/advokat-mefedron-vyjdi-von/

[87] https://rus.azattyq.org/a/32967347.html

[88] https://rus.azattyq.org/a/32966942.html

[89] https://t.me/RadioAzattyq/19373

[90] https://cmn.kz/zaderzhanie-eks-zamnachalnika-dp-almaty-podtverdili-v-genprokurature/

[91] https://rus.azattyq.org/a/32970962.html

[92] https://respublika.kz.media/archives/125090

[93] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3824875377831717/

[94] https://rus.azattyq.org/a/32970695.html

[95] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3824121661240422/

[96] https://tirek.info/sud-obyazal-muhammedova-udalit-publikatsii-i-vzyskat-100-000-tenge-moralnogo-vreda/?preview=true

[97] https://tirek.info/41066-2/?preview=true

[98] https://kaztag.kz/ru/news/evrokomissar-s-poslom-i-delegatsiey-es-pochtyat-v-kazakhstane-pamyat-zhertv-totalitarnykh-rezhimov

[99] https://rus.azattyq.org/a/32973784.html

[100] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-23-po-30-maya-2024-g-.html

[101] https://bureau.kz/novosti/ot-massovyh-k-tochechnym/

[102] https://orda.kz/v-kazahstane-net-politicheskih-repressij-no-est-politicheskaja-borba-obschestvenniki-387099/

[103] https://rus.azattyq.org/a/32975054.html

[104] https://rus.azattyq.org/a/32975146.html

 

 

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.