29 қазанда, Манғистау обл,  «МұнайСпецСнабКомпани» жұмысшылары ереуілге шықты
Компанияның қызметкерлері жолдаған үндеулерінде еңбек құқықтары бұзылғандықтан, 28 қазаннан бастап жұмысты тоқтатқанын айтады.
«Біз әділеттік пен еңбек адамының құқықтарының қорғалуын талап етеміз. Талаптарымыз орындалсын!», – деді жұмысшылар. Келесі бір видеодан жұмысшылардың «Айлық жоқ. Жалақы көтерілмеді. Конституция күніне сыйақы да бермеді» деген сөздерін естуге болады. Энергетика министрлігі қазір компаниядағы жағдайдың реттелгенін хабарлады. «29 қазандағы жағдай бойынша компаниядағы жағдай реттелді, кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді, еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды», — деді министрлік.
Ара Медиа











Обсуждение закрыто.