Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Марат Жыланбаев мерзімінен бұрын шығудан бас тарта ма?

Оның қорғаушысы Мейіржан Досқараев Жыланбаевтың мерзімінен бұрын босау туралы өтінішхат жазуға мамыр айында уақыты келетінін айтты

«Республика» порталының журналистері марафоншы Марат Жыланбаевтың қорғаушысы Мейіржан Досқараевпен сұхбаттасып, қамауда отырған саяси тұтқынның жағдайын білді. Жер бетіндегі барлық шөл далаларды жүгіріп өткен марафоншының денсаулығы нашарлағанымен, оның рухы сол қалпында, дейді қорғаушы Досқараев. «Республиканың» жазуынша, «26 наурыздан бастап Марат тағы да аштық жариялады», — деп хабарлады қорғаушысы. — «Себебі — колония әкімшілігінің жүгіріп, жаттығу жасауға тыйым салуы. Ал спортшы үшін бұл – маңызды нәрсе. Ол сонымен қатар талантты суретші, шығармашыл әрі жан-жақты адам. Жастық шағында 4-разрядты токарь болып жұмыс істеген, бұл да шығармашылықты қажет ететін кәсіп. Бірақ енді оған жұмыс істеуге де, шығармашылықпен айналысуға да мүмкіндік берілмей отыр. Оны цехқа кіргізбейді, камераға қағаз бен сурет салатын құрал-жабдықтарды да бермейді. Ал Марат — әрекетсіздік өмірмен қоштасқанмен тең деп есептейтін адамдардың қатарынан. Әкімшілік әдейі оны ішпыстырарлық күйге түсіріп, жалықтырып, қажытып жатқандай әсер қалдырады». Сонымен бірге, Жыланбаевтың отыз бет жазу қағазы да жоқ болып кеткен. Оның ішінде өзіне қысым көрсеткен адамдардың аты-жөні және өзіне қажетті басқа да деректер болды. Жыланбаев түрмеде отырып өзінің кітабын жазуды бастаған еді, дейді қорғаушысы. Мейіржан Досқараевтың айтуынша, түзету мекемесінің тәрбие жөніндегі орынбасары Кожин марафоншыға әдейі қысым көрсетіп, оның жағдайын нашарлатуға тырысуда. Жыланбаев камераның ішінде отыз тышқан ұстап алғаны да белгілі болды. Бұл оның қаншалықты антисанитарлық камерада отырғанын көрсетеді. Марафоншы камераның ішінде аздаған спорттық жаттығулар жасайды және уақтылы ұйықтауға тырысады, деп хабарлады Досқараев. «Республиканың» жазуынша, «Марат Жыланбаев отырған ДИЗО-дағы (тәртіптік изолятор) камерадан розеткалар алынып тасталған, барлық электр құрылғылары мен жылытқыштар берілмейді. Сонымен қатар, ол үнемі бейнебақылауда қадағаланады. «Қазір ол розеткалар мен жылытқыштарсыз, ыстық сусыз, бейнекамералардың тұрақты бақылауындағы камерада өмір сүріп жатыр», — дейді адвокат. — «Оны тәулік бойы екі камера бақылап отыр. Кейде бұл колония емес, қатыгез реалити-шоу сияқты әсер қалдырады. Бірде ол тіпті өз шағымдарының жоғары тұрған орындарға жетпегеніне наразылық ретінде аузын тігіп тастамақ болды». Сонымен бірге, қорғаушысы Марат Жыланбаевтың емдік мақсатта аштық ұстайтынын жоққа шығарды. Айта кетейік, мұндай мәліметті Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті айтқан еді. «Жыланбаев ешуақытта емдік мақсатта аштық ұстамады. Тіпті бостандықта жүргенде ондай әдістерді қолданбаған болатын. Ал түрмеде отырған адамның емдік мақсатта аштық жариялады деуы тіпті ақылға қонбайтын дүние», дейді Досқараев. Мұны Ақмола облысы прокурорына жазған хатында Жыланбаев та растады. Ол өзінің бұрын соңды аштық жариялап көрмегенін, емдік мақсатта ондай әдісті қолданбайтынын ашық айтты. Оның қазіргі аштықтарының барлығы – наразылық ретінде қабылдану керек деп мәлімдеді. Шынында да, түрмеде, тар қапаста отырған адам «денсаулығын түзеу үшін аштық жариялад» деу – нағыз өтірік емес пе? Айта кетерлігі, мамыр айында Жыланбаев қалған жаза мерзімін жұмсақ режимге, яғни айыппұл төлеп не пробациялық бақылаумен шығуға айыстыратын уақыты келеді. Марафоншы бұдан бас тартпақ ниетте. Бірақ, қорғаушысы Жыланбаевты денсаулығын түзеу үшін, бостандыққа шығу мақсатында бұл арызды жазуға кееңес бергенін айтты. Жыланбаев бұған көне ме, жоқ па, -ол жағы белгісіз. Жазған күннің өзінде билік Марат Жыланбаевты бостандыққа шығаратыны я шығармайтыны да беймәлім. Адвокат Мейіржан Досқараев түрмеде аштық жариялап жатқан оппозиция белсендісі Марат Жыланбаевтың жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, 22 сәуірде Жыланбаевтың аштық жариялағанына 26-күн болған. “Енді 26 күн аштық деген оңай емес. Су ішіп жатыр. Пульсі – 42, қан қысымы – 90/60” деді сейсенбі күні түрмеден шыққан адвокат белсенділерге. Оның айтуынша, 16 сәуірде түрмеде тінту жүргізіліп, ҚАЖД басшылары қатысқан тінту кезінде түрмедегі спорт инвентарьлар да тәркіленген. “Жыланбаев спорт инвентарьларға жоламайды ғой. Ол жүгіретін адам. Жүгіруге рұқсат жоқ, бірақ күнделікті 1,5 сағат серуендей алады екен. Серуен дегенде ол жер 3×5 метрлік бөлме. Қабырғаларының бәрі бетон, үсті сәл ашық. Сол жерде жүгіремін дейді. 500 рет айналып шығамын дейді. Бар болғаны сол. Өйткені, ол басқа жақта жүгіруге, сурет салуына рұқсат жоқ” деді адвокат. Жыланбаев 26 наурызда түрме әкімшілігінің қысымына наразылық ретінде аштық жариялаған еді.

 

Инга Иманбай

 

https://bureau.kz/kk/menshikti-aqparat/marat-zhylanbaev-merziminen-buryn-shyghudan-bas-tarta-ma/?fbclid=IwY2xjawJ3oCBleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETFUa3hIMXNiNjYzVk9hQWdPAR45HlmODxXwI6w8bV2iuIRdafsRjE2pW3uEktO9FX1C6IehYwaam9LYHzrCrw_aem_tjTJfpdOpDhErbuV5ZvXpA

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.