Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

2021 ЖЫЛҒЫ 1-СӘУІРДЕН 30- СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША АХУАЛҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

1 сәуірде ТИЗО-да отырған саяси тұтқын Баймағамбетов Мұратбай (Қызылорда қ.), саяси негізделген тергеуге келіспеуге және әділетсіз сот талқылауына байланысты өзінің ішін пышақпен жарақаттау салдарынан  ауруханаға жатқызылған.  ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталған, Баймағамбетовтың ТИЗО-да болған жеті айдың төртеуінде ешқандай тергеу әрекеттері жүргізілген жоқ[1].

1 сәуірде Беспаева Фаризаға қатысты (Нұр-Сұлтан қ.) сот 2021 жылғы 27 – қаңтарда Байқоңыр полиция бөлімшесінің подполковнигімен  құралған, ӘҚБтК-нің 489-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Полиция департаменті қаулысының күшін жоюдан бас тарту туралы қаулы шығарды2[2].

1 сәуірде Атырау қалалық соты азаматтық белсенділер Макс Боқаевқа  және Талғат Аянға, сайлау заңнамасына 2018 жылы енгізілген түзетулерді алып тастау талабын қайтарды. Олар жауапкерлер ретінде Қазақстан президентін және парламенттің екі палатасының спикерлерін көрсеткен[3].

2 сәуірде ҚР ҚК 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша жаңадан қозғалған (“экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу”) ҚР ҚК 405-бабы бойынша 2019 жылы бұрын сотталған активист Жахин Сериктің (Нұр-Сұлтан қ.) айыптау актісіне Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қол қойды [4].

4 сәуірде Алтынтөбе ауылында (Шымкент қаласына жақын) полициямен ұсталған, алтын бұйымдар жасау цехының директоры Жасұлан Маматуллаевты  қамаққа алуға қарсы митинг өтті. Ауыл тұрғындарының көбі жұмыс істеген кәсіпорын жабылды.  Билік «қоғамдық тәртіпті сақтау үшін» ауылға полиция отрядтарын енгізді, олар кеттлинг\арандатуды қолданды[5]. 5-сәуірде Шымкент полициясы карантин шараларын бұзғаны үшін ауылдың 31 тұрғынына хаттама толтырды[6].

5 сәуірде ҚР ӘҚБтК-нің 460-1-бабымен, өкілдердің қатысуынсыз хаттама жасау кезіндегі өрескел заң бұзушылықтарға қатысты, ҮЕҰ-ны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы Алматы қаласы МКД Әуезов ауданы бойынша МКБ қаулысына  АҚжҚХБ шағымын сот қанағаттандырды[7].

5 сәуірде CJF құқық қорғау ұйымы өз мәлімдемесінде[8], белсенді Ильяшев Альнурға (Алматы қ.) 16-наурызда аудандық  сот оның үкімінің, оған  бес жыл бойы қоғамдық және саяси қызметпен айналысуға тыйым салатын  «анық емес шарттарын» түсіндіруден бас тартқанын айтты[9].

5 сәуірде  «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры  жазасыз қалған полиция қызметкерлерінің журналистерге жасаған шабуылдары туралы арыз жазды. Бек Әбиевке 3 сәуірдегі митингті түсіруге жол бермеді, Бахром Абдуллаевты түсірілім кезінде өлтіру қаупімен қорқытқан, Бахрамбек Талибжанов бір ай бұрын соққыға жығылған болатын[10].

5 сәуірде сот Алматы қаласының Алмалы ауданы МКБның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне  ҚР ӘҚБтК 741-бабы 1-бөлігі 1-тармағының ережелерін өрескел бұзуына және қылмыс құрамының болмауына байланысты «ЭХО» ҚҰ шағымын толық көлемде  қанағаттандыруға қаулы  шығарды[11].

5-сәуірде Медеу аудандық №2 соты Асия Төлесованың (Алматы қ.) мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатын қанағаттандырды[12]. Төлесоваға 2020 жылғы 12 тамызда ҚР ҚК 378-бабы және ҚР ҚК 380-бабы бойынша  (“билік өкіліне тіл тигізу және күш қолдану”) полиция қызметкерінің басынан түсірілген қалпақ үшін 1 жыл және 6 айға бас бостандығын шектеумен айыпталған[13].

5  сәуірде Алматы қаласы  Полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі Г.С.Қажибаев ҚР ҚК 405-бабы бойынша («экстремистік әрекетке қатысу және ұйымдастыру») күдіктілер:  Дәметкан Аспандиярова[14], Асхат Жексебаев[15],  Абай Бегимбетов[16], Қайрат Клышев[17], Джуманиязова Нинагүл[18] Гүльзипа Жаукерованың[19] іс-әрекеттеріне саралау жасады.

5 сәуірде Қытайдан келген этникалық қазақ Жеңіс Зарқан ҚР ІІМ жүгінді және «Нұр – Отан» партиясының астаналық кеңсесіне өтініш беріп, отбасын біріктіруге көмек көрсетуге шақырды. Қазақстан билігі тарапынан жылдар бойы ешқандай әрекет жасалмай отыр[20].

6 сәуірде  ҚР ҚК  182-бабы 2-бөлігі  бойынша  («экстремистік топ құру») және ҚР ҚК  405-бабы 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») бойынша күдіктіДиана Баймағамбетованың іс-әрекетіне саралау  жасалды[21].

6 сәуірде  Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 460-1 бабы құқық бұзушылық  жасауда ҮЕК айыпты деп тану бөлігі бойынша Наурызбай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылғы 4-ақпанда шығарған қаулысын жоюды талап еткен «Халықаралық құқықтық бастамасының» шағымын қанағаттандырды[22].

6  сәуірде  Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Мұсаева Розаға[23] байланысты белсендінің құқығы бұзылу туралы “Ар.Рух.Хак” ҚҚ  түсірген шағымға, құқық бұзушылық анықталмаған деп жауап берді[24].

7 сәуірде саяси қамақтағы, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК   266-бабы 1-бөлігі бойынша ҚДТ қызметіне қатысқаны үшін айыпталған Әсет Әбішев, болжаулы заңсыз тінтуге қарсы болу мақсатында тамырын кесті. 8-сәуірде прокуратура бақылауымен тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша Әбішевтің денсаулығына жеңіл зақым келтірілген. Әбішев жабырқаңқы және психологиялық көмекке мұқтаж болды[25].

7 сәуірде ҚР ҚК 405-бабы 1-бөлігі бойынша “тиым салынған ұйым қызметіне қатысты” деп айыпталған Еркін Сабаншиев (Талғар қ.) 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, әлеуметтік желілерді 3 жыл бойы пайдалануға тыйым салуға үкім шығарылды, пробациялық бақылау және жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмыс белгіленді, 840 тг (2$) сомада  процессуалдық шығындарды төлеу,  27780 тг (65$) соманы  зардап шегушілер қорына төлеу тағайындалды[26].

7 сәуірде Бақтыбаев Бағдатқа (Шу қ.) қатысты  ҚР ҚК 405-бабының 1 және 2 бөліктері; ҚР ҚК 296-бабы қылмыстық іс бойынша үкімге шағымдануды апелляциялық сот қарады. Сот шектеу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартты, қалған жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімі/үкімі өзгеріссіз қалды[27].

7 сәуірде  Amnesty International Халықаралық құқық қорғау ұйымының «Қазіргі әлемдегі адам құқықтары» жылдық баяндамасының онлайн-презентациясы өтті, онда Қазақстандағы адам құқықтарының  ахуалына талдау жасалды[28].

7 сәуірде  АК-159\25 мекемесінің бастығы У.Г.Кусаинов іскерлік беделі зардап шеккені туралы  Елена Семеноваға азаматтық талап  берді[29].

8 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасы белсенді Роман Рейхертті аяусыз ұрып-соққаны үшін ҚР ҚК 146-бабы 1-бөлігі (“азаптаулар”) бойынша ПБ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді өндірісіне қабылдады[30].

8 сәуірде апелляциялық сот “Еркіндік Қанаты” ҚҚ шағымын қанағаттандырусыз қалдырды және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Есіл ауданының  МКБ маманының әрекетін заңсыз деп танудан  бас тартты[31].

8 сәуірде «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ  Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінде Қазақстанға қарсы істі жеңіп шықты. БҰҰ Комитеті Қазақстанды, хабарлама иесі Розлана Таукинаға тиісті өтемақы төлеуге шақырды. Қатысушы-мемлекет те осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті[32].

8  сәуірде Алматы қаласы Полиция департаменті Жоламанова Бибігүлге[33] қатысты полиция тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауда белсендінің құқықтарын  бұзу жөнінде“Ар.Рух.Хак” ҚҚ берген шағымға, көрсетілген дәлелдердің өз растауын таппағаны туралы жауап қайтарды[34].

8 сәуірде Түркістан облысы Полиция департаменті Жолдасова Айжанға[35] қатысты белсендінің құқықтарын бұзу жөнінде “Ар.Рух.Хак” ҚҚ берген шағымға, полиция қызметкерлеріне қарасты қызметтік тергеу басталғаны туралы жауап берді[36].

9  сәуірде Алматы қаласы Полиция департаменті  Шоқанова Камиллаға[37] қатысты адам ұрлау туралы “Ар.Рух.Хак” ҚҚ берген шағымды, ұрлаушылардың жеке басын анықтаудың мүмкін болмағаны туралы жауап берді[38].

9  сәуірде ШҚО Полиция департаменті  Жұбанов Тлегенге[39] қатысты белсендінің құқықтарын  бұзу жөнінде “Ар.Рух.Хак” ҚҚ берген шағымға,  полиция қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылық анықталмағанын айтты[40].

9 сәуірде Іле аудандық соты Жакупов Қанатты (Алматы обласы) ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша (“экстремистік қызметке қатысу”) кінәлі деп танып,  бас бостандығын 1 жылға шектеу жазасын тағайындады,  жария, қоғамдық және саяси қызметпен айналысуға және  әлеуметтік желілерді қолдануға 2 жылға тыйым салды, зардап шеккендер қорына 27 780 тг (65$) өндіріп алды[41].

9 сәуірде қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы брифинг өтті, онда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, елімізде саяси қуғын-сүргін жоғын баяндады[42].

9 сәуірде Қытай консулдығында 2 айға жуық наразылық білдірген Синьцзянан келген этникалық қазақ Фарида Кабылбек, өзінің күйеуі Рахыжан Зейнолланы Алматы әуежайында күтіп алды. Борт қытайдың  Чэнду қаласынан келді[43].

12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында Алия Жакуповаға қатысты сот процессі басталды, ол ҚК 405-бабы бойынша  күдікті ретінде жауапқа тартылады[44].

12  сәуірде  болжалды «бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзғаны үшін», 2021 жылғы 20 наурызда саяси тұтқындардың бостандығын талап етумен Әкімдік ғимараты жанындағы бейбіт пикет үшін Жанзақова Шолпанға және Тұрдиева Ұлболсынға (Актау қ.) ҚР ӘҚБтК 488-бабы бойынша әрқайсысына 145850 тг айыппұл салынды (335$  айыппұл бір адамға)[45].

12 сәуірде апелляциялық сот  Нұрмағанов Асқардың  (Қарағанды қ.) шағымын қанағаттандырусыз қалдырды[46].

12 сәуірде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы Ани Линде өзінің Нұрсұлтан қаласына сапарында азаматтық қоғам өкілдерімен БАҚ еркіндігі  мен тендігі  тәрізді адам құқықтарына қатысты мәселелерді талқылады[47].

13 сәуірде Нұрсұлтан қ. Сарыарқа аудандық сотында ҚР ҚК 405- бабы 1 және 2 бөліктері (экстремистік ұйым құру және оған қатысу)  бойынша айыпты Қайырбек Асқарға қатысты онлайн-сот басталды[48] [49].

14 сәуірде Петропавл қаласында “Хабар” телеарнасының түсіру тобы “ковид” деп аталатын үстемеақыны төлеу жағдайын түсіну үшін қаланың емханаларының біріне келді, осы үшін  бас дәрігердің м.а. корреспондент Наталья Волкованың атына полицияға  арыз берді[50].

15 сәуірде  Ербол Есхожинның (Нұр-сұлтан қ. ) сот отырысы басталды. Желтоқсан айында оған, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі «сот тыйым салған “Көше Партиясы” ұйымының қызметін ұйымдастырды» деген айыппен 1-бөлімге қайта өзгертілді. Отырыс барысында адвокат Есхожинға қатысты ТИЗО-да  психологиялық қысым жасалғанын айтты[51].

15 сәуірде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы бойынша сотталған саяси тұтқын Кенжебек Әбішев оны қамауда ұстау туралы сот шешімімен келіспеудің белгісі ретінде 11 сәуірде аштық жариялау салдарынан (7 күннен кейін өз еркімен тоқтатылды) колониядан (Алматы облысы, Заречный кентіндегі ЛА-155/14 мекемесі) «бүйрек шаншуы» ұстамасымен Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. Қапшағай қ. ауруханасының дәрігерлері жүректің ишемиялық ауруы диагнозын қойды[52].

15 сәуірде сот Ақтау қаласының екі белсендісіне: Абзал Қаналиев- ТИЗО-да  қамау, Айжан Исмакова-үйқамақ, қатысты  ҚР ҚК 405 -бабы 2-бөлігі бойынша  жаза шарасын тергеу мерзімінде ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырды[53].

16 сәуірде ҚР ҚК 405- бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған саяси тұтқын Айдар Сыздықовқа (Нұр-Сұлтан қ.) ТИЗО қызметкерлері қысым жасағаны анықталды: қызметкерлер жазба бойынша күнделікті Сыздықов отырған камерада тінту шараларын жүргізеді, шылым мен азық-түлікті уақытылы жеткізбейді, кітап пен газеттерді тартып алады, тәртіпті бұзды деп негізсіз айыптайды және жазалау камерасына қамаймыз деп қорқытады. Сондай-ақ қызметкерлер басқа қамаудағыларды Сыздықовқа қарсы қояды[54].

16 сәуірде ҚР ҚК 405- бабының  2-бөлігімен («экстремистік ұйымға қатысу»)қылмыстық ісі бойынша Сабитов Айбекке (Нұр-Сұлтан қ.) қатысты айыптау акті жасалды[55].

19 сәуірде Қызылорда қалалық соты  «HALYQLINE.KZ» сайты журналисі Зибаш Әбдиевті ақтап шықты, оны «Инфракос» мекемесінің бастығы К. Ирюков балағаттады деп айыптаған[56].

19 сәуірде Жаңаөзен қаласындағы «Фиркрофт» компаниясының 95 қызметкері[57] және «MADIBA» компаниясының 50 қызметкері[58] жалақыны көтеруді талап етіп, ереуіл жариялады. 29-сәуірде компания басшылары  жалақыны өсіруге уәде беріп, ереуілшілерді тарқатты[59].

20 сәуірде сот “Көше Партиясы” қозғалысын қолдады деп айыпталушы Баймағамбетов Мұратбайды (Қызылорда қ.),  кінәлі деп танып, оған барлық мерзімге пробация белгілей отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот Баймағамбетовке 100 сағат қоғамдық жұмыстарды және одан «жәбірленушінің өтемақыcы» қорына 27 780 тг (65$) және 840 тг (2$) сот шығындарын өндіріп алуды тағайындады[60]. 14 сәуірде оның қылмыстық іс бойынша саралауын ҚК 405-бабы 1-бөлігінен 405-бабтың 2-бөлігіне өзгертіп, М.Баймағамбетовті ұйымдастырушы емес қатысушы деп белгіледі[61].

20 сәуірде Маңғыстау облысының ПД, Ұлболсын Тұрдиеваға қатысты[62] белсендінің құқығын бұзу туралы  “Ар.Рух.Хак”  ҚҚ шағымына полиция қызметкерлерінің қызметтік өкілеттігін асыра қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы жауап қайтарды[63].

21 сәуірде Нұрбек Құлышевқа, 28.02.2021 жылы Дулат Ағаділ мешіті жанында еске алу шарасына қатысқаны үшін (қ. Орал) ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6 – бөлігі бойынша 15 тәулікке қамау тағайындалды[64].

21 сәуірде Мұқаналиұлы Бекболат (Атырау облысы) жерді сатуға қарсы бейбіт митингке шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7 – бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды[65].

21 сәуірде пробация қызметінің ұсынысы бойынша ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған Рейхерт Романға (с.Мартюк) қатысты 26.06.2020 жылғы сот шешімімен бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сот отырысы өтті. Сот пробация қызметінің ұсынымынан бас тарту туралы шешім қабылдады[66].

22 сәуірде Павлодар қаласының соты Вероника Савельеваның Елена Семеноваға берген “ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы” талаптарын таныды, бірақ зиянды өтеу сомасын 100 мың теңгеге (235$) дейін төмендетті[67].

22 сәуірде Сұлтанғали Дәурен (Қостанай қ.), 2021 жылғы 24 сәуірде митингке шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488 – бабы 7- бөлігі бойынша 5 тәулікке қамаққа алынды[68].

23 сәуірде   Бекболат Өтебаев (қ.Орал) ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша, 28 ақпанда Оралдағы митингке қатысқаны үшін73 10 тәулікке  қамауға алынды[69].

23 сәуірде құқық қорғаушы Вадим Курамшинді (Нұр-Сұлтан қ.) ТҮК «Комсомольский» үлескерлерінің митингісін ұйымдастырды деген айыппен, оның  әкімдікке хабарлама бергеніне қарамастан ұстаған, оған ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша “заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін” 10 күндік қамақ белгіленген. Бұл ретте Курамшин өзінде короновирус бар деп күдіктенген, бірақ жедел жәрдем шақырмаған[70].

24 сәуірде бірнеше қалада «Жер сатылмасын» («Нет продаже земли») талабымен митингтер жоспарланған. 9 қала мен елді мекенде 17 алдын ала саяси қудалау және 13 басқа да алдын ала саяси қудалау нысандары, оның ішінде ұстау, әкімшілік және қылмыстық қудалау қатері, “профилактикалық әңгімелер” және т.б.[71], сондай-ақ 2021 жылғы 1 мамырда 6 қалада бейбіт жиналыстар өткізуге 9 саяси негізделген бас тарту анықталды[72].

Алматы. Парламентте қаралып жатқан жер туралы заң жобасына қарсы митингке 200-ге жуық адам жиналды. Олар заңнамаға түзетулерді қарауды тоқтатуды талап ету үшін Ғылым академиясы жанындағы алаңға шықты. Митинг жергілікті билікпен келісілмеген.  Әкімдік белсенді Жанболат Мамаймен берілген акцияны өткізу туралы хабарламаға, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус ауруының өсуіне байланысты, бас тартумен жауап берген. Алаңдағы және оған іргелес орамдарда мобильді интернет қолжетімсіз. Орталық саябақ «дезинфекциялауға» жабылған[73].

Нұр-Сұлтан. Теннис федерациясы ғимараты жанында полиция қызметкерлерінің үлкен жиыны жиналды, авто көлік қозғалысы тоқтатылды.

Шымкент.   “Қиял әлемі” саябағын полицейлер қоршап алды. Бұл жер митингті өткізуге жиналу орны болып көрсетілген.

Семей. Митинг өткен жоқ. Әуезов атындағы алаңға 13 белсенді жиналды, бірақ әкімдікке бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама берген ұйымдастырушы – Дәулет Мұқажановтың болмауына байланысты митинг өткізбеу туралы шешім қабылданды[74].

Орал. Мәншүк Мәметова алаңына әкімдікпен келісілмеген акцияға жиырмадан аз адам жиналды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар алаңға кіре алмады. Таңертеңнен бастап алаң айналасы полиция қызметкерлерімен күшейтіліп торылды: жақын маңдағы аулалар мен жақын қиылыстарда полиция көліктері тұрды, формадағы қызметкерлер кезекшілік атқарды[75].

26 сәуірде Орал қаласында 28 ақпанда өткен келісілген митингті ұйымдастырушылардың бірі Бауыржан Әліпқалиев (Орал қаласы) ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігі бойынша “келісілген бейбіт жиналысты ұйымдастырушының бұзғаны” үшін 10 тәулікке қамауға алынды[76].

26 сәуірде сот болды, онда Жахин Амангельдыге  (Ақмола облысы) 2020 жылғы 15-қазанда «Тұңғыш Президенттің-Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген, көрінеу жалған ақпаратпен» жасаған репосты үшін “Ар-Бедел” ҚҚ  талап арыз берген[77].

26 сәуірде Данияр Байтілеу (Шымкент қ.) келісілмеген акцияға шығуға шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды[78].

27 сәуірде ҚР ҚК 256–бабы бойынша түрме мерзімін өтеп жатқан саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов колонияда (Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14   мекемесі) соққыға жығылды[79].

27 сәуірде Нұрбол Өнерханға (Бірлік ауылы, СҚО) бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа қатысу үшін шақыру қағазы жеткізілді. Өнерхан пробация шарттарын бұзбағанын хабарлады[80]. Кейінірек, 4-мамырда сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды және ол сот залында қамауға алынды.

27 сәуірде ҚР ҚК 405-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті ретінде тергеу изоляторында төрт ай отырған Нұржан Мұхаммедов (Шымкент қ.) қылмыстық істі тоқтатуды талап етіп, аштық жариялады[81].

27 сәуірде Шыңжаңнан Қазақстанға қашып келген үш этникалық қазақ — Қайша Ақан, Мұрагер Әлімұлы және Қастер Мұсаханұлы биліктен оларға үшінші елге кетуге мүмкіндік беретін азаматтық немесе куәлік беруді сұрады. Көші-қон полициясының өкілі “шекарадан заңсыз өткендер Қазақстан азаматтығын заң бойынша ала алмайды”деп мәлімдеді[82].

27 сәуірде  Қызылорда қаласынан оннан астам ана тұрғын үй мәселелері, балаларды күту және денсаулық сақтау мәселелері бойынша Нұрсұлтан қаласына келіп, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ғимаратына бет алды. Бірақ қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері олардың Ақордаға барар жолын бөгеді. Әйелдер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне барып, қабылдауға жазылуға тырысты[83].

27 сәуірде Гүлмира Ахманова (Алматы қ.) ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі  бойынша “бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін”  12 тәулікке қамауға алынды. Ол 2.04.2021 жылғы акцияға қатысып, Мұратбай Баймағамбетовті босатуды талап еткен[84].

28  сәуірде  Рақиля Бекназарова (Алматы қ.) ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі  бойынша “бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзғаны үшін”  15 тәулікке қамауға алынды. Ол 2.04.2021 жылғы акцияға қатысып, Мұратбай Баймағамбетовті босатуды талап еткен[85].

28 сәуірде Аймұқаметова Сәуле (қ.Алматы) ӘҚБтК-нің 488- бабы 11-бөлігі  бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, келісілмеген жария акцияға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды[86].

28 сәуірде сот “MediaNet “Халықаралық журналистика орталығы” ҚҚ-ның шағымы бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша МКБ-нің қаулысына, Алматы қаласы бойынша МКД-нің қаулыларының күшін жою, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтату, Алматы қаласы Бостандық ауданы МКБ-нің және Алматы қаласы бойынша МКД-нің атына жеке қаулылар шығару туралы шешім шығарды[87].

29 сәуірде Ерғали Құлбаевты (қ.Шымкент) ӘҚБтК-нің 488- бабы 11-бөлігі  бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, келісілмеген жария акцияға қатысқаны үшін 10 тәулікке қамауға алды[88].

29 сәуірде  журналист және блогер Айгүл Өтепованы (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша  (экстремистік ұйымға қатысқаны үшін) сот кінәлі деп таныды және 1 жылға бас бостандығын шектеуге, 3 жылға  қоғамдық және саяси қызметпен айналысуға, оның ішінде БАҚ-та және телекоммуникация саласында жұмыс істеуге тыйым салуға, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды. Сонымен қатар Өтеповадан  8 668 тг (20$) сомадағы процестік шығындар, Жәбірленушілердің өтемақы қорына 27 780 тг (65$) мәжбүрлі төлем қайтарып алынды[89].

29 сәуірде Төлеубеков Біржан (қ.Алматы) 01.04.2021 жылы қалалық Нұр-Отан партиясы ғимаратының қасында «Нұр-Отан төл мерекең құтты болсын 30 жыл» плакаты бар, жеке пикеті үшін ҚР ҚК 488-бабының 6-бөлігімен  15 тәулікке қамауға алынды[90].

30 сәуірде Батыс Қазақстан облысы сотының апелляциялық алқасы Бауржан Әліпқалиевтың шағымын кері қайтарды, ол өзге ұйымдастырушының сөйлейтін сөзінен айтылған сөздермен бейбіт келісілген митингтің ұйымдастырушысы ретінде, өзіне тағайындалған 10 тәулікке қамауға алуды шағымдануға тырысқан[91].

30 сәуірде Мәруа Ескендіроваға  (Орал қ.) ҚР ҚК 488-бабы 6-бөлігі бойынша   («бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу  тәртібін бұзу») 24 сәуірде Оралда өткен  бейбіт акцияға қатысқаны үшін сот ескерту жасады[92].

30 сәуірде Алматы әкімдігі 1 және 2 мамырда Орталық саябақ аймағында қоғамдық көлік жұмысының өзгеруі, демалыс күндері саябақты «дезинфекциялауға» жабылатыны туралы хабарлама таратты. Бұл саябақты шетелде тұратын, елде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов (ҚДТ-ны елордалық сот “экстремистік ұйым” деп атаған, Еуропарламенттің қарарында бейбіт оппозициялық бірлестік деп аталады) сенбіде өтетін наразылық митингтің орны деп көрсеткен. Орталық саябаққа дейін автобустар жүрмеді[93].

30 сәуірдегі әкімшілік қамауларға алынғандар: Кемелбаев Нұруслан (Алматы қ.) 488-бабы 7-бөлігі ФБ әлеуметтік желіде 1-мамырдағы митингге шақырғаны үшін 14 тәулік, Қазиев Еркін (Каскелен қ., АО) 667- бабы 1-бөлігі – 2 тәулік, Ынтымақова Жанна (Алматы қ.)  488- бабы 6 – бөлігі – 13 тәулік, Иманғалиева Бибігүл (Алматы қ.)  488- бабы 6- бөлігі  – 15 тәулік, Ережепова Күлбаршын (Алматы қ.)  488- бабы 6- бөлігі – 11 тәулік, Юсупов Ниязбек (Алматы қ.) 488-бабы 6-бөлігі – 02.04.2021ж. Алматы қаласы ПД жанында  М.Баймағамбетовті қолдауда ашық іс-шараға қатысқаны  үшін 15 тәулік, Нұргазин Болат (Ақтау қ.) 488- бабы 12-бөлігі  – ФБ әлеуметтік желіде  қымбаттауға қарсылық көрсетуге 1-мамырдағы митингге шақырғаны үшін 5 тәулік, Тұрдиева Ұлболсын (Ақтау қ.) 488-бабы 2-бөлігі – 11 және 20  сәуірдегі пикетке қатысқаны үшін 15 тәулік, Тұрдиева қарсылық ретінде құрғақ аштық жариялады[94].

30 сәуірде 47 белсенді ұсталды: Тамабаева Ғалия, Мұсабаев Марат, Сейдахметова Зубайда, Бақаева Асия, Базарбаева Дина – (Нұр-Сұлтан қ.), Қарабаева Қарлыга, Базенов Дастан, Бейсалиев Бекен, Мұханова Гүлмира, Мүбараков Айдар, Жоламанова Бибігүл, Көкетаева Мәдина, Табылдиева Назым, Мұрат Нұрланов, Қайсар Өзбеков, Мәулен Байгасимов, Мұрат Оспанов, Кохаева Айман, Ханзада Райымкүл, Қоханова Ұлболсын, Мүслім Сапарғалиев (Алматы қ.), Жолдасова Айжан, Әбиева Әсия (Шымкент қ.), Иржанұлы Тимур (Өскемен қ.), Охасов Орынбай, Бархан Қайрбаев, Бек Тлектесович (Орал қ.), Әбдреймова Нүрияш (Актау қ.), Жакупова Жібек (Павлодар қ.), Көптлеуова Ақтамак (Актөбе қ.), Исенова Әлия, Мүбарак Динара, Шарапиев Ақылбек, Мұхажанов Дәулет, Қоқанбекова Бибігуль, Қалиева Анар, Нұран Сембаев, Мымбетов Махмұт, Измайлова Зухра, Әкішева (Какенова) Гүлнар, Балтабаева Әлия (Семей қ.), Жақсыбалаев Төлеу (Қызылорда қ.)[95].

Алматы қаласында 3-ші ай Қытай консулдығында пикет жалғасуда, олардың қатысушылары Қытайдың солтүстік-батысындағы осы аймақтағы мұсылмандарға қатысты Бейжің саясатын айыптап, Шыңжаңда қалған туыстарын босатуға шақырады. Полиция наразылық білдірушілерге консулдықтың қақпасына бірнеше ондаған метрден кем жақындауға жол бермеді[96].


[1] https://tirek.info/podrobnosti-dovedeniya-do-samoubijstva-bajmagambetova-muratbaya/

[2] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[3] https://tirek.info/sud-vernul-atyrauskim-aktivistam-bokaevu-i-ayanu-isk-protiv-prezidenta/

[4] https://tirek.info/politicheski-motivirovannoe-ugolovnoe-presledovanie-grazhdanskogo-aktivista-serika-zhahina/

[5] https://tirek.info/politsiya-primenila-kettling-i-zabrala-okolo-50-selchan-so-stihijnogo-mitinga-bliz-shymkenta/

[6] https://tirek.info/politsiya-sostavila-protokol-na-31-uchastnika-stihijnogo-mitinga-na-okraine-shymkenta/

[7] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[8] https://cfj.org/news_posts/kazakhstan-court-refuses-to-clarify-activists-sentence-further-violating-his-right-to-freedom-of-expression/

[9] https://tirek.info/cfj-osudil-otkaz-suda-razyasnit-reshenie-ilyashevu-i-vnov-prizval-otmenit-verdikt-aktivistu/

[10] https://tirek.info/zayavlenie-mezhdunarodnogo-fonda-zashhity-svobody-slova-adil-soz-o-napadeniyah-na-zhurnalistov/

[11] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[12] https://tirek.info/sud-udovletvoril-hodatajstvo-asii-tulesovoj-ob-uslovno-dosrochnom-osvobozhdenii/

[13] https://mediazona.ca/online

[14] https://tirek.info/kvalifikatsiya-deyaniya-aspandiyarovoj-dametkan/

[15] https://tirek.info/kvalifikatsiya-deyaniya-ashata-zheksebaeva/

[16] https://tirek.info/kvalifikatsiya-deyaniya-abaya-begimbetova/

[17] https://tirek.info/5-aprelya-2021-goda-starshij-sledovatel-sledstvennogo-upravleniya-departamenta-politsii-g-almaty-kazhibaev-g-s-sostavil-kvalifikatsiyu-deyaniya-podozrevaemogo-kajrata-klysheva/

[18] https://tirek.info/kvalifikatsiya-deyaniya-dzhumaniyazovoj-ninagul/

[19] https://tirek.info/povtornoe-politicheskoe-ugolovnoe-presledovanie-dzhaukerovoj-gulzipy/

[20] https://tirek.info/zhitel-almaty-rodstvenniki-kotorogo-nahodyatsya-v-sintszyane-apelliruet-k-nazarbaevu/

[21] https://tirek.info/5-aprelya-2021-goda-starshij-sledovatel-sledstvennogo-upravleniya-departamenta-politsii-g-almaty-kazhibaev-g-s-sostavil-kvalifikatsiyu-deyaniya-podozrevaemoj-diany-bajmagambetovoj/

[22] https://rus.azattyq.org/a/31189077.html

[23] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-g-nur-sultan-o-narushenii-prav-musaevoj-rozy-28-02-2021g/

[24] https://tirek.info/otvet-na-zhalobu-musaevoj-rozy-g-nur-sultan-o-narushenii-prav/

[25] https://bureau.kz/goryachee/aset-abishev-porezal-veny/

[26] https://bureau.kz/goryachee/aktivistu-erkinu-sabanshievu-ogranichili-svobodu-srokom-na-god/

[27] https://tirek.info/apellyatsionnyj-sud-chastichno-udovletvoril-zhalobu-baktybaeva-bagdata/

[28] https://bureau.kz/goryachee/vniz-po-naklonnoj/?fbclid=IwAR3cmeLqa_2aeBLRY9znPgsynKMB_189XbvVN6K6QRNLeMbmPZZTPgtoWNc

[29] https://www.facebook.com/ong.pr/posts/3838530096237735

[30] https://tirek.info/zhestokoe-izbienie-aktivista-romana-rejherta-iz-sela-martuk-g-aktobe-sotrudnikami-politsii-i-posledstviya/

[31] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[32] https://tirek.info/pravovoj-media-tsentr-vyigral-delo-protiv-kazahstana-v-komitete-oon-po-pravam-cheloveka/

[33] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-g-almaty-o-narushenii-prav-zholamanovoj-bibigul/

[34] https://tirek.info/otvety-na-zhalobu-zholamanovoj-bibigul-g-almaty-o-narushenii-prav/

[35] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-turkestanskoj-oblasti-o-narushenii-prav-dzholdasovoj-ajzhan-28-02-2021g/

[36] https://tirek.info/otvet-na-zhalobu-dzholdasovoj-ajzhan-g-shymkent-o-narushenii-prav/

[37] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-g-almaty-o-narushenii-prav-shokanovoj-kamilly/

[38] https://tirek.info/otvet-na-zhalobu-shokanovoj-kamilly-g-almaty-o-narushenii-prav/

[39] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-vko-o-narushenii-prav-zhubanova-tlegena-28-02-2021g/

[40] https://tirek.info/otvet-na-zhalobu-zhubanova-tlegena-vko-o-narushenii-prav/

[41] https://tirek.info/dzhakupovu-kanatu-vynesli-prigovor/

[42] https://rus.azattyq.org/a/31195691.html

[43] https://tirek.info/farida-kabylbek-piketirovavshaya-konsulstvo-kitaya-dobilas-vozvrashheniya-muzha-v-kazahstan/

[44] https://bureau.kz/goryachee/iz-vrachej-v-ekstremisty/

[45] https://tirek.info/12-aprelya-2021-goda-sholpan-dzhanzakova-i-ulbolsyn-turdieva-byli-oshtrafovany/

[46] https://tirek.info/eto-politicheskoe-presledovanie-apellyatsionnyj-sud-otkazal-v-opravdanii-aktivistu-iz-karagandy/

[47] https://rus.azattyq.org/a/31201040.html

[48] https://rus.azattyq.org/a/31202027.html

[49] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-kajyrbek-askara/

[50] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3312

[51] https://bureau.kz/goryachee/advokat-zayavila-o-davleniya/

[52] https://bureau.kz/goryachee/u-abisheva-ishemiyu-serdcza/

[53] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2963188777333719/?__cft__[0]=AZW4TYQrBzrdtbbQIUbLr2FGmm05Xl2gbvmdS3QR-dxAlmQd0bIlCXIQBEff_OTJT0YyEHx5R2nS9OYt9Fznpf1La-2PB1oK9de4RbemK6WPKR9YUunm0muLvAuCB50CAKfKceavSQe1CYCDrbQy6IdS&__tn__=%2CO%2CP-R

[54] https://tirek.info/na-politzaklyuchennogo-syzdykova-ajdara-okazyvayut-davlenie-sotrudniki-sizo/

[55] https://tirek.info/obvinitelnyj-ajbeka-sabitova/

[56] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3313

[57] https://vlast.kz/novosti/44643-95-rabotnikov-podradnoj-kompanii-too-burgylau-iz-zanaozena-obavili-zabastovku.html

[58] https://rus.azattyq.org/a/31216965.html

[59] https://rus.azattyq.org/a/31229439.html

[60] https://bureau.kz/goryachee/sud-ogranichil-svobodu-aktivistu/

[61] https://tirek.info/prokuror-izmenil-obvinenie-muratbaya-bajmagambetova-s-ch-1-na-ch-2-st-405-uk-rk/

[62] https://tirek.info/zhaloba-nachalniku-dp-mangystauskoj-oblasti-o-narushenii-prav-turdievoj-ulbolsyn/

[63] https://tirek.info/otvety-na-zhalobu-turdievoj-ulbolsyn-mangistauskaya-oblast-o-narushenii-prav/

[64] https://tirek.info/n-rbek-k-lyshev-amau-a-aldy/

[65] Facebook

[66] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[67] https://bureau.kz/goryachee/u-savelevoj-vsyo-horosho/?fbclid=IwAR1hz2RGsXTYtBZ1xG2hB3B9KkQofmcwww00y4TYsdNZIh-SODb-bwCnJ20

[68] Facebook

[69] ‪#‎утебаев – Интересное | Facebook

[70] https://www.exclusive.kz/expertiza/daily/124284/?fbclid=IwAR0oBxcuH1bsikh71XgCzMBm-T9TT6iXQLaaQW-jQtU_YJAZEENnow3Nq44

[71] https://tirek.info/promezhutochnye-dannye-monitoringa-narushenij-prav-cheloveka-v-preddverii-mirnyh-protestov-24-aprelya-2021-i-1-maya-2021-goda/

[72] https://tirek.info/24-aprelya-2021-goda-planiruyutsya-mirnye-protesty-vo-vseh-gorodah-kazahstana-s-trebovaniem-zher-satylmasyn-net-prodazhe-zemle/

[73] https://rus.azattyq.org/a/31220423.html

[74] https://rus.azattyq.org/a/31220612.html

[75] https://rus.azattyq.org/a/31220826.html

[76] https://rus.azattyq.org/a/31223699.html

[77] https://bureau.kz/novosti/v-zashhitu-sily/

[78] Facebook

[79] https://rus.azattyq.org/a/31224689.html

[80] https://tirek.info/grazhdanskomu-aktivistu-nurbol-onerhan-hotyat-zamenit-ogranichenie-svobody-na-lishenie-svobody/

[81] https://rus.azattyq.org/a/31225411.html

[82] https://rus.azattyq.org/a/three-ethnic-kazakhs-who-fled-xinjiang-want-to-leave-for-another-country/31224647.html?fbclid=IwAR0lSpPFbQrX_XfJkbkictbLNSkMWkgYSnMk7R-68VI553s2UMiUhQywxRM

[83] https://rus.azattyq.org/a/31225187.html?fbclid=IwAR0V8QGK7ofny_i926gyZsj8FwRBss7C446bF9BO-pVt9CM93iRBCnsvmoY

[84] https://www.facebook.com

[85] https://tirek.info/rakilya-beknazarova-byla-arestovana-na-12-sutok/

[86] Facebook

[87] https://web.telegram.org/#/im?p=@AdalSotKz

[88] https://tirek.info/v-shymkente-aktivista-arestovali-na-10-sutok-za-uchastie-v-mitinge/

[89] https://jfj.fund/ru/jfj/ajgul-utepova-4/

[90] Facebook

[91] https://tirek.info/apellyatsionnyj-sud-ostavil-v-sile-arest-aktivista-alipkalieva/

[92] https://tirek.info/zhitelnitsu-uralska-priznali-vinovnoj-v-narushenii-poryadka-organizatsii-mirnogo-mitinga/

[93] https://rus.azattyq.org/a/31231692.html

[94] Facebook

[95] Facebook

[96] https://rus.azattyq.org/a/31213170.html

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.