Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

2021 ЖЫЛҒЫ 1-МАМЫРМЕН 31- МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША АХУАЛҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

1 мамырда ҚДТ жетекшісі Мұхтар Әблязов саяси қамақтағыларды босату, Еуропарламенттің 11 ақпандағы  Қазақстандағы адам құқығы туралы қарарын орындауды, «мәжбүрлі вакцинация» мен бағаның өсуін болдырмау талаптарымен Алматы, Шымкент, Орал, Нұр-Сұлтан қалаларында митинг жариялады. Сол күні 20 қала мен елді мекендерде 90- нан аса саяси қудалау тіркелді (47 ұстауды қосқанда)[1].

Алматы. Орталық саябақ ( жиын орны) “дезинфекция жасау” үшін жабық болды. Жүздеген полиция қызметкерлері саябақты қоршап алды, жаяу жүргіншілер аймағы жүруге тиым салынған болып жарияланды. Алматының Орталық саябақ аумағында және жақын орамдарда мобильді интернет қол жетімсіз болды. Қоғамдық көліктердің маршруттары өзгертілді автобустар мен троллейбустар саябаққа дейін бармады. Өз талаптарын айтып үлгерген, 5 адам ұсталды[2].

Нұр-Сұлтан.Теннис федерациясығимараты жанында (жиын орны болып көрсетілген)  полиция қызметкерлерінің үлкен тобы жиналды, автомобиль қозғалысы тоқтатылды.

Ақтөбе. Орталық базар (жиын орны болып көрсетілген)«санитарлық күнге» жабылды.

Шымкент. «Қиял әлемі» саябағы жанында (жиын орны болып көрсетілген) полиция қызметкерлері күзетте болды, 4 адам ұсталды[3].

1 мамырда ұсталғандар: Нұр-Сұлтан қ. – Тамабаева Ғалия, Мұсабаев Марат, Сейдахметова Зубайда; Алматы қ. – Қарабаева Қарлыға, Базенов Дастан, Бейсалиев Бекен, Жоламанова Бибігүл, Көкетаева Мадина, Табылдиева Назым, Мұрат Нұрланов, Қайсар Өзбеков, Мүбараков Айдар, Маулен Байгасимов, Мұрат Оспанов, Қохаева Айман, Мүслім Сапарғалиев, Қоханова Ұлболсын, Ханзада Райымқұл; Шымкент қ. – Джолдасова Айжан, Әбиева Асия, Жақсыбалаев Төлеу; Семей қ. – Исенова Әлия, Мүбарак Динара, Шарапиев Ақылбек, Мұхажанов Дәулет, Қоқанбекова Бибігүл, Қалиева Анар, Балтабаева Алия; Өскемен қ. – Иржанұлы Тимур; Ақтау қ. – Әбдреймова Нұрияш; Орал қ. – Охасов Орынбай, Ескендірова Мәруа, Павлодар қ. – Жакупова Жібек; Ақтөбе қ. – Көптлеуова Ақтамақ [4].

Ұстау кезінде мыналар тіркелді: Нинагүл Жұманиязова – полиция қызметкерлері тұншықтыру әдісін қолданған (тіземен мойынды басып жаншу), көптеген гемотомалар; Еркін Қазиев – көптеген гематомалар, терінің сыдырылулары; Дастан Базенов – сол жақ иық буынының жабық жарақаты[5].

1 мамырда әкімшілік айыппұл алғандар: Сейдахметова Зубайда (Нұр-Сұлтан қ.)  506-бабы, 30629,00 теңге,  667-бабының  1-бөлігі – ескерту; Кульжаханов Сағат (Алматы қ.) 488-бабының 11-бөлігі,  145850 теңге; Абдуманапов Мейрхан (Алматы қ.) 488-бабының 11-бөлігі,  145850 теңге; Жұманиязова Нинагүл (Алматы қ.) 488-бабының 11-бөлігі,  145850 теңге.

1 мамырда әкімшілік қамауға алынғандар: Айтжанов Серік (Алматы қ.) – ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі бойынша  10 тәулікке, Серікбаев Ғадылбек (Нұр-Сұлтан қ.) – ҚР ӘҚБтК 488-бабының 12-бөлігі бойынша 15 тәулікке, 01.05.2021жылы «Facebook» желісінде жарияланым жасағаны үшін.

1 мамырда Алматының бұрынғы әкімі (қазір «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары) Бауыржан Байбек ҚДП көшбасшысы Жанболат Мамайға  және оның жұбайы ҚСжАЕКБ журналисі – Инга Иманбайға қарсы, Мамай [6] түсірген  «Бауыржан Байбек: Назарбаевтың сыныптасының ұлының сыбайлас жемқорлық бизнес-империясы» фильмі үшін талап арыз жазды. Азаматтық сотта осы істі қарау 14 мамырда басталды[7].

2 мамырда Жоланова Тұрсынкүл (Алматы қ.), ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша, 1 мамырда Алматы қаласындағы Орталық демалыс саябақтағы қарсылық акциясына қатысқаны үшін  50500 теңге  айыппұл алды.

4 мамырда «Аман-саулық» қорғау қорының жетекшісі  Бахыт Түменова онлайн пресс-конференцияда[8] Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 колониясынан саяси тұтқын Кенжебек Әбішевті, созылмалы ауруларының өршу қаупіне байланысты, мерзімінен ерте босату қажеттілігін айтты[9].

4 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы аудандық соты белсенді  Нұрбол Өнерханның (Бірлік ауылы, СҚО) бас бостандығын шектеуді (2020 жылғы қарашада шығарылған үкімді) алты ай екі күнге бас бостандығынан айырумен ауыстыруға қаулы шығарды[10].

5 мамырда Алматы қалалық соты 2021 жылғы 11 наурыздағы Алматы сайлау комиссиясының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы іс бойынша Альнур Ильяшевтің жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді[11].

4 мамырда  «Әділ сөз»  сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры 2021 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы еркін пікір білдіру құқығын бұзу статистикасын жариялады[12].

5 мамырда  «Әділ сөз»  сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры журналистердің жұмысына өрескел кедергі келтіргегі (журналист Бахром Абдуллаевтың қолын зақымдау,  түсірілім кезінде камераның үстіне орнатылған қолшатырды сындыру) туралы шағымға  Шымкент қаласының ПД ҚҚБ бастығы Н.Жұмахметовтан жауап алды, онда Абдуллаевқа дене жарақатын түсіру факті анықталғаны, бірақ оның қылмыстық құқық бұзушылыққа жатпайтыны мәлімделген, соған қатысты «қылмыстық іс тоқтатылды және  Шымкент қ. прокуратурасына зерттеуге жіберілді» деп айтылған[13].

5 мамырда Павлодар облысының прокуроры Ж.К.Құсаинов ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша («экстремистік ұйымға қатысу») қылмыстық іс бойынша  Мақсұт Аппасов[14], Дарын Хасенов[15], Нүргүл Қалуова[16],  Қалиасқар Әмренов[17], Жанат Жамалиевке[18] қатысты айыптау актілерін шығарды.

6 мамырда  Байменов Ерболатқа (Нұр-Сұлтан қ.) 28.02.2021ж. Сәдуақас-қажы мешітінің ауласында болған жиналысқа қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды. 

6 мамырда Атырау облысында “Теңгізшейройл” ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымдардың 900-ден астам жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Келіссөзге шенеуніктер және компания басшылығының өкілдері келді[19]. Ереуілдің екі күнінен кейін жұмысшылар өз талаптарына қол жеткізді[20].

6 мамырда  Қазақстандағы адам құқықтары бойынша ахуалға тұрақты мониторинг жүргізетін алты саяси топтың ішінен сегіз еуродепутат азаматтардың құқықтарын бұзу жағына назар аударуды күшейту және Қазақстанда құқық қорғаушыларды қолдауды ұлғайту талабымен Еуропалық Комиссияға жүгінді [21].

6 мамырда Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозердің және қазақстандық құқық қорғаушылар мен ҮЕҰ басшыларының қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы және олардың пікірінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы кезекті баяндамасында осы саладағы қандай мәселелерді көрсету қажеттігі туралы пікірлерімен бөлісті [22].

7-9 мамырда Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ҚДТ митингтері өтетіні қайта жарияланды. Қарсылық акциясын өткізу үшін  Мұхтар Әблязов көрсеткен орындардың барлығында полиция қызметкерлері кезекшілік жасады, митингтер өткен жоқ [23].

7 мамырдағы әкімшілік қамаулар мен ескертулер: Алматы қ.- Жоламанова Бибігүл, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша – ескерту, 2021 жылғы 1 мамырдағы митингке қатысқаны үшін; Қохаева Айман, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша – 10 тәулік, Төлеубеков Біржан, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша – 15 тәулік, плакат ұстап дара пикеті жасағаны  үшін; Орал қ. – Ескендірова Мәруа, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігі бойынша – 10 тәулік, 07.05.2021 жылғы митингке шақырғаны үшін.

7-9 мамырда елдің келесі қалалары мен елді мекендерінде сырттан бақылаулар орнатылды: Алматы қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Қапшағай қ., Нұр-Сұлтан қ., Қарағанды қ., Шымкент қ., Қаратау қ., Жезказган қ., Көкшетау қ., Павлодар қ., Семей қ., Ақтобе қ., Қандыағаш (Ақтөбе облысы), Сарыағаш қ. (Түркістан облысы, Олжабай-батыр кенті (Ерементау ауданы  Ақмола облысы), Ақшұқұр к. (Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы), Ақтау қ., Тараз қ., Атырау қ., Есік қ. (Алматы облысы), Қобда к. (Ақтөбе облысы). 9 мамырда Семей қаласында 10-12 белсенді ұсталды, оларды Семей қаласының Әуезов полиция бөлімшесіне  апарылды, кейін оларды хаттама толтырмай босатты [24].

8 мамырда апелляциялық алқа төрағасы  А.Ахметов, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігі бойынша, 10 тәулікке бұрын қамаққа алынған Ескендірова Мәруаның (Орал қ.) арызын қанағаттандырусыз қалдырды [25].

10 мамырда Брюссель қаласында саяси диалогты күшейту және тиісті басқару, адам құқықтарын көтермелеу және қорғау, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелерін қарау үшін мүмкіндік берген «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық Кеңесінің 18-ші отырысы өтті [26].

11 мамырда Қапшағай қалалық соты, ҚР ҚК 256 – бабы бойынша, 8 жылға сотталған саяси тұтқын Әбішев Кенжебекке МБШБ-дан тағы да  бас тартты [27].

11 мамырда құқық қорғаушылар Төреғожина Бахытжан и Агелеуов Ғалым белсенді Жұманиязова Нинагүлді ұстау кезінде құқықтардың бұзылғаны және өрескел физикалық күш қолданылғаны туралы өтініш берді, онда ІІМ министрі Е.Тұрғұмбаевтан полиция және ЖӘАЖ қызметкерлерін Жұманиязованың өмірі мен денсаулығына қастандық жасағаны үшін жауапқа тартуды және оның бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіруді  талап етті [28]. Сонымен қатар, 11 мамырда Жұманиязованың 3 жасар немересін белгісіз адамдар ұрлап кеткен, кейін Жұманиязованың қызы оны учаскелік бөлімшеден алған. Олар учаскелік бөлімшеде полицейлер тарапынан қауіп және қысым көрген[29].

11 мамырда Алматы қаласындағы Қытай консулдығы алдындағы мерзімсіз акцияға қатысушылар әкімшілік ескертулерге ұшырады, олар ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап өздерінің туыстарын Шыңжыңдағы концлагерлерден босатуды  талап етуде. ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша Қалиолла Ақиқат, Қазыбек Гүлпия и Нұрхай Тұрсынгүл ескертулер алды.

12 мамырда Алматы қаласындағы Қытай консулдығы алдындағы мерзімсіз акцияға қатысқаны үшін  әкімшілік айыппұл алғандар:

          Ермекбай Нұрзат, Мырзан Алмахан ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша 61 257 теңге (144$) айыппұл алды;  

    Күнболатұлы Байболат, Зархан Жеңіс[30]ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі бойынша 102 095 теңге (239$) айыппұл алды .

12 мамырда сот  АК-159/6 (Долинка кенті, Қарағанды облысы) колониясы бастығының Павлодар қаласынан құқық қорғаушысы Елена Семеноваға іскерлік  беделін қорғау туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды. Сот Семеновамен баяндалған мәліметтерді  шындыққа сәйкес келмейді деп таныды[31]. Бұл ҚР ҚАЖК мекемелері тарапынан құқық қорғаушы Елена Семеноваға  берілген  19-ы талап арыз болды.

12 мамырмен 16 мамыр аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тамақ жеткізу курьерлары ереуілге шықты, олар  30-50 пайызға қысқарған жалақыны көтеруді талап етті. Компания «Wolt» 40-қа жуық ереуілге шыққан курьерлерді бұғаттап, жұмыстан шығарды. Компания «Chocofood» курьерлерге бұрынғы жалақыны қайтаруды уәде етті [32].

13 мамырда саяси тұтқын Сәбитов Айбекке (Нұр-Сұлтан қ.), ҚР ҚК 405- бабының 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») қылмыстық ісі бойынша, 1 жылға бас бостандығынан айыруға және 3 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тиым салуға, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға және «Жәбірленушілердің өтемақы қорына» 27780 теңге (65$) көлемінде  мәжбүрлі төлем жасауға сот үкім шығарды [33].

14 мамырда Қаратау ауданының прокуроры Д.А.Айтишев, ҚР ҚК 405- бабының 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») қылмыстық ісі бойынша, Ерлан Файзуллаевқа қатысты жаңа айыптау актін шығарды [34].

13 және 18 мамырда Шынжыңнан келген, босқын мәртебесі бар этникалық қазақтар – Қайша Ақан, Мұрагер Әлімұлы және Қастер Мұсаханұлы, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін соттылығының болуы негізінде, ресми түрде азаматтық беруден бас тартулар алды[35].

14 мамырда  Қарасай аудандық соты Сұлтанов Абайбекті (Қаскелең қ.), ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі («тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу») бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сұлтановқа 100 сағат қоғамдық жұмыстар және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға  3 жылға тиым салуды, жәбірленушілердің өтемақы қорына 27530 теңге (60$) көлемінде мәжбүрлі төлем және мемлекет кірісіне 740 теңге  өндіруді тағайындады[36].

15 мамырда ҚДТ жетекшісі Мұхтар Әблязов Алматы және  Нұр-Сұлтан қалаларында митингтер болатынын жариялады. Жиын болатын орындарда полиция қызметкерлері жиылды. Митингтер өткен жоқ[37]. Алайда, митингке қатысуға ниеттенген белсенділер болды. Митингті өткізу орнында полиция қызметкерлерімен ұсталғандар: Қазиев Еркын (Алматы қ.), Сембай Асқар (Нұр-Сұлтан қ.).

Сондай-ақ 15 мамырда, келесі қалаларда сыртқы  бақылаулар мен қудалаулар тіркелді: Алматы қ., Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Сарыағаш қ., Риддер қ., Ақтау қ., Ақтөбе қ., Ақшұқұр к., Маңғыстау облысы, Орал қ., Павлодар қ., Степногорск қ., Талғар қ., Қаскелең қ. және т.б. барлығы,  Қазақстанның 30 астам қаласында[38].

15 мамырда ҚДП көшбасшысы Жанболат Мамаймен Алматы қаласында жер митингтері жарияланды. 40-қа жуық адам келіп, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға жол бермеуді талап етті. Әкімдік пен прокуратура қызметкерлері митингтің басшылықпен келісілмегенінескертті[39], бірақ қатысушыларды ұстамады.

15 мамырда “Instagram” желісінің әзіл-оспақ паблигі “Qaznews24” әкімшісі Алматылық Темірлан Еңсебектің үйінде тінту жүргізілді. Содан кейін полиция бөлімшесінде «көрінеу жалған ақпарат тарату» туралы істі тергеп-тексеру себебі бойынша (ҚР ҚК 274- бабы) Қазақстан билігі туралы әзіл-оспақ пост жазғаны үшін Еңсебектен бес сағат бойы  жауап алынды. Қазір Темірлан Еңсебек қорғаныс құқығы бар куәгер мәртебесінде, одан тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат алынған [40].

16 мамырда белсенді Ақаев Сағидоллаға (Алматы қ.), ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі бойынша, 02.04.2021 ж. азаматтық белсенді М. Баймағамбетовті қолдау мақсатындағы көпшілік ісшараға қатысқаны үшін 102 095 теңге айыппұл белгіленді.

17 мамырда “KSS” (АҚШ-қа қоныс аударған құқық қорғаушы Барлық Меңдіғазиев негізін қалаған) қызметкерлерінің саяси дәлелді қылмыстық ісі бойынша сот үкім жариялады:

Директор Бауржан Жусуповті салық төлеуден  жалтарғандай болғаны  үшін (245-баптың 3-бөлігі) 5 жылға шартты мерзімге соттады және басшылық лауазымдарды атқаруға 1 жылға тыйым салды, 262-баптың 2-бөлігі бойынша («ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу») қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады.

«KSS»-мен жұмыс істеген компанияның құрылтайшысы және директоры Наталья Даулетьярованы жұмыстарды іс жүзінде орындамай шот-фактуралар жазып бергені үшін (216-баптың 3-бөлігі), Бауржан Жусуповке салық төлеуден  жалтаруға жәрдемдескені үшін (28-баптың 5-бөлігі – 245-баптың 3-бөлігі) және жалған сөз тасығаны үшін (419-баптың 3-бөлігі) 5 жылға шартты мерзімге соттады, және  262-баптың 1-бөлігі бойынша («ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастыру») қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады.

Наталья Даулетьяровамен жұмыс жасаған Ринат Баткаевті, жұмыстарды іс жүзінде орындамай шот-фактуралар жазып бергені үшін (216-баптың 3-бөлігі) 5 жылға шартты мерзімге соттады [41]. Құқық қорғаушылар  бірігіп  осы шешімге қарсы бірлескен өтініш жазды[42].

17 мамырда саяси тұтқын  Мерей Қорбаковті (Бейнеу к., Маңғыстау облысы) ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігі («билік өкіліне қатысты күш қолдану») бойынша 5 жылға бас бостандығынан нақты айырды. 2020 жылғы 22 желтоқсаннан бері,  Қорбаков полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен, ТИЗО-да болатын[43]. Оны басқа да қылмыстық істермен де қудалауда: ҚР ҚК 405-баптың 2-бөлігі, мәртебесі – қорғануға құқығы бар куә, жауап алу; ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау, үкіммен – 40 сағат қоғамдық жұмыстар, жәбірленушілердің өтемақы қорына – 13.890 теңге тағайындалған). 

18 мамырда Шымкент қаласының Қаратау  аудандық соты Нұржан Мұхаммедовке қатысты қылмыстық істі қарауды бастады, ол ҚР ҚК 405- бабының 2-бөлігі («тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу») бойынша кінәлі саналып, бесінші ай ТИЗО-да отыр. Істі қарау барысында сотталушыға ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі бойынша («полиция қызметкерлерін қорлау») оған тағы бір айып тағылғанын хабарланған[44].

18 мамырда Қытай консулдығы алдындағы пикеттің 100-і күнінде наразылық білдірушілер ұсталды. ҚР ӘҚБтК 488-бабы бойынша әкімшілік 61550 теңге (144$) айыппұл алғандар: Гүлнұр Қосдәулет, Гүлбаран Өмірәлі, Жамила Мәкен, Ермекбай Нұрзат, Қазыбек Гүлпия, Ақиқат Қалиолла. Қалида Атқан әкімшілік ескерту алды, ал Байболат Күнболат тікелей эфир  жүргізгендіктен кінәсыз деп танылды[45].

19 мамырда Сараптау кеңесінің шешімімен Нұрбол Өнерхан (Бірлік ауылы, СҚО) және Жүнүсов Жәнібек (Нұр-Сұлтан қ.) саяси тұтқындар болып танылды[46].

19 мамырда Алматыдағы бірнеше жедел жәрдем қызметі станцияларының   20-ға жуық жүргізушілері еңбек жағдайына наразылықтарын білдірді.  Әкімдік қызметкерлерімен оларға барлық жағдай түсіндіріліп, ереуілшілер тарап кетті[47].

19 мамырда саяси тұтқын Әсет Әбішев ҚР Бас прокурорына  ҚР ҚК 105 бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша колония қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі прокурорға беруді бастауды талап етіп, шағым жіберді, өйткені бұл істің жабылып қалуының нақты қаупі бар [48]. Әбішевті қазір қайтадан қатаң тәртіпте ұстау жағдайына отырғызбақшы[49].

20 мамырда тыйым салынған ұйымға «қатысу» туралы істі (ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі), оған қарсы тергеуге байланысты үйқамақта болған Асылхан Жаубатыровты (Ақтөбе қ.) тергеу изоляторына орналастыру арқылы бұлтартпау шарасы өзгертілді[50].

21 мамырда белсенді Ахметов Талғат (Маңғыстау облысы) 2 айға ТИЗО-ға қамалды. Ахметовтың айтуы бойынша, ҚР ҚК 287- бабы 1-бөлігі бойынша тағайындалған 60 сағаттық қоғамдық жұмыстардан бас тарту, оның қамалуына себеп болған [51].

22-23 мамырда М.Аблязов Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында Қазақстан азаматтарының митингілер өткізетінін жариялады. Жарияланған барлық 4 қалада да полиция митингілерге жол бермеу,  белсенділерді үркіту және қорқыту мақсатында сырттан бақылау жасау сияқты күшейтілген қызмет атқарды.

 Алматы қ. 2021 жылғы 22-23 мамырда белсенділер Р.Бекназарованың, А. Қохаеваның, К.Ережепованың үйлерінің жанында сырттан бақылау орнатылды; А.Мүбараковты және Ж.Искаковты полиция ұстап әкетті. Орталық саябақтың кіреберіс тұсында автозак тұрды, барлық жерде полиция қызметкерлері жүрді. Бір күн бұрын, 21 мамырда  Ақаев Сағидолла, Күлжаханов Сағат, Абдуманапов Мейрхан және тағы екі белсенді Орталық саябақта немерелерімен және балаларымен бірге  қыдырғанда полиция қызметкерлерінің бақылауында болған.

Нұр-Сұлтан қ. Г.Мұқұшева, В.Жанбаева, К.Қозыбаева және Г.Тамабаева  полиция қызметкерлерімен демонстративті түрде қудаланды. 22 мамырдан 23 мамырға дейін жөндеу жұмыстары жасалатындай болып, Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі бөлікте автокөлік құралдарының қозғалысы ішнара жабық болды.

Шымкент қ. Досжанова Айжанды Әль-Фарабий аудандық ПБ алып кетті, жауап алуды жүргізді, содан кейін оны үйіне апарып салды. Сондай-ақ Досжанова Айжанға полиция қызметкері әрбір демалыс күндерде, егер бұйрық болған жағдайда – жұмада да, оның үйінің жанында олардың тұратындығын айтып, ескерту жасады; Қонышбаев Ермекке  полиция қызметкерлері күніне 2 рет келіп тұрды, және сырттан бақылау орнатты. Акция өткізуге белгіленген орында полиция қызметкерлері жүрді. 

Ақтөбе қ. Есмурзаева Жаннаның автокөлігінің дөңгелегін тесіп тастады,  Маңғыстау облысы, Ақшұқұр ауылында  Әлиханов Нұрбергенге сырттан бақылау жүргізілді. Сондай-ақ, акция өткізуге белгіленген орында полиция қызметкерлері тұрды[52].

24 мамырда Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің тергеушісі   А.Ж. Нұрсұлтанов, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») саяси дәлелді қылмыстық ісі бойынша Қаласов Асқардың ісіне қатысты айыптау актін шығарды [53].

25 мамырда қазақстандық Бағлан Орынбеков, әйелімен және 10 баласымен тұрғын-үй мәселесін шешуге Нұр-Сұлтан қаласына келіп,  президент әкімшілігі ғимаратына отбасымен бірге өтпекші болды. Полиция қызметкерлері, оларды кеттлинг деп аталатын әдіс қолдану арқылы тоқтатты[54]. 28 мамырда  Қазақстандық құқық қорғаушылар  полицияның наразылық білдірушілерге қарсы кеттлинг тактикасын қолдануына қарсы қол жинауды бастады[55].

25 мамырда Алматы қаласының қалалық емханасына болжам бойынша қан кету мен панкреатитке байланысты, саяси тұтқындалған Диана Баймағамбетова жедел жеткізілді. Диана Баймағамбетова ҚР ҚК 182-бабының 2-бөлігі («экстремистік топқа қатысу») және  405-бабының 2-бөлігімен («экстремистік ұйымға қатысу») саяси дәлелді қылмыстық іс бойынша тергеу уақытындағы қамақта 5 айдан артық отыр [56].

25 мамырда белсенді Назира Лепесованың (Тараз қ.)  ҚР ҚК 405-бабының 1 және 2-бөліктерімен («экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру және қатысу») саяси дәлелді қылмыстық ісі бойынша аппелляциалық соты өтті. Сот 2021 жылғы 4 наурызда Лепесоваға шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды [57].

25 мамырда азаматтық белсенді Мұратбай Баймағамбетовке қатысты  ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігімен («экстремистік ұйымның қызметіне қатысу») саяси дәлелді қылмыстық ісі бойынша аппелляциалық соты өтті. Сот 2021 жылғы 20 сәуірде бірінші саты шығарған шешімді өзгеріссіз қалдырды [58].

26 мамырда  Нұр-Сұлтан қаласында 15-ке жуық көп балалы аналар мен  мүгедек балалары бар аналар тұрғынүй мәселесін шешуді және бір балаға 42500 теңге (шамамен 100 доллар) мөлшерінде төлем беруді бекітуді талап етіп, акцияға шықты. Ақордаға тартқан олардың жолын полиция қызметкерлері бөгеді[59].

2 мамырда сот, ақпан айынан бері үйқамақта отырған және билік тарапынан тыйым салынған ұйымның қызметіне  «қатысқаны» үшін  айыпталған  (ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі), Берік Ноғаевті (Ақтөбе қ.) 2 жылға бас бостандығын шектеді, жәбірленушілер қорына 26780 теңге айыппұл және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға 3 жылға тыйым салды [60].

27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы, шетелдіктерге жер сату мен жалға беруге қарсы 24 сәуірде өткізуге жоспарланған бейбіт наразылықтар туралы ақпараттар  таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша азаматтық белсенді Әбенова Айжанға әкімшілік іс  қозғады. Сот күтілуде [61].

27 мамырда Максимова Лиза (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша, 2021 жылғы 28 ақпандағы акцияға қатысқаны үшін 145850 теңге (340$) айыппұл алды.

28 мамырда Қозыбаева Қалдықан (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша, 2021 жылғы 28 ақпандағы акцияға қатысқаны үшін  87510 теңге (205$) айыппұл алды.

28 мамырда  Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектік бойынша жәрдемақының мөлшерін көбейту және денсаулығы шектеулі жандарды баспанамен кезектен тыс  қамтамасыз етуді талап еткен мүмкіндігі шектеулі оншақты адам астаналық әкімшілік ғимараты алдына жиналды. Әкімшіліктің бірнеше қызметкерлері жиналғандарға келді және олардың талаптарының парламентте қаралатынын хабарлады [62].

28 мамырда ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша құқық қорғаушы белсенді Кумекбаев Қуандыққа (Нұр-Сұлтан қ.) қатысты ісі қайта қозғалды («автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз игеру (ұрлау»)[63].

28 мамырда Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы азаматтық белсенді Ильяшев Альнурдың құқығын Алматы қаласының әкімдігі бұзғанын мойындады[64].

29 мамырда саяси тұтқын Ербол Есхожиннің анасы және қоғамдық қорғаушысы, оның ұлы Ерболға қысым көрсету мен саяси қуғындауға байланысты арыз жазды, ол өзінің азаматтық белсенді қызметі үшін ЕЦ-166/1 пенитенциарлы мекемеге заңсыз қамалған[65].

29 мамырда  Жұмағұлова Гүлнар (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша, 2021 жылғы 28 ақпандағы акцияға қатысқаны үшін 87510 теңге (205$) айыппұл алды.

29  мамырда ЛГБТК-әйелдердің құқықтары жөнінде Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізулері керек болған  ЛГБТК белсенділері Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаеваға 20-ға жуық ер адамдар шабуыл жасады. Полиция қызметкерлері белсенділерді дөрекі түрде ұстады. Кейін олар босатылды [66].

29-30 мамырда  ҚДТ жетекшісі М.Аблязовпен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында митингтер өтетіні жарияланды. Үш қалада полиция митингілерге жол бермеу,  белсенділерді үркіту және қорқыту мақсатында негізінде сырттан бақылау жасау түріндегі күшейтілген қызмет атқарды.

 Алматы қ. 29-30 мамырда  үйлерінің маңына сырттан бақылау қойылған және қудаланған белсенділер: Барменқұл Алина (Алина Танар), Ынтымақова Жанна, Ережепова Күлбаршын, Қохаева Айман, Бекназарова Рақила, Шоқанова Камила (әрбір митинг алдында қауіп-қатермен қоңырау шалулар), Жұманиязова Нинагүл (полиция кызметкерлері оның үйде болуын тексеріп келген).

Нұр-Сұлтан қ. Серікбаев Ғадылбек ұсталды. Шымкент қаласында Секербаева Жанар ұсталды, ол өз ұйымы шеңберінде тренинг өткізуге келген болатын.

Ақтөбе қ. Раханов Азамат, 27.05.2021 ж. ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі  бойынша қылмыстық іске қатысты бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізуге мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы берілді; Есмұрзаева Жанна – сырттан бақылау.

Ақтау қ. Тұрдиева Ұлболсын, Жанзақова Шолпан, Абдреймова Нүрияш — сырттан бақылаулар [67].

31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында митингтер өткізу белгіленген. Митингтер өткен жоқ[68].

31 мамырда Орал қ. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу монументінің жанында орналасқан қалалық саябақта азаматтық белсенділер акциясы өтті. Жиналғандар монументтің жанына гүл шоқтарын қойып, кейін “Репрессияны тоқтату”, “Саяси тұтқындарға бостандық”, “Бостандық Freedom” плакаттарын жайды. Олар “қазіргі репрессияны” тоқтатуды талап етті[69].

2021 жылдың басынан 22 қалалар мен елді мекендерде бейбіт митингтерді өткізуге 68 бас тарту тіркелген [70].


[1] https://tirek.info/predvaritelnye-spiski-zaderzhannyh-i-adm-arestovannyh-v-svyazi-anonsirovannym-mitingom-1-maya-2021-goda/

[2] https://bureau.kz/goryachee/pervomajskij-paralich/?fbclid=IwAR3sm5MPiTy1D_95Q_zEQlmwHCG8rGOzrp7yzKkPSGhWe1Zai0MQX5TBT-w

[3] https://rus.azattyq.org/a/31232840.html

[4] https://tirek.info/predvaritelnye-spiski-zaderzhannyh-i-adm-arestovannyh-v-svyazi-anonsirovannym-mitingom-1-maya-2021-goda/

[5] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2976804212638842/

[6] https://acca.media/kazahstan-byvshij-mer-almaty-podal-v-sud-na-oppoziczionnogo-zhurnalista-i-ego-zhenu/

[7] https://rus.azattyq.org/a/31255351.html

[8] https://www.facebook.com/watch/live/?v=886083485568352&ref=watch_permalink

[9] https://tirek.info/ekspertiza-vyyavila-ryad-tyazhelyh-zabolevanij-u-zaklyuchennogo-aktivista-kenzhebeka-abisheva/

[10] https://bureau.kz/novosti/onerhanu-zamenili-ogranichenie-svobody/

[11] https://informburo.kz/novosti/almatinskij-gorsud-ostavil-bez-udovletvoreniya-zhalobu-ilyasheva-o-priznanii-nezakonnymi-dejstvij-izbirkoma?fbclid=IwAR2eJOKoSnpz1Th5XC1rCBMLdfa6k8rMoVO8T7PVQwje4YXna6HSEDcGyfE

[12] http://www.adilsoz.kz/politcor/show/id/307

[13] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3324

[14] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-appasova-maksuta/

[15] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-pravozashhitnika-i-aktivista-iz-bayanaula-daryna-hasenova/ 

[16] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-aktivistki-i-pravozashhitnitsy-kaluovoj-nurgul/

[17] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-amrenova-kaliaskara/

[18] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-zhamalieva-zhanata/

[19] https://www.youtube.com/watch?v=JaWZD9fbF08

[20] https://www.youtube.com/watch?v=b2qs23lRA3A

[21] https://tirek.info/evrodeputaty-prizvali-evrokomissiyu-publichno-zashhishhat-politpresleduemyh-v-kazahstane/

[22] https://rus.azattyq.org/a/pravozaschitniki-obsudili-s-poslom-ssha-doklad-gosdepartamenta-o-situatsii-s-pravami-cheloveka-v-kazahstane/31242175.html?fbclid=IwAR2lv1vq3e4HvWJYhlfPtWXpYb3FQ4OP0kegbsGtRnQwG8UzeVkq7yy2nds

[23] https://rus.azattyq.org/a/31244446.html?fbclid=IwAR1kow42lZcJqHW29bnuN2F0xj8U5I6kl7XkFShuwznjiv3zYpkC3ohBQD0

[24] https://tirek.info/svedeniya-po-aktsiyam-s-7-po-9-maya-2021-goda/

[25] https://rus.azattyq.org/a/31249399.html

[26] https://tirek.info/zasedanie-soveta-sotrudnichestva-rk-es-10-maya-2021-goda/

[27] https://tirek.info/abishevu-kenzhebeku-vnov-otkazali-v-udo/

[28] https://tirek.info/zayavlenie-po-situatsii-s-ninagul-dzhumaniyazovoj/

[29] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2984434731875790/

[30] https://tirek.info/10-chelovek-zaderzhany-za-uchastie-v-mirnoj-aktsii-11-maya-u-konsulstva-kitaya/

[31] https://bureau.kz/novosti/polupravda-eleny-semenovoj/?fbclid=IwAR2o5I5V825RZ6ObJHQ6y2I6Q3uu6KzOVSFqrYhVKNu55Ux3q-PzVx_2BuE

[32] https://bureau.kz/goryachee/40-wolt/?fbclid=IwAR3XdabZiXKWd5cXANyk9thdISnRZ4GBo7iHbJVd3FpyPvltLudfKSJj4yM

[33] https://tirek.info/politicheskie-presledovaniya-13-14-maya-2021-goda/

[34] https://tirek.info/obvinitelnyj-akt-fajzullaeva-erlana/

[35] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2994293390889924/

[36] https://rus.azattyq.org/a/31254771.html

[37] https://rus.azattyq.org/a/31256528.html

[38] https://tirek.info/svedeniya-po-aktsiyam-15-16-05-2021-goda/

[39] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-rally-against-land-sale-chinese-expansion/31256668.html

[40] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3337

[41] https://tirek.info/17-maya-sostoyalos-oglashenie-prigovora-suda-po-politicheski-motivirovannomu-ugolovnomu-delu-karachaganak-support-services-kss/

[42] https://tirek.info/sovmestnoe-zayavlenie-po-delu-karachaganak-support-service/

[43] https://tirek.info/politicheskogo-zaklyuchennogo-mereya-korbakova-prigovorili-k-5-godam-lisheniya-svobody/

[44] https://rus.azattyq.org/a/31260989.html

[45] https://www.facebook.com/movement405hr/posts/312216806977544

[46] https://tirek.info/rasshirenie-spiska-politicheskih-zaklyuchyonnyh-kazahstana-4/

[47] https://rus.azattyq.org/a/31262951.html

[48] https://www.facebook.com/bota.jardemalie.1/posts/958202548298976

[49] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2992741227711807/

[50] https://tirek.info/sud-zhaubatyrova-asylhana-o-zamene-domashnego-aresta-na-soderzhanie-pod-strazhej/

[51] https://tirek.info/ahmetov-talgat-vodvoren-v-sizo-na-2-mesyatsa/

[52] https://tirek.info/svedeniya-po-aktsiyam-22-23-05-2021-goda/

[53] https://tirek.info/byl-sostavlen-obvinitelnyj-akt-kalasova-askara/

[54] https://rus.azattyq.org/a/31272567.html

[55] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-petition-against-kettling-launched-by-rights-defenders/31278730.html

[56] https://tirek.info/gospitalizirovali-dianu-bajmagambetovu/

[57] https://tirek.info/25-maya-sostoyalsya-apellyatsionnyj-sud-po-politicheski-motivirovannoj-ugolovnoj-state-405-chast-1-i-2-po-delu-naziry-lepesovoj/

[58] https://tirek.info/25-maya-sostoyalsya-apellyatsionnyj-sud-v-otnoshenii-grazhdanskogo-aktivista-muratbaya-bajmagambetova/

[59] https://rus.azattyq.org/a/31274690.html

[60] https://tirek.info/berika-nogaeva-prigovorili-k-2-godam-ogranicheniya-svobody/

[61] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2997337100585553/

[62] https://rus.azattyq.org/a/31278691.html

[63] https://tirek.info/kogda-privlekut-k-otvetstvennosti-sotrudnika-politsii-za-napadenie-na-kumekbaeva-kuandyka/

[64] https://www.exclusive.kz/expertiza/daily/124747/?fbclid=IwAR2bA2XjmU7vQ-_fy7uDXJMmODJB8dWPYEPehbHU1vS0mZWLNqIB8ASyD0I

[65] https://tirek.info/mama-i-obshhestvennyj-zashhitnik-politicheskogo-zaklyuchennogo-i-grazhdanskogo-aktivista-erbola-eshozhina-napisala-zhalobu-v-svyazi-s-davleniem-i-politicheskim-presledovaniem-ee-syna/

[66] https://rus.azattyq.org/a/31280673.html

[67] https://tirek.info/svedeniya-po-aktsiya-29-30-05-2021-goda/

[68] https://tirek.info/v-den-pamyati-zhertv-politicheskih-repressii-31-maya-sostoitsya-miting/

[69] https://rus.azattyq.org/a/31282535.html?fbclid=IwAR0SCpj8T-kY3VlxkXUDDPaSh86IOUqaDVgoDFoo5MDzj_KtOoY6eH0WtKA

[70] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/2994934030825860/

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.