Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Ұжымдықшағым

Ұ Ж Ы М Д Ы Қ Ш А Ғ Ы М
күдікті деп тану туралы қаулылардың күшін жою, күдіктілерді тез арада бостандыққа шығару жайлы.
ҚР ҚПК-нің 105-шібабы талабымен. (227910031000007 санды СДТТ ісі бойынша)
Біз, төменде қол қоюшылар, ҚР Президенті К.Тоқаев мырзаның «бейбіт шеруге қатысқандар, террористік, марадерлік іс әрекеттерге қатыспаған адамдар, тез арада босатылады»,- деп берген уәдесіне сай осы ҰЖЫМДЫҚ
шағымды жолдап отырмыз.
Мен, Жолшиев М.Т., Шымкент қалалық адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты, 08.07.2021-ші жылдан бастап менің қорғауымда ҚР ҚК-нің 380,378 баптарымен айыпталған Ж.Б.Аштаевпен бірге 07 қаңтар 2022-ші жылы полиция қызметкерлерімен ұсталған Сұлтанбек Қайратты іздеп Шымкент ҚПД-не және Әль Фараби АПБ-сына бірнеше мәрте іздеп таппадық, сонан полиция қызметкерлері қару қолданып атамыз деген соң 21 сағт 30 минут шамасында
Ж.Аштаевтың басқаруындағы автокөлікпен қайтып кеттік.
Күдікті Ж.Б.Аштаевты 07-нен 08–ші қаңтарға қараған түні 00-00 сағат шамасында автоматтармен қаруланған бір топ адам көп балалы отбасы Ж.Аштаевтың бейбіт отырған үйінің терезесінің әйнектерін, есігін сындырып кіріп, Шымкент ҚПД-нің қызметкерлері Ж.Аштаевты өз үйінде ешқандай да бір
қарсылық көрсетпесе де кәрі әкесі мен бала-шағасы көзінше тепкілеп, ұрып соққан. Оның денесінде атап айтқанда оң санының ішкі жағындағы аумағы 15х10 сантиметрлік қанталаған жарақаттар барлығын мен тергеуші А.Молдабек
көзінше көріп анықтадық. Ол жарақаттардың барлығын ИЧ-167/11 мекемесі қызметкерлері де құжатпен растап отыр.
Алайда Ж.Аштаевқа 12.01.2022 жылы сот дәрігерлік сараптамасы тағайындалғанымен, осы уақытқа дейін сот-дәрігерлік сарапшы барып көрмеді.
Ж,Аштаевтың және менің қорғауымдағы басқа да 4 күдіктілердің ҚР ҚК-нің 269,255 баптарындағы қылмыстарды жасамағандығы, тіпті ешқандай да бір қылмыстарды жасамағандығы осы уақытқа дейінгі тергеп тексеру барысында толығымен дәлелденді.
1.) Ж.Аштаевтың 04 қаңтар 2021-ші жылы 17-лер шамасында Шымкент қаласынан өз автокөөлігімен бала шағасымен шығып кетіп Түркістан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылында болып, сағат 21 сағат 30 минуттардан соң
шыққандығы тергеу кезінде сұралған куәлер: Қалтаева Зәурештің, Қалтаев Жеңісханның, Кеірмбеков Нұржаусынның, Қадыралиева Гульжанның, Оңланбаев Ғалымжанның, Зиятбеков Өмірзақтың, Мыңбаев Нұрсұлтанның, Сәрсен Ерсұлтанның, Аштаева Гулсімнің, Қыдырәлі Маржанның, Қыдыралиев Мейрманның, Аштаева Мөлдірдің, Шорабекова Айгерім мен т.б. жауаптарымен (13 адам түсініктерін, фото, бейнетаспаларды тергеуге ұсынғанмын) толығымен расталады. Сол күні Ш.Аштаев оны ҚР ҚК-нің 380 бабымен айыптаған қылмыстық іс
материалдары көшірмелерін маған алып келіп, менің жазған ескертпелеріммен танысу керек еді. Ол маған 22-30 дар шамасында хабарласып, «қалада адам көп, кептеліс болып жатыр, Сіздің кеңсес орналасқан Шымкент плаза жаққа тіпті
жақындау мүмкін емес, бала шағамды Қазығұрт мөлтек ауданына апарып тастап келемін»,- деді де, 24 сағат ашмасында маған келіп тұрмын деп телефон шалды.
Сонан мен кеңсемнен шығып, Ж.Аштаевтың Әль Фараби алаңында тұрған автокөлігіне отырдым. Автокөліктің артында бейтаныс екі жас жігіт бар екен. Ж.Аштаев маған «бензинім тауысылып тұр, мына екі азаматты Нұртас мөлтек
ауданына апарып тастайық, сонан соң сізді апарып тастаймын »,- деді.
05.01.2022-ші жылы 00 сағат 30 минут шамасыда Метро СУ-і алдында жол кептіліс болған соң, 10 минуттай тұрдық да, екі жолаушыны қалдырып кейін қайттық. Ж.Аштаев мені үйіме тастап кетіп, өз үйіне кетті. Ал 05 қаңтар 2022-ші жылы Ж.Аштаев 08 сағт 30 минутта Шымкент қаласы Құрсай мөлтек ауданы маңындағы жұмыс орнына барып, 06 қаңтар 2022-ші жылы 09 сағатқа дейін жұмыс орнында күзет қызметін атқарған, әр екі сағат сайын күшейтілген күзетте болған «Сауыт секюрити» күзет агенттігінің
бастығы орынбасары Б.К.Ержановқа рация арқылы хабарласып тұрған. Ауысымда бірге болған С.Торжанов, А.Садыков пен Б.Ержановтардың түсініктерін тергеуге тапсырдық. Апелляциялық сот отырысына да осы
азаматтар келді. Алайда сот дәлелдемелерді тергеу қарайды деп куәлерден жауап алмады.
Сонымен қатар тергеуші А.Молдабек Ж.Аштаевтың жұмыс орнынан оның бір тәуліктен аса жұмыста болғандығын растайтын бейнекамера жазбаларын да алды.
Неліктен 05, 06 қаңтар күні жұмыс орнында болған, ал 04 нен 05-не қараған түні тек менімен бірге Метро сауда дүкені маңында болған Ж.Аштаевты қамап қояды.
Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотында да,
апелляциялық сот алқасында да мен «Егер Ж.Аштаевты қамайтын болсаңыздар, онда мені де қоса қамаңыздар, бейбіт шеру арасында мен де болғанмын»,- деп айттым. Бейнежазбаларда бар.
2) Қ.Сұлтанбектің де 04 қаңтар 2022-ші жылы кешке, тунде Шымкент тқаласына бармағандығы, ешқандай да бір бейбіт шеруді ұйымдастырмағандығы оның жанұя мүшелері жауаптарымен, онымен бірге жұмыс жасайтын Шырынбек Айнабек Тастанбекұлының, Ермекбаев Жәнібек Эгалиевтің,
Нұмаханов Әл Фараби Назымханұлының және т.б.. жауаптарымен, Қ.Сұлтанбекті қоғам белсенлдісі ретінде ол Жаңаөзен оқиғасына байланысты митингке шығып кетпеу үшін, тәулік бойы күзеткен Ордабасы АПБ-сы мен
экстремизм мен терроризмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері де растап бере алады. Рас, Қ.Сұлтанбек 05 қаңтар 2022-ші жылы 21 сағат пен 23 сағаттар
аралығында ғана Шымкент қаласы әкімшілігі ғимаратынан 20 метрдей қашықтықта бейбіт шеру ішінде болған. 22 сағат 30 минут шамасында оның алдында тұрған жас қазақ жігітінің жүрегіне оқ тиіп қайтыс болған соң, басқа азаматтармен бірге қайтыс болған азаматты жолдың арғы бетіне, көк түсті
тұрғын үйлер жаққа алып барған кезде сол жерде танысы Досманбетова Лаззатты көрген. Сонан соң ол екеуі мешіт жаққа барып, біраз қорқыныштарын сейілткен соң автокөлік жалдап Шымкент қаласы Темірлан тас жолы 3 мөлтек
ауданға қарсы бетте « BURGER BOSS» кафесіне барып, сол жерде Сатбаева Ардақпен және соңғының таныстары Алтыбаева Динамен, Жартыбаева Айжандармен бірге 2-3 сағат уақыттай болған. Сонан соң Темірлан ауылына
қайтып кеткен.
3) Л.Қ. Досманбетова да 04 қаңтардан 05-ге қараған түні үйінен шықпаған. Ал 05 қаңтар күні Шымкент қаласы әкімшілігі маңына тіпті жоламаған. Тұрғын үйлер жанына оқ тиіп жараланған бір азаматты алып келген кезде, жасанды дем алуға көмектескен сонан соң Қ.Сұлтанбекпен 3-ші мөлтек аудан жақтағы кафеде болып, сол жерден үйіне қайтып кеткен. Л.Досманбетова жалғыз басты, көп балалы ана, оның ішінде олардың екеуі кәмелет жасқа толмаған сәбилер. Бәріміз де, тергеуші де, прокурор да, судья да анадан туылған ғой. Президент мырза Сіз де анадан туылсаңыз, жалғыз басты, көп балалы ананы тез
арада бостандыққа шығарылуын талап етіңіз.
4) Ал жасы 20-ға енді толған, аузынан сүт дәмі кетпеген Қыдырбай Нұрсұлтан Маратұлы 04, 05 қаңтарда Темірлан ауылынан ешқайда шықпаған, ол жайлы 23.01.2022-ші жылы куә ретінде сұралғандар Қ.Б.Арысбек, Өрікбек Дәулет, Қуанышюбай Тохтар, Әділхан Батырханұлы, П.О.Турманжанов, Псиманова жанар, Жумаджилова Рахима, Қарабек Аялуым, Куанышбекқызы Гульжазира т.б. қуаттап берді. Тек қана 06 қаңтар 2022-ші жылы 03-00 сағат шамасында ауылдастары Азамат, Жанболат, тағы 2
азамттардың ұсынуымен Темірлдан ауылынан Темірлан-1 дүкнінен 02 сағат 32 минутта шыққан (Бейнежазба бар) өз автокөлігімен шығып, 02 сағат 59 минутта Темірландағы Гелиос жанар жағар май станциясынан жанар май
құйған (бейнежазба бар). Шымкент қаласына барып, Самал базары арқылы, Т.Рысқұлов көшесімен бұрылып, Байтұрсынов көшесімен жүріп отырып, Маделіқожа көшесімен өткен соң дәрет сындырып алып, ары қарай рулге Азамат отырған, сонан Желтоқсан көшесіне бұрылар кезде, 04 сағат шамасында себепсізден себепсіз әскери автокөлік келіп, олардың автокөліктерін соғып тоқтатқан. Іс материалдарында «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінен
алынған бейнежазба бар. Сонан олар қашып кетіп, таңертең 7-лер шамасында автокөлігіне келгенде полиция қызметкерлері ұстаған. Н.Қыдырбай автокөлігі жүріп өткен маңдарда ешқандай да бір ғимараттарға, автокөліктерге шабуыл жасалынбаған., қиратылмаған.
Бұл жайлы Н.Қыдырбайдың жанындағы 4 азаматтың телефон номерлеріне базалық станциядан анықтама алса, олардың телефон шалған, жүрген жерлерінің географиясы шығады.
5) 1975 жылы туылған Бибатыров Бауыржан Асқарұлы өз жеке автокөлігін Каспий банктен несиеге алып, осы автокөлігімен Жусан банкімен транспорттық қызмет көрсету туралы келісім шартпен жұмыс істеп жүріп, жұбайы «Отбасы» банкіден несиеге өзі тұрып жатқан үйін алған, ипотекаға ақша жетпеген соң Хоум кредит банктен 1 000 000 несие алған және автокөлігін жөндеуге тағы несие алған. Осы несиелерінен құтылу, бала шағасын бағу үшін
жұмыстан бос уақытта Яндекс такси тобына кіріп, жолаушылар тасумен айналысқан. 05 қаңтар 2022-ші жылы кешкі 20-лар шамасында 8-ші мөлтек ауданда
Қасиет фитнес клубы жанында 3 жолаушы мініп, 2000 теңгеге Метро сауда үйіне апаруын өтінген. Жолда оны қорқытып, аман қалам десең автокөлігіңе тас
саламыз деп, жолда 100 шақты тастарды автокөлігінің жүк салғышына артып, сонан соң ол тастарды Метро СУ-і жанына түсіріп, 21 сағт 30 минутта өз үйіне келген. Б.Бибатыров осы жауаптарын оқиға болған жерде жолшыбай бейнетаспаға түсіру арқылы көрсетіп берген. Б.Бибатыров та ешқандай да террорист емес. Егер оның арам пиғылы болса өз автокөлігімен қылмыс болған жерге бармас та еді.
Енді Б.Бибатыров несиелерін кім төлейді? Бала шағасын соншама несиемен кім бағады? Б.Бибатыровқа ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-ші бөлігі мен 255 бабының 4-ші бөлігімен айып тағылып, қамауға алынған. Б.Бибатровтың іс әрекетінде де ешқандай да бір қылмыс құрамы жоқ. Ол тек «сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты куні бұрын
уәделеспей жасырып қалса ғана»,- ҚР ҚК-нің 416 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылар еді. Бірақ ол Метро СУ-і маңында ешқандай да бір қылмыстың дайындалып жатқандығын білмеген. Менің қорғауымдағы 4 азаматтың де телефон номерлеріне кіріс шығыс қоңыраулары анықтамасын алса, базалық станциядан геогррафиялық анықтама алса да, олардың ешқандай қылмыстарға қатысы жоқтығы дәлелденеді. Сондай ақ олардың барлығының да 4-6 қаңтарда киген киімдерін алып қарап шығу жүргізсе, өрт техникалық сараптамасына ұсынса да, олардың
ешқандай да бір өртке, қиратуға қатыспағандығы да дәлелденер еді. Менің қорғауымдағы Ж.Аштаев, Л.Досманбетова, Қ.Сұлтанбектер де бұрын олардың айтуынша заңсыз ҚР ҚК-нің 405-ші бабымен қылмыстық
жауапкершілікке тартылған, бірнеше мәртеден заңсыз митингілерге қатысқандығы үшін де ҚР ӘҚБтК-нің 488-ші баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершіліктерге тартылған. Алайда олардың осы бейбіт шерулерге қатысқан барлық материалдарын жинаса да, олардың бейбіт шерулер кезінде ешқандай да бір қоғамдық тәртіпті бұзбағандығы, ешқандай да бір мүліктерді қиратпағандығы толығымен
дәлелденеді.
Президент мырза!
Шымкент әуежайын ешқандай да террористер басып алған жоқ. Шымкенттік бейбіт шерулерде ешқандай да террористер де, басқа ұлт өкілдері де, шет ел адамдары да болған жоқ. Діни ағымдағы азаматтар да болмады.
Олардың бәрі «Патшаға қарсы шығуға болмайды»,- дейді.
Алаңда болған адам ретінде айтайын, ол жерде тек ҚАЗАҚТАР ғана болды. Шет ел азаматтары түгілі, басқа ешқандай да ұлт өкілдері болмады. 05 қаңтар 2022-ші жылы Шымкент қалалық әкімшілігі ғимараты мен жақын маңдағы ғимараттардың шатырларындағы кәсіби снайперлер
(мергендер) 22 сағат 30 минут шамасында бейбіт шерудегі қарусыз жастарды оқ атып жарақаттап, өлтірген соң ғана жаппай тәртіпсіздіктер басталған, өлген азаматтар үшін кек сақтап Полиция, прокуратура, Нұр Отан ғимараттарын өртеп,
қиратқан. Тек қаңтар айының 05-нен 06-на қараған түні ғана, тек қана бастары мен жүректеріне оқ тиген 20 қазақтың жас жігіттері мен қыздары Шымкент қаласының сот сараптамалары институтының мәйітханасына (моргіне)
жеткізілген.
Менің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша тәуелсіз комиссияның жұмыс тобы мүшесі, әрі адвокат ретінде 19.01.2022-ші жылы берген №ЖТ-Ж-18 санды өтінішхатыма «Шымкент қаласының денсаулық стақтау басқармасы» 0121172958 санымен «2022 ж 4-7 қаңтар аралығында паталогиялық-анатомиялық медициналық бюросына 11 мәйіт жеткізіліп, оның ішінде оқ жарақатынан қайтыс болғандар тіркелмеген. … 73 азамат оқ
жарақатымен қалалық ауруханаларына медициналық көмекке жүгінген…..»,- деп жауап берді. Неліктен полиция, прокуратура қызметкерлері өлген адамдар жайлы, нағыз
террористер жайлы тергеп тексеру жүргізбейді?
Өлген адамдар мен, оқ қаруынан жарақат алған 73-тен аса адамдарды (Ауруханаларға жүгінбегендері қаншама?) сот криминалситік, сот баллистикалық сараптамаларын өткізіп, қандай оқпен жарақаттанғандарын, оқтардың қандай қарулармен атылғанын анықтамайды, снайперлерді неліктен
анықтап, жауапқа тартпайды?…. Сұрақ көп, жауап жоқ.
Ал менің қорғауымдағы азаматтардың киімдеріне де сот-сараптамасын жүргізсе, олардың киімдерінен, қолдарынан ешқандай да оқ-дәрі іздері табылмайды. Сіз 29 қаңтар күнгі Хабарға берген сұхбатыңызда тергеу анықтайды дейсіз.
Ал тергеушілер 20 000 террористің орнын толтыру үшін ғана жұмыс жасап жатыр. Жай әшейін ғимараттар мен автокөліктерді қиратқандарды емес, қоғам белсенділері мен кездойсоқ адамдарды жауапқа тартуда. Сонда қаламыздағы
3 000 аса сергектермен көше бақылайтын, ғимараттарды бақылайтын бейнекамералар қайда?
Еліміздің Конституциясының 1-ші бабына сай: «1.Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.».
Сондықтан адам өлімдері бойынша тергеуді бірінші кезекте нақты жүргізуді талап етіңіз. Жоғарыдағылардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 64,70,102,105-ші баптарын басшылыққа ала отырып,
С Ұ Р А Н А М Ы З :
1. Күдікті Ж.Аштаевтың іс әрекеттерінде ешқандай да бір қылмыс құрамы болмағандықтан, Шымкент ҚПД аға тергеушісі А.С.Омаровтың 08.01.2022-ші жылғы күдікті Аштаев Жанмурат Бекмуратовичтің қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 269 бабы 2-бөлігі 1,6 тармақтарымен саралау туралы қаулысының күшін жоюды, Ж.Аштаевты тез арада қамаудан босатуды.
2. Күдікті Қ.Сұлтанбектің іс әрекеттерінде ешқандай да бір қылмыс құрамы болмағандықтан, Шымкент ҚПД аға тергеушісі А.С.Омаровтың 10.01.2022-ші жылғы күдікті Сұлтанбек Қайрат Рысбекұлының қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 255 бабы 4-бөлігімен саралау туралы қаулысының күшін жоюды, Қ.Сұлтанбекті тез арада қамаудан босатуды.
3. Күдікті Л.Досманбетованың іс әрекеттерінде ешқандай да бір қылмыс құрамы болмағандықтан, Шымкент ҚПД аға тергеушісі А.С.Омаровтың 08.01.2022-ші жылғы күдікті Досманбетова Лаззат Қайруллаевнаның қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 269 бабы 2-бөлігі 1,6 тармақтарымен саралау туралы қаулысының күшін жоюды, Л.Досманбетованы тез арада қамаудан босатуды.
4. Күдікті Н.Қыдырбайдың іс әрекеттерінде ешқандай да бір қылмыс құрамы болмағандықтан, Шымкент ҚПД аға тергеушісі А.С.Омаровтың 07.01.2022-ші жылғы күдікті Қыдырбай Нұрсұлтан Маратұлының қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 269 бабы 2-бөлігі 1,6 тармақтарымен саралау туралы қаулысының күшін жоюды, Н.Қыдырбайды тез арада қамаудан босатуды.
5. Күдікті Б.Бибатыровтың іс әрекеттерінде ешқандай да бір қылмыс құрамы болмағандықтан, топ жетекшісі — Шымкент қаласы прокуратурасының аға көмекшісі Б.Ж.Наргозиевтің 14.01.2022-ші жылғы күдікті Бибатыров Бауыржан Аскарулының қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 293 б. 2 бөлігі 1,2 тармақтарымен, 255 бабы 4-бөлігімен саралау туралы қаулысының күшін жоюды, Б.Бибатыровты тез арада қамаудан босатуды.
6. Шымкент ҚПД аға тергеушісі А.С.Омаровтың, топ жетекшісі -Шымкент қаласы прокуратурасының аға көмекшісі Б.Ж.Наргозиевтің және осы іске тиісті қадағалау жүргізбеген Шымкент қалалық прокуратура қызметкерлерінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз және негізсіз деп тануды және олардың жол берілген заң бұзушылықты жоюын міндеттеуді.
7. 05-07 қаңтар 2022-ші жылы Шымкент қаласында оқ атыс
қаруынан жаппай кісі өлімдері деректері мен оқ жарақттарын алу деректері бойынша жеке қылмыстық іс қозғап, ведомствалық жедел тергеу тобын құруды.
Құрметпен:
күдіктілер: 1. Ж.Б. Аштаев
2. Қ.Р.Сұлтанбек
3. Л.Қ. Досманбетова
4. Н.М.Қыдырбай
5. Б.А.Бибатыров
Қоғамдық қорғаушылары: 6. М.Т..Нұранова
7. А..А. Сатбаева
8. А.А. Надірбек
9.. М.Қ.Тұрсынбеков
10. Б.А.Бибатыров
Күдіктілер Қ.Сұлтанбек пен Л.Досманбетованың
қорғаушысы жеке дара адвокат 11. Е.Кахаров
Күдіктілер Ж.Аштаевтың, Қ.Сұлтанбектің,
Л.Досманбетованың, Н.Қыдырбайдың,
Б.Бибатыровтардың қорғаушысы
Шымкент қалалық адвокаттар алқасының
жеке дара адвокаты 12. М.Т.Жолшиев
31 қаңтар 2022-ші жыл
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Аштаев ЖанмуратБольше записей в Аштаев Жанмурат »
Больше в Досмамбетова ЛяззатБольше записей в Досмамбетова Ляззат »
Больше в Султанбек КайратБольше записей в Султанбек Кайрат »
.