Армысыздар, Қазақ елі!
Бүгін 2020-жылы жаламен темір торға қамалып, жазықсыз бес жылға сотталған елін сүйген патриот азамат Ноян Рахимжанов 57-жасқа толып отыр.
Ноян ағамыз сабырлы, білімді, әділдікке жаны құмар батыл да, батыр жан.
Ағамызбен танысқалы көргеніміз, мінезі үнемі жайдарлы күліп жүретін.Барлық жағдайға оптимистік көзқараспен қарайтын.
Шындық айтып, халқының жақсы өмір сүргенін қалап, өз құқын талап еткені үшін #Ноян ағамыз қамауда отыр. Ноян ағаның деніне саулық, отбасына амандық тілей отыра,бостандыққа тезірек аман-есен шығуын да биліктен талап етеміз!!!
Келіп жеткен Әз-Наурыз мейрамы да баршаңызға құтты болсын.Қазақ халқы аз жылаған жоқ, енді қайғы бұлты аспанымызды торламасын!!!
Қазақ елінде саяси тұтқындардың барлығы ақталып, шындық айтылатын күн тууын жан- тәнімізбен қалаймыз!!!
Күрес жолында бостандықтарын сарп етіп отырған қамаудағы саяси тұтқындардың бәріне басымызды иіп, алғыс айтамыз.
Аман болыңыздар!!!
Біз сіздерді жақсы көреміз!!!
Дами Дами
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.