Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

“Не үшін 15 жыл, аға, не істедім? Адам өлтірген жоқпын гой”

Мына жігіт — 32 жастағы ақтөбелік Нұрсұлтан Исаев. Кеше Қаңтар оқиғасына байланысты 15 жылға (!) сотталды.
Үкімді естігенде Нұрсұлтан судьға: «Не үшін 15 жыл, аға, не істедім? Адам өлтірген жоқпын ғой» деп күйіне сөйледі. Үш жасар қызымен бір жылдан бері жалғыз отырған әйелі көз жасын тыя алмады.
Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасы кезінде полиция наразыларды оқ атып тарата бастағанда Нұрсұлтан «газбен жүретін көлігін әрірек қоймақ болады». Кетіп бара жатқанда алдыңғы терезесіне оқ тиеді. «Қатты састым, басымды бұққанда рөлді игере алмай қалдым» деді Нұрсұлтан.
Көлікпен екі адамды қағып кетеді. Екеуі де полиция қызметкері. Олар аман-есен. Жұмыс істеп жүр. Сот кезінде олар Нұрсұлтанға шағымы жоғын айтқан. Судья мұны ескермеді. «Полицейді қасақана өлтірмек болды» деп тапты. Нұрсұлтанға шыққан үкім — Қаңтарға байланысты сотқа тартылған 21 ақтөбеліктің арасындағы ең ауыр жаза.
P. S. Ақтөбеде полиция наразыларды тарату кезінде атылған оқтан екі азамат мерт болды. Екі марқұмның да өліміне кінәлілер әлі күнге дейін анықталған жоқ.
Zhanagul әпке Нұрсұлтанның әйелімен, адвокатымен сөйлесіп қайтты. Сюжетті көріңіздер: https://youtu.be/Fm4LzDhpbY8
 
 
Возможно, это изображение 1 человек и в помещении
 
Аян Калмурат Азаттык радиосы 

 

https://www.facebook.com/ayan.qalmurat/posts/pfbid028kvt9FxKPs8VrNSSLrUMAjD44UWHp7jaGpzVY1ceBW7Dmyi3uvk8uEFAyUkcjh18l

 
Поделись, чтобы люди узнали:
.