Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Мынау видео-ақпарат бойынша қоғамға шұғыл мәлімет беру керек деп ойлаймын

ҚР Бас прокуратурасы /БП/
ҚР Ішкі істер министрлігі /ІІМ/
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі /МКИ/
 
Интернет ресурстарға тарап жатқан мынау видео-ақпарат бойынша қоғамға шұғыл мәлімет беру керек деп ойлаймын. Президент Тоқаев пен премьер-министр Бектеновке бір топ азаматтың атынан жазылған арызға байланысты АП-дан БП мен ІІМ-не мыналай мазмұнда команда түсіпті-мыс: «Ертеңнен бастап, арыз иелерін қамауға алыңдар!» /видео бойынша/.
Тиісті күштеуіш органдарға осындай нұсқаудың берілгені рас па? Мұндай шешім қандай заңның негізінде қабылданды? Азаматтардың арыз-шағымын қарау тәртібіне осындай /видеода айтылғандай/ өзгерістер енгізілді ме?
Ал егер уатсаб чаттарына геометриялық прогрессиямен тарап жатқан бұл видеода айтылған «қамауға алу» туралы ақпарат жалған болса, оның авторын және таратушы ресурстарды тиісті заңдар негізінде жауапқа тарту қажет! Кез келген заңсыздықтың сұрауы мен жауапкершілігі болуы тиіс!
Сонымен бірге бұл тексерістің нәтижесін жедел түрде қоғамға баяндау керек болады! Біз былық пен анархияда өмір сүріп жатқан ел болмауға тиіспіз!
 
 
 
 
 
Ермурат Бапи
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.

This website stores cookies on your computer. These cookies are used to provide a more personalized experience and to track your whereabouts around our website in compliance with the European General Data Protection Regulation. If you decide to to opt-out of any future tracking, a cookie will be setup in your browser to remember this choice for one year.

Accept or Deny