Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Диссидент Арон Атабектің денсаулығы нашарлады

Түрмедегі Арон Едігеевтің (Атабектің) денсаулығы нашар. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

«Маған келген ақпаратқа сай Арон Атабек ауырып жатыр. Нақтысын білмеймін. Түзету мекемесіне белсенділер телефон шалған, ондағылардың бірі «жақсы» деген. Карантин болғандықтан адвокат жібере алмай отырмын. Сондықтан Әзімованы (Қазақстан бойынша адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ) Атабекпен онлайн кездесіп, жағдайын білсін деп сұрап отырмын», – дейді Төреғожина.

Қылмыстық-атқару жүйесінің Павлодар облыстық департаменті таратқан мәлімет бойынша, Едігеевтің жағдайы қанағаттанарлық.

«Сотталушы А. Едігеевті 29 шілдеде мекеме дәрігері қарап, дене қызуы және басқа да күдікті симптомдар байқалмағандықтан ешқандай ем-дом белгіленбеген» делінген мәлімдемеде.

Бірақ құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина департамент жауабына сенімсіздік білдіруде.

67 жастағы диссидент ақын Арон Атабек Павлодардағы АП-162/1 мекемесінде жазасын өтеуде. Ол «Шаңырақ оқиғасына» байланысты 2007 жылы 18 жылға сотталған.

2010 жылы Арон Атабекке «Тұтқындағы шығармашылық иесі» (Imprisoned аrtist) номинациясы бойынша Freedom to Create халықаралық сыйлығы берілген. Еуропарламент 2019 жылы наурыздың 14-і күні Қазақстан туралы қабылдаған қарарында «қазір қамауда отырған барлық белсенділер мен саяси тұтқындарды», соның ішінде Арон Атабекті дереу босатуға шақырған.

АҚмЗСЖҚХБ

Поделись, чтобы люди узнали:
.

This website stores cookies on your computer. These cookies are used to provide a more personalized experience and to track your whereabouts around our website in compliance with the European General Data Protection Regulation. If you decide to to opt-out of any future tracking, a cookie will be setup in your browser to remember this choice for one year.

Accept or Deny