Белсенді Тимур Данебаевты Ақмола облысы Атбасар ауданында орналасқан жаза өтеу мекемесінің қызметкерлері азаптаған бейнежазбасынан соң, азаптау фактісі бойынша қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, Тимур Атбасар ацданындағы ПБ уақытша ұстау изоляторына ауыстырылып еді, содан соң 20.09.2023 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы 65 мекемеге тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ауыстырған еді. Енді осы аптада Астана қаласындағы 64 мекемеге ауыстырылатыны туралы хабарлама алдық.
Бұл уақытқа дейін мен де, Тимур да өзінің тұрғылыөты мекен-жайы бойынша ауыстыруды талап еткен едік.
Астана қаласына ауысқаннан соң Тимурдың жаза өтеу шарасын шартты түрде жаза өтеуге ауыстыру туралы өтінішхат түсіретін боламыз, ал қазір денсаулығына байланысты біршама арыз-шағымдар жолданды.
Мен үшін, Әрбір елін,жерін сүйетін азамат түрмеде отырмауы тиіс.
Тимур Данебаевқа бостандық!!!
Адвокат Жалгас Сапарханова
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.