Бүгін Бас прокуратурада Еуропа және Израиль журналистеріне арналған баспасөз туры өтті

Шетелдік журналистер қаңтар оқиғасы күндерінің толық хронологиясы қамтылған деректерді көріп, оқиғаны тергеу барысымен танысты.
Баспасөзге тергеудің объективтілігі және процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берілді.
Еске салайық, жыл басынан бері Бас прокуратураның басшылығы халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпусының және шетелдік БАҚ өкілдерімен осындай бірқатар кездесулер өткізген болатын.

ҚР Бас прокуратурасы