4 қараша, Алматы.қ Қазақстандағы Еуропа Одағының жаңа Елшісі Алешка Симкич ханыммен кездестім. Біріншіден, European Union in Kazakhstan Еуропа одағы Астанадағы елшілікке, бұрыңғы елші Кестутис Янкаускас мырзаға қиын кезеңде Жанболат Мамайға, маған көрсеткен қолдауы үшін алғыс айттым. Шындығы керек, Жанболат қазір түрмеде емес екені, шектеулі болса да бостандықта жүргеніне елшіліктің қосқан үлесі елеулі.
Екіншіден, бостандықта болғанмен Жанболаттың барлық азаматтық, саяси, Конституциялық құқықтары шектеулі екенін, қыл аяғы кітап жазуға тиым салынғанын тағы бір мәрте жеткіздім. Бұл жағдайға ықпал ету мәселесін қарастыруды сұрадым.
Үшіншіден, елдегі саяси тұтқындар мәселесін айтып, оның ішінде әріптесіміз Думан Мұхамедкәрімнің жағдайына кеңірек тоқталып, қандай да көмек қолын созуға шақырдым.
Үшіншіден, елдегі саяси тұтқындар мәселесін айтып, оның ішінде әріптесіміз Думан Мұхамедкәрімнің жағдайына кеңірек тоқталып, қандай да көмек қолын созуға шақырдым.
Жаңа елші ханымның қадамы құт болып, адам құқығы мәселесінде қандай да жақсылыққа жетуге оң ықпалы болар деп үміттенемін.
Инга Иманбай
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.