Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТІП ТОЛЫҚТЫРУ

19 мамыр 2021 жыл.  Алматы қаласы

Сараптама кеңесінің 2021 жылғы 19 мамырдағы шешімі бойынша саяси тұтқындар деп танылғандар: 

1. Өнерхан Нұрбол – Солтүстік Қазақстан облысы Бірлік ауылының азаматтық белсендісі. Бейбіт митингтер мен наразылық акцияларға қатысқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2020 жылғы 2 қарашада Петропавл қалалық соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылау тағайындалып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. 2020 жылғы 4 мамырда «пробация талаптарын бұзғаны үшін» бас бостандығын шектеу бас бостандығын айыруға ауыстырылған.

2.  Жүнісов Жәнібек – Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық белсендісі. ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігі бойынша («Көше партиясы» тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысу) қылмыстық іспен сотқа дейінгі тергеу мерзіміндегі қамауда. Ж.Жүнісов өзінің қоғамдық белседілігі үшін бірнеше рет қудалауға ұшыраған. Оны наразылықтар кезінде құрықтаған, соңына түскен және әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 2021 жылдың ақпан айынан тергеу изоляторында отыр.

Сараптама кеңесі:

Галым Агелеуов

Лұқпан Ахмедьяров

Зауреш Батталова

Гүлмира Біржанова

Анара Ибраева

Евгений Жовтис

Ерлан Қалиев

Бахытжан Төреғожина

Амангельды Шорманбаев


19 мамыр 2021 жыл, Алматы қ.

Поделись, чтобы люди узнали:
.