DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы 2026 жылғы 3 маусымнан 16 маусымға дейін «Қамауда және бас бостандығын шектеу орындарында отырған азаматтарды азаптау мен аяусыз қарауға көзқарас» тақырыбында азаматтар арасында сауалнама жүргізді.
26 маусым күні бүкіл әлем Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күнін атап өтеді. 1987 жылы дәл осы күні Азаптауға және басқа да қатігез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түріне қарсы конвенция күшіне енді. Қазақстан Конвенцияға 1998 жылдың тамыз айында қосылды. DEMOSCOPE зерттеуі құқық қорғау органдары мен құқық қорғаушы құрылымдарға деген қоғамның сенім деңгейін, сонымен қатар азаптау мен аяусыз қарауға деген халықтың көзқарасын бағалады. Зерттеуді интерактивті түрде мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.notorture.kz/analysis/?lang=kz
Жалпы бағалау және мәселенің өзектілігі
Зерттеу нәтижесі Қазақстанда азаптау мәселесінің қоғамдық маңызы жоғары екенін көрсетті. Респонденттердің жартысынан астамы (54,9%) мәселені өзекті деп санайды, соның ішінде 27,4%-і аса өзекті десе, 27,5% респондент өзекті сияқты деп жауап берген. Ал респонденттердің 13,7%-і мәселені өзекті емес сияқты деп бағаласа, 13,2%-і мүлдем өзекті емес деп есептейді. Тағы 18,2%-і баға беруге қиналған. Сауалнамаға жауап бергендердің жартысына жуығы азаптау мен аяусыз көзқарас туралы белгілі бір дәрежеде хабардар. Респонденттердің 42,2%-і мұндай жағдайлар туралы естігенін айтса, 4,6%-і өзі немесе таныстары осындай жағдаймен бетпе-бет келгенін көрсеткен. Сауалға жауап бергендердің 51,8%-і мұндай жағдайлар туралы естіген жоқпыз деп мәлімдесе, 1,4%-і жауап беруге қиналған. Десе де, азаматтардың көпшілігі азаптау қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет екенінен хабардар. Бұл туралы сауалнамаға жауап бергендердің 70%-і біледі. Басқа 27,4%-і азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білмейтін болса, 2,6%-і жауап беруге қиналған.
Қарастырылған жаза мен жауапкершіліктің салмағын бағалау
Қазақстан заңы бойынша, ауырлататын жағдайы жоқ азаптауға 21 625 000 теңге көлемінде айыппұлдан бастап, 6 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған. Респонденттердің 51,7%-і мұндай жазаны дұрыс деп санайды. 15,2%-і жеткіліксіз десе, 18,7%-і тым ауыр жаза деп есептейді. 14,4%-і көзқарасын жеткізуге қиналатынын білдірген. Азаптау құрбанына келтірілген зиянға қаржылық жағынан кім жауапкершілік алуы керек деген мәселеде респонденттердің пікірі екіге жарылды. Азаптау құрбанына келтірілген қаржылай шығынды азаптауға кінәлі деп танылған тұлға көтеруі керек деп санайтындардың үлесі көп, респонденттердің 52,1%-і осындай пікірде. Тағы 26%-і қызметкері кінәлі деп танылған мекеме немесе орган жауапты болуы керек десе, 14,4%-і ғана келтірілген шығынды бюджет есебінен мемлекет өтеуі керек деп санайды. Басқа жауаптың үлесі 0,8% болса, 6,7%-і жауап беруге қиналған.
Азаптаудың себептері мен оның алдын алу*
Азаптауға жол ашатын негізгі себептерге келгенде респонденттердің ең көп айтқан жауабы жемқорлық (41,2%) болып, бұл фактордың қоғамда маңызы зор екені көрінді. Екінші орында басшылық пен бақылау органдары тарапынан бақылаудың әлсіздігі және салғырттығы тұр (27,2%). Одан кейінгі жауаптар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі төмен болуы (24,7%), бас бостандығын шектеу орындарындағы азаматтардың жеткілікті қорғалмауы (22,2%) және кінәлілердің жазасыз қалуы (20%) деген ретпен орналасты. Саулнамаға қатысқандардың едәуір бөлігі мәселені құқық қорғау жүйесінің қылмысты мойындатуға бағытталуымен (19,3%), сотталушыларды қорғайтын адвокаттардың әлсіздігімен (15,1%) және азаптауға қатысты шағымдарды дұрыс зерттемеумен (12,6%) байланыстырған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық тұрақсыздығы (9,6%) және басқа да себептер (8,6%) сирек айтылған. Респонденттердің 9,2%-і жауап беруге қиналған. Зерттеу нәтижесінде алынған деректер халықтың азаптау мәселесін жекелеген қызметкерлердің мінез-құлқымен емес, ең алдымен жүйелі институционал факторлармен байланыстыруға бейім екенін көрсетті. Азаптаудан қорғанудың мейлінше тиімді шаралары туралы сұраққа келгенде респонденттер ең алдымен азаматтар ұсталған жағдайда құқығын білуі үшін құқықтық сауатты көтеру (48,9%) және сұрауға алуды міндетті түрде видеоға жазу және бірден адвокатқа қол жеткізу мүмкіндігі (47,3%) деген жауапты таңдаған. Азаптаудан қорғануға көмектесетін шаралар қатарында қоғамдық және тәуелсіз бақылауды күшейту (25,8%), прокурор мен сот бақылауын күшейту (25,7%) деген нұсқалар да айтылды. Сауалнамаға қатысушылардың 22,3%-і тәуелсіз зерттеу және азаптауға жол беруге бұлтартпас жаза қолдану деген нұсқаны таңдаса, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру деген жауапты 20,5%-і көрсеткен.
*Бұл сұрақтарда үш нұсқаға дейін таңдау мүмкіндігі болды.
Азаматтардың қорғалуы мен азаптауға жол бермеуді бағалау
Азаматтардың азаптаудан қаншалықты қорғалғанын бағалауға келгенде жағымсыз жауаптардың үлесі 44,6% болды. Соның ішінде респонденттердің үштен біріне жуығы (32%) азаматтар мүлдем қорғалмаған және азаптау қаупі жоғары деп санайды. Тағы 12,6%-і азаматтар қорғалмаған сияқты деген пікірде. Сауалнамаға қатысқандардың 28,9%-і бейтарап жауап берген, олар азаматтардың қорғалу және қорғалмау деңгейі бірдей деп санайды. Сауалнамаға жауап бергендердің 19,9%-і оң жауап берген – 10,6%-і азаматтар азаптаудан қорғалған шығар десе, 9,3%-і толық қорғалған деп ойлайды. 6,6%-і жауап беруге қиналған. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (64,1%) ешқандай жағдайда азаптауды ақтауға болмайды деген көзқарасты ұстанады. Респонденттердің 44,3%-і бұл тұжырыммен толықтай келіссе, 19,8%-і келісемін деуге болады деп жауап берген. Респонденттердің 13,3%-і бұл тұжырыммен келіспейтін шығармын десе, 15,4%-і мүлдем келіспеймін деген. Тағы 7,2%-і жауап беруге қиналған. Жауап нәтижелері қоғамда гуманистік көзқарас пен құқық қорғау бағытындағы ұстаным басым екенін көрсетіп отыр, десе де, халықтың үштен біріне жуығы бұл мәселені басқаша бағалайды. Сауалнамаға қатысушылар азаптауға қарсы әрекет етуге тиіс институттарға деген сенім туралы сұраққа да жауап берді. Құқық қорғаушыларға деген сенім деңгейі мейлінше жоғары – респонденттердің 43%-і соларға сенеді деуге болады, ал 24,2%-і сенбейді. Омбудсменге (Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкіл) сенетіндердің үлесі 31,2% болса, сенбейтіндер – 22,9%. Тағы 45,9%-і жауап беруге қиналған. Ұлттық алдын алу тетігіне азаматтардың 26,6%-і сенім артса, 21,9%-і сенбейді. Алайда респонденттердің жартысынан астамы (51,5%) аталған институттың қызметін бағалай алмауы халықтың бұл құрылымның жұмысынан хабары жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мемлекеттік құқық қорғау институттарына деген сенім аса мәз емес. Респонденттердің 40,5%-і полицияға сенбейтін сияқтымын десе, 27,9%-і ғана сенетінін айтқан. Прокуратураға сенбейтіндердің үлесі 32,4% болса, сенетіндер – 28,1%. Соттарға сенбейтіндер 34,8% болса, сенетіндердің үлесі 32,5%.
Негізгі түйін
Сауалнама Қазақстан халқы азаптау мәселесін маңызды әрі өзекті деп санайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың көпшілігі азаптауға қылмыстық жаза бар екенін біледі және ешқандай жағдайда азаптауға жол беруге болмайды деген көзқарасты ұстанады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі қоғамда азаматтардың азаптаудан қорғалуына қатысты күмән бар екенін көрсетіп отыр. Халық азаптауға алып келетін кең тараған себептер қатарында жемқорлық, қадағалау органдары тарапынан бақылаудың әлсіздігі және кінәлілердің жазасыз қалуын атады. Азаптауға қарсы мейлінше тиімді шараларға келгенде азаматтар халықтың құқықтық сауатын көтеру, процессуалдық әрекеттерді міндетті түрде видеоға жазу, адвокатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және тәуелсіз бақылауды күшейту деген жауаптарды атады. Мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейі қалыпты немесе төмен болса, құқық қорғау ұйымдарына деген сенім мейлінше жоғары. Омбудсмен мен Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін бағалауға қиналғандардың көп болуы бұл қызметтер туралы халыққа ақпарат жеткізу және олардың жұмыс нәтижесін бейімдеп ұсыну қажеттігін көрсетеді. Сауалнаманы Ұлыбританиядағы Сигрид Раузинг Траст (SRT) қоры қаржыландыратын Қазақстандағы азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы аясында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро бірлесе отырып жүргізді. Бұл екі ұйым да аталған коалицияға кіреді. Зерттеу жүргізуге Ұлыбританиядағы Sigrid Rausing Trust (SRT) қоры қаржылай қолдау көрсетті. Осы зерттеу материалдары мен деректерін пайдалану, пікір алу, көшіріп басу кезінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығына, Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроға, Қазақстандағы азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясына сілтеме жасау міндетті.
3 по 16 июня 2026 года, Бюро оперативного мониторинга общественного мнения DEMOSCOPE провело опрос граждан на тему «Отношение к пыткам и жестокому обращению с гражданами, находящимися под стражей и в местах ограничения свободы». Исследования показали, что проблема пыток в Казахстане имеет большое общественное значение. Более половины респондентов (54,9%) считают вопрос актуальным, в том числе 27,4% сказали, что он наиболее актуален, а 27,5% ответили, что вопрос актуален. А 13,7% респондентов оценивают проблему как не актуальную, а 13,2% считают ее совершенно не актуальной. Еще 18,2% затруднились с оценкой.
26 июня весь мир отмечает Международный день поддержки жертв пыток. В этот же день в 1987 году вступила в силу конвенция против пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство действий и форм наказания. Казахстан присоединился к Конвенции в августе 1998 года. В исследовании DEMOSCOPE оценивался уровень общественного доверия к правоохранительным органам и правозащитным структурам, а также отношение общественности к пыткам и жестокому обращению.
Исследование можно посмотреть в интерактивном режиме по ссылке: https://www.notorture.kz/analysis/?lang=kz
Общая оценка и актуальность проблемы
Результаты исследования показали, что проблема пыток в Казахстане имеет большое общественное значение. Более половины респондентов (54,9%) считают вопрос актуальным, в том числе 27,4% сказали, что он наиболее актуален, а 27,5% ответили, что вопрос актуален. А 13,7% респондентов оценивают проблему как не актуальную, а 13,2% считают ее совершенно не актуальной. Еще 18,2% затруднились с оценкой. Около половины опрошенных в некоторой степени осведомлены о пытках и безжалостном отношении. 42,2% респондентов заявили, что слышали о таких случаях, а 4,6% указали, что они или их знакомые столкнулись с такой ситуацией. 51,8% респондентов заявили, что не слышали о таких случаях, а 1,4% затруднились ответить. Тем не менее, большинство граждан осведомлены о том, что пытки-это деяние, которое влечет за собой уголовную ответственность. Об этом знают 70% опрошенных. В то время как другие 27,4% не знали, что существует уголовная ответственность за пытки, 2,6% затруднились ответить.
Оценка веса рассматриваемого наказания и ответственности
Закон Казахстана предусматривает наказание в виде лишения свободы на срок до 6 лет, начиная со штрафа в размере 21 625 000 тенге за пытки без отягчающих обстоятельств. 51,7% респондентов считают такое наказание правильным. 15,2% говорят, что это недостаточно, а 18,7% считают это слишком суровым наказанием. 14,4% выразили затруднения в изложении своей точки зрения. Мнения респондентов разделились по поводу того, кто должен нести финансовую ответственность за ущерб, причиненный жертве пыток. Большая доля тех, кто считает, что материальный ущерб, причиненный жертве пыток, должен нести лицо, признанное виновным в пытках, 52,1% респондентов придерживаются такого мнения. Еще 26% говорят, что учреждение или орган, сотрудник которых признан виновным, должны нести ответственность, и только 14,4% считают, что ущерб должен быть возмещен государством за счет бюджета. Доля других ответов составила 0,8%, а 6,7% затруднились ответить.
Причины и профилактика пыток*
Когда дело дошло до основных причин, открывающих путь к пыткам, наиболее частым ответом респондентов была коррупция (41,2%), что свидетельствует о том, что этот фактор имеет большое значение в обществе. На втором месте-слабость и халатность контроля со стороны руководства и контролирующих органов (27,2%). Последующие ответы располагались в порядке низкой квалификации сотрудников правоохранительных органов (24,7%), недостаточной защищенности граждан в местах ограничения свободы (22,2%) и безнаказанности виновных (20%). Значительная часть опрошенных связала вопрос с направленностью правоохранительной системы на признание преступлений (19,3%), слабостью адвокатов, защищающих подсудимых (15,1%), неправильным изучением жалоб на пытки (12,6%). Психологическая нестабильность сотрудников правоохранительных органов (9,6%) и другие причины (8,6%) упоминаются редко. 9,2% респондентов затруднились ответить. Данные, полученные в результате исследования, показали, что проблема пыток населения имеет тенденцию связываться не с поведением отдельных работников, а, прежде всего, с системными институциональными факторами. Когда дело дошло до вопроса о наиболее эффективных мерах защиты от пыток, респонденты выбрали ответ, прежде всего, на правовую грамотность (48,9%), чтобы граждане знали свои права в случае задержания, и возможность записи допроса на видео в обязательном порядке и немедленного доступа к адвокату (47,3%). Среди мер, помогающих защититься от пыток, были также варианты: усиление общественного и независимого контроля (25,8%), усиление прокурорского и судебного контроля (25,7%). В то время как 22,3% участников опроса выбрали вариант самостоятельного исследования и применения неотвратимого наказания к допуску к пыткам, 20,5% указали ответ на повышение профессиональной подготовки сотрудников правоохранительных органов. * В этих вопросах было до трех вариантов на выбор.
Оценка защищенности граждан и недопущения пыток
Когда дело дошло до оценки того, насколько граждане защищены от пыток, доля негативных ответов составила 44,6%. Из них почти треть респондентов (32%) считают, что граждане абсолютно незащищены и подвергаются повышенному риску пыток. Еще 12,6% считают, что граждане не защищены. 28,9% опрошенных ответили нейтрально, они считают, что уровень защищенности и незащищенности граждан одинаков. Из опрошенных 19,9% ответили положительно-10,6% заявили, что граждане, вероятно, защищены от пыток, а 9,3% считают, что они полностью защищены. 6,6% затруднились ответить. Большинство опрошенных (64,1%) придерживаются мнения, что ни при каких обстоятельствах пытки не могут быть оправданы. 44,3% респондентов ответили, что полностью согласны с этим утверждением, 19,8% ответили, что согласны. 13,3% респондентов заявили, что, возможно, не согласны с этим утверждением, а 15,4% заявили, что вообще не согласны. Еще 7,2% затруднились ответить. Результаты ответов показывают, что в обществе преобладает гуманистический подход и правозащитная позиция, хотя почти треть населения по-разному оценивает этот вопрос. Участники опроса также ответили на вопрос о доверии институтам, которые должны действовать против пыток. Уровень доверия к правозащитникам максимально высок-43% респондентов считают, что им доверяют, а 24,2%-нет. Доля верующих в омбудсмена (уполномоченного по правам человека в Казахстане) составляет 31,2%, неверующих – 22,9%. Еще 45,9% затруднились ответить. Национальному механизму профилактики доверяют 26,6% граждан, 21,9%-нет. Однако неспособность более половины респондентов (51,5%) оценить деятельность данного института свидетельствует о недостаточном информировании населения о работе этой структуры. Доверие к государственным правозащитным институтам не особо выражено. 40,5% респондентов заявили, что не доверяют полиции, а только 27,9% заявили, что доверяют. Доля неверующих в прокуратуру составляет 32,4%, верующих – 28,1%. Те, кто не верит в суды, составляют 34,8%, а те, кто верит, — 32,5%.
Основной узел
Опрос показывает, что народ Казахстана считает проблему пыток важной и актуальной. Большинство граждан осознают, что пытки имеют уголовное наказание, и придерживаются мнения, что ни при каких обстоятельствах пытки нельзя допускать. Кроме того, результаты исследования показывают, что в обществе есть сомнения относительно защиты граждан от пыток. Среди наиболее распространенных причин, приводящих к пыткам, народ назвал коррупцию, слабый контроль со стороны надзорных органов и безнаказанность виновных. Когда дело дошло до более эффективных мер против пыток, граждане назвали такие ответы, как повышение правовой грамотности населения, обязательное видеозапись процессуальных действий, обеспечение доступа к адвокату и усиление независимого контроля. Если уровень доверия к государственным институтам нормальный или низкий, то доверие к правоохранительным организациям максимально. Большое количество омбудсменов и лиц, затрудняющихся оценить деятельность Национального превентивного механизма, указывает на необходимость информирования населения об этих услугах и адаптивного представления результатов их работы. Опрос проводился совместно Международным центром журналистики MediaNet и Международным бюро по соблюдению прав человека и законности в Казахстане в рамках Коалиции НПО против пыток в Казахстане, финансируемой Фондом Сигрид Раузинг Траст (SRT) в Великобритании. Обе эти организации входят в указанную коалицию. Исследование было финансово поддержано Фондом Sigrid Rausing Trust (SRT) в Великобритании. При использовании материалов и данных настоящего исследования, получении отзывов, копировании обязательно ссылка на Международный центр журналистики MediaNet, Международное бюро по соблюдению прав человека и законности в Казахстане, коалицию НПО против пыток в Казахстане.
DEMOSCOPE
https://www.notorture.kz/analysis/?lang=kz












Для отправки комментария необходимо войти на сайт.