Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Судья Аринова алқабилерге қысым жасағаны туралы

Қарағандылық судья Аринова С. алқабилерге қысым жасағаны туралы бірнеше рет жаздық, айттық, дәлелдер келтірдік. Сол уақыттан бері оның қараған істеріндегі әділетсіздікке тап болған адамдар жиі хабарласатын болды. Жақында сол судьяның алқабилерге қысым жасап, айыптау үкімін шығартқан ісіне қатысты жаңа деректер келіп түсті. Туыстары ұсынған видеоматериалдарда тергеу барысында істің бұрмаланғаны айқын көрінеді. Жол полициясы жол-көлік оқиғасының схемасын өзгертіп көрсеткен, ал адвокаттар сотта бұл бұрмалауды толық дәлелдеген. Соған қарамастан, судья Аринова алқабилерге ықпал етіп, айыптау үкім шығартқан. Енді біз адвокаттардың судья Аринрваның үстінен Сот жюриіне жазған арызының тағдырын білгіміз келеді. Сонда барлық дәлел бола тұра ол жазадан құтылып кете ме? Ал әділетсіз үкім арқалаған жігіт түрмеде қала бере ме?

 

 

Инга Иманбай

 

https://web.facebook.com/inga.imanbay/posts/pfbid02LcBNamrsxrh8aPradCbHjaUMV1t9grJ1YJPbLeqvEBB2ctyCcRdcbUwvrDAEidczl

 

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.