Үкім (Приговор) Сембая Аскара
СОТ ҮКІМ ЕТТІ:
Асқар Қажахімұлы Сембай Қазақстан Республикасы ҚК-нің 405-ҮКІМ ЕТТІ:
Асқар Қажахімұлы Сембай Қазақстан Республикасы ҚК-нің 405-бабының 1-бөлігінде және 179-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған: — Қазақстан Республикасы ҚК-нің 405-бабының 1-бөлігімен бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалану арқылы қоғамдық саяси қызмет саласы бойынша қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалсын.
— Қазақстан Республикасы ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігімен 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, А.Қ.Сембайға
түпкілікті, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалану арқылы қоғамдық саяси қызмет саласы бойынша қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыра отырып, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленсін.
Сотталған А.Қ.Сембайға таңдалған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.
Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күнінен бастап
есептелсін. ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сай, А.Қ.Сембайдың 12.05.2023 жылдан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейінгі аралықта күзетпен ұстауда болған уақытының бiр күні жазаны орташа қауіпсіз мекемеде өтеудің бір жарым күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылсын. Сотталған А.Қ.Сембайдан мемлекет пайдасына 1 071 (мың жетпіс бір) теңге процестік шығын өндірілсін. Сотталған А.Қ.Сембайдан «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 69 000 (алпыс тоғыз мың) теңге мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Заттай дәлелдемелер: 2 дана DVD дискілер, стенограммалар, скриншоттар, дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзім ішінде іспен бірге қалдырылсын.
Астана қаласы Полиция Департаментінің заттай дәлелдемелерді сақтау қоймасында сақтауда тұрған: «Samsung» маркалы ұялы телефон, әмиян, көлік жүргізу куәлігі, көлік құралын тіркелу куәлігін, «Газпромнефть» пластикалық картасы, «Jusan bank» пластикалық картасы,
«Transcend» флеш-картасы, 2-дана қағаз, «Acer» маркалы ноутбук, «Еуропа одағының» туы, соттың үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, сотталған А.Қ.Сембайдың туысқандарына қайтарылсын.
Үкімге іске қатысушы тараптар ол жариялаған күннен бастап 15 тәулік ішінде, ал сотталған А.Қ.Сембайға үкім көшірмесін алған күннен бастап, сол мерзімде Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты арқылы шағым, өтінішхат келтіруге құқылы.
Төрағалық етуші судья: А.Б.Карабаев
Толық көру
Бахытжан Торегожина
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.