Бүгін осы екі азамат — Бота Шәріпжан мен Равхат Мұхтаров — 15 тәулікке қамалды.
Тағылған айып — бейбіт жиын ережесін бұзу. Олар бір апта бұрын, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңға барып, Жаңаөзен және Қаңтар оқиғаларын әділ тергеуді талап еткен. «Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!» деп айқалаған.
Өздері мүше Oyan, Qazaqstan қозғалысының бірнеше мүшесімен бірге «Тағзым» мемориалға шерулетіп барып, Қаңтар құрбандарын аза тұтты. Осы акция үшін енді Жаңа жылды, өздері айтқандай, темір тордың ар жағында қарсы алады.
Аян Қалмұрат
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.