24 қазанда Семейде полиция белсенді Нұржан Сембаевты ұстап әкетіп, бөлімшеге жеткізген. Сол жерде Сембаевтың үстінен әкімшілік сот жүріп, ол бес күнге қамады.
Полицияның хатамасында Сембаевқа йБейбіт жиындарды өткізу ережесін бұздый деген айып тағылған.
— Үйден шыға бергенде бес полицей ұстап әкетті. 25 қазанға қатысты хабарламаны желіде репост жасағаным үшін ұстады, — дейді ол.
Полицияның ұстауына 11 қазандағы репост себеп болған. Белсенді полицейлер шақырту бермегенін, бөлімшеде телефонын алып алғанын айтады.
— Сотта көрсетеміз деп телефонымды тартып алды, — деді белсенді.
Семейлік құқық қорғаушы Райгүл Садырбаева Азаттыққа белсендінің телефонын тартып алу заңсыз екенін айтты.
— Прокурордың я соттың санкциясынсыз адамның жеке затын алуға полицияның құқығы жоқ, — деді Садырбаева.
20 қазанда Семейде белсенді Елдос Досанов «полицияға бағынбады» деген айыппен бес тәулікке қамалған.
Құқық қорғаушылар елде белсенділердің қамалуын оппозицияның 25 қазанға жоспарлаған митингімен байланыстырады.
Хадиша Акаева Радио Азаттык
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.