Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

36 журналисіне Қазақстанда ресми жұмыс істеуге сыртқы істер министрлігі аккредитация бермеді

Сүйінші сұрайтын жағдай емес. Естіген де шығарсыздар. Азаттық радиосының 36 журналисіне Қазақстанда ресми жұмыс істеуге сыртқы істер министрлігі аккредитация бермеді. Онсыз журналистің аузы буулы, тілі күрмеулі. Іле-шала екі депутат екі жылдан аса талқыланып жатқан “Мас-медиа туралы” заң жобасына “ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін шетелдік БАҚ-ты жабу” жөнінде тармақ енгізіпті. Басқа әріптестері қолдай жөнеліпті. Арасында бұрын журналист болған депутат ағалар да болса керек.
Анығы – шыншыл басылымдарға қысым жасап, журналистеріне жұмыс істетпей, жауып тастаудан халық қана ұтылады. Алысқа бармай-ақ көрші Ресейден көріп отырмыз.
 
Возможно, это изображение 2 человека, пальто и дорога
 
 
Нурбек Түсіпхан
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.