Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ

 

1 қыркүйек, Талдықорған қаласы, № 71 мекеме, журналист Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК 405, 258-баптары, тергеу изоляторында қамауда отыр, туысы мен адвокатының айтуынша, медициналық тексеруді талап етумен түрмеде тағы да аштық жариялады. Адвокаттың айтуынша, тергеу изоляторындағы журналистің асқазаны мен бүйректері сыр бере бастаған және медициналық көмекке мұқтаж[1].

1 қыркүйек, Шығыс Қазақстан облысында «Dosjan temir joly» теміржол компаниясының 200-ден астам жұмысшысы ереуілге шықты, олар жалақыны көтеруді талап етті [2].

3 қыркүйек, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, ЕЦ-166/4 мекемесі, колония қызметкерлері Т. Дәнебаевты дәретхана жуудан бас тартқаны үшін азаптады. Бас тартқаннан кейін түрме қызметкерімен «Арнайы құралдарды қолданыңыз!» деген команда берілген, колонияның 6 қызметкері тұтқынға шабуыл жасап, белсендінің қолдарын сындырып, еденге жатқызған. Т. Дәнебаевты 5 қызметкер ұстап тұрып, ал 6-шы адам оның арқасының төменгі тұсына соққылар берген [3].

4 қыркүйек, Алматы қаласы, Алматы облысы Полиция департаментінің Талдықорған қаласындағы №71 мекемеде қамауда отырған, Д. Мұхамедкәрімге қатысты құқық қорғаушы Б. Төреғожинаға жауабы. Мекемеде медициналық қызметкерлердің бары және құқықтық және заңгерлік көмек көрсететін қорғаушының бар екені, жауапта айтылған [4].

4 қыркүйек, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, әкімдік Т.Дархановқа 15.09.23-те бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Бейбіт наразылықтың тақырыбы бағаның, соның ішінде коммуналдық қызметтердің  өсуіне байланысты. Бас тартудың себебі: толық емес ақпараттардың берілуі [5].

4 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстан ІІМ ҚАЖК Атбасар қаласындағы мекемедегі қатыгездік көрсету фактісі бойынша қызметтік тергеудің басталғаны туралы хабарлады. «Қызметкерлердің  қызметтік лауазымды асыра пайдалану белгілері байқалады», — делінген ҚАЖК сайтындағы мәлімдемеде [6].

5 қыркүйек, Алматы қаласы, «Жаңа Шекара» кинофестивалінің көрсетілімі тоқтатылды. Фестиваль аясында адам құқықтарының бұзылуы жөнінде, сондай-ақ бірегейлік, тіл, мәдениет және Шығыс Түркістанның тарихы туралы фильмдер көрсетілуі тиіс болатын. Фестиваль онлайн форматта өткенін хабарлады ұйымдастырушылардың бірі- Р. Мұхтаров[7].

5 қыркүйек, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, ЕЦ 166/4 мекемесі, құқық қорғаушы Е. Семенова колонияда болып қайтты, онда Т. Дәнебаевты қатыгез азаптаудың кадрлары бар бейнебаян түсірілген болатын. «Біз Дәнебаевпен жеке кездесіп, сөйлестік. Денсаулық жағдайы азды – көпті, бірақ ол психологиялық күйзелісте», – деді Е.Семёнова [8].

5 қыркүйек, Қаскелең қаласы, президент Қ.Тоқаевтың С. Демирель атындағы университетке сапарын күтетін күні, өздерін күзетші ретінде таныстырған адамдар «Азаттық» радиосының тілшілерін ЖОО ғимаратына жібермей қойды, ал журналист Мейірім Бақытжанды жоғарғы оқу орны маңындағы көпірден мәжбүрлеп түсіріп тастады[9].

6 қыркүйек, Астана қаласы, адвокат М. Досқараев өзін билік саяси себептермен қудалап, қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді және оны саяси тұтқындар – М. Жыланбаев пен А. Сембайды қорғаумен байланыстырды. Іс материалдарын жария етпеу туралы жазылымға қол қоюдан бас тартқаны үшін, полиция тергеушісі А.Әбсадық жауапқа тартуды сұрап, адвокаттар алқасына маусым айында ұсыныс жолдаған[10].

6 қыркүйек, Ақмола облысы, ЕЦ 166/4 мекемесі, Т. Дәнебаевты ұрып-соғу және азаптау туралы бейне жарияланғаннан кейін теріс себептер бойынша колонияның 11 қызметкерін жұмыстан шығару ІІБ-н ұсынылды. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ Колония бастығы лауазымдарынан шеттетуге ұсынылды[11].

7 қыркүйек, Алматы қаласы, Әкімнің көпшілік алдындағы баяндамасына оңтүстік астанада АЭС құрылысына қарсы митинг өткізуге әкімдік тыйым салғаны туралы сұрақ қою мақсатында келген, «Анти-АЭС» экологиялық қозғалысының екі белсендісі – М. Көкетаева мен А. Бузик, заңсыз ұсталды.  Басқалардың сөз айтуына мүмкіндік берілмеді[12].

7 қыркүйек, Тараз қаласы, №2 сот ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі, 370-бабы 4-бөлігінің  1-тармағы бойынша, полицияның бұрынғы  3 қызметкерін қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі әрекетсіздігі үшін төрт жылға бас бостандығынан айырды. Осы іс бойынша құқық қорғау органдарынан барлығы бес өкіл айыпталған болатын [13].

7 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығындағы жағдайына шолу[14].

8 қыркүйек, Астана қаласы, ЕЦ-166/4 мекемесінде қатыгез азаптауға ұшыраған саяси тұтқын Т. Дәнебаевтың отбасы Президент К. Тоқаевқа арызбен жүгінді, онда олар азаптауға кінәлілер жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен  жалтарып кетуіне алаңдаушылық білдірді [15].

8 қыркүйек, Алматы қаласы, апелляция ҚР ҚК 272-бабы бойынша Мусин Адлеттің «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және шақыру» туралы 9 айға бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды. Алайда, Мусин босатылды, оның қамау мерзімі аяқталған[16].

8 қыркүйек, Талдықорған қаласы, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК 258, 405-баптары, тергеу изоляторында отырып, бір апта бұрын аштық жариялаған, оның денсаулық жағдайы нашарлауда. «Ол тұра алмайды, кездесуге келе алмайды», – деп хабарлады журналистің әкесі, А.Тілепов [17].

8 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстан ІІМ ҚАЖК қамауға алынған Д.Мұхамедкәрімнің жағдайы туралы жауап берді: «Ол тергеу изоляторында отыр. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлықтай. Медициналық тексеруден өтуден бас тартты, мекеме әкімшілігіне шағымдары жоқ»,-делінген баспасөз қызметі өкілінің жауабында [18].

8 қыркүйек, «АР – ОЖДАН ТҰТҚЫНЫ» құқықтық базаға және саяси диалогқа қосуды-Freedom Now Халықаралық құқық қорғау ұйымы талап етеді: «Қазақстан заңнама мен саясатты әзірлеу үшін «ар-ождан тұтқындарын» пайдаланбайды, бұл ар-ождан тұтқындарының оңалту құқықтарын елемеуге одан әрі ықпал жасайды. Қазақстан өзінің азаматтық құқықтары мен саяси құқықтарын жүзеге асырғаны үшін ұсталған адамдарға оңалту беруге қатысты осы терминді қолдану тәжірибесін қабылдауы қажет» [19].

9 қыркүйек, Талдықорған қаласы, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК 405, 258-баптары тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілді. Адвокат Ғ. Нұрпейісовтың айтуынша, оның қолында жарақат бар. Д. Мұхамедкәрімнің қандай жағдайда жарақат алғаны белгісіз [20].

9 қыркүйек, Астана қаласы, Президент Қ. Тоқаев қол қойған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң 09.09.2023 ж. күшіне енді, ол Қазақстандағы онлайн-коммуникациялар мен жарнама саласындағы маңызды реттеуді білдіреді. Журналистер мен блогерлер ондағы көптеген кемшіліктерді көріп қана қоймай, оны сонымен қатар пікірі «дұрыспен» сай келмейтін кез-келген адамның «аузын жабуға» жасалған шенеуніктердің кезекті әрекеті деп санайды[21].

9 қыркүйек, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының полициясы, редакциялық тапсырманы орындау кезінде оған шабуыл жасалғаннан 3 аптадан кейін, «ҚазТАГ» тілшісі Д.Сапарқызан жәбірленуші деп таныды. ҚР ҚК 158-бабының 2-бөлігімен «журналистің заңды кәсіби қызметіне зорлық-зомбылық қолданумен кедергі жасау» бойынша  іс тергелуде [22].

10 қыркүйек, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, тілші Д. Сапаркызы жауап алуға шақырылып, онда бірнеше сағатын өткізді. Журналистің адвокаты Ш. Әмірғалиева, тергеудің болған оқиғаны қылмыстық құқық бұзушылық емес, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде көрсетуге тырысқанын айтты. Іс нақты адамдарға емес, болған жағдайға байланысты қозғалады [23]

11 қыркүйек, Алматы қаласы, Ж.Мамай, ҚР ҚК 272-бабы, 6 жылға бас бостандығын шектеу,  #Qantar2022 кезінде «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деген айыппен сотталған, ол Конституциялық сотқа қорғау құқығының бұзылғанына байланысты жүгінді[24].

11 қыркүйек, Астана қаласы, И.Кензин, Қазақстан үкіметі аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін және қоғамдық орындағы агрессивті мінез-құлықы үшін оған, 67 мың теңге айыппұл салынды[25].

12 қыркүйек, Астана қаласы, саяси тұтқын Т. Дәнебаевтың ағасы Марат Дәнебаев, олардың үйін тінту кезінде, оған қарасты жыныстық қудалау жасалғаны туралы хабарлады. Қызметкерлердің бірі оның денесіне рұқсатсыз қолын тигізіп, М. Дәнебаевтың қолын өзінің шап аймағына қоюға тырысқан. Бұрын бұл қызметкер М. Дәнебаевты, егер ол өз құқығын қорғауға тырысатын болса, ұрып-соғамын деп қорқытқан[26].

12 қыркүйек, Қазақстанның 10 қаласында әкімдіктер белсенділерге «Орталық Азия – АҚШ» саммиті кезінде 2023 жылғы 19-20 қыркүйекте бейбіт наразылық өткізуден бас тартты(18 бас тарту). Тақырыбы: «Украинаны қолдау үшін. Саяси тұтқындарға бостандық. Жыланбаевқа бостандық». Бас тартудың себептері: бұрын келісілген іс-шаралар, бейбіт жиналыстарды өткізудің толық регламенті көрсетілмеген, толық емес ақпарат беру, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру[27].

12 қыркүйек, Алматы қаласы, Алматы әуежайын басып алуда сотталғандардың адвокаттары баспасөз мәслихатын өткізіп, бірнеше мәлімдеме жасады. «Біз, адвокаттар, қорғаушыларымызға қатысты үкімді заңсыз деп санаймыз. Өйткені олардың қиратуға және өртеуге ешқандай қатысы жоқ. Біз мұны сот процесінде зерттелген бейнематериалдарға сүйене отырып айтамыз»[28].

12 қыркүйек,Орал қаласы, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тұратын балалар үйінің түлектері наразылық акциясын өткізді. Олар жатақхананы жөндеу кезінде үйлерін тастап кетуге келіспейді. Кешегі балалар үйінің тұрғындары, оларды қайтадан алдап, нәтижесінде көшеде қалатындарына сенімді [29].

12 қыркүйек, Қарағанды облысы, жергілікті билік «АрселорМитталТеміртау» (АМТ) компаниясының нысандарында әр жылдары мертіккен мүгедек шахтерлерге бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат бермеді. Бұл жиналыста мүгедектер төлемдерге қатысты шешілмейтін мәселелер туралы мәлімдеме жасағысы келді, регрессиялық төлемдерді қайта есептеу туралы қолда бар сот шешімдерін түсіндіруді, сондай-ақ регресстегі кеншілердің атынан ұжымдық өтініш жасағысы келді [30].

13 қыркүйек, Алматы қаласы, құқық қорғаушылардың сараптамалық кеңесінің шешімімен Ә.Тілеужанова ҚР ҚК 272-бабы (4 жылға бас бостандығынан айыру) саяси тұтқын болып танылды. Белсенді, журналист, кәсіби аудармашы өзінің белсенді азаматтық ұстанымы үшін айыппұлдар мен қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаларға бірнеше рет тартылған[31].

13 қыркүйек, Астана қаласы, Әділет министрлігіне бастамашыл топтың тізімін «Алға, Қазақстан!» партиясын құруды ұйымдастыру комитетінің  мүшелері тіркеуді бастау үшін 19 рет тапсырды. Саяси партиялар туралы Заңның 8-бабына сүйенумен, бастамашыл топтың тізімі заң талаптарына сәйкес келмейді дегенді айтып, билік бас тарту берді. Дәл ненің сәйкес келмейтініне, билік нақты жауап берген жоқ[32]

13 қыркүйек, Алматы қаласы, Қ.Төремұратов және Ж. Жақсымбетов Қарақалпақ белсенділері, 13.09.2022 ж.  ұсталғаннан тура 1 жыл өткеннен кейін, сот белгілеген қамауда ұстау мерзімінің өтуіне байланысты, Алматы қаласындағы тергеу изоляторынан босатылды[33].

14 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 7-14 қыркүйек аралығындағы жағдайына шолу.[34].

14 қыркүйек, Алматы қаласы, журналистер  Г.Ерғалиева, Г. Баженова, Д. Егеубаева, С. Ибраева, В. Борейко және Егоровқа жасалған шабуылдар туралы іс ювеналды сотта қаралуда.  Бастапқыда процесс жабық  жүреді деп жарияланды. Адвокат М. Ткаченконың процесс ашық болуы керек деген өтініші қанағаттандырылды. Сондай-ақ, фото және бейне түсіруге, аудио жазуға рұқсат берілді [35].

14 қыркүйек, Алматы қаласы, Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуге келген әкім Е. Досаевқа  сұрақтар қоюға мүмкіндік берілмегеніне, бірқатар белсенділер шағымданды. Микрофонға бір жарым сағатқа жуық кезекте тұрғанын және дәл оның алдында әкім кездесуді аяқтағанын мәлімдегенін, белсенді М. Күкетаева хабарлады [36].

15 қыркүйек, Қызылорда қаласы, облыстық сот  #Qantar2022 де  «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру»  ҚР ҚК 272-бабы бойынша 16 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Г.Пиржановқа  үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 5 қаңтарында өлтірілген Ф. Омаровқа қатысты үкім де күшінде қалды [37].

15 қыркүйек, Астана қаласы, Шымкентте #qantar2022 кезінде қаза тапқандардың туыстары, он шақты адам адамдардың өлімі туралы істі қайта ашуды талап етіп президент Қ. Тоқаевқа арыз берді. Бір күн бұрын олар осындай хатты Бас прокуратураға жолдады. Олардың айтуынша, барлық қылмыстық істер жабылған[38].

ҚР ҚК 190, 367-баптары бойынша 2023 жылғы мамырда 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарумен сотталған, заңгер және «Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бірлестігінің басшысы  А.Өтеповтың ісі бойынша, сот тергеуін қайта бастау туралы апелляция қаулы шығарды[39].

15 қыркүйек, Астана қаласы, «Прокуратура азаптаудан зардап шеккен Т. Дәнебаевтың денсаулық жағдайы туралы медициналық мәліметтерді хабарлаудан бас тартты, олар біздің отбасымызға қысым көрсетіп, жарияламау туралы қолхат жазуды талап етуде. Бірақ істе мемлекеттік құпиялар жоқ, бұл бейнені барлығы көрді», – деп хабарлады Марат Дәнебаев [40].

15 қыркүйек, Астана қаласы, «Осы уақытқа дейін ағамды ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың ешқайсысы ұсталған жоқ. Прокуратура қылмыстық істі «жабу» үшін оны және адвокатты үнсіз қалдырғысы келеді», – деп хабарлады Дәнебаев Марат [41].

15 қыркүйек, Нью-Йорк қаласы,  осы «Орталық Азия — АҚШ» саммиті өтетін  күндері қазақстандық белсенділер Нью-Йоркте митинг өткізеді.  Демонстранттар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту тақырыбын қозғауға және ҰҚШҰ-ны террористік ұйым деп тануды, Қазақстандағы барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етуге ниетті [42].

16 қыркүйек, Жаңаөзен қаласы, белсенді – мұнайшы А. Қозғанбаевтың ұсталуына наразылық білдіріп, полиция басқармасы ғимаратының жанына елуден астам адам жиналды. Бұрын қылмыстық істе қолданылған қаруды, полицейлер оған тастап кеткен, деп есептейді олар. Бұл факт СДТБТ-да ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша  тіркелген [43].

16 қыркүйек, Алматы қаласы, № 72 мекемеден Қарақалпақ белсендісі Құдайбергенова Райса босатылды. Ол «Өзбекстанның конституциялық жүйесіне қол сұғушылық жасады» деген күдікке ілінген. Қамауда ұстаудың рұқсат етілген ең жоғары мерзімі аяқталған адамдар үшін экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатқандығына байланысты оны босатты[44].

14 қыркүйек, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаихы ауданы, № 18 қатаң режимдегі колонияда (бұрынғы атауы ОВ-156/6 мекемесі) кем дегенде екі қамалушы өздеріне зиян келтірді. «Талқылау барысында сотталғандар бұл әрекеттерді ұстау режимімен келіспеушілікке байланысты жасағанын түсіндірді», – деді ҚАЖД баспасөз қызметі[45]

17 қыркүйек, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, №843 Машат ауылдық округі әкімінің сайлауына дауыс беру өтеді. «Азаттық радиосы» журналисі редакциялық тапсырма мен қызметтік куәлікті ұсынды, бірақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е .Қаратаев журналистің сайлау процесін жариялауға құқығы жоқ екенін мәлімдеген[46].

18 қыркүйек, Алматы қаласы, №72 мекеме, сотта, #qantar2022 ісі бойынша айыпталушы, ҰҚК-ң  5-Департаментінің бұрынғы басшысы – Ысқақов Р., қаңтар оқиғалары кезінде оған Назарбаевтың жиені- Самат Әбіштің бұйрық бергенін мәлімдеді [47].

18 қыркүйек, Орал қаласы, М.Ескендірова, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі, 1,5 жыл бас бостандығын шектеу, қылмыстық істер жөніндегі қалалық сот 7 ай және 6 күн бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын өтеуден босатты, бірақ 2 жыл ішінде қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салуды сақтап қалды[48].

19 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет шетелден қаржыландыруды алатын тұлғалардың тізілімін жариялады. Оған 240 адам мен ұйым кірді, олардың арасында құқық қорғаушылар, журналистер және шетелдік компаниялардың өкілдіктері бар [49].

19 қыркүйек, Астана қаласы,  «иноагенттер» қатарына Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро, «Еркіндік  қанаты» қоры, Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі, сондай-ақ «МаsаМеdia». Сондай-ақ тізілімге Б.Төреғожинаның «Ар.Рух.Хак»ҚҚ, «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры, «Жасыл құтқару»  экологиялық қоғамы және Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы» кірді [50].

19 қыркүйек, Алматы қаласы, «Алматы әуежайын басып алу» бойынша сотталушылардың ғимарат алдына жиналған адвокаттары, белсенділер-Ә.Тілеужанованың, К.Нұрпейісовтың және бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тағы үшеуінің апелляциялық шағымын қарауға сот ғимаратына оларды жібермегенін мәлімдеді[51].

19 қыркүйек, Алматы қаласы, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы #qantar2022 кезінде Алматы халықаралық әуежайын «басып алу» туралы іс бойынша айыпталушылардың адвокаттарының лицензиясынан айыруды ұсынатын жеке қаулы шығарды. Қаулыда адвокаттар сот отырысына  «демонстрациялық  кедергі» ұйымдастырды деп бекітілген [52].

19 қыркүйек, Алматы қаласы, №72 мекеме, Ә.Тілеужанова, ҚР ҚК 272-бабы, 4 жылға бас бостандығынан айырылған, қаңтар кезінде Алматы әуежайын «басып алу» ісі бойынша сотталған, аштық жариялады. Ол апелляциялық сатыда істі  ашық сот арқылы жүргізуді талап етеді [53].

19 қыркүйек, АҚШ, Нью-Йорк қаласы, АҚШ Президенті мен Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өткен БҰҰ штаб-пәтеріне он шақты қазақстандық белсенді жиналды. Бұл акцияға қатысушылар Қазақстанда саяси дәлелді айыптар бойынша қамауда отырған М .Жыланбаевты, Д. Мұхамедкәрім мен Ә.Тілеужанованы босатуды талап етті[54].

19 қыркүйек, АҚШ, Нью-Йорк қаласы, жиналғандар Украинаға қолдау білдіріп, Қазақстанның Мәскеу басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ұйымынан шығуы керек екенін мәлімдеді, сондай-ақ акцияға қатысушылар Қ. Тоқаев пен С. Жапаровқа қарсы санкциялар енгізуді ұсынды[55].

19 қыркүйек, Орал қаласы, А. Өтепов, ҚР ҚК 190, 367-баптары, 7 жылға бас бостандығынан айыру, соттың апелляциялық алқасы А.Өтеповтің шағымы бойынша шешім шығарды және оны ақтаудан бас тартты және бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды[56].

19 қыркүйек, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта (АСМУС) #Qantar2022 кезінде Президенттің Резиденциясын басып алу және жаппай тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша сот басталды. Сотталушы орындықта 11 адам [57].

19 қыркүйек, Ақмола облысы, азаптаудан аман қалған саяси тұтқын Т. Дәнебаевты, психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу кезеңіне, Атбасар қаласының УҰИ-н Көкшетау қаласындағы №20 мекемеге ауыстыратынын туыстары мен адвокаты хабарлайды[58].

20 қыркүйек, Астана қаласы, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «шет мемлекеттерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі» жарияланды, оны кейбір медиаресурстар «иноагенттердің тізімі»деп атады. Бір қызығы, бұл тұрғыда мемлекет өзі туралы үнсіз қалды, дегенмен шенеуніктер гранттарды, соның ішінде БҰҰ-дан да алып отыр [59].

20 қыркүйек, Астана қаласы, БҰҰ (БҰҰДБ) бағдарламасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның кеңсесі атынан мемлекет жетекшілік ететін Ұлттық алдын алу тетігі үшін «цифрлық ақпараттық платформаға» Қазақстанда жұмсалған 58,7 мың долларлық грант жарқын мысал [60].

20 қыркүйек, Орал қаласы, С. Мұқамбетжанова мен Б. Өтебаев қалалық әкімдіктің жанында аштық жариялап, биліктен әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақыларды ұлғайтуды, сондай-ақ зейнеткерлік жасын төмендетуді, сондай-ақ барлық жетімдер мен мүгедектерді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді талап етті. Олар өздерімен бірге плакаттар алып келді, онда акция аштықпен бірге жүреді делінген. Б.Өтебаевта  «Мен өмір сүргім келеді, I want to live» деген плакаты бар [61].

20 қыркүйек, Орал қаласы, пикет басталғаннан кейін наразылық білдірушілерге С. Мұқамбетжанова мен Б. Өтебаевқа екі адам келіп, өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырып, «іс-әрекеттерді заңсыз» деп мәлімдеп, «келісілмеген акция үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылу туралы айтты. Алаңнан кетуге шақырудан екі наразылық білдіруші де бас тартты және өз талаптарын білдіруді жалғастырды [62].

21 қыркүйек, Алматы қаласы, #qantar2022 кезінде адам ұрлау және азаптау туралы іс бойынша А. Жұмагелдиевтің (Жабайы Арман) және ҰҚК-ң 5- Департаментінің бұрынғы бастығы Р.Ысқақовтың сот процесі жабық режимде өтеді. Жәбірленуші тарап адвокаттарының «өз қауіпсіздігі үшін қорқынышқа байланысты» отырыстарды жабық режимде өткізу туралы өтініштері қанағаттандырылды [63].

21 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 14-21 қыркүйек аралығындағы жағдайына шолу [64].

21 қыркүйек, Нью-Йорк қаласы, Халықаралық үкіметтік емес ұйым Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қазақстандағы бірқатар журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарын және баспасөз қорғау ұйымдарын шетелдік қаржыландыру алушылар тізіміне енгізуге алаңдаушылық білдірді [65].

22 қыркүйек, Астана қаласы, СИ-12 мекемесі, саяси тұтқын М.Жыланбаевтың денсаулығы алаңдатады, өйткені оның тістері проблемалы. 4 тіс тәжі орнынан түсіп қалды. Марат 3 рет тіс дәрігеріне емделуге шығарылды. Тергеу изоляторындағы стерильді, санитарлық жағдайлардың төмендігіне байланысты оған үнемі тексеру жүргізудің қажеттілігі бар. 2023 жылғы 25 мамырдан бастап қамауға алудың алғашқы 1-1,5 айы М. Жыланбаев ауасорғыш жұмыс істемейтін камерада отырды, ауа жетіспеді [66].

22 қыркүйек, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Ө.Тұрдиева, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы әкімшілік сот басқа жергілікті белсендінің айғақтары негізінде, жала жапқаны үшін 434 мың теңге айыппұл салды. Оны Ө.Тұрдиева Фейсбуктегі постында «әкімдіктің арандатушысы» деп атады [67].

22 қыркүйек, Алматы қаласы, А. Достияров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 19 қыркүйекте қалалық сот ғимаратының жанында митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды [68].

22 қыркүйек, Алматы қаласы, М. Тұрымбетовті ұстады  және Түркісіб АПМ жеткізілді. Онлайн сот ҚР ӘҚБтК-ң 488-бабы бойынша, 19 қыркүйекте қалалық сот ғимаратының жанында митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін, оған 103500 теңге айыппұл салды [69].

22 қыркүйек, Алматы қаласы, полицейлер белсенді Ғабдуллина Майраны ұстады. Оған, 19 қыркүйекте қалалық сот ғимаратының жанында митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, онлайн-сот арқылы 103 500 теңгені құрайтын айыппұл салынды [70].

22 қыркүйек, Алматы қаласы, «Біз құқық қорғаушылармыз, пандемиядан кейін сот тыңдауларының сот залында қаралуына  ұмтылудамыз. Жалпы алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша барлық соттар оффлайн режимінде жүргізілуде! Алматы қаласынан басқаларында, онда олар өздерін ең артықшылықты деп санайды және ойларына не келсе, соны жасай ма?»,- деп мәлімдеді құқық қорғаушы Б. Төреғожина [71].

25 қыркүйек, Астана қаласы, Алматы әуежайын «басып алу туралы» ісі бойынша сотталған адвокаттарды қорғау жөніндегі баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар «Абай» қонақ үйінде бұл іс-шараның тоқтатылғаны туралы хабарлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басталардан екі сағат бұрын спикерлерге ғимаратты жөндеуге сілтеме жасаумен, іс-шараны өткізуден бас тартты. Бас тартуға байланысты ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатын онлайн-форматта өткізді [72].

25 қыркүйек, Астана қаласы, онлайн режимде жүргізілген баспасөз мәслихатының спикерлері Алматы әуежайын «басып алу туралы» іс бойынша сотталғандардың мүдделерін білдіретін адвокаттардың лицензиясынан айыруды сұрап, Алматы қалалық соты адвокаттар алқасына жіберген жеке қаулыны негізсіз және заңсыз деп атады. Адвокаттар оған сот тәртібімен шағымдануға ниетті [73].

25 қыркүйек, Астана қаласы, Бүгін Астана қаласындағы «Ехро» аумағында, «INNOPROM.QAZAQSTAN» көрмесі басталар алдында «Азаттықтың» тілшісі С. Төйкенді полиция түсіндірмесіз ұстап, Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізді. Оны ұстағаннан кейін екі сағаттан соң, түсіндірусіз босатты [74].

25 қыркүйек, Алматы қаласы, №72 мекемесі, ресейлік Нарская Наталья, вокал бойынша оқытушы Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы сөйлеген сұхбаты үшін қамауға алынды. Тұтқындардың айтуынша, Н.Нарская азапталуда, өйткені оны карцерге жапқаннан кейін тұтқындалғандар оның айқайын естиді. Қыз «ауыр психиатриялық жағдайда» және оны Ресейге экстрадициялағысы келетіндері хабарланған [75].

25 қыркүйек, Астана қаласы, №12 мекемесі, ҚР ҚК 405-б. 2-б., 258-б., 1-б. бойынша М. Жыланбаевқа және ҚК 405-б., 2-б. бойынша А. Сембайға қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық істер 2 апта ішінде күтілетін сотқа жіберілді – деп хабарлады адвокат М. Досқараев [76].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, № 2 Бостандық аудандық соты, 2029 жылға дейін қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға және кітап жазуға тыйым салу бөлігінде үкімді түсіндіру бойынша, Ж. Мамайдың өтінішін қарады. «Неге оған кітап жазуға және оны шығаруға тыйым салынады» деген сұраққа, оны «қоғамдық-саяси қызмет» деп санаймын деген жауап берді, судья Е. Кван [77] .

26 қыркүйек, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотта Шымкент қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының басшысы А. Сапарғалиевтің өтініші бойынша, журналист А .Батырбековке қатысты ҚР ӘҚБтК -нің73-3-бабы бойынша сот талқылауы өтуде [78].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, А. Берсәлімов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, әкімшілік сот 19 қыркүйекте қалалық сот ғимаратының жанында «бейбіт жиналыс өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен, 15 тәулікке қамауға алуға қаулы етті [79].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, Ә.Тілеужанованың, А. Нұрпейісовтың, Н. Дәлібаевтың, Е. Шілібаевтың және Ж. Карменовтың «Алматы әуежайын басып алу» ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау онлайн-режимде өтті. Сотталушылар тарапы сот құрамына сенімсіздік білдіріп, қарсылық білдіру туралы мәлімдеді. Сот алқасы бұл өтінішті қабылдамады [80].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, №72 мекемесі, Ә.Тілеужанова, ҚР ҚК 272-бабы, 4 жыл бас бостандығынан айыру, онлайн-тыңдау басталар алдында тергеу изоляторынан қосылып, сотқа сенімсіздік білдіретінін мәлімдеді және оған іс материалдарымен танысуға мүмкіндік берілмегенін хабарлады. Ол сондай-ақ, оның сотты оффлайн режимінде өткізу туралы өтінішіне бас тарту берілгенін мәлімдеді [81].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, №72 мекемесі, Н.Дәлібаев, ҚР ҚК 272-бабы, 8 жылға бас бостандығынан айыру, тергеу изоляторынан онлайн қосылып, аштық жариялағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол алқабилердің құрамында апелляциялық сот өткізуді сұрады, оның өтінішіне бас тарту алды [82].

27 қыркүйек, PaperLab қазақстандық зерттеу орталығы «Қазақстандық қоғамның 2022 жылғы қаңтар оқиғаларын қабылдауы» атты есеп ұсынды. Осы тектес алғашқы тәуелсіз зерттеуде азаматтардың Қазақстандағы толқуларды қабылдауы туралы, олар өткен жылдың басында елдің батысында басталып, басқа қалаларға тез таралды, сондай-ақ оларға биліктің реакциясы туралы сауалнама деректері келтірілген [83].

27 қыркүйек, қазақстандық PaperLab зерттеу орталығы қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұсталғандардың құқықтарын бұзу және азаптаудың ондаған жағдайлары құжатталғанын атап өтті: сойылмен ұру, электрошокермен ұру, адвокаттарға жол бермеу және т.б.. Билік наразылықтардан кейін ұсталып, полиция қабырғасында және тергеу изоляторларында азаптау салдарынан болған алты адамның өлімін мойындады [84].

27 қыркүйек, Жаңаөзен қаласы, әкімдік ғимаратының алдына «Өзенинвест», «Таза су» және «Verity Group» компаниялары қызметкерлерінің тобы жиналды. Жұмысшылар «Өзенмұнайгазға» жұмысқа орналасу квотасын ұлғайтуды сұрады. Олар компания басшыларынан ереуілге шыққан жұмысшыларды қудаламауды сұрады. Наразылық білдірушілер Қазақстан Президентіне, облыс, қала әкіміне және мұнай өндіруші компанияның басшысына үндеу жолдады [85].

27 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстанның Конституциялық соты Парламентке адвокаттарға сотталғандардың атынан шағым беруге тыйым салатын норманы жоюды тапсырды. Шешім колонияда отырған қазақстандықтың өтінішінен кейін қабылданған, оның адвокаты түзеу мекемесіне қарсы сотқа шағым түсіріп, ҚР ҚІЖК 482-бабының 1-бөліміне сілтеме берумен бас тарту алған еді[86].

27 қыркүйек, Талдықорған қаласы, №71 мекемесі, «Д. Мұхамедкәрім, ҚР ҚК 405, 258-баптары бойынша оны жеке камераға орналастырып, кісі өлтіруге айыпталғандарды онымен бірге отырғызды. Алматы қаласына ауыстыруды талап етіп аштық жариялауды бастағанда, камерада бірге отырғандар ұстаудың нашар шарттарымен келісіп, оны қолдады. Осыдан кейін кісі өлтіруге күдіктілерді камерадан шығарып, оған ауысым бойынша 12 сағат және тәулігіне 24 сағат кезекшілікке ТИЗО қызметкерлерін отырғызды», – деп хабарлады құқық қорғаушы- Б. Төреғожина [87].

27 қыркүйек, Алматы қаласы, Бас прокуратураның прокуроры М. Кәрібаев 28 қыркүйекте жауап алуға қатысу үшін келуді талап етіп, С. Әділбекұлына қоңырау шалды. Прокурор М. Кәрібаевтың қоңырауынан кейін тергеуші Б. Н.Кемешов Саятқа Ватсап арқылы шақыру қағазын жіберді. Іс жүргізу мәртебесі: куәгер [88].

28 қыркүйек, әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға деген қызығушылығының артуы аясында Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR) және оның серіктестері осы өңірдің елдеріндегі азаматтық кеңістік пен азаматтық бостандықтарына қатысты жағдайдың нашарлауына назар аударып, ағымдағы негізгі проблемаларға шолу дайындады [89].

28 қыркүйек, Алматы қаласы, адвокат Мұрат Адам, С.Бокаевтың мүддесін қорғаушы, «Сайлау туралы» заңдағы 54-баптың 1-тармағының заңдылығына дау айтуды талап етумен Астана қалалық сотына С. Бокаевтың шағымданғаны туралы Президент Қ. Тоқаевқа жүгінді. Бұл бап мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда 5 жылдық еңбек өтілді талап етеді [90].

28 қыркүйек, Астана қаласы, «Әділет сөзі» қоры «Қазақстанның медиа-кеңістігін құқықтық реттеуді реформалау: ашықтық, тиімділік және ақпараттық қауіпсіздік» атты дөңгелек үстел өткізді. Медиалық заңнама журналистерді тиісті қорғауды қамтамасыз етпейді, оларды заңды кәсіби қызметіне араласудан қорғамайды, мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын көздемейді деп санайды [91].

28 қыркүйек, Астана қаласы, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Нико Схермерс мырза Қазақстанды демократияны құрудың негізгі факторы болып табылатын БАҚ арқылы пікір плюрализмі үшін жағдай жасауды жалғастыруға шақырды. Ол заң жобасына журналистердің қауіпсіздігін және үкіметтің осындай шабуылдарға және кез келген басқа ықтимал бұзушылықтарға дұрыс жауап беруін қамтамасыз ететін арнайы ережелерді енгізуді ұсынды [92].

28 қыркүйек, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Н. Жүсіпова, ҚР ӘҚБтК-нің 456-бабы, сот 20.09.2023 жылы Инстаграммда «Бұл адам қауіпті!! Бурабай ауданының егістік жерлерін Ресейге сатты!!» деген жазуы бар Қ. Тоқаевтың фотосуретін жариялағаны үшін 69 мың теңге (144$ ) айыппұл тағайындады[93] .

29 қыркүйек, Астана қалассы, Әділет министрі А. Есқараев брифингте «Азаттық» радиосының Қазақстанның заңдары мен Конституциясы бойынша өкілеттігі аяқталғаннан кейін қандай қылмыстар үшін экс-президентті қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін екендігі туралы сұрағына жауап бере алмады [94].

29 қыркүйек, Берлин қаласы, Германия, Орталық Азияның 5 елінің басшылары Берлин қаласына Германияның канцлерімен және президентімен кездесу үшін келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан белсенділері наразылық білдіріп, адам құқықтарының бұзылғаны және бостандықтардың басылғаны туралы мәлімдеді [95].

29 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстан Әділет министрі А. Есқараев «Азаттық» радиосының партияларды тіркеуден бас тарту себептері туралы сұрағына жауап бере отырып, Әділет министрлігі саяси субъект емес, тек заңның сақталуына қарап отырғанын айтты [96].

29 қыркүйек, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Сәдуақасов Жандос оны қорғауға құқығы бар куә ретінде «көрінеу жалған ақпарат тарату» қылмыстық ісі бойынша қайтадан полицияға шақырылғанын хабарлады. Келмеген жағдайда оған мәжбүрлеп жеткізу қаупі бар. Бұл соңғы бірнеше күндегі  полицияға 3-ші шақыру болды[97].

29 қыркүйек, Астана қаласы, тіркелмеген «Атажұрт» партиясының Қазақстан Әділет министрлігіне берген талабын сот негізсіз деп таныды. Партияны құру жөніндегі бастамашыл топ саяси ұйымды тіркеуге екі өтінімді қабылдамаған шенеуніктердің әрекеттеріне қарсы дау білдірді [98].

 

 

 

[1] https://rus.azattyq.org/a/32574322.html

[2] https://masa.media/ru/site/zheleznodorozhniki-v-vko-s-1-sentyabrya-provodyat-zabastovku

[3] https://mediazona.ca/news/2023/09/04/danebayev-torture

[4]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02sbUGGPfTqS9agJ5cDQzRtumKREbnZ2dsDRb2dD2py8yWW3wLkdHgqXndLCzKXu4Ml

[5] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3638309446488312/

[6] https://rus.azattyq.org/a/32577640.html

[7] https://masa.media/ru/site/kinofestival-zhaa-shekara-vynuzhden-proyti-onlayn-iz-za-davleniya-silovikov

[8] https://rus.azattyq.org/a/metod-ustrasheniya-pravozaschitnitsa-vstretilas-s-danebaevym-izbitym-v-tyurme/32581340.html

[9] https://rus.azattyq.org/a/32579722.html

[10] https://rus.azattyq.org/a/32580382.html

[11] https://rus.azattyq.org/a/32580442.html

[12] https://bureau.kz/novosti/perehvat-neudobnyh-voprosov/

[13] https://mediazona.ca/news/2023/09/07/taraz

[14] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-31-avgusta-po-7-sentyabrya-20.html

[15]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02bCadMwPHijujaUbrNcvctkzVcxUnxu93q98CHkWwDBrzfoeLH5mxgkKw2gudPkgql

[16] https://t.me/RadioAzattyq/14811

[17] https://rus.azattyq.org/a/32584073.html

[18] https://rus.azattyq.org/a/32584474.html

[19]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02ReZQ8kB1TZEfvJtpKQpFaGVbWUXbzwcBZUkHugrei4jSrX3KN1bmPUionVmmtGNgl

[20] https://rus.azattyq.org/a/32585567.html

[21] https://ulysmedia.kz/news/20522-v-kazakhstane-zarabotal-zakon-o-blogerakh-kak-on-budet-rabotat/

[22] https://rus.azattyq.org/a/32586313.html

[23] https://rus.azattyq.org/a/32586313.html

[24] https://rus.azattyq.org/a/32587282.html

[25] https://bureau.kz/novosti/demosofobiya-ii/

[26] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3643153189337271/

[27] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3644596685859588/

[28] https://orda.kz/advokaty-osuzhdennyh-po-delu-o-zahvate-ajeroporta-almaty-zajavili-o-nesostykovkah-pri-rassledovanii-376310/

[29] https://ulysmedia.kz/regiony/20602-prigrozili-samosozhzheniem-pochemu-v-uralske-byvshie-detdomovtsy-otkazalis-pokinut-kazionnoe-obshchezhitie/

[30] https://rus.azattyq.org/a/32590812.html

[31] https://www.facebook.com/watch/?v=1745872472538565

[32] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3643858129266777/

[33] https://rus.azattyq.org/a/32593860.html

[34] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-7-po-14-sentyabrya-2023-goda.html

[35]https://www.facebook.com/vadim.boreiko/posts/pfbid0dpAm5uUJV92bsRYMvnLdboFQK9AA3qYyL8GSUVvbkK5bS8bpKy2zGz91NisyAe3dl

[36] https://rus.azattyq.org/a/32593123.html

[37] https://rus.azattyq.org/a/32594635.html

[38] https://rus.azattyq.org/a/32594636.html

[39] https://rus.azattyq.org/a/32591454.html

[40] https://rus.azattyq.org/a/32594334.html

[41] https://rus.azattyq.org/a/32594334.html

[42] https://mediazona.ca/news/2023/09/15/newyorkprotest

[43] https://www.lada.kz/aktau_news/incidents/114620-zaderzhanie-s-oruzhiem-zhitelya-zhanaozena-rodnye-nazvali-podstavoy.html

[44] https://rus.azattyq.org/a/32596205.html

[45] https://rus.azattyq.org/a/32594744.html

[46] https://rus.azattyq.org/a/32596498.html

[47] https://rus.azattyq.org/a/32598030.html

[48] https://rus.azattyq.org/a/32597650.html

[49] https://kgd.gov.kz/ru/content/reestr-lic-poluchayushchih-dengi-i-ili-inoe-imushchestvo-ot-inostrannyh-gosudarstv

[50] https://kgd.gov.kz/ru/content/reestr-lic-poluchayushchih-dengi-i-ili-inoe-imushchestvo-ot-inostrannyh-gosudarstv

[51] https://rus.azattyq.org/a/32599297.html

[52]https://respublika.kz.media/archives/105941?fbclid=IwAR3iTKXsSsLEIBAnrsrRu8eFT2A3TQRJnnE3J_bHpCpjlORd7BXx9CJ0LAg

[53] https://respublika.kz.media/archives/106004

[54] https://rus.azattyq.org/a/32601085.html

[55] https://rus.azattyq.org/a/32601085.html

[56] https://rus.azattyq.org/a/32599618.html

[57] https://respublika.kz.media/archives/105451

[58] https://masa.media/ru/site/podvergshegosya-pytkam-timura-danebaeva-perevodyat-iz-ivs-atbasara-v-kokshetau

[59] https://masa.media/ru/site/podvergshegosya-pytkam-timura-danebaeva-perevodyat-iz-ivs-atbasara-v-kokshetau

[60] https://respublika.kz.media/archives/106025

[61] https://respublika.kz.media/archives/106025

[62] https://rus.azattyq.org/a/32600992.html

[63] https://rus.azattyq.org/a/32600992.html

[64] https://rus.azattyq.org/a/32602853.html

[65] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-14-po-21-sentyabrya-2023-goda.html

[66] https://rus.azattyq.org/a/32604613.html

[67]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0yD9ThwPk1yxB9hDhqdJ9557VY2qopMZU43quB9My67F3UYZRMutrNbQWyT1XmZetl

[68] https://bureau.kz/novosti/shtraf-za-provokatorshu/

[69] https://rus.azattyq.org/a/32604528.html

[70] https://rus.azattyq.org/a/32604272.html

[71] https://rus.azattyq.org/a/32604272.html

[72]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0vCdRz5KtV1GokPAgjKqsXBsy2QovF6S2fwr9xtEbYVvvySxM96TzTBtXJNZX82Gwl

[73] https://rus.azattyq.org/a/32608440.html

[74] https://rus.azattyq.org/a/32608440.html

[75] https://rus.azattyq.org/a/32607915.html

[76] https://arbatmedia.kz/vaznoe-v-kazaxstane/rossiyanku-vyskazyvavsuyusya-protiv-voiny-uderzivayut-v-sizo-v-almaty-9824

[77] https://respublika.kz.media/archives/106028

[78] https://rus.azattyq.org/a/32610000.html

[79] https://rus.azattyq.org/a/32609647.html

[80] https://rus.azattyq.org/a/32610174.html

[81] https://rus.azattyq.org/a/32609844.html

[82] https://rus.azattyq.org/a/32609844.html

[83] https://rus.azattyq.org/a/32609844.html

[84] https://rus.azattyq.org/a/32612580.html

[85] https://rus.azattyq.org/a/32612580.html

[86] https://t.me/RadioAzattyq/15106

[87] https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/625019?lang=ru

[88]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02yFE3jPWWJNZhi6FLQDG7P8U4FtSa5i6BzTWc3XomweoaVpws7HnC7aaa9MgKKY9jl

[89] https://www.facebook.com/groups/2333831603602776/user/100039714361259/

[90] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/prostranstvo-pod-ugrozoj/

[91] https://ulysmedia.kz/news/21244-spor-po-trebovaniiu-k-kandidatam-v-prezidenty-advokat-sanzhara-bokaeva-obratilsia-k-tokaevu/amp?fbclid=IwAR1yMbTM1MKK9lcRLJH0bGEDa7kRLykrHo-AbjOgvzpZT56QXWmD_LS4YUc

[92] https://adilsoz.kz/news/uchastniki-kruglogo-stola-zakonoproekt-o-mass-media-nuzhdaetsya-v-izme.html

[93] https://adilsoz.kz/news/uchastniki-kruglogo-stola-zakonoproekt-o-mass-media-nuzhdaetsya-v-izme.html

[94] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3656610887991501/

[95] https://rus.azattyq.org/a/32615873.html

[96] https://www.youtube.com/watch?v=mAwtWnMVmtE&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[97] https://rus.azattyq.org/a/32615912.html

[98] https://rus.azattyq.org/a/32616314.html

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.