Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Психикалық денсаулық орталығының наркологиялық бөлімшесі пациенттерінің өтініші

Әлеуметтік желіде Психикалық денсаулық орталығының наркологиялық бөлімшесі пациенттерінің өтініші пайда болды, онда олар медициналық мекемедегі жағдайдың нашарлығынан аштық жариялағанын мәлімдеді
Бейнеүндеуде Психикалық денсаулық орталығының наркологиялық мәжбүрлеу бөлімшесінің пациенттері медициналық мекемедегі жағдайдың нашарлығынан бесінші күннен бері аштыққа шыққанын мәлімдеді. Қандай жағдайлар туралы сөз болып отырғанын пациенттер өз өтініштерінде нақтыламайды. Алайда олар қалыптасқан жағдайға облыс әкімдігінің, Қазақстан Президентінің және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің назарын аударуды талап етті.
 
 
 
Төрегожина Бақытжан
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.