Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Еуро Одақтын адам құқықтары жөніңдеп арнайы өқілдері елордалық тергеу изолятораны барды

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакал мен Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмордың тергеу изоляторына баруы Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында өтті.
ЕЦ-166/1 қауіпсіздігі аралас мекемесін аралау барысында шетелдік өкілдерді сотталғандар мен тергеудегілердің ұстау жағдайларымен таныстырды, сондай-ақ пенитенциарлық жүйені реформалау шеңберінде жүргізіліп жатқан жаңалықтарды көрсетті.
Арнайы қонақтарға электронды дүкеннің жұмыс принципі айқын көрсетілді, онда пайдаланушылар сатып алуды ғана емес, сонымен қатар сәлемдемені мекемеге жеткізуді де ұйымдастыра алады. Сондай-ақ, делегацияны шағымдар мен өтініштер жіберуге арналған электрондық терминалдардың жұмыс істеу алгоритмімен таныстырды.
«Пенитенциарлық жүйені реформалау халықаралық стандарттарды ескере отырып, түрлі бағыттарда жүргізілуде. Бұл ретте ұстау жағдайлары, тамақтану, медициналық қамтамасыз ету жақсартылуда, сотталғандардың құқықтық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта медициналық қызметті республиканың денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру жөніндегі іс-шаралар белсенді түрде ұйымдастырылуда. Еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын көбейту мақсатында бизнес белсенді тартылуда, осылайша 200-ден астам кәсіпкерлік субъектілеріне мекемелердің өндірістік үй-жайлары берілді. Қайта әлеуметтендіру бағдарламасы да жетілдірілуде, жаза өтеу барысында сотталғандарға шығармашылық және кәсіби қызметпен айналысуға мүмкіндіктер беріледі»,- деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.
Сондай-ақ, тараптар Мемлекет басшысының ҚАЖ бөліністерінде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандардың заңды құқықтарын уақтылы бақылауға және сақтауға бағытталған пенитенциарлық мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыруды талқылады.
Бұған қоса, қонақтардытергеу изоляторларына келген адамдардың созылмалы және жұқпалы ауруларын анықтауға бағытталған медициналық көмек көрсету және тексеру үшін қажетті арнайы жабдықтармен медциналық кабинеттерді жарақтандырылу сапасымен таныстырылды.

 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
.