Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Думан Мұхаммедкәрімнің әке-шешесі мен белсенділер журналисті босатуды талап етті. Әкесі аштық жариялайтынын айтты

3 маусым, Алматы обл., Отеген батыр ауылы, Жуырда “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деп айыпталып, 25 тәулікке қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әке-шешісі 3 маусымда Іле аудандық полиция басқармасына барып, ұлын босатуды талап етті. Оқиға орнына біраз белсенділер де жиналып, журналистің туыстарының талаптарын қолдады.

Журналистің әкесі Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, осы сәттен бастап аштық жариялайтынын да айтты. Ол ұлының заңсыз қамалғанын, митингіге шақырмағанын айтып, заңсыздықты тоқтатуды талап етті.

– Ұлым Думанды дереу босатсын! Ол террорист емес! Заңсыз түрде ұстап әкеткеніне қарсымын. Сондықтан бүгінгі күннен бастап аштық жариялаймын. Оны ұстап әкеткен полиция бөлімінің екі қызметкері көшеге шашын алдыруға барған жерінен ұстап алып, көлікке күштеп отырғызып, көлігін далаға тастап, өзін алып кеткен. Қайта 25 тәулікке соттап отыр. Босап шыққанына 2-ақ күн болатын. Апелляция сотына беріп едік, олар да заңсыздықты көздерін жұмып, өзгеріссіз қалдырды, – деді журналистің әкесі Алмаз Тілепов.

Оқиға орнына өзге белсенділер де жиналып, олар да “заңсыз қамалған” журналисті босатуды талап етті.

Прокуратура өкілі Сұңғат Сәтпаев шығып, наразылықтың “заңсыз” екенін айтып, тарауға үндеді. Жиналғандар келіспеді.

– Осымен төртінші рет қамап отырсыздар. Заң бойынша 30 күн ғана қамауларыңыз керек. Сіздер 60 күн қамадыңыздар. Менің ұлым кісі өлтірді ме? Арақ ішіп біреумен төбелесті ме? Террорист пе? Менің балам шындықты айтып, шырылдады. Халықтың жан айқайын айтты, – деді Қалимаш Рымбекқызы.

Поделись, чтобы люди узнали:
.