15.02.2022 # Қызылорда
Азаматтық белсенді Мұратбай Баймағамбетов 2022 жылдың 4 қаңтарында бейбіт митингке қатысты.
Алаңда белсенді наразылық білдірушілердің алдында сөз сөйлеп, өз талаптарын білдірді. Мұратбай сөз сөйлеген кезде оған полиция қызметкері келіп, дауыс зорайтқыш берді. Мұратбай сөйлеп болған соң полицей келіп, дауыс зорайтқышты алып кетті.
Мұратбай алаңында 2022 жылдың 5 қаңтарында таңертеңге дейін болды. Шамамен 9:00-де алаңда болған барлық адамдар ұсталды және Төлеби көшесінде орналасқан ГОВД-ға жеткізілді. Мұратбайдың қалалық ішкі істер бөлімінде жеті полиция қызметкері аяусыз ұрды. Сағат 17: 00-де оны үйіне жіберді.
2022 жылғы 9 қаңтарда Мұратбай Баймағамбетовті үйден ҰҚК қызметкерлері алып кетті. Онда белсендіні қорқытты, олар
бала шағасына тисеміз деп айтты:
✓ұлынды ұрып, «ет тартқыштан» өткізеді;
✓ қызына қылмыстық іс қозғайды.
ҰҚК-де белсендіні 3 сағат ұстады, сол жерден Мұратбай Баймағамбетов 169/1 мекемесіне (тергеу изоляторына) жіберілді. Белсендіге 272-баптың 2-бөлігі (осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды….).
Еске салайық: Мұратбай Баймағамбетов 405-бап 1-бөлім бойынша сотталды. Белсендіде 3 мүгедектік тобы бар.
Асқар Сембай
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.