Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЖК. Атбасардағы қинау орталығы

 

 

ҚР ІІМ ҚАЖК-те сексеннен астам түрлі мекемелер бар: АҚК (алдын ала қамау камерасы), ТО (СИЗО), абақтылар… Барлық қылмыстық-атқару жүйесі үздіксіз, мүлдем мөлдір емес жағдайды тұрақты бүркемелеуге бағытталған, өйткені, егер де ҚАЖКнің барлық қабырғасы бір сағатқа ғана мөлдір, дыбыс естілер деп елестетсек, жұрттың бірқатары көргендері мен естігендерінің кесірінен тіл тартпай кетуі мүмкін. Тіпті жай ғана сырттан байқағанның өзінде күйзеліп кетері сөзсіз.
ҚАЖКнің бұндай болуына ІІМ-тен басқа, прокуратура органдары, және де өкінішке қарай, көптеген құқыққорғау ұйымдары да атсалысады. Бұлардың ішінде азуы жоқтары бар, сондай болуға келіскендері бар, әйтеуір не істесе де ешбір пайда тигізбейтіндер бар. Олар өздерінің мүддесін қорғау үшін құрылған жандарға пайда келтірмейді, ол жандар – ҚАЖКнің қамалғандары. ҚАЖК оперлері мен тағы басқа погонды сайтандардың құқыққорғау ұйымдарының алдындағы сүйікті сөздері мынадай болып келеді: «Қане, тыңдаңдар қотақбастар (менің французшам үшін кешірерсіздер, әндегі өлеңді алып тастай алмайсың – авт. Владимир Козлов)! Бұл малғұндар келеді,кетеді, ал біз осында қаламыз. Нанасарыңды жабыңдар, көтендеріңді қорғаң!». Құлағы барлардың бәрі де бұның рас екенін біледі. Солай және солай болып қала береді.
Өте сирек жағдайда ғана (бұл «сирек» жағдайлар, ҚАЖК оларға бас көтергенде болады) құқыққорғаушылар бұл көріністің ішінде жүріп көндігеді, оларды осы келешекте нәтижесі жоқ үдерістің өзі толық қанағаттандырады. Олар ҚАЖКлықтармен бірігіп алып, «кино ойнайды», сотталғандардың көзінше түрме қызметшілеріне қарай қабағын түйген болып көрінеді де, соңынан осы қызметшілермен қиқуласады келіп; бұны өз басым талай рет көргем. Ал кейбіреулері одан әрі алға басқан. Олардың айқасқан құшақтары, сотталғандардың туыстарының азық әкеліп сатуға орнатқан келісімшарттары мен басқа да «өзара пайдалы» схемалардан түсетін бонустармен толығынан нығайа түскен. Бізде кәзірдің өзінде дәл осындай ақпарат бар, қалай мейлінше толық әрі көбірек егжейлері мен дәлелдерін жинап алсақ, жариялайтын боламыз. Аты-жөндерімен қосып жария болады. Өйткені бұдан әрі соза беруге болмайды. Бықсып, оңбағандықты созу дұрыс емес.
Көпшілік видеодан ҚАЖКнің ағасы ресейлік УФСИН қинау орталығының былығын көрді. Дәл сондай орталықтар бізде де бар. Оны бір ғана белгісімен-ақ бірден аңғаруға болады: ондай мекемелерде кез келген ақпаратты «итеріп шығаруға» деген кез келген талпынысқа барынша қатал әрі барын сала кедергі жасалады – таксофоннан қоңырау шалуға жібермейді, туыстарына хатты, тиісті орындарға шағымды шығармайды. Бұндай жағынан атышулы болған бәрінен де әйгілісі – Арқалық пен Атбасар.
Арқалық. Қостанай облысы, УК 161/12 мекемесі – «жабық». Түрме типіндегі мекеме, камералық сипаты бар. Бұнда ҒБА-лықтар (ғұмырбойғы бас бостандығынан айрылғандар) қамауда, бұл жерге сонымен бірге басқа абақтыдан «аузын жабуға» тиістілерді де жібереді. Арқалық турасында тек қана сол жерден босап шыққандардан ғана бірдеңе естуге болады, соның өзінде де – бұндағы масқара туралы шешіліп кім көрінген айта бермейді, өйткені адамдар зәре-құты қалмастан қорқады: егер де осындай әңгімелерден әлгі сол жерге қайта түсіп жатса, бітті… Біз Арқалық турасында түйірлеп ақпарат жинаудамыз, бірақ ол кәзірдің өзінде біршама бар. Дайын болған бойда – жария етеміз.
Атбасар. Ақмола облысы. ЕЦ 166/14 мекемесі. «Сындырғы». Бұл басқа абақтыларда «сынбағандарды» жіберетін абақты. Мамандануы: адамның бойынан – адамдықты сығып шығару. Оны былжыраған көкөніске айналдыру, сөз айтпайтын, тіссіз қалған мақұлық ету.
Атбасар бойынша біз ақпаратты ұзақ уақыт жинадық, мынау сол жердегі сипатталған маңызды жайттар – не болып жатқанымен танысыңыз:
– іші мен сыртындағы сылағы түсіп жатқан сыз барактар; жақында оған Маңғыстаудан, ГМ 172/6 мекемесінен сотталғандарды осында әкелді, өйткені ол жерде де осындай барак қирап қалыпты. Үш адам өлген, жараланғандар көп;
– сотталғандардың жатқан кереуеттері – «релстен жасалған»; бұл дегеніміз – кереуеттің қыр арқасы арматура мен қолға түскен темір-терсектен дәнекерлеп істеген және де «зэк» матрастар жұп-жұқа, жатудың өзі – қинаумен бірдей. Бұл туралы ҚАЖК он жыл бұрын бұндайдың жоқтығы туралы баяндап та тастаған болатын. Мен ЛА 155/14 мекемесіндегі кереуеттерді жаңартқанын көргенім бар, арматураның үстіне ДСП парақтарын қоя салыпты; Атбасарда да – дәл осы. Және бұл кездейсоқ емес.
– 100 адамға – 3, кейде 4 қолжуғыш пен дәретхана. Егер де сізге 15 минут ішінде дәретханаға бару, жуыну мен қырыну қажет болса, ал ширатылған кезекте 30 адам тұрса, не боларын елестетіп көріңіз… қырынбаса – ереже бұзу, жаза…
– шағым беруге арналған терминалдар бар. Бірақ олар тек қана кезекті құқыққорғаушылар комиссиясы аралаған кезде ғана істейді; кім де кім шағым жазып, кәдімгі жолмен жіберуге тырысса, арнайы бөлім арқылы – қудалайды, кемсітеді, қорлайды, ұрып-соғады;
– бар болғаны 4 таксофон ғана бар, олардың бір бөлігі тұрақты істемейді. Күніге екі жасақ, екі жүз адам 10 минуттан қоңырау шалады. Арифметика қарапайым ғана, ал ахуал болса – кілең кезекті кемсіту мен қорлау.
– Қысқы бушлат астарсыз, қысқы аяқкиім де сол, күздің өзінде аяқты тоңдырады. Дәрігерлік бөлімде дәрі де, дәрігер де жоқ – анальгин мен тазалықшылар ғана. Тамақты айтсақ – түп-түгел масқара.
ҚАЖКнің сұмдық «тортының» үстіне қойылған шиелер – персоналдар, қызметшілер, «әділет сардарлары». Бастық – Р.Ғ Оразметов. Бұл әлгі ЛА 155/8 (жетпіс бірінші абақтыдағы) мекемедегі қорлауға қатысқан сабаз, содан кейін Атбасарға апарып «жасырып» қойған… Тәрбие жөніндегі бастық орынбасары (!)Ж.С.Ибраев, режим бөлімінің бастығы С.К.Мырзабеков, оператив бөлімінің бастығы А.Е Мырзашев – бәрі де 2021 жылғы 21 тамызда сотталғандарды қорлауға қатысқандар. Оны жасыру қолдарынан келмеді. Қылмыстық іс қозғады да, оны прокуратураның қадағалауымен ешқайда жіберді… Аталған жендеттер бұрынғыша погондарымен өз орындарында. Ештеңе де болған жоқ.
Шиенің үстіне мінгескен шиелер – өңірдегі ҚБК (Қоғамдық байқау комиссиясы) мен ҚАТ (Қорлауды үздіксіз алдын алудың ұлттық тетігі). ҚБК басшысы – Ақмола облысының бұрынғы ҚАЖД бастығының орынбасары (ҚАЖК облыстық бөлімшесі) С.Буланов, ҚАТ төрағасы – ЕЦ 166/25 мекемесінің бұрынғы бастығы Р.Мұқажанов… Шымылдық жабылды…
ҚАЖК мекемелеріне қоғамдық бақылау жасайтын Құқыққорғау ұйымдарының басшылығына ҚАЖК-нің жалмауыздары мен жендеттерін енгізу – ІІМ, прокуратура мен омбудсмен аталатындардың шаңырақ болып отырғандағы арнайы мақсатқа бағытталған жобасы. ҚБК мен ҚАТ құрамынан құқыққорғаушылар тез арада қуылып, олардың орнына «бұрынғылар» пайда болуда. Осындайға ұқсас нәрсе – Алматы облысы бойынша ҚАТ жетекшісі Мирошниченко, Қостанайдағы бұрынғы «қатал режим» бастығы, зайыбы болса – құқыққорғаушы. Өзіме жақсы таныс жайт – ҚАЖК-нің «бұрынғылары» ешқашан болмайды.
ІІМ мен Бас прокуратураҚАЖК үшін сотталғандар мүмкіндік пен шағымдануға деген құлқы болмайтындай ахуал орнатады да, абақтыларда ақырында құлаққа ұрған танадай «тыныштық» орнайды. Көрдегі тыныштық орнайды. Бұған ұқсайтын елде қандай тыныштық бар, көрмейсіз бе? ҚАЖК шарбағының бергі жағында да дәл сондай ахуал орнап жатқан жоқ па? Біз де Түрікпеннің саяси жүйесіне жортып бара жатқан жоқпыз ба, ол жүйе бойынша наразылық қана емес, наразы болғандар ғана емес, тіпті қарсыласуға деген ынта да жоғалды емес пе..?
Ақмола облысындағы құқықорғаушылар арасында «тірі» қалғаны бар ма екен? Жақында оны да білетін боламыз.
Біз ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелері жөнінде ақпараттарды жинауды жалғастыра беретін боламыз.
Біздің телефонымыз +38 093 3969 111 – барлық әлеужелілер мен мессенджерлердегі осы нөмір. Жазыңыз, қоңыраулатыңыз, видео мен құжаттарды жіберіңіздер. Көмектесеміз.

Возможно, это изображение (3 человека и текст)
 
“Курескер.орг”
Поделись, чтобы люди узнали:
.