Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2022 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейінгі АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ

3 қазан, Қызылорда қаласы, Баймағамбетов Мұратбай Әлиұлы, ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3-топтағы мүгедек 2018 жылдан бастап қудалауға ұшырағанын, 5-6 рет әкімшілік қамауға алынғанын, сондай-ақ іс жүргізу келісімінен бас тартқан жағдайда 12 жылға бас бостандығынан айырылатыны  жайындағы қоқан-лоқы туралы мәлімдеді[1].

 

3 қазан, Тараз қаласы, ювеналды сотта қаңтар айындағы наразылықтар кезінде қаза тапқан, 17 жастағы Обушиев Андрейдің ісі бойынша сот процесі басталды. Оны ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі «жаппай тәртіпсіздіктер» бойынша айыптайды. Іс кәмелетке толмағандар жайлы болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтуде[2].

 

4 қазан, Варшава, қырғыз музыканты Рузахунов Викрам Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды тергеу туралы өтінішпен ЕҚЫҰ өкілдеріне жүгінді [3].

 

4 қазан, Ақмола облысы, Ақкөл аудандық сотында, әкім Анатолий Кривицкийдің Хусаинова Дарьяға қарсы, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талабын қарау  бойынша, азаматтық іс қаралуда. Интернеттің әлеуметтік желілеріндегі қорлау- шағым жасауға себеп болып табылған [4].

 

4 қазан, Алматы қаласы, үш полиция қызметкері Қарақалпақ белсендісі Зийуар Мирманбетованы үйден алып кетті. Ұстаулар қазір Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның құқық қорғау конференциясымен байланысты, оған ұсталған белсенділер де шақырулар алғанын Қазақстандағы қарақалпақтардың диаспорасы хабарлаған болатынын[5]

 

4 қазан, Алматы қаласы, изоляторға орналастырылған Мусин Әділеттің туыстары, оның қамауда азапталғанын мәлімдейді. Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты күдіктінің шағымы бойынша сараптама жүргізілді [6].

 

4 қазан, Павлодар қаласы, Кузаиров Диас, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша  5 тәулікке  қамауға алынды, 27 қыркүйекте, сағат 13 шамасында  «Ресейден келуіне байланысты түскі асқа шақырылған мейрамхана қонақтарын ренжітті, бұл ретте оларға саяси сипаттағы арандатушылық сұрақтар қойып, олардың атына теріс баға бергені» үшін[7].

 

4 қазан, Алматы қаласы, «Орда.kz» сайтының кеңсесіне  қауіп жасалды, ол кеңсе терезелерінің астында орналасқан балалардың ойын алаңына жазып қалдырылған[8].

 

5 қазан, Варшава қаласы, қазақ белсенділері Адам құқықтары жөніндегі саммиті өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның ғимараттың алдында Қазақстан Президенті Тоқаев мырзаға қарсы митинг өткізді[9]

5 қазан, Алматы қаласы, ЛА-155/18 мекемесі, Мамай Жанболат, ҚР ҚК 378, 274-бабтары, 272-бабының 1-бөлігі, тергеу соты қамауда ұстау мерзімін 12 қарашаға дейін ұзартты. Судья адвокаттардың барлық өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырды [10].

 

5 қазан, Алматы облысы, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК 174-бабы, наразылық акциясын жариялады және 4-ші күн аштық жариялап отыр. Ол тәртіптік изоляторға қамалғанын және оған әкімшілік тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын жазуда[11].

 

5 қазан, Алматы қаласы, «Орда.kz» сәлемдеме алды, қораптан шошқаның басы табылды, оның аузында сайттың бас редакторы Бажкенова Гүлнараның жыртылған фотосуреті болды [12].


5 қазан, Астана қаласы, «тергеу іс-шараларын уақтылы жүргізбеу дәлелдемелердің жоғалуына және дәлелденбегендіктен істердің тоқтатылуына әкеледі. Жалған корпоративті ынтымақтастық шындықты анықтауға кедергі келтіреді. Әріптестер өз қызметкерлерін бүркемелейді, дәлелдемелерді жасырады», – деп хабарлады Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында ұсталған полицейлердің азаптауын тергеуге қатысты[13].

 

6 қазан, Алматы қаласы, «Аманат» партиясының ғимаратына келген тіркелмеген ҚДП-ң белсенділерін полиция ұстады. Ұсталғандардың арасында А. Дүйсебаева, Г. Мирманбетова бар. Белсенділер: «Назарбаев жүйесіне қызмет еткен» «Аманатты»  тарату!», «Назарбаевты-түрмеге!», «Жанболатқа Бостандық!». Автозакта Шарбат есімді белсендінің «ұрып-соғылғанын» Дүйсебаева хабарлады [14].

 

6 қазан, Жаңаөзен қаласы, Жұмағалиев Мұратбай, тіркелмеген ҚДП-ң азаматтық белсендісін белгісіз адамдар соққыға жықты, ұлымен бірге үйіне қайтып бара жатқанында, оларға бетперде киген белгісіз ер адамдар келді,  оған шабуыл жасап, ұрып-соқты[15].

 

6 қазан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 30 қыркүйектен 06 қазанға дейінгі жағдайына зерттеу жүргізді [16].

 

6 қазан, Қарағанды қаласы, сот Атасу кентінің белсендісі Ғалы Бақтыбаевты өлтіру туралы іс бойынша апелляциялық шағымды қарауға кірісті. Ол 2019 жылдың 28 мамырында атудан қаза тапқан болатын. Прокурор үкімнің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа қарауға жіберуді сұрайды[17].

 

7 қазан, Жаңаөзен қаласы, Жұмағалиев Мұратбай, белсендіні ұрып-соққыға жыққаннан кейін, жергілікті полиция ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша іс ашты. Белсенді бүгін ауруханаға полиция қызметкерлерінің келгенін айтты[18].

 

7 қазан, Қостанай қаласы, Нұрмағамбетов Диас, ҚР ҚК 274-бабының 2- бөлігінің 4- тармағы, 1 жылға бас бостандығын шектеу. Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті мақұлдау туралы қаулы шығарды [19].

 

7 қазан, Алматы қаласы, Мирманбетова Зиуар, тергеу соты 40 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды. Өзбекстанда оған іздестіру жарияланған және «Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғушылық» жасады  және шілде айында Қарақалпақстандағы «наразылық акцияларына қатысты» деген күдікке ілінуде[20].

 

7 қазан, Орал қаласы, Ескендірова Мәруа және Оразбаев Амангелді, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі. Сот айыпталушыларға қарасты тыйым салынған ұйымның қызметіне «қатысуға»: митингілерге қатысуға, парақшалар таратуға қатысты қылмыстық істі қарауға кірісті[21].

 

7 қазан, Алматы қаласы, «Біз қазір, Қаңтар-2022-де зардап шеккен адамдардан емдеуге және медициналық тексеруге мұқтаж азаматтардың тізімін құрастырып жатырмыз. Біз тізімдерді 10 күн бойы жинаймыз», – деп хабарлады құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [22].

 

7 қазан, Алматы қаласы, қалалық прокуратура ғимаратының алдына бірнеше адам жиналып, қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты қамауға алынған жақын туыстарын, атап айтқанда Маханбаев Қосай мен Иманбеков Әлібекке рақымшылық жасауды талап етті [23].

 

7 қазан, Вашингтон қаласы (АҚШ), сенаторлар Боб Менендес, Бен Кардин, Дик Дурбин және Шеррод Браун Байден әкімшілігін 2022 жылдың қаңтарында жаппай демонстрацияларға қатысқан бейбіт демонстранттарға, өтіп бара жатқан адамдарға және ұсталғандарға қатысты 200-ден астам адамның өліміне әкелген Қазақстанның арнайы агенттіктерінің қатыгез әрекеттерін тергеу бойынша халықаралық күш-жігерді қолдауға шақырды[24].

 

10 қазанда, Астана қаласы, Мұхажанов Дәулет қаңтар оқиғалары кезінде жараланғаннан кейін мүгедектер арбасына таңылған болатын, ол елордаға келіп, Бас прокуратураға арыз берді, онда ол екі талап қойған. «Бірінші: билік қаңтар айындағы оқиғалар кезінде маған оқ атып жарақаттаған, содан кейін мені ұрып-соғып, азаптаған адамдарды тапсын. Екінші: шетелде емделуге билік маған қаражат берсін», – деп хабарлады Мұхажанов[25].


10 қазан, Петропавл қаласы, қалалық сотта «Хабар 24» телеарнасы журналистерінің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы қылмыстық істі тыңдау басталды. СОО күзет қызметінің бастығы Сұлтан Сағандықовқа, ҚР ҚК 158-бабы бойынша, айып тағылды [26].

 

2022 жылғы 11 қазан, Көкшетау қаласы, 12 қазанда «Алға Қазақстан» партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетін қолдау үшін Астанаға бара жатқан кезінде Балташев Бауыржанды полиция қызметкерлері ұстады. Полиция қызметкерлері Балташев атыс қаруын заңсыз сақтап отыр деген болжамды анонимді қоңырауға сілтеме жасады[27].

 

11 қазан, Көкшетау қаласы, полиция қызметкерлері Жанұзақов Маратқа, Құдайбергенова Алмагүлге және Мұхамеджанов Қуатқа 12 қазанда сағат 10:00-де полиция басқармасына келуге шақыру қағаздарын тапсырды. Шақырудың себебі «№221166031000458 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу». Шын мәнінде, билік белсенділердің «Алға Қазақстан» партиясының бастамашыл тобының тізімдерін Әділет министрлігіне беруге қатысуына кедергі жасауға тырысуда [28].

 

11 қазан, Жаңаөзен қаласы, бір топ жаңаөзендіктер әкімдікке тіркелмеген ҚДП белсендісі Жұмағалиев Мұратбайға жасалған шабуылды адал тергеуді талап етіп келді. Олар қылмысты Жаңаөзен әкімі Қосуақов Айбек ұйымдастырғанына сенімді, шенеунік мұны жоққа шығарып отыр [29].

 

12 қазан, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының қызметкерлері өткен аптада соққыға жығылған Мұратбай Жұмағалиевті қолдау белгісі ретінде жұмысын тоқтатты. Олар белсендіні ұрып-соғу фактісі бойынша тергеуді бәсеңдетпеуді және кінәлілерді жазалауды талап етті [30].

 

12 қазан, Астана қаласы, белсенділер «Алға, Қазақстан» саяси партиясын тіркеу үшін Әділет министрлігіне құжаттарды тапсырды. Партия құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Қуанышалин Жасарал құжаттардың үшінші рет тапсырылғанын хабарлады. Әділет министрлігі табылған сәйкессіздіктерге сілтеме жасай отырып, қағаз-құжаттарды екі рет қайтарды [31].

 

12 қазан, Астана қаласы, Әділет министрлігі «Алға, Қазақстан» партиясын құру бойынша құжаттар топтамасын қайтадан қабылдау мүмкін еместігін хабарлады. Негіздемесі белгісіз [32].

 

12 қазан, Алматы қаласы, Ресей президенті В. Путиннің Астанаға сапарына наразылық ретінде Ресей консулдығының алдында акцияға шыққан 4 белсендіні полиция қызметкерлері ұстады. Акцияға қатысушылар Ресей консулдығының ғимаратына жетіп, өз талаптарын қоюға үлгермей қалды. Полицейлер оларға шабуыл жасап, жүк көлігіне итеріп кіргізді [33].

 

12 қазан, Алматы қаласы, Ресей консулдығы жанында белсенділер ұсталғаннан кейін 2 сағат өткеннен соң, басқа белсенділер Пушкин ескерткішіне жиналып, наразылық акциясын өткізді. «Бүгін біз Ресейдің Украинадағы соғысына және Путиннің келуіне және мемлекетіміздің Ресей соғысына қатысты ұстанымына наразылық ретінде шықтық», – деп мәлімдеді Жанар Секербаева [34].

 

12 қазан, Алматы облысы, журналист, «ND» YouTube-каналының авторы Мұхаметкәрім Думан, оның үйіне полицейлер келгенін хабарлады. Журналист әлеуметтік желілерде полицейлер келген сәттің видеосын жария етті. Полицейлердің оны үйден алып кетуге тырысып жатқанын кадрлардан көруге болады[35].Кейін, Мұхамедкәрім Думан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша, 25 қазанда өтетін Алматы қаласындағы митингке шақырғаны үшін, 15 тәулік қамауға алынды[36].

 

13 қазан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2022 жылғы 06-13 қазан аралығындағы жағдайына зерттеу жүргізді [37].

 

13 қазан, Ақтөбе қаласы, қаланың қылмыстық соты ҚР ҚК 269, 272, 380, 391-баптары бойынша қаңтар оқиғалары бойынша 18 адамға қатысты істерді қарауды бастады. 18 адамның арасында ең ауыр баптар бойынша («Жаппай тәртіпсіздіктер», «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») Исаев Нұрсұлтан айыпталуда[38].

 

13 қазан, Ақтөбе қаласы, Қаңтар оқиғалары бойынша бірінші отырыста мынадай бұзушылықтар анықталды: айыптау актісіне осы қылмыстық істі қарауға қатыспайтын мемлекеттік айыптаушы қол қойған; процесс орыс тілінде жүргізілген, алайда барлық сотталушылардың орыс тілін меңгерген болмауына байланысты, орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудармашы сотпен ұсынылмаған; айыптау актісінің орыс тілінен қазақ тілінеаудармасы дұрыс емес[39].

13 қазан, Тәшкент, Маңғыстау облысының «Аллаяр жолы-Ақтау» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің төрағасы- Оразбаев Ниетбайға мемлекетаралық іздестіруді жариялады. Қазақстан ІІМ Оразбаевты іздеуде жүрген адам ретінде өзінің іздеу жүйесіне енгізді[40].

 

13 қазан, Алматы қаласы, Жарылқасымов Рафик, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша  15 тәулікке  қамауға алынды, Фейсбукте Ресей президенті

 В. Путиннің 15 қазанда Қазақстанға келуіне қарсы митингке шақыру жариялағаны үшін [41].

 

13 қазан, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділер ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі 7-тармағы бойынша, Қызылордадағы БҚ-169/5 мекемесінде отырған Елшібаев Ержанның бас бостандығынан айыру мерзімін  8 жылға дейін ұзарту туралы үкімін заңсыз деп санайды. Бұл туралы олар Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюросында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді [42].

 

13 қазан, Алматы қаласы, өткен баспасөз мәслихатында тіркелмеген «ҚДП» белсенділері, алдағы президенттік сайлау қарсаңында оларға деген қысымның күшейіп жатқаны туралы мәлімдеді[43].


14 қазан, Алматы қаласы, Қаматаев Дінмұхамед, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша13 ақпандағы заңсыз Аза тұту митингісіне қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды, онда Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін гүл шоқтарын жүзден астам адам қойған болатын [44].

 

14 қазан, Талғар қаласы, журналист Мұхаммедкәрім Думан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша, 15 тәулікке қамауға алынды, «оның құқықтарының бұзылу себебіне байланысты» арнайы қабылдағышта аштық жариялады, – деп хабарлады, оның адвокаты Ғалым Нүрпейісов[45].

 

14 қазан, Алматы қаласы, Ильяшев Әлнұр Қ.Тоқаев президенттікке кандидат болып тіркелгеннен кейін Қазақстанның Жоғарғы сотына талап арыз берді. Жауапкер ретінде Орталық сайлау комиссиясын, мүдделі тұлғалар ретінде –Тоқаевты және оның әкімшілігін көрсеткен, Ильяшев оны «президенттің міндетін атқарушы» деп атаған[46].

 

14 қазан, Петропавл қаласы, «Еркіндік қанаты»  Қоғамдық қоры филиалының директоры Соловьев Евгений «сайлау процестері туралы әңгіме» үшін полициямен негізсіз ұсталды. Әңгіме қор, алдағы сайлауға дайындық және бақылаушылар туралы болды. 45 минуттан кейін белсенді босатылды. Полиция ұстау фактісін жоққа шығарып отыр [47].

 

14 қазан, Петропавл қаласы, «Еркіндік қанаты»  Қоғамдық қоры филиалының директоры Соловьев Евгений «сайлау процестері туралы әңгіме» үшін полициямен негізсіз ұсталды. Әңгіме қор, алдағы сайлауға дайындық және бақылаушылар туралы болды. 45 минуттан кейін белсенді босатылды. Полиция ұстау фактісін жоққа шығарып отыр[48].

14 қазан, Алматы қаласы, «Ел Медиа» редакциясының кеңсесіне шабуыл жасалды. «Бүгін таңертең редакция орналасқан кеңсе ғимаратының қызметкерлері алдыңғы есіктің сынған әйнегін және «ELMEDIA KZ.NEWS» тақтайшасын тауып алды» [49].

 

14 қазан, «Human Rights Watch» (HRW) Қазақстан билігін елімізде ұсталған Қарақалпақ диаспорасының 4 өкілін Өзбекстанға экстрадицияламауға шақырады. Өзбекстанда олар саяси астарлы қудалау мен азаптауға тап болуы мүмкін,- деп санайды «HRW». Ұйым Астанадан «қысқа мерзімде»

К.Төремұратовты, Ж. Жақсымбетовты, Р. Худайбергенованы және З. Мирманбетованы баспана правосын іздеушілер ретінде тіркеуді сұрайды[50].

 

14 қазан, ұсталған 4 белсендінің барлығы да Қазақстаннан баспана правосын беру туралы өтініш білдірген, деп атады«HRW»,Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроға сілтеме жасаумен. Белсенділерге мәртебесі заңнамада ресми түрде бекітілген «баспана правосын іздеуші адам»куәлігі берілгеннен кейін, оларды Өзбекстанға мәжбүрлі түрде қайтаруға келмейді[51].

 

17 қазан, Астана қаласы, Жоғарғы сотта, Ильяшев Альнурдың өтініші бойынша, Орталық сайлау комиссиясына қарсы әкімшілік істі қарау аяқталды. Судья Калашникова Ирина, алдағы президент сайлауында Президенттікке кандидат ретінде Президент Тоқаевты тіркеуді тоқтатуды талап еткен талапкердің өтінішіне,бас тарту туралы шешім шығарды[52].

 

17 қазан, Алматы қаласы, «Ел Медиа» редакциясының терезелерін қайтадан шағып кетті. Редакторлық Телеграмм каналына белгісіз бір «Андрей»деген былай деп жазды: «Қайырлы күн, сіз әлі көрмегенсіз ба, біз кеше тағы да әйнектерді сындырдық»және олар «тағы да бір керемет нәрсе жоспарлап отырмыз»,«біз бүгін де келеміз»деп үрейлендірді, – дейдібасылым[53].

 

18 қазан, Талғар қаласы, Мұхамедкәрім Думан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды, апелляциялық сот журналистің қамауға алу туралы шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Темір тордың арғы жағында отырған Мұхамедкәрім әріптестерімен кездесуді талап етті. Талабы орындалмады, содан кейін ол аштық жариялауды тоқтату туралы өтініш берді[54].

 

18 қазан, Алматы қаласы, байқаушылар ұйымдары алдағы науқанның мониторингіне дайындықты бастады. Олар мүмкіндігінше көп учаскелерді бақылауға алуға тырысады. Бірақ оларға қосылғысы келетіндер көп емес [55].

 

18 қазан, Талдықорған қаласы, қаңтар наразылықтары кезінде және одан кейін ұсталғандарды азаптаған полицейлерге қатысты сот процесі тоқтап қалды.Жәбірленушілер басқа полицейлерді де жауапқа тартуды талап етті. Сот 28 қазанға дейін үзіліс жариялады: осы уақыт ішінде сот тергеуіне қатысты шешім қабылдануы тиіс[56].

 

18 қазан, Ақтау қаласы, белгісіз біреу Нұрғазин Болаттың көлігінің артқы шынысын сындырды. Биліктен болған арандатушылық деп айтуға барлық негіз бар, өйткені бұған дейін Нұрғазин 24 қазанда бейбіт наразылық өткізуге хабарлама берген болатын. Бұл үшінші арандатушылық, бірінші рет көлігінің мемлекеттік нөмірі ұрланған болатын, ал екінші рет оның көлігінің төрт дөңгелегінің барлығын тесіп кеткен еді[57].

 

18 қазан, Астана қаласы, әкімдік Марат Жыланбаевқа 25 қазанда «Президенттік сайлаудың күшін жою. Барлық құрылған саяси партияларды тіркеңіз. Қаңтардағы оқиғаларға қатысты халықаралық тергеу. Барлық саяси тұтқындарды босатыңыз» тақырыптағы бейбіт қарсылық акциясын өткізуден бас тартты. Бұл күні алдынала келісілген іс-шараның өткізілетінібас тартуға  себеп болды[58].

18 қазан, Қазақстан желідегі еркіндік деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде 70 елдің ішінен 53-ші орынды иеленді және интернеті еркін емес елдер тобында қалып отыр. 2021 жылдан бастап ел бір баллдан айырылды,оны Freedom House халықаралық ұйымының елдердегі Интернет бостандығы туралы жыл сайынғы баяндамасының авторлары, басқалардың қатарында  ағымдағы жылдың қаңтар айының басында қалалардағы жаппай наразылықтар кезінде желіге кірудің ауқымды бұғаттауларымен түсіндіреді[59].

 


19 қазан, Талдықорған қаласы, белгіліжурналист Дүйсенова Сандуғаш көліктің түбінен SIM-картасы бар құрылғы тапты. Құрылғының көліктің артқы редукторына бекітілгендігін, техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері нақтылады[60].

 

19 қазан, Астана қаласы, Мәжілістің үш депутаты қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты қудаланушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдамай, дауыс беруден қалыс қалды. Олардың бірі адамдарды атып, азаптауға жүгінгендерді «жауапкершіліктен алыстатуға болмайды» деп мәлімдеді [61].

 

19 қазан, Көкшетау қаласы,қала әкімдігі«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 14-бабы 1-бөлігінің10-тармағына негіздеумен, белсенділер Негметов пен Мұхамеджановқа 25 қазанда бейбіт митинг өткізу құқығынан бас тартты[62].

 

19 қазан, Алматы облысы, Заречный кенті, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК 174-бабы, түрмеде отырған белсендіаштық жариялаудың 17-ші күні өзінің қайтыс болып кету жағдайына үкімін қолдаушыларына айтып қалдырды. Ол өз органдарын донор ретінде пайдалануға, денесін ғылыми мақсатта пайдалануға шешім берді. Молдалардың көмегінсіз, патриоттық әндерді қолданумен жерлеу рәсімін өткізуді қалайтынын айтты[63].

 

19 қазан, Жаңаөзен қаласы, Нұрбаев Келбет, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша, қала әкімі Қосуақов Айбектің мәлімдемесінен кейін белсендіні 20 тәулікке қамауға алуға қала соты қаулы етті, ол Нұрбаевтың «Фейсбукте оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер жазғанын» мәлімдеді.

 

19 қазан, Ақтөбе қаласы, өткен қаңтар оқиғалары туралы соттың кезекті отырысында «жәбірленуші» мәртебесін алған полиция мен өрт сөндірушілердің айғақтары тыңдалды. «Жәбірленушілер» деп аталған полицейлер сотталушыларды анықтамайтындықтарын мәлімдеді[64].

 

19 қазан, Астана қаласы, «Кем дегенде полицияның бір қызметкері қаңтардағы оқиғаларға қатысушыларға билік жариялаған біржолғы рақымшылыққа ұшырауы мүмкін, ол ҚР ҚК-нің 432-бабы «қылмысты жасыру» бойыншаөтеді. Барлығы 49 полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды, 29 адам азаптау туралы істер бойынша ұсталды,17-сі полиция өкілдері, 12-і ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Әсет Шындалиев[65].

 

20 қазан, Шымкент қаласы, әкімдік Мұратбаева Гүлжанға 2022 жылғы 24 қазанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Наразылық тақырыбы: «Президенттік сайлаудың күшін жою. Барлық құрылған саяси партияларды тіркеңіз. Қаңтардағы оқиғаларға қатысты халықаралық тергеу. Барлық саяси тұтқындарды босатыңыз». Бас тартудың себебі: бейбіт жиналыстың ережесі көрсетілмеген[66].

 


20 қазан, Алматы қаласы, әкімдік Иманғалиева Бибігүлге 25 қазанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Наразылық тақырыбы: «Президенттік сайлаудың күшін жою. Барлық құрылған саяси партияларды тіркеңіз. Қаңтардағы оқиғаларға қатысты халықаралық тергеу. Барлық саяси тұтқындарды босатыңыз». Бас тартудың себебі: бейбіт жиналыстар өтетін орын сол күні басқадай іс-шаралармен қамтылған[67].

 

20 қазан, Орал қаласы, әкімдік Өтебаев Бекболатқа 2022 жылдың 24, 25, 27, 28 қазанында және 20 қарашада бейбіт митинг пен жеке пикет өткізуден бірден бес хабарламаға бас тартты. Бас тартудың себебі: осы күндері бейбіт жиналыстар өтетін орын басқадай іс-шаралармен қамтылған, сондай-ақ «ұсынылған құжаттардыңанық болмауы» анықталған [68].

 

 

20 қазан, Алматы қаласы, «Құқық қорғау ұйымдарының альянсы тарих үшін Қаңтар2022-і құжаттамалаумен айналысады. Егер сіз зардап шеккен болсаңыз немесе осы оқиғалардың куәгері болсаңыз, онда бізге хабарласыңыз, біз сіздің айғақтарыңызды жазып, болашақ ұрпаққа сақтаймыз, сонда нақты не болғанын олар білу үшін. Вотсап, телеграмм, жеделхаттар арқылы хабарласыңыз! Менің телефоным көрсетілген +77018004495», – деп хабарлады құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина[69].

 

20 қазан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан Қарақалпақ белсенділерінің ұсталуына байланысты Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен Әсімова Эльвираға өтініш білдірді. «Біз сізге еліміздің бас құқық қорғаушысы ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан баспана правосын беру туралы өтініш білдірген 4 Қарақалпақ белсендісін қудалау бойынша өз ұстанымдарыңызды жария етуіңізді және Сіздің мандатыңызға сәйкес, оларға медициналық және заңды қолдау қажет па, соны білу үшін оларға дереу баруыңыздысұраймыз»[70].



20 қазан, Астана қаласы, Қазақстан СІМ министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда төрт Қарақалпақ белсендісінің ұсталуына түсініктеме бере отырып, «бірінші кезекте»Астана оларды Өзбекстан азаматтары ретінде қарастыратынын мәлімдеді [71].

 

20 қазан, Астана қаласы, Шетелдік істер министрі Мұхтар Тілеуберді Астана Қаңтар оқиғаларын тергеуге халықаралық сарапшыларды тартудың қажеттілігін көрмейтінін мәлімдеді. Тлеуберди бұл туралы АҚШ-тың төрт сенаторының Джо Байден әкімшілігіне жақында жасаған үндеуі туралы сұраққа жауап беру барысында мәлімдеді[72].

 

20 қазан, қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдарының тобы АҚШ, Ұлыбританияны, Еуроодақты және Канаданы, 2022 жылдың қаңтар айының басында жаппай наразылықтар кезінде 200-ден астам адамның қаза тапқаны туралы тәуелсіз халықаралық тергеуді және ұсталғандарды азаптау туралы көптеген куәліктерді қамтамасыз ету үшін, Астанаға қысым көрсетуге шақырды [73].

 

20 қазан, Семей қаласы, тергеу изоляторы, Ринат Әлиев, ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі, Еуропалық Одақ депутаттарына, АҚШ сенаторларына және барлық құқық қорғаушыларға халықаралық тергеуді бастау туралы өтінішпен жүгінді,өйткені қаңтар айындағы қанды оқиғалар кезінде оған қарсы басталған іс толығымен ойдан құрастырылған деп санайды. 10 айға жуық түрмеде отыр және құқық бұзушылықтар туралы берген көптеген шағымдары нәтижесіз[74].

 

20 қазан, Талдықорған қаласы, облыстық сот Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты, ұсталғандарға қатысты темірмен азаптады деп айыпталған, полиция қызметкері Кенжебаев Айдынға бұлтартпау шарасын үй қамақтан қамауға алуға өзгерту туралы шешім қабылдады,- деп хабарлады адвокат А. Түсіпова [75].

 

20 қазан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2022 жылғы 13-20 қазан аралығындағы жағдайына зерттеу жүргізді[76].

 

21 қазан, Алматы қаласы, Тлеужанова Әйгерім, ҚР ҚК 255-бабының 4-бөлігі, Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасау туралы іс бойынша тергеу белсендіні куәгерлерден күдіктілерге ауыстырды. Ол, ҚР ҚК 272-бабы «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» бойынша, күдікке ілінген[77].

 

21 қазан, Алматы қаласы, саясаттанушы Әлжанов Димаш полиция қызметкерінің оған қоңырау шалғаны туралы хабарлады. «Бүгін маған Әуезов ауданының учаскелік полиция бөлімшесінен Серікпаев қоңырау шалып, Петропавлдан келген Ғалымжан деген біреудің маған қарсы алауыздық туғызу туралы арыз жазғанын хабарлады»./ Ол биліктің бұл қысымын, алдағы мерзімінен бұрын өтетін, президенттік сайлаумен байланыстырады[78].


21 қазан, Түркістан облысы, ? Мұрат Байдәулетовке қатысты сот отырысы, ҚР ҚК 405-бабы,«ҚДТ» және «Көше партиясы» қызметтеріне қатысқаны үшін. Соттан прокурор белсендінің бостандығын 1 жылға шектеуді және қоғамдық жұмыстарға 3 жылға тыйым салуды сұрады. Билікті сынаған Facebook-тегі тікелей эфирдің жазбасының болуы, айыптаудың басты себебі болды[79].

 

21 қазан, Ақтау қаласы,қала әкімдігі белсенді Нұрғазин Болатқа 25 қазанда бейбіт митинг өткізу құқығынан бас тартты. Митинг өткізуге жасалған хабарламаның қате жазылуы -бас тартудың себебі [80]

 

21 қазан, Қостанай қаласы, әкімдік белсендіСаид-Ахметке   25 қазанда бейбіт митинг өткізу құқығынан бас тартты. Бас тартудың себебі «Бейбіт жиналысты ұйымдастыру туралы»заңның 10-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қате жіберілген хабарлама, атап айтқанда хабарламаны митинг басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберудің қажеттігі[81].

 

22 қазан, Алматы қаласы, Искакова Бақыт, Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты ұсталған, қамаудағы зорлық туралы мәлімдеме жасаған – Мусин Адлеттің анасы қалалық прокуратура ғимаратының жанында жеке пикет өткізді. Ол ұлын изолятордан босатуды және изолятордағы қорлау/ мазақ етутуралы шағым бойынша әділ тергеу жүргізуді талап етті [82].

 

22 қазан, Алматы қаласы, «Бас прокуратура жалған ақпарлар, жалған ақпараттар және басқа да сөздік бұзақылықтартуралы оншақты ескерту жасады. Журналистерді, тұтқындалғандарды, ұрып-соғылғандарды немесе қорқытылғандарды қорғау үшін бірде ескерту жасалмады», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Тамара Калеева[83].

 

22 қазан, Алматы қаласы, #Qantar2022, 4 жасар Мелдехан Айкоркемді өлтіру ісіПолиция департаментінен Әскери тергеу басқармасына қайта жіберілді. 8 ай өткенен кейін тергеу гильзаның әскери қызметкердің қаруынан атылған оқтан екендігін  анықтады. Бірақ, өлтірілген баланың әкесі оның аты-жөнін, тегінжариялап айтпайды, өйткені мұндай ақпаратты жариялауға ол құқылы емес[84].

22 қазан, Алматы қаласы,өз үйінің балконына Мамайдың суреті салынған плакат іліп қойған, Мамай Жанболаттың жақтаушысының үйінеполиция келді. Полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес (қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзу) плакатты жинап алуды сұрады[85].

 

23 қазан, Астана қаласы,Бас прокуратура алдағы күндері «заңсыз митингілерге» шықпау туралы ескерту жасады және«әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 24 және 25 қазандағы митингілерге келуге шақырған кейбір «арандатушылықтар» туралы хабарлады», – деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев[86].

 

24 қазан, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, ҚР ҚК 378 бабы, 274-бабының 4-бөлігі, 272-бабының1-бөлігі бойынша «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды» деген айыптау ҚР ҚК 400-бабы бойынша «бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды» деген айыптауға қайта топшаланған[87].

 

24 қазан, Қостанай қаласы, қала әкімдігі белсенділердің 15, 16 және 22 қазанда бейбіт наразылықтар өткізуге берген хабарламасынан  бас тартты. Наразылық тақырыбы: «Президенттік сайлаудың күшін жою. Барлық құрылған саяси партияларды тіркеңіз. Барлық саяси тұтқындарды босатыңыз.» Бас тартудың себебі: берілген хабарламалар заң талаптарына «сәйкес келмейді»[88].

 

25 қазан, Қазақстан Сенатында Қанды қаңтарға қатысушыларды ауырлығы аз және ауырлығы орташа қылмыстық теріс қылықтары үшін босатуды көздейтін заң жобасы қаралады. Сонымен қатар, рақымшылыққа түспейтіндер: азаптау жасаған адамдар, террористер, экстремистер, рецидивистер және тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар[89].

 

25 қазан, ЕО Президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға сапары қарсаңында 4 адам құқықтарын қорғау ұйымдары оған хат жолдады, онда адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді көтеруге шақырды және ЕО өңір елдерімен қарым-қатынасты одан әрі тереңдету үшін адам құқықтарына қатысты елеулі прогресс күтетіндерін айтты[90].

 

25 қазан, Астана қаласы, болжамды митинг орнының аумағы металл қоршаулармен қоршалған, жақын маңда полиция көліктері мен қараңғыланған әйнектері бар автобустар жүрді. Негізгі кіреберісте қарапайым киім киген адамдар болды, әр 50 метр сайын полиция қызметкерлері тұрды [91].

 

25 қазан, Астана қаласы, болжамды митинг өтетін жерге барар жолда азаматтық белсенділер Тамабаева Ғалия мен Жанбаева Венера ұсталды [92].  

I және II топтағы мүгедектер мен азаматтық белсенділер Бекішев Ермек пен Садуов Азаматты құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен митинг орнына жетпей заңсыз ұсталды [93].

Сондай-ақ, Мұсабаев Марат пен Төлеухан Руслан да өрескел ұсталды[94]. ЖҚАЖ қызметкерлері Ұлболсын Тұрдиеваны ұстап алып, «Байқоңыр» ауданының полиция бөлімшесіне алып кетті [95].

 

25 қазан, Астана қаласы, болжамды митинг күні, күндізгі сағат 11-де үйінің жанында Мереке Нұғманов ұсталды, 5 сағат Сарыарқа ауданының 67 полиция бөлімшесінде ұстап отырды, содан кейін босатылды[96].

 

25 қазан, Қарағанды қаласы, Рахимов Ғалым, 25 қазанда облыстық әкімдік ғимаратының алдында бейбіт митинг өткізуге хабарлама берді. Жергілікті билік оған митинг өткізуден бас тартты. Бас тарту себебі митинг өткізуге қате жасалған хабарлама [97].

25 қазан, Алматы қаласы, болжамды митинг күні «Республика» алаңы полицейлермен және арнайы көліктермен қоршалған. Таңертеңнен бастап орталық көшелерде полиция көліктері мен шағын автобустар болды. Сондай-ақ Төле би көшесіндегі «Астана» алаңы қоршауға алынды, Орталық әмбебап дүкенмаңындағы Арбатта ішінде полицейлербар  автобус байқалды[98].

 

25 қазан, Алматы қаласы, болжамды митинг күні «Тәуелсіз бақылаушылар» бірлестігінің төрағасы Назарова Арайлымның полицияға жеткізілгені туралы хабарланды, кейін ол босатылды[99].

 

25 қазан, Алматы қаласы, болжамды митинг күні билік Мубараков Айдарды көлікте ұстады. Оның телефонынтартып алды[100].Белсенді Табылдиева Назым дөрекі түрде ұсталды. Полиция қызметкерлері оның артынан шабуыл жасап, телефонын тартып алды[101]. Блогер Сыздыков Айдарұсталды[102].

 

25 қазан, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құрманов Ембергендіні учаскелік инспектор ұстап алып, оны Ақсу қалалық полиция басқармасына, оның үйінің жанындағы шу жөнінде сауалдар қоюға алып келді. Біраз уақыттан кейін Құрманов босатылды[103].

 

26 қазан, «Еуродепутаттар Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайын «мұқият қадағалап» отыр және ел билігінің демократиялық реформаларды жүзеге асыруын күтуде», – деп мәлімдеді  Еуропарламент кіші комитетінің отырысында Австрия халық партиясының мүшесі Кристиан Сагарц[104].

 

26 қазан, Еуропа және Орталық Азия бөліміндегі «Human Rights Watch» қоғамдық кампания жетекшісі Филипп Дам Қаңтар оқиғалары кезінде бейбіт азаматтарды ату және ұсталғандарды азаптау жағдайларына Астана объективті және ашық тергеу жүргізбегенін хабарлады [105].

 

25 қазан, Тараз қаласы, Қанатов Нұрлан сағат 22:00-де оған және оның отбасына, жарылғыш заттарды пайдаланып, шабуыл жасалғанын хабарлады. Қатты жарылыс болды және үйінің жанында тұрақта тұрған көлігі өртеніп кетті. Ол мұны азаматтық белсенділігімен байланыстырады [106].

 

 

26 қазан, Астана қаласы, «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері 2022 жылы партияны тіркеу үшін Әділет министрлігіне бастамашыл топтың тізімін төртінші рет берді [107].

 

27 қазанда Әділет министрлігіне «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын тіркеудің бастамашыл тобы тағы да құжат тапсырды. Министрлік бұдан бір күн бұрын «Саяси партиялар туралы» заңға сәйкес келмейді» деп мәлімдеп, құжаттарды тағы  қайтарған болатын, бірақ нақты ненің «сәйкес келмейтінін» түсіндірмеген[108].

 

27 қазан, Астана қаласы, «Алға Қазақстан» партиясын тіркеу жөніндегі бастамашыл топтың белсенділері қазір Астанада ресми сапармен жүрген Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишельге бейне үндеу жасап, одан партияны тіркеуге көмектесуін сұрады[109].

 

27 қазан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2022 жылғы 20-27 қазан аралығындағы жағдайына зерттеу жүргізді[110].

 

27 қазан, Астана қаласы, Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельдің елордаға сапары кезінде «Азаттық» радиосының Астанадағы кеңсесіне полиция қызметкері келді. Ол Ақорданың президенттік резиденциясынан шыққан шетелдік шенеуніктің кортежінің бейнесін жоюды талап етті[111].

 

27 қазан,  Астана қаласы, Бас прокуратура азаптаудан қаза тапқан үш адамға қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. «Азаптау салдарынан 6 адам қайтыс болды. Қазір 3 адамның қазасы бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Қазір күдіктілер материалдармен танысуда», – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев[112].

 

27 қазан, Қазақстан Парламенті Қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Қорғаныс мақсатында және байқаусызда адам өлтірді деп айып тағылғандардыңнауқанға түсуі мүмкін. Туыстарын жерлеген адамдар, билік қауіпсіздік күштерін жазадан алыстатуға тырысып отыр деп санайды[113].

 

27 қазан, Петропавл қаласы, қалалық сотта «Хабар 24» телеарнасы журналистерінің кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы істі қарау жалғасты. ҚР ҚК 158-бабы бойынша айыптау,«Достық молл» ССО күзет бастығы Сұлтан Сағандықовқа тағылды[114].

 

27 қазан, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Қазиев Еркін, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы, 405-бабы бойынша, биліктен жасырынған белсендіні полиция қызметкерлері ұстады. Ол, ЛА-155/72 мекемесіне жіберілді [115].

 

27 қазан, Алматы қаласы, «парламент рақымшылық жасау туралы заң қабылдады және сенатор В.Волков қаңтар айындағы оқиғалар бойынша 1112 адам сотталғанын, оның ішінде 128 адамға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты үкімдер шығарылғанын хабарлады. Біз 75 адамды таптық және олардың аты-жөнін ақпараттау үшін жариялаймыз. Олардың туыс-жақындарының көбі үкіммен келіспейді», – деді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина[116].

 

28 қазан, Алматы қаласы, ЛА-155/18 мекемесі, Мамай Жанболат, ҚР ҚК 378, 274, 400-баптары, қылмыстық іс Бостандық аудандық сотына берілді,- деп хабарлады оның адвокаты Жанара Балғабаева[117].


28 қазан, Алматы облысы, Әйтей кенті, Қаңтар оқиғаларының қатысушысы Самат Нұрмұханов қамауда қатыгез азаптаудан аман қалып, ауыр жағдайда «азапталғаннан да, өлген жақсы» деп мәлімдеді.Оның тегін ем алу үшін медициналық сақтандыруы жоқ, ал жеке клиникаларға баруға  қаражаты жоқ

[118].

 

28 қазан, Орал қаласы, Өтебаев Бекболат қала әкімдігінің жанындағы Орталық алаңға шықты. Ол саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды түрмелерден босатуға, Қазақстанда саяси реформалар жүргізуге шақырып, диктатор деп санайтын Қазақстанның экс-президенті Назарбаевтың атына сын айтқан постерін ашты [119].

 

28 Қазан, Алматы облысы, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК 174-бабы, ҚАЖК оның бұрын жариялаған аштық жариялау жағдайына көңіл бөле бастады. «Медициналық персонал ұсыным жасаған жағдайда сотталған адамға ағзаның тыныс — тіршілігін одан әрі қамтамасыз ету үшін парентеральды немесе көктамырішілік тамақтану қолданылуы мүмкін», – деп мәлімдеді ҚАЖК[120].

 

30 қазан, Бішкек қаласы, «Жексебаев Асхат пен Баймағамбетова Диана ұсталды, 2 айға қамауға алынды. Олар қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтті», – деді адвокат Зарифа Барузова [121].

 

31 қазан, Астана қаласы, Қазақстанның Жоғарғы соты екі азаматтық белсендінің Орталық сайлау комиссиясына қарсы арызын қабылдаудан бас тартты, Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін алдағы Президентті мерзімінен бұрын сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттарды тіркеуден бас тартқан болатын. Азаматтық белсенділер – Фабрый Антон мен Жұмағұлов Омар сотқа жүгінді [122].

 

31 қазан, Тараз қаласы, Шыңғысбеков Бақытжан, марқұм болған 18 жасар Қуатбаев Нұрсұлтанның әкесі Еуропарламент депутаттарына, АҚШ Мемлекеттік департаментіне, Еуроодақ, Ұлыбритания, Канада үкіметтеріне, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЕКПА-ға Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына тәуелсіз халықаралық тергеу ұйымдастыруға үндеу жолдайды[123].

 

31 қазан, Астана қаласы, Закирова Сановар, елорда әкімдігіне 11 қарашада сағат 12-00-ден 14-00-ге дейін, Мәңгілік ел,8 көшесінде бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама берді. Тақырыбы: «Қазақстан Президенті Қ .К. Тоқаевты ГААГА трибуналына тарту туралы менің пікір білдіру құқығымды іске асыру,өйткені митингіге қатысушыларға, қарусыз адамдарға ескертусіз ату туралы бұйрықты заңсыз деп санаймын»[124].


31 қазан, Семей қаласы, Түгелбаев Мұхит,ҚР ҚК 272-бабы 2, 3-бөліктері5 қаңтардағы «жаппай тәртіпсіздіктер». Түгелбаев кінәсін жоққа шығарады және  әкімдік ғимаратын талқандаудан қорғауға тырысқанын атап айтады[125].

 

 

31 қазан, Алматы облысы, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК 174-бабы. Аштық жариялаудың 29-шы күні қоғам қайраткерлері мен журналистер саяси тұтқынға барды. Қоғам қайраткерлері одан аштық жариялауды тоқтатуды сұрады. Ол 20 қарашадағы президенттік сайлау күніне дейін аштық жариялауды жалғастыратынын айтты[126].

 

31 қазан, Алматы қаласы, Дархан Валиев, ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған былайхабарлады: «маған қатысты азаптау бойынша қылмыстық іс қоқыс жәшігіне тасталды. Мені 10.01.2022 ж. соққыға жыққан адамдар полиция департаментінің ғимаратында лауазымдарымен де қызметтерімен де жоғарылады»[127].

 

 

[1]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02YfW7S97kQqMrwBbB71nbmHaqRepctwcpMeTWGJTASycR5cd4J4nczt5cQ76ovw1yl

[2]https://rus.azattyq.org/a/32064219.html

[3]https://rus.azattyq.org/a/32068052.html

[4]https://kaztag.kz/ru/news/akim-akmolinskoy-oblasti-podal-isk-na-kommentatora-v-sotssetyakh-4-10-22

[5]https://orda.kz/eshhe-odnu-karakalpakskuyu-aktivistku-zaderzhali-v-almaty/

[6]https://www.youtube.com/watch?v=8ONJAsmfG3w

[7]https://rus.azattyq.org/a/32064779.html

[8]https://kaztag.kz/ru/news/svinuyu-golovu-s-porvannym-foto-glavreda-v-pasti-prislali-redaktsii-ordy-v-almaty

[9]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02yA7aUyJcEtUTMHbHiu4U8hn2tnZmg8raasGb4AMzAfgHVZtJw6ndkTNqH1oEU8qdl&id=100076779432757

[10]https://rus.azattyq.org/a/32066572.html

[11]https://www.youtube.com/watch?v=fS5PH-AizQ8&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[12]https://kaztag.kz/ru/news/svinuyu-golovu-s-porvannym-foto-glavreda-v-pasti-prislali-redaktsii-ordy-v-almaty

[13]https://informburo.kz/novosti/genprokuratura-o-pytkax-v-kazaxstane-sledovateli-prikryvayut-kolleg-i-skryvayut-dokazatelstva

[14]https://rus.azattyq.org/a/32067707.html

[15]https://rus.azattyq.org/a/32069324.html

[16]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3772

[17]https://rus.azattyq.org/a/32068562.html

[18]https://rus.azattyq.org/a/32069864.html

[19]https://tobolinfo.kz/dias-nurmagambetov-osuzhdennyj-po-janvarskomu-delu-uslovno-dosrochno-osvobozhden-ot-otbyvanija-nakazanija/

[20]https://rus.azattyq.org/a/32069919.html

[21]https://rus.azattyq.org/a/32069882.html

[22]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02JcMvE5FdwZj3ivTsZP1zM6WNkPp2QPdZAwNWK8RQrvXaavgqPLt3XJMhHj5kuLYml

[23]https://rus.azattyq.org/a/32071122.html

[24]https://www.foreign.senate.gov/press/dem/release/menendez-cardin-durbin-brown-call-for-review-of-us-security-assistance-to-kazakhstan?fbclid=IwAR0d3tHxEVmkCmgGqRv4WP_rGNh6iDnqQHomP3vvV8tQxipGm4ak5LwHhFo

[25]https://rus.azattyq.org/a/32073853.html

[26]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3773

[27]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3388608751458384/

[28]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3387934558192470/

[29]https://www.youtube.com/watch?v=D90BpYI9CvA

[30]https://rus.azattyq.org/a/32076844.html

[31]https://rus.azattyq.org/a/32079219.html

[32]https://www.youtube.com/watch?v=LvcNFNJiDrI

[33]https://rus.azattyq.org/a/32076680.html

[34]https://rus.azattyq.org/a/32077027.html

[35]https://rus.azattyq.org/a/32078081.html

[36]https://rus.azattyq.org/a/32079462.html

[37]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3784

[38]https://rus.azattyq.org/a/32080831.html

[39]https://bureau.kz/novosti/smotrite-nas-v-fejsbuke/?fbclid=IwAR3ihp8lrP2Q08QvpIzFuukfmDiu0tOq-Rly9g3oneovh7zptuIP0Xnlm98

[40]https://rus.azattyq.org/a/32080885.html

[41]https://rus.azattyq.org/a/32080368.html

[42]https://rus.azattyq.org/a/32080950.html

[43]https://vlast.kz/novosti/52120-aktivisty-dempartii-zaavili-ob-usilenii-davlenia-na-nih-pered-prezidentskimi-vyborami.html?fbclid=IwAR1A1DIOPB7_59WOhDv-ILTmSJpA8ZYf4yFO223PICeRso46oZ7Vv2oA8g4

[44]https://rus.azattyq.org/a/32083879.html

[45]https://rus.azattyq.org/a/32083400.html

[46]https://rus.azattyq.org/a/32082179.html

[47]https://rus.azattyq.org/a/32082179.html

[48]https://kaztag.kz/ru/news/politsiya-otritsaet-zaderzhanie-aktivista-v-petropavlovske

[49]https://kaztag.kz/ru/news/napadenie-na-ofis-redaktsii-elmedia-soversheno-v-almaty

[50]https://rus.azattyq.org/a/32084655.html

[51]https://rus.azattyq.org/a/32084655.html

[52]https://rus.azattyq.org/a/32088290.html

[53]https://kaztag.kz/ru/news/redaktsii-elmedia-snova-vybili-okna-s-ugrozami-ot-neizvestnykh-lyudey

[54]https://www.youtube.com/watch?v=TKJfVlNLMk4&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[55]https://www.youtube.com/watch?v=TKJfVlNLMk4&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[56]https://bureau.kz/novosti/na-pereputie/

[57]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3393990067586919/

[58]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3394107760908483/

[59]https://rus.azattyq.org/a/32090082.html

[60]https://kaztag.kz/ru/news/ustroystvo-s-sim-kartoy-nashla-pod-dnishchem-avto-izvestnyy-zhurnalist-sandugash-duysenova

[61]https://www.youtube.com/watch?v=3c1yoYkWDxc&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[62]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3396601790659080/

[63]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-narymbai-letter-18-th-day-hunger-protest-almaty-region/32092494.html

[64]https://rus.azattyq.org/a/32091707.html

[65]https://rus.azattyq.org/a/32091143.html

[66]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3396036460715613/

[67]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3395920767393849/

[68]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3395759310743328/

[69]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02A1phpBqsgneJMD8aAjeLgiGx1Mx8zRfvUWQGxrtecvQi5QLLUjg4VQ3De9gyJSmul

[70]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0XRm8Y9b6YAYNgvewyxMzwtvWbCUexKfQNYtz7VEFjjAKL7fVzqpgTmXnSxf2V6HAl

[71]https://rus.azattyq.org/a/32092591.html

[72]https://rus.azattyq.org/a/32092591.html

[73]https://rus.azattyq.org/a/32092542.html

[74]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02fpQBQn9a5fgT2JurnL8okSSNnnkRXbeKrnExFoRFoPq9aR2hGyJsEhGAN8ddHqhRl

[75]https://rus.azattyq.org/a/32094201.html

[76]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3791

[77]https://rus.azattyq.org/a/32095794.html

[78]https://rus.azattyq.org/a/32095103.html

[79]https://rus.azattyq.org/a/32094148.html

[80]https://www.facebook.com/photo?fbid=5870860542953103&set=pcb.3396601790659080

[81]https://www.facebook.com/photo?fbid=5870860699619754&set=pcb.3396601790659080

[82]https://rus.azattyq.org/a/32095960.html

[83]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3792

[84]https://orda.kz/chernovik-7/

[85]https://orda.kz/plakat-s-izobrazheniem-zhanbolata-mamaya-poprosila-snyat-policziya/

[86]https://rus.azattyq.org/a/32096764.html

[87]https://rus.azattyq.org/a/32101476.html

[88]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3399466693705923/

[89]https://orda.kz/yanvarskie-sobytiya-v-senate-rk-rassmotryat-zakon-ob-amnistii/

[90]https://www.iphronline.org/tsentralnaya-aziya-pravozashhitniki-prizyvayut-vysokopostavlennogo-chinovnika-es-podnyat-vo-vremya-vizita-klyuchevye-voprosy-po-pravam-cheloveka.html

[91]https://rus.azattyq.org/a/32099539.html

[92]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400126776973248/

[93]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3402187750100484/

[94]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400128436973082/

[95]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3401348006851125/

[96]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400341583618434/

[97]https://rus.azattyq.org/a/32100284.html

[98]https://rus.azattyq.org/a/32099539.html

[99]https://kaztag.kz/ru/news/soobshchaetsya-o-dostavlenii-nablyudatelya-za-vyborami-araylym-nazarovoy-v-politsiyu

[100]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400147253637867/

[101]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400131536972772/

[102]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400137243638868/

[103]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400534290265830/

[104]https://rus.azattyq.org/a/32101892.html

[105]https://rus.azattyq.org/a/32101892.html

[106]https://www.facebook.com/kanatov.nurlan/posts/pfbid0UpHndhFPmR2qepYwcFS1vTYKTgMhaVHyCeki4LDFnJNZuFWL13mo9cd8HC541AMTl

[107]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3400999496885976/

[108]https://rus.azattyq.org/a/32103872.html

[109]https://rus.azattyq.org/a/32103872.html

[110]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3796

[111]https://rus.azattyq.org/a/32103769.html

[112]https://rus.azattyq.org/a/32102862.html

[113]https://www.youtube.com/watch?v=Bfmc0rQWgtA&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[114]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3793

[115]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3402718146714111/

[116]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid025Pc98KLCKyJWVpZfmzxbbRsuz1MoAU8j1LRyjvhwmBkxNbZ2STWuLU52puh9QdCTl

[117]https://rus.azattyq.org/a/32105320.html

[118]https://www.youtube.com/watch?v=q3LWwPkksF0&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[119]https://rus.azattyq.org/a/32105612.html

[120]https://rus.azattyq.org/a/32105420.html

[121]https://rus.azattyq.org/a/32110314.html

[122]https://rus.azattyq.org/a/32108570.html

[123]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3405024323150160/

[124]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0q36mBZBiZhVydAsSTQAvjEPn2GshgtXWe6S4d9a4FqKe7Ro88MHLBiq43w12cewPl&id=100013352235450

[125]https://rus.azattyq.org/a/32109149.html

[126]https://rus.azattyq.org/a/32108924.html

[127]https://www.facebook.com/photo?fbid=1058958634846417&set=a.1044294766312804

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.