Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Брюссельде бірқатар кездесулер өткізді

Кездесулер барысында Омбудсмен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы мен Еуропарламенттің тиісті құрылымдары арасында тығыз жұмыс байланысын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Олардың қатарында Сыртқы істер комитеті, Адам құқықтары жөніндегі кіші комитет, Орталық Азия және Моңғолиямен байланыстар жөніндегі делегация, сондай-ақ Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі және Еуропалық омбудсмен бар.
Сонымен бірге, барлық қатысушылар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе, Қазақстан азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты қызметін жоғары бағалады.
Олар 2022-2023 жылдары жазда ЕП Сыртқы істер комитеті мен Адам құқықтары жөніндегі кіші комитет делегацияларының Қазақстан Республикасына сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Омбудсмені кеңсесімен одан әрі ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Омбудсмен жұмысының үлкен бөлігі халықаралық қызметпен байланысты. Бұған Қазақстан азаматтарының шет елдердегі құқықтарын қорғауға, сондай-ақ біздің елімізде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған омбудсмендермен, басқа мемлекеттердің өкілдіктерімен және мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық кіреді.
Жыл басынан бері шет мемлекеттердің елшілерімен және өкілдерімен, халықаралық ұйымдармен, басқа мемлекеттердің омбудсмендерімен, халықаралық ҮЕҰ өкілдерімен, соның ішінде «Amnesty International», «Freedom Now», «Human Rights Watch» «International Republican Institute», «National Democratic Institute», «Penal Reform International», «Solidarity Center», «World Justice Project» ұйымдарымен тиімді байланыстар орнады.
Сонымен қатар, 7 елге – Бельгия, Италия, АҚШ, Таиланд, Түркия, Франция, Швейцарияға жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.
 
 

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл / Уполномоченный по правам человека в РК

 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
.