Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алматыда Жанболат Мамай мен Дәурен Достияров әкімшілік қамауға алынды

26 ақпанға қараған түні Алматы соты «Демократиялық партия» құрғысы келетін бастама топ жетекшісі Жанболат Мамай мен белсенді Дәурен Достиярды әкімшілік қамауға жіберді. Бұл жөнінде Жанболат Мамайдың әйелі, белсенді Инга Иманбай хабарлады.

«Жанболат Мамайды 13 ақпан күні Қаңтар құрбандарына арналған қаралы митинг үшін 15 тәулікке қамады. Дәурен Достияр 5 тәулікке қамалды» деп жазды Инга Иманбай Facebook парақшасында.

Ақпаратқа қарағанда, Жанболат Мамайға – «бейбіт жиын тәртібін бұзу», (488-бап, 7-бөлім), ал Дәурен Достияровқа «полицияның заңды талабына бағынбау» бабы бойынша айып тағылған. Әкімшілік істер 13 ақпан күні Алматыда өткен митингімен байланысты.

Жұма күні сәл ертерек Инга Иманбай өзі, күйеуі және Дәурен Достияров отырған көлікті полицияның тоқтатып, өздерін күшпен полиция бөлімшесіне алып кеткенін хабарлаған еді. Инга Иманбайдың жазуынша, полиция арнайы техника шақырып, оларды көліктерімен сүйреп, бөлімшеге жеткізген. Артынша сот болған.

"Демократиялық партия" құрғысы келетін бастама топ жетекшісі Жанболат Мамай (ортада) мен белсенді Дәурен Достияр (оң жақта). Мамыр айы, 2021 жыл.

Азаттык радиосы

https://www.azattyq.org/a/31724340.html?fbclid=IwAR0ePi0qwXGtgfjpDHw9Gs8KhZWYHO5iV9OaXr14Y2oGOhQVmFWLfr8Il0E

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мамай ЖанболатБольше записей в Мамай Жанболат »
.