Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

“Адам құқығы бойынша электронды кітапхана” тұсаукесерін жасады

 
Бүгін КМБПЧ директоры Евгений Жовтис Қазақстанда ғана емес, әлемде аналогы жоқ “Адам құқығы бойынша электронды кітапхана” тұсаукесерін жасады. Біздің кітапханаға екі сілтеме арқылы кіруге болады. https://hrlib.kz/ сілтемесі бойынша 200 000 (екі жүз мың!) ағылшын және орыс тіліндегі әлемдік деңгейдегі адам құқығы бойынша құжаттар жинақталған.
Ал https://library.mindet.kz/kz сілтемесі бойынша 100 000 (жүз мың!) тарихи “Жеті жарғыдан” бастап, отандық заңдар мен Қазақстанның адам құқығы бойынша халықаралық міндеттемелеріне қатысты құжаттар жинақталған.
Бұл шынымен қыруар еңбек! Адам құқығына қатысты 300 000 (үш жүз мың!) құжатты бір жерге жинау, осындай теңдесіз кітапхана жасау бұрын соңды болмаған. Сондықтан, осы іске үлес қосқан әрбір әріптеске, Адам құқығы жөніндегі Халықаралық Бюро қызметкерлеріне мың алғыс. Ал идея авторы Евгений Александрович Жовтис тағы бір рет өзінің нөмірі бірінші құқыққорғаушы екенін дәлелдей алды деп санаймын.
 
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и текст
 
 
Инга Иманбай
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.