Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Ақтөбе соты белсенді Ахмет Сәрсенғалиевті 12 тәулікке қамаған

23 қазанда, Ақтобе қ, қоғам белсендісі Ахмет Сәрсенғалиев 12 тәулікке қамалды. Сәрсенғалиевті әкімшілік қамауға алу туралы сот қаулысы дүйсенбі, 23 қазанда шыққан.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметіне қарағанда, Ахмет Сәрсенғалиев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 12-бөлімі бойынша қамалған. Яғни ол “әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін 12 тәулікке қамалған”.

Жергілікті белсенділер Сәрсенғалиевтің қамалғанын азаматтық белсенділігімен байланыстырады. Белсенді жексенбі, 22 қазанда түске таман Ақтөбенің “312-атқыштар дивизиясы” даңғылында ұсталған.

– Ағамды полиция көшеде көлікпен кетіп бара жатқан жерінен ұстап әкеткен. Күні бойы хабар ала алмай, кешкілік Заречный полиция бөлімінен таптық. Ондағылар “Сәрсенғалиевті неге ұстадыңыздар” деген сауалға “жол полициясның сұрауы бойынша” деп қысқа жауап берген. Мініп жүргені – інісінің көлігі. Ағамның құжаттары түгел болатын,- дейді қарындасы Айнұр Сәрсенғалиева.

Қамалардан үш тәулік бұрын Азаттық тілшісімен сөйлескен Ахмет Сәрсенғалиев өзін қарапайым киінген адамдардың аңдып жүргенін айтқан.

Құқық қорғаушылар Қазақстан аймақтарындағы ұстаулар мен қамауларды 25 қазанға жоспарланған митингімен байланыстырады. Бұған дейін шетелде жүрген оппозионер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын 25 қазанда митингіге шығуға шақырған.

Қоғам белсендісі Ахмет Сәрсенғалиев. Ақтөбе облысы, 28 ақпан, 2021 жыл

Жаңагүл Жүрсін Азаттық Радиосы

https://d3l615zbb7ye3q.cloudfront.net/a/32649981.html

Поделись, чтобы люди узнали:
.