13 сәуірда, Талдықорғандағы №71 мекемеде қамауда жатқан журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрім өзінің үстінен қозғалған істің созылып жатқанына наразылық ретінде аштық жариялаған. Мұны оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
«Сенбі, 13 сәуірде Думанмен кездестім. Ол сол күннен бастап қайта аштық жариялады, өзіне қатысты тергеу мен соттың созылып кеткеніне наразы. Мәселен, осы күнге дейінгі әкімшілік қамау мерзімдерін қоса санасақ, ол қамауда отырғанына бір жылдан асып кетті. Ал негізгі қылмыстық ісі бойынша қамауда отырғанына екі айдан кейін бір жыл болады. Ал соты әлі өтпей жатыр» деді адвокат Ғалым Нұрпейсов.
Қамаудағы журналист бұған дейін де өзінің құқы өрескел бұзылғанын айтып, наразылық ретінде бірнеше рет аштық жариялаған. Кейбір жолы аштық акциясын талабы орындалғасын тоқтаса, бірнеше рет денсаулығына байланысты тоқтатқан. Адвокатының сөзінше, журналист қазір абақтыда су ғана ішіп жатыр.
Радио Азаттык
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.