Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алматыда ұстау басталды

14 шiлде осы жаңа белгілі болған ақпарат бойынша, Алматы қаласының Полиция департаментінің бір топ полицейі белсенді Бесжан Төлеубекұлын (Тараздағы соттан келген бойда) үйіне кіреберісте сағат 00:47-де ұстап әкеткен. Белсенді телефонда айтып үлгерген сөзіне қарағанда, әкімшілік жазаға тартып, 20 тәулікке дейін қамауы ықтимал.
Себеп – 11 шілдеде «Әуежай ісінде» қаңтаршыларды қолдап, ел қатарлы сыртта (сот залында емес) сөйлегені сылтау болуы мүмкін. Үкім оқылған отырысқа Бесжан ғана емес, кемі 160 азамат қолдауға барған. ҚР Ішкі істер министрлігі мұны «санкцияланбаған митинг» деп есептей ме? Ашық сот отырысына судья #МартпекКакимжанов шақырған.
Бесжан осыған дейін азаматтық көзқарасын білдіргені үшін 6 мәрте қамалып шыққан.
📷 Бүгінгі Жамбыл облыстық сотының алдында түсірілген сурет / The Qazaq Times / KA
📹 Белсендінің 5 қаңтаршының қолына кісен салып әкетуге келген полиция жасағына датын айтып жатқан сәт.
 
 
 
Күлтегін Аспанұлы

 

https://www.facebook.com/KulteginAspanuly/posts/pfbid027cdfG36NV2EeXiyejE3SUnzt7i9GcALLwiCQThVUawQsk9yey98TcbymXytXqgxFl

 
Поделись, чтобы люди узнали:
.