Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛҒЫ 1 СӘУІРДЕН 30 СӘУІРГЕ ДЕЙІНГІ АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ

1-сәуір, Алматы қаласы, қала әкімдігі 3 сәуірде Уәлиханов алаңында «Бейбітшілік, тұрақтылық пен келісім үшін. Аумақтық тұтастықты сақтайық» тақырыбындағы бейбіт жиын өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Бас тартудың себебі: митинг өтетін жерде 3 сәуірге «мәдени іс-шаралар жоспарланған» 1.

1-сәуір, Жаңа — Өзен қаласы, «Өзенэнергоинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жалақыны көтеруді талап етумен ереуілге шыққан 67 жұмысшының үстінен сотқа шағым түсірді. Жаңаөзенді электрқуатымен жабдықтауға жауапты компания жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп санайды 2.

1-сәуір, «Жанболат Мамайды дереу қамаудан босатсын және оның сөз бостандығы мен жиналыс бостандығы құқығын бейбіт түрде жүзеге асыруына байланысты қудалаулар тоқтасын», — делінген Amnesty International-дың Қазақстан президенті Тоқаевтың атына жолдаған мәлімдемесінде 3.

Amnesty International ұйымы Мамайды қолдау науқанын бастап, Мамайды босатуға шаралар қабылдауды сұрап Қазақстан президенті Тоқаевқа хат жолдауға халықты шақырыды 4.

1-сәуір, Шымкент қаласы, қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынғандардың жақтастары бір күн бұрын қалалық прокуратура ғимаратында жариялаған аштық акциясын тоқтатқандарын хабарлады. Прокуратураға келген онға жуық адам, өз шешімдерін ведомствоның істерді сотқа қарау үшін тергеуді тездету туралы уәдесімен байланыстырды 5.

1- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Сыздықов Айдар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі, 131-бабының 2-бөлігімен сотталған, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сот отырысы өтті. Жиналыс өрескел бұзушылықтармен өтті: дыбыс пен суреттің сапасы төмен, жауапкер сот төрағасы мен сот алқасын көрмеген. Есіл ауданының №2 аудандық сотының барлық құрамын шығару туралы өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылды 6.

1- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысымен ұсынылған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 7.

1 -сәуір, Алматы, қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы соттарына #QANTAR2022v оқиғасы бойынша 200 адамға қатысты 133 қылмыстық іс түскен. 106 адамның ісі қаралды. Оның 93-і ұрлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Қару ұрлау немесе бопсалау» бабы бойынша 7 адам сотталып, 62 іс қаралуда, олар бойынша 94 адам айыпталуда. Қаңтар оқиғасындағы істер бойынша 8 адам түрмелік мерзімге бас бостандығынан айырылған 8.

1-і сәуір, Ақтөбе қаласы, Қоғай Айнұр «Әкімдердің сайлап қойылатындығы үшін» жеке пикет өткізді, президент Тоқаевқа саяси реформаларды жүргізуді бастауға шақырған жазбаша үндеу жолдады 9.

2- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, 100-ге жуық адам цирк алдындағы алаңға жиналды, олар Сарыма-Закиеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіруді шектейтін заңға енгізілген өзгертулеріне қарсы. Ұйымдастырушылар балаларды киберқорлау туралы заңның атын жамылып, билік әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтуге тырысады деп санайды 10.

2- сәуір, Орал қалассы, азаматтық белсенділер саяси тұтқын Охасов Орынбайдың бостандығын талап етіп митинг өткізді, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2-бөлімі бойынша, 2022 жылдың 25 наурызында пробациялық бақылау шарттарын бұзғаны үшін оған бас бостандығын шектеудің қалған мерзімі бас бостандығынан 7 айға айыру жазасына ауыстырылған болатын 11.

2- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, белсенді Қарақойшина Лаззат, ҚР ӘҚБтК-нің 434- бабының 4- бөлігі, оған 42 882 теңге айыппұл салынды; белсенді Илипова Адина, ҚР ӘҚБтК 434- бабының 1- бөлігімен оған, 10 721 теңге айыппұл салынды. Үкім шығаруға «Шарын» базарының мүлкіне материалдық залал келтіру негіз болды.

3-і сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР ҰҚК «шетелдік барлау агенті» ұсталғанын хабарлады, ол Қазақстан азаматы болып шықты. Оған президент Тоқаевқа және «бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге» қастандық жасауды жоспарлаған және «әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үгіт-насихат жүргізу және қоғамда руссофобиялық көзқарастарды қалыптастыру міндеттерін әзірлеген» деген айыптар тағылды. Тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі және 255- бабының 4-бөлігі бойынша 12

3- сәуір, Алматы қаласы, «Красная Юрта» солшыл интернет-қоғамдастығының белсендісі Игорь Ушаков Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы бір адамдық пикет өткізді. Ресей Федерациясы консулдығының кіреберісінде өткен митинг оқиғасыз өтті 13.

3- сәуір, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысымен ұсынылған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 14.

4- сәуір, Алматы қаласы, полицейлер Ермекбай Нұрзатты Қытай консулдығында ұстады. Ол акцияның басқа қатысушыларымен бірге Шыңжаң концлагерьлерінен туыстарын босатуды талап еткен акцияға қатысқан 15.

4- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 152 адам сотталды, оның 17-сі бас бостандығынан нақты мерзімге айырылды. Барлығы ВаЖТТ-а (МСОГ) 262 қылмыстық іс, соның ішінде 44-і «террорлық актілер» және 47-сі «жаппай тәртіпсіздіктер» бойынша. Сотқа 323 адамға қатысты 209 қылмыстық іс жолданды», — деп хабарлады Бас прокуратура 16.

4- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қызметтегі әрекетсіздікке байланысты 9 қылмыстық іс қозғалды. Қаңтардың 5-і күні 2 полиция департаменті мен ҰҚК-нің 3 департаментінің басшылары өз ғимараттарын тастап шығып кетті. Жамбыл облысы ІІД бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция басқармасының бастығы ұсталды», — деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов 17.

4-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Құтмамбетова Зинагүл, Мәжкенова Күләш, Тұрлыбаева Ботагөз, Қалиева Орынбасар министрліктер үйінің алдына жеке пикетке шығып, Қазақстан Президенті мен ел үкіметінің жүргізіп жатқан саясатына наразылықтарын білдірді, алайда акция басталғаннан кейін шамамен жарты сағат өткен соң, олар ұсталып Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді 18.

4 -сәуір, Ақтөбе қаласы, Жанна Есмұрзаева, ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлімі, қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай ұсталып, қамауға алынған белсенді үйқамаққа шығарылды19.

4- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысымен ұсынылған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының 04.04.2022 жылғы мониторингі 20.ар

4 –сәуір, Петропавл қаласы, «Хабар24» телеарнасы журналистерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру қылмыстық ісін сотқа дейінгі тергеу, ҚР Қылмыстық кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты, төртінші рет тоқтатылды 21.

5- сәуір, Талдықорған қаласы, қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 11 адам ұсталды. Ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша жүргізілуде. Ұсталғандардан бұрын күш құрылымдарынан ұрланған атыс қарулары, арнайы қорғаныс құралдары мен оқ-дәрілер тәркіленді 22.

5-сәуір, қаңтар оқиғасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары олардың мәлімдемелерінің еленбейтінін, тергеу жұмыстарының созылып жатқанын айтуда. Тергеу изоляторларындағы соққыға жығу туралы жүздеген адам мәлімдеме берді, бірақ азаптау фактісі бойынша тоғыз адам ғана ұсталған. Құқық қорғаушы Шорманбаев «қылмыстық істер созылып барады» деп есептейді 23.

5 – сәуір, Талдықорған қаласы, тұрғындар Қазақстан Президентіне Алматы облысындағы заңсыздықты жоюды сұрап ұжымдық үндеу жазды. Олар билік өкілдерінің назарын жемқорлыққа, рейдерлерге және қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандарды азаптауларға бірнеше рет аударған болатын. Бұл ретте олар Алматы облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшылығын көрсетіп отыр. Үндеуге 120 адам қол қойған 24.

5- сәуір, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, ҚР ҚК-нің 378 және 274-баптары бойынша сот оған рақымшылық жасаудан бас тартты, Мамайдың кінәсін мойындаудан бас тартуы сот үкіміне негіз болды 25.

5- сәуір, Заречный ауылы, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК-нің 174-бабы, «ИК-103 лагерінде күніне 2 рет сағат 9.00 және 17.00-ден 1,5 сағатқа дейін (күніне 3 сағат) өткізілетін, 1000 тұтқынның «шеруін» тоқтатуды сұраймын, сонша адамды суықта, желде, жаңбырда, содан кейін жазда ыстықта ұстау — бұл азаптаудың бір түрі, қарттар құлап қала жаздайды» — делінген ашық мәлімдемеде 26.

5- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Илипова Адина, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 3-бөлігімен, 85 764 теңге көлемінде айыппұл салынды, оған жыл бойына заң бұзушылықтың қайталануы себеп болды.

6- сәуір, Теміртау қаласы, журналист Татьяна Ковалёва қалалық соттың төрағасы Т.Б. Амрашев оны отырыс залынан шығарып процесті онлайн қарауға рұқсат бергенін, онда ешнәрсе естілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, ол Ковалёваға, оның үстінен шағым түсіретін болса, мұны сотқа жасалған қысым ретінде қабылдайтынын ескерткен. Дегенмен де, Ковалёва арыз түсірді27.


6- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Омбудсмен Азимова Эльвира «Freedom Now» ҮЕҰ атқарушы директоры Марана Тернермен және адам құқықтарын насихаттау жөніндегі директоры Мэттью Шаафпен кездесті. Кездесуде адам құқықтарын қорғау, қабылданған міндеттерді орындау және сақтау мәселелері талқыланды 28.


6- сәуір, Өскемен қаласы, ОВ-156/1 мекемесінде қаңтардағы наразылықтан кейін ұсталған 16 адам аштық жариялады. Туыстары мен адвокаттың хабарлауынша, наразылық тергеу амалдары мен қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартуға байланысты 29.

7- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік агенттің журналист екенін ҰҚК әлі растаған жоқ», — деп хабарлады Сенат спикері Әшімбаев30.

7- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Заң жобасының үлкен құндылығы – ол балаларға қатысты онлайн қорлау әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдау мерзімін 3 күнге дейін шектейді. Осы уақыт ішінде уәкілетті орган ақпаратты тексеріп, өкілге хабарласады, ол сұрау түскеннен кейін 24 сағат ішінде киберқорлау белгілері бар мазмұнды жоюы тиіс», — деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева 31.

7 -сәуір, Алматы қаласы, «Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша қозғалған істер бойынша 29 белсенді қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 18-і қамауда, қалғандары үйқамақта немесе ешқайда кетпеу туралы қолқатта», — деп хабарлады құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина32.

7-сәуір, Шымкент қаласы, полиция қызметкерлері Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде оқ жарақатынан қаза тапқан, 22 жастағы Аңсар Исламның бейітін ашты. Сәуірдің 7-сі күні түстен кейін мәйіт «Ақжайық» зиратынан шығарылып, сараптамаға жіберілді. Марқұмның ата-анасы бұған қарсы болған. Полиция қызметкерлері Азаттық тілшісін зираттан күштеп алып кеткен33.

7 –сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысымен ұсынылған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі34.

8- сәуір, Семей қаласы, Ерлан Исмағамбетов, тергеушінің өтініші бойынша қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартылды. Тергеу Исмағамбетовты наразылық акциясын ұйымдастырушыға айналдыруды көздеп отыр және соңғы сәтте ол үйқамаққа ауыстыруға жататындар тізімінен алып тасталды35.

8–сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысымен ұсынылған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 36.

8- сәуір, Алматы қаласы, полиция қызметкерлері Қытай консулдығы алдында Шыңжаң өлкесіндегі туыстарын босатуды талап еткен белсенділер Байболат Күнболатұлы, Ақиқат Қалиолланы күш қолданып ұстады. Полиция наразылық танытқан зейнеткерлер Халида Ақытхан мен Гүлпие Қазыбекке күш қолданды37.

9-сәуір, Алматы қаласы, Ресей Федерациясы консулдығының жанында «Oyan Qazaqstan» жастар қозғалысының бір топ белсенділері Украинаның Буча қаласындағы қайғылы оқиғаға арналған қойылым өткізді, қатысушылар ұсталып, 2 сағаттан кейін босатылды. Шарипов Дархан бөлімшеде Украинадағы соғыс туралы екі лагерьге бөлінген полицейлердің арасында өзара пікірталас туғанын айтты38.

9-сәуір, батыстық ақпарат құралдары Қазақстан Президенті Тоқаев уәде еткен реформалар «бояма» болып шығуы мүмкін деп жазды. Баспасөз Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын азайтуға Америка Құрама Штаттарына жақсы мүмкіндік пайда болғанын атап айтуда39

11- сәуір, Ақтау қаласы, Нұрғазин Болат, «Украинамен ынтымақтастық. Соғысқа жол жоқ; ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды қолдау үшін; Халықтың табысын арттыру» тақырыбында 1 мамырда митинг өткізіуге берген хабарламаға бас тарту алды. Митинг өтетін жерде бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізу әкімдіктің шешіміне негіз болды 40.

11- сәуір, Жаңа-Өзен қаласы, әкімдік Досекеева Жадраға 1 мамырда «Украинамен ынтымақта. Соғысқа жол жоқ. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды қолдау үшін. Халықтың кірісін арттыру» тақырыбында бейбіт митинг өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі – көрсетілген күні ауқымды қалалық спорттық шаралар жоспарланған41.

11 — сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Арнайы прокурорлармен қаңтар оқиғасына қатысы бар 12 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Солардың ішіндегі ең белсенділері – Жабайы Арман, «Қазақстандықтар» және «Айшуақ – Жантүгел» топтары. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі, оның ішінде 4 қылмыстық ірі беделділер ұсталды, «Қанды қаңтар оқиғасы бойынша 547 адам күдікті деп танылды, 269 адам қамауға алынды», — деп хабарлады прокуратура өкілі Қилымжанов 42.
11 сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстанда барлығы 1430 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Оның ішінде 323 тапанша, 148 автомат, 195 травматикалық тапанша, 9 гранатомет, 69 арнайы қару, 8 мылтық және 6 пулемет», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Қилымжанов 43.

11-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, ұзақ жылдар бойы сотта өздерінің (немесе туыстарының) үкімдерін даулай алмай жүрген адамдардан шыққан бастамашыл топ аштық жариялады. Олар Жоғарғы сотқа Ж.Асановқа және Президент Қ.Тоқаевқа өтуге үнемі тырысып келген 44.

11-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Біз үкіметтің бұл оқиғаларға қатысы бар барлық тұлғалардың жауапқа тартылуын қамтамасыз ететін ашық жауабын қолдаймыз. Бірақ сонымен бірге мұның бәрі заңға сәйкес болуы керек. Менің ойымша, бұл өте маңызды, әсіресе қаңтар оқиғасынан кейін және бұл біздің соңғы 30 жылдағы қарым-қатынасымыздың тереңдігін көрсетеді», — деді АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зея45.


11 -сәуір, Алматы қаласы, Арнұр Балтабай қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапты. Жерлеу рәсімінен соң үш айдан кейін ер адамның денесі эксгумацияланды. Отбасы биліктен істі әділ тергеп, оқ атқан азаматты жазалауды талап етеді. Арнұрдың артында әйелі мен үш баласы қалды 46.

11 -сәуір, Алматықаласы, «Біз құқық қорғаушылардың қаңтар оқиғасы бойынша соттарда бақылаушы болуына рұқсат беруді талап етеміз!»,- деп мәлімдеді құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан 47.

11- сәуір, Алматы қаласы, Қлышев Қайрат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1/2-бөлігімен Қапшағай қалалық соты оның бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Клышев 2 жылға бас бостандығын шектеуде болады 48.

11-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Тараз және Шығыс Қазақстан облыстарынан жиналған бір топ қазақ елордаға келіп, Елбасының қабылдауына кіруді талап етуде. Адамдарды қаңтар оқиғасы біріктірген: олардың туыстары тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болды немесе қамауда отыр49.

11-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Закирова Санавар, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен бас прокурорды отставкаға жіберу туралы бір пикетке шыққаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды50.
11- сәуір «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді 51.

12- сәуір, Теміртау қаласы, «Қарағанды ​​облыстық соты Теміртау қалалық сотының судьясы Гавриченкованың БАҚ өкілдерінің оффлайн отырысқа қатысуына тыйым салу туралы шешімін жойды», — деді журналист Ковалёва Татьяна52.

12- сәуір, саяси тұтқын Әміров Ерұлан Алматы қаласынан(СИ-18) қайтадан Шымкенттегі ҰҚК тергеу изоляторына ауыстырылды. 2 аптадан кейін психиатриялық сараптаманың қорытындысы дайын болады және істің тоқтатылатыны немесе сот процесінің жалғасатыны белгілі болады. Бұл 5-ші сот-медициналық сараптамасы, Әміров бір жылдан аса қамауда отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 256, 174, 405-баптары таңылған53.

12- сәуір, Семей қаласы, геодезия және картография колледжінің ондаған студенттері оқу ғимараттарын одан әрі Абай ауданында құрылған құқық қорғау органдарына беру үшін алып қою мүмкіндігіне наразылық білдірді. Оқушылар: «Біз қарсымыз!» деп ұрандатты 54.

12 -сәуір, Алматы қаласы, «Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған жүздеген адам тергеу кезінде ұрып-соғып, қысым көрсеткенін хабарлады. Біраз уақыттан кейін құзырлы органдар «Азаптау» бабы бойынша 234 қылмыстық іс қозғаса, бүгінге дейін небәрі 9 күдікті ұсталған. Тергеу кезінде азаптауға қатысқандар жазадан құтылуы мүмкін», — дейді адвокат Ғалым Нүрпейісов55.

12- сәуір, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қарабаев Ғалымжан, ҚР ҚК 405-бабы, полицейлер үйінде тінту жүргізді. Қудалауға оның Facebook парақшасында Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаев пен оппозиция лидері Әбілязов Мұхтардың есімі туралы жазбаның жариялануы себеп болды56.

12 -сәуір, Алматы қаласы әкімдігі Полатова мен Әміреновке 1 мамырда бейбіт митинг өткізуден бас тартты. Тақырыбы: «Украинамен ынтымақта. Соғысқа жол жоқ. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу үшін. Халықтың табысын көтеру». Бас тарту себебі: көрсетілген күні Уәлиханов атындағы саябақта және «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта мәдени іс-шаралар өткізіледі 57.

12-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, әкімдік Сембай Асқарға 1 мамырда митинг өткізуден бас тартты. Митингтің тақырыбы – «Украинамен ынтымақта. Соғысқа жол жоқ. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды қолдау. Халықтың табысын арттыру». Бас тарту себебі «хабарламада көрсетілген бейбіт жиналыс өткізу орны мамандандырылған орындар тізіміне кірмейді» деп көрсетілген 58.

12 –сәуір, Степногорск қаласы, Сәдуақасова Айя, ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, белсендіге қатысты ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігімен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Іс, тергеуші М.Шәкеновтің «тәркіленген компьютер мен ноутбукте ҚДТ және «Көше» экстремистік ұйымдарының қызметіне қатысу белгілері бар» деген хаттамасының негізінде «құрылды» 59.

13 -сәуір, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, ҚР ҚК-нің 274, 378 баптар, тергеу әрекетінің толық жүргізілмеуіне байланысты соттың қаулысымен қамауда қалды 60.

13-сәуір, «Қазақстан халқына» («Народу Казахстана») қоры отбасылары өтемақы алуға құқығы бар бейбіт тұрғындар арасында бүгінге дейін 21 адам қайтыс болған деп танылғанын хабарлады. Бұған дейін қор қаза болғандар мен ауыр жараланған қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қанды қаңтар оқиғасы кезінде «кездейсоқ» құрбан болған бейбіт тұрғындардың отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы шешімін жариялаған болатын 61.

13 -сәуір, Қызылорда қаласы, Беденбаев Әділхан, ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, қаңтар оқиғасынан кейін үстінен іс қозғалған адвокат, 3 айдан кейін үйқамаққа ауыстырылды. Адвокат барлық айыптауларды жоққа шығарып, полициядағы азаптауларды айтуда. Құзырлы органдар медициналық сарапшылардан күдіктінің өзіне-өзі зақым келтіруі мүмкін бе деген сұрақ қойып отыр62.

13 — сәуір, «Қазақстанда «билікпен немесе оның тапсырмасы бойынша заңсыз немесе озбырлықпен өлтіру» тәжірибесі жалғасуда; саяси астарлы қудалаулар мен саяси тұтқындар бар; түрмелердегі азаптаулар жазасыз қалуын жалғастыруда; сөз және БАҚ бостандығы, саяси өмірге қатысу құқығы сияқты, бейбіт жиналыстар бостандығы шектелген; билік дәліздерінде жемқорлық өршіп тұр», — делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2021 жылғы Қазақстан және жаһандық адам құқықтары жөніндегі баяндамасында 63.

13- сәуір, Орал қаласы, әкімдік белсенділер Ескендірова Маруа мен Оразбаев Амангелдіге 1 мамырда Украинаны қолдау мақсатында соғысқа қарсы митинг өткізуден бас тартты. Бас тартуға хабарламада көрсетілген бейбіт жиын өткізу орнының митинг өткізуге арналған мамандандырылған орындардың тізімінде болмағаны себеп болды 64.

13- сәуір, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, белсенділер Сәрсенов пен Байтеміровке, сондай-ақ Байболова Клараға әкімдік 1 мамырда Украинаны қолдау мақсатында соғысқа қарсы митинг өткізуден бас тартты. Оған митинг өтетін орындарда мерекелік шаралар өткізу себеп болды 65

13- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан парламенті журналистердің отырыс залына кіруіне шектеу қою туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, депутаттар журналистерден «кулуарларда» соңдарынан «жүгірмеулерін» талап етеді66.

13- сәуір, Қазақстанда қаңтар айында азаптау дерегі бойынша 234 қылмыстық іс қозғалды. Әзірге бар болғаны 9 күдікті бар. Камералар мен полиция бөлімшелерінде таяқ жеген адамдар азаптаушылардың жазадан құтылып кетуінен қорқады 67.

13 сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Закирова Санавар, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, сот апелляциялық шағым түсіргеннен кейін жазаны 15 күннен 5 тәулікке дейін қысқартты68.

13 сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, президент Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығына басымдықтарды өзгерту арқылы толықтырулар енгізді 69.

14 сәуір, Әміров Ерұлан, ҚР ҚК-нің 274, 405-бабы, «Қамауда 1 жыл отыр, өзіне қол жұмсау әрекеті болды. Біз Уәкіл Азимоваға медициналық психологиялық көмек көрсетуді сұрадық. Бірақ оған ешкім көмектеспеді, жағдай ушыға түсті», – деп хабарлады құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан 70.

14-сәуір, Нұр-Сұлтан, бір топ белсенді Бас прокуратура ғимаратына келіп, Қайырбек Асқарды босату туралы өтініш берді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1/2-бөлігімен, тыйым салынған ұйымның қызметіне «қатысты» деген айыппен 2,2 жылға түрмеге сотталған 71.

14-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Парламентінің Сенаты шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді Қазақстанда тіркелуге және елде өкілдіктер құруға міндеттейтін «кибербуллинг туралы» заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайтарды72.

14-сәуір, Нұр-Сұлта қаласы, «Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша қолжетімділікті шектеуге немесе интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын тоқтатуға мүмкіндік беретін кең өкілеттіктерді алып тастады», — деді Парламент Сенатының отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев73.

14 сәуір, Алматы қаласы, Байболат Күнболат, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен 61260 теңге айыппұл салынды. Қытай консулдығы жанында Шыңжаңдағы қайта тәрбиелеу лагерлерінде азап шегіп жатқан туыстарын босату үшін өткен наразылық кезінде билік өкіліне бағынбау оған себеп болды74.


14- сәуір, Алматы қаласы, «Сот шешімімен келіспеймін. Маған айыппұл салды, оны төлеу маған өте қиын, екі жылдан бері наразылық акциясына шығып жүрмін. Қазір жағдайымыз өте ауыр. Төлем жасалмағаны үшін балаларымды балабақшадан шығарып жіберді, коммуналдық қызметке қарыздар жарты миллионға жетті», — дейді Байболат Күнболатұлы75.

14 сәуір, Алматы қаласы, «Мені Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізген 20 минутта, кептелісте келе жатқанда мені тұншықтырды. Ауа жетпей қалған да үш рет айқайлап, босатуын өтіндім, бірақ полицей одан бетер тұншықтырды», – дейді Байболат Күнболатұлы76.

14- сәуір, Жаңа-Өзен қаласы, «Тазалық-С» коммуналдық кәсіпорнының ондаған қызметкері осы кәсіпорынның гаражының жанына үшінші апта бойы жиналып, жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Қаладағы көше тазалығын сақтауға жауапты жалғыз кәсіпорынның 66 қоқыс жинаушысы 30 наурыздан бері жұмысқа шығудан бас тартуда77.

14 сәуір, Алматы қаласы, «Кеше Еуропалық Одақ өкілдерімен кездесуде болдым. Олармен тілдесіп, өзімнің қуғын-сүргінім, азаптаулар туралы, 3 айдан бері азаптау мен атуға қатысы бар қызметкерлердің әлі ұсталмағанын айту мүмкіндігіне ризамын», — деп хабарлады белсенді Әбішев Әсет78.

14- сәуір, Алматы қаласы, «Құқық қорғаушылар, Еуропалық Одақ өкілдері қатысқан жиынға қатыстым. Еуропарламент азаптау жағдайларын тергеуге және азаптауға жауаптыларды жазалауға шақырды. Бірақ азаптағандар жауапқа тартылған жоқ, маған қатысты заңсыз қылмыстық іс жабылған жоқ», – деп хабарлайды жәбірленушілердің бірі Әділбекұлы Саят79.

15 сәуір, Алматы облысы, Заречный кентіндегі ЛА-155/14 мекемесі, саяси тұтқын Жексебаев Асхат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен сот арызды қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауға алумен байланысты емеске өзгертті 80.

15- сәуір, Алматы қаласы, мәйіттің денесін тексеру кезінде табылып, аяғынан алынған «белгісіз» затты полицейлер туыстарыма бермей жатыр, — дейді Арон Атабектің қызы Нутушева Алма 81.

15- сәуір, Семей қаласы, заңгер Аққұжанов Ербол Әуезов алаңында «Соғысқа жол жоқ» («Nowar») деген жазуы бар плакат ұстап, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырумен Джон Леннонның «Imagine» әнімен жеке пикетке шықты. Келген полицейлер араласпай, шеттен бақылап отырды82.

15-сәуір, Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Парламент спикерлері мен Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің атына «Парламентте журналистердің жұмысын шектеуге жол бермеу туралы» ашық хат жолдады» 83.

15-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Жоғарғы Сот төрағасы Асанов сот шешімдеріне қанағаттанбаған азаматтарды жеке қабылдауды жүргізе алмайды. Сот процессуалдық кодекстің нормаларын қатаң сақтай отырып, сот отырысы залында өтуі тиіс және жеке кездесуді сот талқылауына баламаға айналдыру заңсыз болып табылады. – деді Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Шәріпов 84.

15- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, әкімдік белсенді Әсет Кенжібековтің хабарламасына жауап ретінде 1 мамырға арналған митинг өткізуден бас тартты. Митинг тақырыбы: «Украинамен ынтымақта. Соғысқа жол жоқ. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды қолдау үшін. Халықтың табысы жоғарласын». Бас тарту себебі — хабарламаларда «бейбіт жиынды ұйымдастырушы өзінің жеке деректерін өңдеуге келісім бермеген» 85.

15- сәуір, Өскемен қаласы, ОВ-156/1 мекемесі, Жолатов Азиз, Қаптұшев Айдын, Ыржанұлы Тимур, Түгелбаев Мұхит және Берікханұлы Ернар ҚР ҚК 272, 269 баптары, тергеу әрекеттерін ұзартуға қарсы наразылық ретінде аштық жариялады. Олар тергеу изоляторынан тым болмаса үйқамаққа немесе қолхатпен кепілдікке шығаруды талап етуде 86.

15- сәуір, Жаңаөзен қаласы, «Өзенпромгеофизика» АҚ геофизиктері бейбіт ереуілге шықты. Олар жалақыны 100% төлеуді, 13-ші жалақыны және жеке кәсіпкерлігі бар қызметкерлерді штатқа енгізуді сұрады. АҚ жұмысшылары басшылыққа хат жолдағанын, бірақ олардың келіспегенін айтады87.

15- сәуір, Ақтауда «ArcelorMittal Tubular Products Ақтау» компаниясының ондаған жұмысшысы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар Қазақстан Президенті Тоқаев пен облыс әкімі Ноғаевқа жағдайға араласуға шақырған видео үндеу жазды 88.

16 -сәуір, Атырау облысы, Құлсары қаласы, қаланың экологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуді талап еткен митинг өтті. Акция жергілікті әкімдікпен келісілді. Ұйымдастырушылар жазбаша хабарламада шеруге 500-ге дейін адам қатысатынын айтқанымен, сенбі күні наразылық акциясына 30-ға жуық адам қатысты 89.

17- сәуір, Алматы қаласы, Уәлиханов алаңында биліктің рұқсатымен қоқыс өңдеу ақысына қарсы митинг өтіп, оған жүзге жуық адам жиналды90.
17 -сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Торғай өңірі құрылсын» тақырыбында бейбіт митинг өтті. Шараға 500-ге жуық адам қатысты. Митинг өтетін жерді ішкі істер органдарының өкілдері мен автобустар қоршап алды 91.

18 сәуір, Алматы облысы, Кемелбаев Руслан қаңтар оқиғасы кезінде жараланған. Оның иығына оқ тиген, оқтың сынықтары кеуде тұсына шашылып кеткен. «Мен жарақаттанғанымды ешкімге айтқан жоқпын, өйткені жазалаудан қорықтым», — деп мойындайды Кемелбаев. Бірақ өткен аптада полиция Кемелбаевты жауапқа шақырды 92.

18 — сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ, осы саяси бірлестікті тіркеуге өтініш білдіру үшін Әділет министрлігінің ғимаратына келді, бірақ бірден тіркеуге кірісе алмады — құжаттардың толық болмауына байланысты министрлік бас тартты 93.

18 сәуір, Нұр-Сұлтан, «Қазақстанның Әділет министрлігі өз бірлестіктерін саяси партия ретінде тіркеу туралы төрт бастамашыл топтың өтініштерін қарауда. Тіркелуге құжаттарын тапсырған саяси бірлестіктер құрылтайшылары мыналар: «Ел тірегі», «Халық дербестігі», «Намыс» және «Байтақ», -деді баспасөз мәслихатында Әділет министрі Қанат Мусин 94.

18- сәуір, Ақтау қаласы, Тұрдиева Ұлбосын әкімдіктен 1 мамыр күні митинг өткізуден бас тарту туралы хабарлама алды. Бас тартуға осы күні өтініште көрсетілген жерде «Бірлік пен келісім күні» мерекесіне арналған мәдени іс-шаралардың өткізілуі себеп болды95.

18- сәуір, Қостанай қаласы, Пужанский Никита, ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігімен қозғалған саяси қылмыстық іс аясында тергеуге куәгер ретінде қатысу үшін қаланың Оңтүстік полиция бөліміне 1 мамырдағы митинг қарсаңында шақырылды 96.

18 сәуір, Шымкент қаласы, әкімдік Мұратбаева Гүлжан мен Жанзақова Шолпанға 1 мамырда «Украинамен ынтымақтастықта. Соғысқа жол жоқ. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды қолдау. Халықтың табысы артсын» атты акция өткізуден бас тартты. Бас тартуға хабарламада көрсетілген бейбіт жиын өткізу орынының митинг өткізуге арналған мамандандырылған орындардың тізіміне кірмеуі негіз болды 97.

18- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 98.

19-сәуір, Шымкент қаласы, қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Әштаев Жанмұрат, Сұлтанбек Қайрат және Досмамбетова Ләззаттың туыстары қалалық прокуратураның алдына тағы жиналды. Ешкім шыққан жоқ, жиналғандар жақындарын босатуды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жазды 99.

19- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Сенатта «өткен аптада баспасөз орталығы жертөлеге көшірілді, онда жұмыс орны жеткіліксіз болды және интернет жұмыс істемеді. Қазір Сенаттың баспасөз орталығы бұрынғы орнына қайтарылды», — деді Сенаттың баспасөз хатшысы Рамазанов Данияр 100

19- сәуір, Павлодар облысы, «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға медициналық көмектің көрсетілуін тексеру барысында 1547 сотталғанның жыл сайынғы медициналық тексеруден толық емес өту фактілері анықталды: қан талдауы алынбаған, электрокардиография жүргізілмеген. Жалпы тәжірибелік дәрігердің, фтизиатрдың, стоматологтың қорытындылары мен ұсыныстары, тексеру белгілері жазылмаған, ұлттық формулярға енгізілмеген дәрілік заттар сатып алынған», — деп хабарлады облыс прокуратурасы 101.

19- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату жалғасуда, оның ішінде күдіктілерге қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолдану туралы. Әрбір факт тексеріледі. Қылмыстық кодексте жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов102.

19- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Күдіктілерге қатысты «тексерудің заңсыз әдістері» туралы арыздар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Біреуі сотқа жіберілді», — деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов103.

19- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ішкі істер органдарының тергеушілері қаңтар оқиғасы бойынша 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жіберді, 20 адамға нақты жаза тағайындалды», — деп хабарлады ІІМ өкілі Әділов104.

19- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қамаудан 323 күдікті босатылды: 78 адам кепілмен, 67 адам кетпеу тілхатымен, 96 адам үйқамақпен, 11 адам жеке кепілгерлікпен және тағы 71 адам сот үкімімен босатылды», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің өкілі Әділов105.

19- сәуір, Жаңаөзен қаласы, «ТрубРемЦентр» кәсіпорнының «Өзенмұнайгаз» мұнай ұңғымаларын жуу және тазалаумен айналысатын 150-ге жуық қызметкері жаңғырту жасау және кәсіподақ мүшелерін қудалауды тоқтату плакаттармен ереуілге шықты. Олар жалақыны 60 пайызға көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді106.

19 -сәуір, Алматы қаласы, Джаббарбеков Давлат қала прокуроры А.Б.Жүйріктаевтың атына азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды және ЛА-155/18 мекемесінде оны ауыр азаптау мен ұрып-соғуға ұшыратқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жауапкершілікке тартуды сұрап арызданды 107.

19- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 108.

19- сәуір, Орал қаласы, Ескендірова Маруа, Уразбаев Амангелді үйлерінен ұсталып, оларға тінту жүргізілді. Ұстауға Ескендірованың жуырда Қазақстанның Халық Ассамблеясы алдында сөйлеген сөзінде қаңтар оқиғасы, Назарбаев-Тоқаев саясаты және Украинадағы жағдай туралы айтқаны себеп болды 109.

20 -сәуір, Алматы қаласы, Қазақстанның азаптауға қарсы коалициясының құқық қорғаушылары қанды қаңтар күндері шекарадан өту кезінде ұсталып, ұрып-соғып, екі аяғы сынған Қырғызстан азаматы Сыдықов Чолпонбекке адвокат беруге дайын. Оның айтуынша, полицияда оны азаптап, тәртіпсіздіктер мен тонаушылықты мойындауға мәжбүрлеген. Қысыммен ол кінәсін мойындауға мәжбүр болған110.

20 сәуір, «Қазақстанның Бас прокуратурасынан тергеу әрекеттерін тез арада тексеруді және Уәкіл Азимованың Өскемендегі ОВ-156/1 мекемесінде аштық жариялаған шерушілерге шұғыл түрде баруын талап етеміз. Өйткені Катпушевке жедел медициналық көмек пен госпитализация қажет!»,– деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина111.

20 -сәуір, Орал қаласы, полиция қызметкерлері Ескендірова Маруа мен Оразбаев Амангелдіге қатысты ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бір күн бұрын олар 1 мамырда митинг өткізу туралы кезекті хабарлама жазған соң, қала орталығында үнпарақтарды таратып жүрген, бірақ олар полициямен ұсталды 112.

20 -сәуір, Алматы қаласы, «Шымкент қалалық ҰҚК-нен келіп, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының заңгері Шәліп Бекқұловты жауапқа шақырды (куәгер мәртебесі). 18-30 сағаттан кейін босатылды», – деп хабарлады құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 113.

20- сәуір, Шымкент қаласы, сотта «жаппай тәртіпсіздік» және «ұрлық» баптары бойынша 4 іс тіркеді. Тіркелгендердің арасында белсенділер Құлбаев Ерғали мен Сәдібеков Молдабай бар. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қаңтардағы наразылықтардан кейін жауапқа тартылып жатқан 30 шақты белсендінің тізімінде олардың да есімдері бар 114.

20- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Парламент балаларға қатысы бар заңсыз мазмұндағы контентті алып тастауға рұқсат беретін заң қабылдады. Жалпы отырыс барысында Мәжіліс Сенаттың заң жобасына енгізген түзетулерімен келісіп, заң жобасынан әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты атышулы нормаларды алып тастауды мақұлдады», — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов115.

20- сәуір, Альянс аясында жұмыс істейтін Азаптауға қарсы коалицияға 11 қаладан 140 өтініш келіп түскен. Коалиция әрбір фактіні тіркейді, азаптау істері бойынша тәжірибесі бар заңгерлерді жұмылдырады, медициналық тексерулер жүргізеді, дене жарақаттарын белгілеп бекітуге көмектеседі. Сондай-ақ олар азаптаудан зардап шеккендер мен олардың туыстарына психологиялық көмек көрсетеді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді 116.

20 –сәуір «Құқық қорғаушылар 4 бағыт бойынша азаматтарға көмек көрсету үшін альянсқа бірікті. 1-жол – «азаптау» альянс құрамына кіретін әрбір адам, осы хабарламаларды алуға және оларға бірден жауап беруге көмектеседі. 2 – «адвокат көмегі». 3- «байланыс орталықтары», әр аймақта ақпарат беруге болатын адам және телефон нөмірлері бар. 4-жол – «құжаттау» ерте ме, кеш пе болған оқиғаның себебін анықтау қажет болады», — деді Жовтис Евгений117.

20- сәуір, Жаңа-Өзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» кен орындарындағы ұңғымаларды жөндейтін «Кезби» мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Үшінші күн жұмысын тоқтатқан мұнайшылар жалақыларына қосымша ақы талап етуде 118.

20- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 119.

21- сәуір, Жаңа Өзен қаласы, белсенді әрі блогер Серік Тілеубаев әзірге белгісіз қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алу үшін полицияға шақырылды. Ол өзінің банк шоты мен картасының бұғатталғанын жақында анықтаған120.

21-сәуір, Алматы қаласы, кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған «Қантар» қорының жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихаты өтті, олар президент Тоқаевтан қаңтар оқиғасы бойынша әрбір қылмыстық істің тергелу барысы туралы ай сайын халық алдында есеп беріп тұруды, сондай-ақ барлық қылмыстық істерді тергеуге тәуелсіз халықаралық сарапшыларды тартуды сұрады121.

21- сәуір, Алматы қаласы, «Qantar» қорының заңгері және үйлестірушісі Қанафин Данияр хабарлады: «Қор атышулы 55 істі сүйемелдеп отыр, 26 ​​тәжірибелі заңгер іс жүргізуде: 18 іс — өлімге әкелу фактілері бойынша, ол бойынша 22 адам айыпталуда, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдік бойынша — 4, азаптау оқиғасы бойынша -18, хабар-ошарсыз кету ісі -1, оқ жарақатын салу бойынша -5іс 122.

21 сәуір, «Жанболат Мамайдың ісі бойынша тергеушіге қатысты прокуратураның тексеру жүргізуі қажет. Себебі, тергеуші рақымшылық жасауға міндетті болатын, тергеуші «Рақымшылық туралы заңды» өрескел бұзды», деп есептейді Евгений Жовтис123.

21- сәуір, «Құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасынан кейін салыстырмалы түрде орташа деп танылған белсенділерге қысым жасалғанын атап өтті. Бейбіт шерулерге шыққан және ойран салуда көрінбеген 18 азаматтық белсенді қамауда отыр 124.

21- сәуір, Брюссель қаласы, Еуропарламент депутаты Руджа Тун Еуропалық сыртқы әрекет қызметі мен ЕО Қазақстандағы өкілдігінің адам құқықтарының жағдайына қатысты саясатына негізделген және дәлелді сын айтады. Атап айтқанда, Еуропарламент депутаты еуропалық дипломаттардың адам құқықтарының өрескел бұзылуына көз жұматынын және онлайн саяси соттарға қатыспайтынын айтады 125.

21- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 126.

21- сәуір, Женева қаласы, Омбудсмен Е.Азимова Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен реформаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстандағы адам құқықтарының өзекті мәселелерін және техникалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады127.

22- сәуір, Алматы, «Мәслихат депутаты Құдайберген Қайрат ұсталды. Ол А.Б. Жұмагелдиевпен бірге («Жабайы Арман» деп аталатын) «Қазақстан» қонақ үйінде адамдардың жиынын ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, билікке талап қоюға шақырған. Мұны қонақ үйден алынған бейнежазбалар растайды», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі128.

22- сәуір, «Қазақстан халқына» қоры қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның отбасына материалдық көмек көрсетті, төлем сомасы 97 миллион теңгені құрады. Қаза тапқандардың отбасына әрқайсысына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді», — деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі 129.

22 сәуір, Жаңа-Өзен қаласы, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі: «Тілеубаев Серік терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізімінде жоқ және сәйкесінше, АФМ хабарлағандай, оның банктік шоттарын бұғаттауға ешқандай шаралар қолданылған жоқ» деп мәлімдеді. Бұған дейін Тілеубаев оның банктегі есепшоты мен «шерушілерге азық-түлік сатып алуға» жұмсалған картасы бұғатталғанын хабарлаған болатын130.

22- сәуір, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті ЛА-155/18 бөлмесінің есігін дәнекерлеуді жоққа шығарады, онда қаңтар оқиғасы бойынша «ұсталған» Әділбекұлы Саят азапталған және көптеген айғақтар мен хабарламалар бойынша қаңтар оқиғалары кезінде қамаудағыларды азаптаған 131.

22- сәуір, Қайрат Нұрқаділов, оппозициялық саясаткер Нұрқаділов Заманбектің ұлы Бас прокуратурадан жауап алды, онда ведомство биліктің «өзіне қол жұмсау» туралы нұсқасын қайталап, «тергеу органының шешімнің күшін жоюға негіз жоқ» делінген 132.

23 -сәуір, Алматы қаласы, Ганди атындағы саябақта әлеуметтік желілерді медианы реттеу туралы заң жобасына қарсы келісілген митинг өтті. Акцияға 30-ға жуық адам жиналды. Жиында сөз сөйлегендер заң күшіне енсе, бұл сөз бостандығының жағдайын нашарлататынын айтты. Олар президентті вето құқығын қолданып және құжатқа қол қоймауға шақырды133.

23 сәуір, ҰҚК Шымкент департаментінің қызметкерлері адвокат Нұрпейісов Ғалым мен заңгер Бекқұлова Шалипаның үйіне тінту жүргізіп келді. Тінтуге Шымкент қаласының тергеу сотының қаулысымен рұқсат берілді. Адвокаттың айтуынша, тінту кезінде тергеушілер ештеңе тәркілеген жоқ. Нұрпейісов ҰҚК қызметкерлерінің әрекетін адвокат пен құқық қорғау ұйымына қысым көрсету деп санайды 134.

23- сәуір, Петропавл қаласы, ЕО-164/3 мекемесі, Қайырбек Асқар, ҚР ҚК 405-бабының 1/2-бөлігі, түрмеде соққыға жығылды. Сотталушыны физикалық тексеру кезінде бөксе аймағында көлемі 4-6 сантиметр болатын екі гематома және аздап қызару анықталды. Сотталушының айтуынша, келтірілген залал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери қызметкерлерімен келтірілген деген болжам бар 135.

24 -сәуір, Алматы қаласы, «Мен және қордағы әріптестерім заңгер Бекқұлова Шалипаның үйінде тінту, оның телефонын тексеру және жауап алуды біздің ұйымның құқық қорғау қызметіне қысым көрсету деп санаймыз. Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабын бұза отырып, қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша заңгерлік көмек көрсететін, Алматы алқасының адвокаты Нұрпейісов Ғалымға тінту жүргізілгені, бізді алаңдатады», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина136.

24 -сәуір, Алматы қаласы, Уәлиханов алаңында саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митинг өтті, қатысушылар: Тілеужанова Әйгерім, Бейсалиев Бекен, Атинбаев Бауыржан, Барменқұл Алина, Әбдиев Қонай, Досжан Хуаныш, ҚР ӘҚБтК -нің 488-бабы, 11-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу, Мұхтаров Рафхат, Габдулина Майра ҚР ӘҚБтК-нің 488 бабы, 6 -бөлігімен 15 тәулікке қамауға алу. Бердіқожанова Бұлбұл, Хожиев Эсанбой, Шырынбекова Баянға 91890 теңгеге айыппұл салынды.

24 -сәуір, Алматы, Құдайберген Қайрат, тергеу соты 1 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасына санкция берді. Санкциялық материалда тергеушілердің шешімінен және Құдайбергеннің өзінен жауап алудан басқа, ұсталған адамға айып тағылатын дәлелдер жоқ 137.

24- сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі 138.

24-сәуір, Ақтөбе қаласы, Әбдірова Әлима, Украинаны қолдау мақсатында 1 мамырда жеке пикет өткізуге одан әкімдік бас тартқанын хабарлады. Әкімдік заңнамадағы кез келген қоғамдық іс-шараларды өткізуден атап айтқанда, «әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыру тудыратын» бас тартуды көздейтін нормаға сілтеме жасаған 139.

25-сәуір, Алматы қаласы, блогер Нұрәлі Айтеленов, Ресей бас консулдығының жанында соғысқа қарсы жеке пикет өткізді. Пикетке шығуының себебі ретінде ол хронологияға тоқталды: жексенбі, 24 сәуірде Ресей армиясының Украина аумағына басып кіруінің басталғанына тура екі ай болды140.

25-сәуір, Ақтау қаласы, «Каспиандриллинг» компаниясы жалақы мен еңбек жағдайын арттыруды талап етіп, ереуілге шыққан ұжымды түгелдей жұмыстан шығарды. Барлық жұмыстан босатылған жұмысшылар отбасыларымен әкімдікке жиналып, әкім Ноғаевпен кездесуді талап етті, наразылар әкімдік ғимаратының жанында тұрақты акция өткізуді көздеп отыр 141.

25- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Талдықорған қаласының тұрғыны Мұқашев Алмастың өліміне байланысты екі қауіпсіздік қызметкері қамауға алынды, қаңтар оқиғасы кезінде қамауда ұстау кезінде оның азапталғанын отбасы мәлімдеген болатын. Арнайы прокурорлар «оның өліміне әкеп соқтырған дене жарақаты» фактін тергеп жатыр», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Қилымжанов 142.

25-сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Рұқсат етілмеген тергеу әдістері» туралы арыздар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеу тіркелді, ҰҚК-нің сегіз қызметкері мен бір полицей ұсталды», — деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов 143.

25- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғасы бойынша 243 адам сотталды, 585 адам қамауда отыр. Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде кем дегенде 16 адам, оның ішінде бес қауіпсіздік күшінің қызметкері қаза тапты», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Қилымжанов144.

26- сәуір, Алматы қаласы, Инга Иманбай, сағат 15.00-де қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қалалық прокуратураға шақырылды 145.

26- сәуір, Ақтөбеде 20-ға жуық көп балалы ана облыс әкімдігіне жиналып, азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың қымбаттауына шағымданды. Олар облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуді талап етті146.

26- сәуір, Алматы қаласы, «4 ай өтті, неліктен 238 адам қаза тауып, мыңға жуық қазақстандық жараланғаны туралы Қазақстан билігінің анық түсініктемелері қайда? Біз халықаралық тергеуді талап етеміз!» – дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 147.

26- сәуір, Көкшетау қаласы, белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Уәлихан Неғметов және Қуат Мұхамеджанов Украинаны қолдау мақсатында автокөліктерде соғысқа қарсы митинг өткізгені үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша «ескерту» алды148.

26 – сәуір, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құрманов Емберген, әкімдік 1 мамырда Украинаны қолдау мақсатында бейбіт митинг өткізуден бас тартты. Бас тарту себебі: қатысушылардың күтілетін саны көрсетілмегені149.

27-сәуір, Алматы қаласы, ағымдағы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым көрсетілуде. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Әмитов мәлімдеді150.

27 сәуір, Алматы облысы, Заречный ауылы, ЛА-155/14 мекемесі, саяси тұтқын Клышев Қайрат, ҚР ҚК 405 бабы 1/2 бөлігі, колониядан босатылды151.

27 сәуір, Ақтау қаласы, Нұрғазин Болат, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 15 тәулікке қамауға алынды, ол өзінің Facebook парақшасында Украинаны қолдауға 1 мамырдағы митингке шақырғаны үшін 152.

27 сәуір, Алматы қаласы, Жолаев Мейірхан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, сот оны 15 тәулікке қамауға шешім шығарды, Алматы қалалық соты алдында 28.03.2022 ж., 12-20 сағатта өтетін қарсылық акциясына қатысу туралы шақыруын Facebook парақшасында жариялағаны үшін 153.

27 сәуір, Қапшағай қаласы, саяси тұтқын Бегімбетов Абай, ҚР ҚК 405-бабының 1/2 бөлігі, сот сотталған белсендінің бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды 154.

27- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданғаннан кейін экс-президент Назарбаевтың қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен мүлкіне қол сұғылмауына кепілдік беретін заң өз күшін жояды», — деп мәлімдеді Парламент Мәжілісінің спикері Қошанов 155.

27 сәуір, Алматы қаласы, Нұрбол Бәйтереков, Гүлнар Мирмамбетова, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, 4 сәуірде Полиция департаменті алдында Жанболат Мамайды босату үшін наразылық акциясына қатысқаны үшін, 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

27 сәуір, Алматы қаласы, «Полиция партия белсенділерін қудалауды күшейтті, соңғы күндері оның мүшелері әкімшілік қамауға алынды, айыппұлдар салынды, басқалары үнемі полиция бөлімшелеріне шақырылады. Қудалау 7 мамырға жоспарланған наразылық акцияларына байланысты», — деді баспасөз мәслихатында тіркелмеген Демократиялық партияның белсендісі Инга Иманбай 156.

27-сәуір, Шымкент қаласы, әкімдік алдына жиналған ондаған адам «7-20-25» бағдарламасы арқылы несиелік баспана сатуға қатысты бұған дейін өткен конкурсты «рұқсат етілмеген» деп атаған соң, ондаған адам наразылық білдірді. Олар конкурс шарттарын орындап, бастапқы төлем жасағанын, осыған байланысты пәтер беруді талап етіп отырғандарын жеткізді157.

28 сәуір, Семей қаласы, қаңтар оқиғасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс-шараның мақсаты: Семей қаласындағы қаңтар оқиғасына қатысты күдіктілерге тағылған алдын ала айыптауларды ізгілендіру мақсатында көмек көрсету. Ұйымдастырушылар: KIBHR, Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры, «Ар.Рух.Хак» ҚҚ, «AMANAT» тәуелсіз комиссиясы, «QANTAR» ҚҚ 158.

28 — сәуір, Семей қаласы, «Қаңтар айында ұсталған ондаған адам, оның ішінде ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған азаматтық белсенділер де өңір изоляторларында жатыр, «қанды қаңтардан» кейін қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу репрессиялық бағытта жүріп жатыр», — деп мәлімдеді құқық қорғау ұйымдары мен қоғамдық комиссиялардың өкілдері159.

28- сәуір, Семей қаласы, «Нақты айғақ болмайынша, лаңкестердің дайындығы болған базадан видео немесе фотосуреттер болмайынша, біз барлығын да бейбіт тұрғындар деп қарастырамыз. Олардың алаңда тұрған видеосы адамға бұл бап бойынша айып тағылуы мүмкін екеніне дәлел емес», – дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина160.

28 сәуір, Орал қаласы, Ескендірова Маруа, Оразбаев Амангелді, ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігі, тергеу соты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Оған рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылуы себеп болды161.

28- сәуір, Жаңа-Өзен қаласы, Досекеева Жадра, белсендіге емханадан телефон шалып, оны және баласын психиатрдың қабылдауына шақырды. Медицина қызметкерлері баланы 10-шы стационарлық емдеу курсына көшіруді талап етті. Артынша 3 ер адаммен бір әйел келіп, олар өздерін қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырған, балалардың тұрмыс жағдайын тексермек болған 162.

28 сәуір, «Хабар» агенттігінің журналистері мен операторына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және істі сотқа жібере отырып, түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау негізсіз қабылданған», — делінген прокуратураның қаулысында 163.

28 сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Бас прокуратурада Еуропа мен Израиль журналистеріне арналған пресс-тур өтті. Журналистер сол күндердің толық хронологиясын жаңғырта отырып, қаңтар оқиғасын тергеу барысымен танысты. Баспасөзге тергеудің объективтілігі және процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берілді 164.

28 сәуір, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құрманов Ембергенді 1 мамырда соғысқа қарсы бейбіт митингі қарсаңында таңертең ерте заңсыз ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді 165.

28- сәуір, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, мемлекеттік органдар, полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдерінің қатысуымен өткен жиында тұрғындар қазір сотталып жатқан әлеуметтік алауыздықты қоздырды және озбырлық жасады деген айыптар тағылып, оларға түрмеге жабылу қаупі бар Николай Катчиев пен Александра Назаренконы қылмыстық қудалаудан босатуды талап етті 166.

28-
сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Сембай Асқар, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, 5 тәулікке қамауға алу, 1 мамыр күні митингке шығуға шақырған жазбаны Facebook әлеуметтік желісінде жариялағаны үшін.

28 – сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, омбудсмен Азимова Еуропа елдерінің БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2022 жылдың қаңтар айының басындағы жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғаудағы жағдай туралы айтты167.

29 — сәуір, Талдықорған қаласы, Тен Виктор, құқық қорғаушының айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін 180 адам ұсталған. Қазір тергеу изоляторында оннан астам адам тергеуде отыр. Құқық қорғаушы қамаудағылардың азаптау фактілері туралы арызы негізінде қозғалған қылмыстық істердің тергеуі алға баспай жатқанын айтты168.

29 —сәуір, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылы, Байдаков Ерғали , ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 10 тәулікке қамауға алынды. Адвокатқа іс материалдары ұсынылмаған, хаттамалар Байдақовтың қатысуынсыз толтырылған. Тұтқындауға 1 мамырдағы соғысқа қарсы митингі қарсаңында билікті сынау себеп болған 169.


29-
сәуір, Қазақстан президенті Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды. «Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың ерік-жігерінің жарқын көрінісі болады деп ойлаймын», — деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Президент Тоқаев 170.

29 — сәуір, қазақстандық NewTimes.kz газеті ресейлік Роскомнадзордан ескерту алды, онда ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары туралы ВВС мақаласының қайта басылуын, Ресей заңнамасына қайшы келетіндіктен, алып тастауды талабы қойылған171.

29- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Әсет Кенжебеков, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, 5 тәулікке қамауға алу, Facebook әлеуметтік желісінде 1 мамырда митингке шақыру туралы хабарлама жариялағаны үшін.

30- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, климаттың өзгеруіне қарсы билікпен келісілген митинг өтті. Ұйымдастырушылар 60-100 адам күткенімен, шамамен 20-30 адам келді. «Митинг қазақстандықтардың назарын жаһандық проблемаға — климаттық дағдарысқа, шөлейттенуге, аштыққа, жануарлар мен адамдардың жойылуына әкелетін жалпы планетаның температурасының артуына аудару үшін ұйымдастырылып отыр», — деп мәлімдейді экологиялық белсенділер 172.

30- сәуір, Нұр-Сұлтан қаласы, Нұрсұлтан Тастаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігімен, «Фейсбуктегі» жеке парақшасында 1 мамырдағы соғысқа қарсы митингке шақырғаны үшін, 25 тәулікке әкімшілік жазаға тартылды173.

30 — сәуір, «Кахарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі174.

126https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3249328135386447/

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.