2021 жылдың 4 ақпанында Жамбыл облысы Шу аудандық соты Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылының тұрғыны Бағдат Бақтыбаевты тыйым салынған «Көше партасы» ұйымына қатысы бар деген айыппен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ оған әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сот үкіміне сәйкес: «Бақтыбаев «Көше партиясы» экстремистік ұйымының белсендісі бола отырып, өз парақшасында елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға, сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіруге бағытталған ақпараттық материалдарды бірнеше рет жариялаған. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне нақты қауіп төндірді». Сондай-ақ: «Мемлекеттік билікті күшпен құлату және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын өзгерту мақсатын көздейтін заңсыз митингілер мен акцияларға қатысуға бірнеше рет шақырған».
Бақтыбаев үкімге наразылық ретінде пробациялық бақылау шарттарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған байланысты пробация қызметінің ұсынысы бойынша оған «Сот шешімін орындамады, пробация ережелерін бұзды» деген айыппен бас бостандығын шектеудің өтелмеген бөлігін нақты мерзімге ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Бақтыбаев қазір Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
46 жастағы Бақтыбаев белсенді жұмысымен танымал. 2020 жылдың ақпан айының соңында ол саяси тұтқындарды босату үшін Алматыда жеке пикетке шықты. Сол айдың басында ол Шу қаласындағы сот ғимаратының алдында «Қазақстан заңы жоқ» деген плакатпен пикет өткізді. Ол наразылық акцияларын өткізгені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Саяси тұтқын Бағдат Бақтыбаевты қолдаңыз! cv.bureau.kz/ сілтемесі арқылы Бақтыбаевтың босап шығуын талап етіп, хат жолдаңыз. Ал оның не үшін сотталғаны туралы толық ақпаратты суретті солға ысыру арқылы оқыңыз.
Бұл материал Еуропалық Одақтың қолдауымен, «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының «Өзгеріс көшбасшылары» жобасы аясында дайындалды.
КМБПЧ
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.