Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«Қызметтік тексеру жүргізіледі»: ҚАЖД Дәнебаевты азаптауға қатысты мәлімдеме жасады

Ақмола облысына қарасты Атбасар елді мекеніндегі түрмеде жазасын өтеп жатқан белсенді Тимур Дәнебаевты азаптау фактісіне байланысты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлімдеме жасады. 

– Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалар бойынша Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарға бағынбау фактілерінің жолын арнайы құралдарды қолдана отырып кесуі кезінде қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану белгілері байқалатынын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, – делінген ҚАЖД таратқан мәлімдемеде. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Тимур Дәнебаевты түрме қызметкерлері соққыға жығып жатқаны бейнеленген видео тараған. Бейнероликте түрме қызметкерінің киімін киген бірнеше адам Дәнебаевтың қол-аяғынан басып отырады, енді бір адам дубинкамен оның аяғынан бірнеше рет ұрады. Тимур Дәнебаевтың өзі бейнекамера алдында «түрме әкімшілігінің талаптарына бағынатынын, бірақ азаптауға қарсы екенін айтады». 

15 маусымда Астана соты Тимур Дәнебаевты «Ұлтаралық араздықты қоздырды» (ҚК 174-бабының 1-бөлігі) деген айыппен кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған. 1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған. 

Сол уақытта адвокат Ләззат Теміржанова сот кезінде де, тергеу кезінде де қылмыстық-процессуалдық заңнама өрескел бұзылғанын айтқан. 

– Қорғау тарабының пікірінше, қылмыстық-процессуалдық заңнама өрескел бұзылды, іс біржақты қаралды. Біз тіпті судьяны ауыстыруды талап еттік. Сараптама кезінде де заңсыздықтар болды. Мұндай нәрселер сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары кезінде, сот кезінде де болды. Бірақ бұған облыстық сот назар аударған жоқдеген Теміржанова. 

Шілде айында Тимур Дәнебаевты құқық қорғаушылар «саяси тұтқындар» қатарына қосқан.  

АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы.
 

https://bureau.kz/kk/bakylau/qyzmettik-tekserw-zhuergiziledi-qazhd-daenebaevty-azaptawgha-qatysty-maelimdeme-zhasady/?fbclid=IwAR08S6lBf-9O_Boxw0X1mvu8qBZuqX5KchEECcDn1apj3IypuqYf-6LDEio

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
.