Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні біз, қазіргі күнде жалғсын тауып жатқан қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етеміз

31 мамырда Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Бұл күні біз кеңестік кезеңдегі мемлекеттік террор құрбандарын – сталиндік дәуірдегі жаппай қуғын-сүргінді де, ертерек немесе кейінгілерді бағытты түрде қудалауды да еске аламыз. Сонымен бірге, біз өткен ғасырдың соңғы онжылдығы мен осы ғасырдың бірінші онжылдығындағы бағытты репрессия құрбандарын еске аламыз.

Алайда, қазіргі заманғы саяси қуғын-сүргін жаппай сипат алып жатқандығы туралы қайғылы фактіні айтуға тура келеді: дәл қазір елдегі саяси себептермен сотталғандардың саны үш жүзден асады. Объективтілік үшін олардың көпшілігінде бас бостандығынан айыруға емес, оны шектеуге үкімдер бар екенін ескеру керек, бірақ бұл жұбанышқа себеп емес. Сонымен қатар, мұндай үкімдерде сотталушыларға қоғамдық іс-шараларға қатысуға және көпшілік алдында сөйлеуге еш негізсіз, заң нормаларын бұза тырып тиым салу, яғни Қазақстан азаматын саяси және азаматтық құқықтарынан айыру жатады. Олар формалды саяси тұтқындар емес, бірақ олардың құқықтық позициялары құқығынан айырылған сталиндік репрессия құрбандары санатын еріксіз еске түсіреді.

Экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін адамдарды жаппай қудалаудың негізі – бұл «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше Партиясы» қоғамдық қозғалыстарын экстремистік деп тану туралы сот шешімдерін орындау мақсатында жасалады. Яғни полиция қызметкерлері, прокурорлар мен судьялар тек заңға бағынады дегенді білдіреді. Біз бұл негізді қулық деп санаймыз, өйткені біз 2018 және 2020 жылдардағы сот шешімдерін заңға қарсы, яғни мүлдем заңды емес, таза саяси астарлы деп санаймыз.

Сонымен қатар, өзінің мәні бойынша өте репрессивті болып табылатын заңдар біздің елімізде тиым салынған ұйымның қызметіне қатысу үшін әлеуметтік желідегі пост, репост немесе ұқсас жазба шығарылған кезде де өте кең қолданылады. Бұл тоталитарлық тәжірибені тоқтату керек, репрессиялық сот шешімдерінің күшін жою керек және мұндай жағдайларда тағайындалған барлық үкімдер сотталғанды ​​толық оңалту арқылы қайта қаралуы керек. Қоғамдық іс-шараларға және көпшілік алдында сөйлеуге тиым салудың ұятты тәжірибесі де тоқтатылуы керек.

Біз сондай-ақ Қазақстан азаматтарының өздерінің конституциялық құқықтарын, олардың бейбіт жиналыстар бостандығын жүзеге асыруына жол бермеудің қолданыстағы тәжірибесін заңға қарсы және мүлдем қолайсыз деп санаймыз. Мұндай жиындарға қатысуға болжамдалған, тіпті бастай да үлгермеген, сондай-ақ соңғы алты айда қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлері арасында сәнге айналған кеттлинг әдісі – демонстранттарды мәжбүрлеп көп сағат бойы тығыз сақинада ұстау. Біз Ішкі істер министрлігінің басшылығынан осы арам пиғылды тәжірибені толығымен тоқтатуды талап етеміз.

Біз сондай-ақ Қазақстан билігін БҰҰ-ның 2009 жылдан бастап комитет осындай шағымдарды қарай бастаған кезден, Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстан азаматтарының олардың азаматтық және саяси құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдары бойынша барлық шешімдерін орындауға шақырамыз.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні біз қазіргі қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етеміз. ХХІ ғасырда және өзін зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде жариялайтын елде ХХ-шы ғасырдағы тоталитарлық тәжірибеге орын болмауы керек.

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Бюро

«Альянс «Тiрек» саяси тұтқындарды қолдау қоғамдық қоры

Анара Ибраева, «Қадір Қасиет» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы

Бахытжан Торегожина, «Ар.Рух.Хак» қоғамдық қоры

Галым Агелеуов, Либерти қоғамдық қоры

Құқытық бастама қоғамдық қоры

https://bureau.kz

Поделись, чтобы люди узнали:
.