Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Парламенттік тыңдауда көтерілген мәселе

Бүгінгі парламенттік тыңдаудың тақырыбы «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» деп аталады екен. Қарызға белшесінен ғана емес, кеңірдегінен батқан, қымбатшылық қамыты қылқындырған халыққа жанашырлық ретінде көтерілген мұндай Парламенттік бастаманы қошаметтеуге әбден болады.
Иә, құрметті үкімет мүшелері, сіздер халыққа жанашыр болып, несие алма деп, ақыл айтқыларыңыз келеді. Сіздер қайыршылықтың алдында отырған халықты банкілік қарыздан сақтандырғыларыңыз келеді.
Жөн! Дұрыс! Халыққа жанашыр болу керек! Бірақ қарыз алма деп, ақыл айтып емес, нақты қамқорлықпен жанашыр болу керек! Жұмыссыздықты жою керек, жаңа жұмыс орындарын ашу керек! Қысқасы, көп «керек» керек.
Бірақ аш адамға ақыл жүрмейді! Қымбатшылықтың қамыты қылқындырған халыққа ақыл қонбайды. Үйіндегі үйелмен бала-шағасын суға піскен макаронмен қоректендіруге мәжбүр боп отырған халыққа қандай ақыл айтуға болады?
Запомните, в закредитованности население не виновато само население страны, а виноваты государство и его бездарное правительство, которые загнали народ в такое нищенское состояние.
Сіздер ескі Қазақстанның халық алдындағы қарызын неге іздемейсіздер? «Сауықтырамыз» деп, Ұлттық қордан банкілерге берілген триллиондаған теңге қарызды қайтаруды неге талап етпейсіздер? «Сауықтырамыз» деп, мемлекеттен бөлінге триллиондармен бірге «Казкоммерцбанк» қалайша «Халық банкіне» сіңіп кеткенін тексерген үкімет бар ма?
Сіздер халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар «сауықтыру» қаржысын бір банкіге жинастырып, оның барлығын сыпырып-сиырып алып кеткен Назарбаевтар мен олигархтарға тиесілі банкілерінің халыққа берешек қарызын неге қайтармасқа?
С 2008 по 2020 года в эти финансовые организации вливались триллионы народных денег (вместо помощи армии, школам, медицины и т.п.), а министерства обманывали своими отчетами международные организации типа Worldbank что бы получить сносные оценки. Никто не задавался вопросами, куда пропали деньги вплоть до января 2022 года.
Егер сол триллиондар қайтарылатын болса, халықтың банкілер алдындағы қарызын он есе қайтара жауып тастауға жетер еді. Ал сіздер тіпті ол банкілерді неге «сауықтырғандарыңызды», ол банктер неге «сырқат» бола қалғанын білмейсіздер! Білсеңіздер де, ескі Қазақстанның алдында құймышақтың астымен демалып, үндеріңіз шықпайды.
Сол қарызды халыққа қайтарайық, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастырайық деп, біз ұрланған активтерді қайтару туралы арнайы заң қабылдадық. Қайда сол заңның орындалғаны? Президент Тоқаев мырзаның бұдан бір жыл бұрынғы бастамасы мемлекеттік маңызды науқан ретінде дүркіреп жүріп кеткен жоқ. Дүркіремек түгілі, президенттің активтерді қайтару саясатына саботаж жасалып жатыр деп, жауапкершілікпен айта аламын.
Біріншіден, активтерді елге қайтарумен айналысуы тиіс уәкілетті органның құрылғаны жөніндегі хабарды ақпарат агенттіктерінен ғана естіп отырмыз. Оның құрамы ел президенті тапсырғандай, 130 адам ба, жоқ қаншасы қырқылып қалды – бұл жөнінде бейхабармыз.
Маған жеткен ақпаратқа қарағанда, оның құрамы 30-40 адамнан аспайды екен. Бұл дегеніңіз бір министрліктің бір департаментінен немесе бір аудандық әкімдіктің штаттық құрамынан аспайтын аппарат. Мүдделі ведомстволар – Бас прокуратура, «антикор» мен АФМ «ескі Қазақстанның» сыбырлауымен ел президентінің бастамасын су аяғы құрдымға жіберу үшін, осындай қол-аяғы қырқылған құрылым құрған деп білем.
Сіздер халықты қарыз алудан сақтандырғыларыңыз келеді, бірақ ұрланған активтерді қайтару мәселесімен айналысуы керек Комитеттің құрылымы жөніндегі ақпаратты депутаттардан және клептократтар ұрлап әкеткен капиталдың қайтуын күтіп отырған халықтан неге жасырып отырсыздар?
Активтерді қайтару жөнінде қоғамға таратылуы тиіс ақпарат неге мардымсыз?
Бүкіл әлемнің қуыс-қуысына, офшорлар мен шетелдік банктердің түкпір-түкпірі түгілі, өз еліміздің ішінде түрлі қитұрқы схемалармен тығылған орасан зор активтерді қайтару ісімен Комитеттің осы отыз адамдық кесілген құрамы толық мүмкіндікпен айналыса алады деп ойлайсыздар ба?
Екіншіден, активтерді елге қайтару жөніндегі комиссияның құрамы жалпақ жұртқа неге жарияланбады? «Мы засекретили состав комисси, чтобы на ее членов не озавывались давление извне» деп міңгірлейді үкімет. Бесіктегі бала сенбейтін былжырақпен халықты алдарқытқыларыңыз келе ме?
За период как минимум два года из Казахстана под предлогом выплаты дивидендов были выведены огромные суммы, которые остались за рубежом, некоторые суммы были заморожены в западных банках, например, в Княжестве Люксембург при переводе на счета в банке в республике Бангладеш.
Біз жуықта сол Бангладешпен және офшорлы Сейшел аралдарымен визасыз режим жөнінде келісім жасастық. Қарызға батқан қай қазақ Бангладешке немесе Сейшел аралдарына қыдырып барады? Баратындар – Қазақстанды тонап, қаржысын осы елдердегі офшорларға тыққан Назарбаевтың олигархтары.
Әлі күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктеріне ақша аударылымдары жасалуда. Халықты қарыздан сақтандырғаннан бұрын, сол аударылымдардың тарихын тексеру керек!
Таким образом, я считаю, что правительство САБОТИРУЕТ УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА ТОКАЕВА И ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТА О ВОЗВРАТЕ ПОИХЩЕННЫХ АКТИВОВ.
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и текст «ASUS»
 
 
Рақмет! Ермұрат БАПИ
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Бапи ЕрмуратБольше записей в Бапи Ермурат »
.